Қазақстан Республикасының
білім және ғылым министрлігі
Қазақ технология
және бизнес университеті
«Технология және
экономика» факультеті
«Жеңілөнеркәсіп
технологиясы және дизайн» кафедрасы
Өндірістік
тәжірибенің есебі
Орындаған: ТКИЛП 4 курс
студенті Кудабаева А
Қабылдаған: аға
оқытушы Моминова Ж.У
Астана – 2012 ж
Мазмұны
Кіріспе
I.Негізгі бөлім
1.1.Көйлектің көркемдік
жобалануы......................................................................
1.2.Сәндік бағыттың көркемдік
жағынан талдануы.............................................
II.Құрастыру бөлімі
2.1.Бұйымды құрастыру.........................................................................................
2.2. Бұйымның техникалық эскизі.........................................................................
2.3.Бұйымға сипаттама...........................................................................................
III. Көйлектік маталарға
қойылатын талаптар
3.1. Тігін бұйымын дайындауға
арналған материалдарды таңдау……………...
3.2. Тігін бұйымын
дайындауға арналған материалдар ассортиментіне
анализ жасау………………………………………………………………………………...
Қорытынды
Әдебиеттер
Кіріспе
Киім
– адам денесіне киюге арналған
бұйым,жасанды жамылғы түрлері.Қоғам
дамуы барысындағы материалдық,рухани,әлеуметтік
талаптарға сай киім жиі өзгеріске
ұшырап отырады.Киім адамның дүние-танымды,эстетикалық
талғамдарына жауап беру арқылы
даралық айқындау қызметін атқарады,тұлғаның
әлеуметтік жағдайын танытады.Осы
сияқты киімнің әр бөлігінің
өзіндік қызметі бар.Тігін өнеркәсібінде
киімдер қызметіне байланысты
екі класқа бөлінеді:тұрмыстық
киімдер және өндірістік киімдер.Тұрмыстық киімдер
- эксплуатациялық талабына қарай алты
шағын қатарға бөлінеді:сырт киімдер,жеңіл
киімдер,іш киімдер,төсек-жабдық бұйымдары,корсеттік
бұйымдар және бас киімдер.Өндірістік киім
– халық шаруашылығының әр саласында
өндірісте кию үшін қажетті киімдер.Өндірістік
киім өнеркәсіптің барлық салаларында
жаппай мамандық жұмысшылары үшін қолданылады,олар
өндірістік қауіптен қорғайды және техникалық
қауіпсіздік ережелерін сақтауды қамтамасыз
етеді.Өндірістік киімдер арнайы киім
және формалық киім деп бөлінеді.
Киім
адам денесін қоршаған ортаның
қолайсыз әсерлерінен сақтау
қажеттілігінен пайда болған.Ежелгі
киім элементтерінің бірі –
белдік болған.Ол қару-жарақ пен
жорыққа қажетті заттарды бекіту
қызметін атқарды.Аяқ киімдер
мен бас киімдер кешірек пайда
болған.Олар адамды ыстық пен
суықтан қорғау қызметін атқарған.Киімнің
климаттық шарттарға да байланысты
түрлері бар.Мысалы ол әр аймақта
әр түрлі формамен,материалымен
ерекшеленеді. Әр киімнің өңделуі
жеке бөлшектер мен түйінділердің
өңделуінен және олардың жинақталуынан
тұрады.Ол материалдардың тиімді
қолданылуын және киім пішімін
адам денесіне қонымды болуын
көздейді.
1.1.Көйлектің көркемдік
жобалануы
Қазіргі
заманғы киім үлгісі адамның
жас және жыныс ерекшелігіне,әркімнің
киіну мақсатына,жыл мезгіліне,мата
түрі мен оны дайындау тәсіліне
байланысты.Жыныстық ерекшеліктеріне
қарай киім ерлер және әйелдер
киімі болып,ал жас ерекшеліктеріне
қарай балалар киімі,жастар,орта
жастағы және егде жастағы
киім үлгісі болып бөлінеді.Костюмді
пайдалану мақсатына қарай киім
сыртқы киім,іш киім,корсетті,жағажайға
арналған киім және бас киімдер
болып бөлінеді.Киім ассортименті
өте кең болса да оларды
әзірлеу процестерінде көптеген
ұқсастықтар байқалады.Сондықтан
киім әзірлеу процесін бөлшектер
мен түйіндерді өңдеу және
оларды жинақтау тұрғысынан қарастырған
жөн.
Гигиеналық
талаптар бұйымның зияндылығы
мен қауіпсіздігі,санитарлық-гигиеналық
нормаларға сай адамды қорғау,демалу
мен қан айналымын бір қалыпты
сақтау мақсатында қойылады.Сондықтан
әр-түрлі ауа райы кезінде бұйымның
ауа өткізгіштігі,жылу алмасу,ылғал
сіңіру қасиеттері жақсы болуы
керек.Киімнің гигиеналық қасиеті
киімді тігу үшін қолданылған
матасының қасиетіне ғана емес,сонымен
қатар конструкциясына,және киімнің
қалыңдық мөлшеріне,яғни киімнің
пакетіне байланысты.Тігін бұйымдарын
пайдалану барысында мынадай
жағдайларды ескеру қажет:киімнің
формасы адамның антропологиялық
сипаттамасына сәйкес келуі,адамның
дене мүшелеріне қатты өысым
түсірмеуі,ыңғайсыздық түсірмеуі
керек.
Динамика
– қозғалыстың,дамудың,өзгерістің
белсенді шарты,яғни пішінінің
біржақты бағыты болып табылады:
- Пішін сыртындағы ассиметриялық
пішін ізденісі;
- Костюм бөліктерінің пішіннен
кеңістікке шығуы;
- Адам қозғалысының ішкі және
сыртқы динамикамен келісімділігі.
Костюмдегі
статикалық және динамикалық
жағдайлар салыстырмалы пропорционалдықта
болады.Осы мақсаттың шешімі костюмнің
қызметімен байланысты.Статикалық
пішін жағдайын негізгі композициялық
құрал ретінде күнделікті-іскерлік
костюмде пайдаланған тиімді.Динамика
доминанты костюмнің барлық композициялық
құрылысының айқын көрінісін
қамтамасыз ететін,мерекелік және
демалыстық киімдерде айқындалады.
Костюм композициясының статикасы
мен динамикасына силуэтті бейнелейтін
және ішінен оны мүшелейтін сызықтар жұмыс
істейді.Бұл біздегі әр-түрлі сызықтардың
сызылуын қабылдау психологиясымен байланысты.Костюмнің
ішкі пішінінің бөлшектелуі силуэттік
сызықтар суретімен байланысты.Сән –
барлық әлеуметтік өзгерістер ішіндегі
ең сезімтал «құрал»,күрделі психологиялық
құбылыс.Өнертанушылар сәннің әлеуметтік
құбылыс ретінде пайда болуын ежелгі орта
ғасыр дәуірінен басталады деп есептейді.
«Сән»құбылысының шын мәнін түсіну үшін,оның
пайда болуы мен қызметінің терең механизмін
ашу үшін қоғамда сәнді зерттеуге әлеуметтік
жағдай жасалынды.
ХХ ғасырда
нақты қалыптасып,бекіген киім
үлгісіндегі стильдік бағыт XXI
ғасырда өзінің маңызын жоғалтқан
жоқ.Бұлар классикалық,романтикалық,спорттық,фольклорлық
стильдер.Бұлардың барлығының да
алдыңғы дәуір кезеңінің тарихи
көркемдік стилінен айырмашылығы
– негізінен,костюмдік функционалдығы
мен мақсатында.
Романтикалық стильдегі
киім тарихи костюмге жақын,өткен жүзжылдықтың
барлық арсеналын өзіне қабылдаған
стиль болып табылады.Оларға алдыңғы
жағы бүрмелеу,желбіршек,қос етек,желбіреуіш,шілтер,күлте
т.б жатады.
Романтикалық
стиль күрделі конструкциялы
болғанымен әдемі,бірақ практикалық
жағынан керексіз бөлшектері,әдеттен
тыс мата фактурасы,таңдаулы түстерді
болжайды.Осы айтылған декорациялық
элементтер арқасында романтикалық
стиль әйелге нәзіктілік сипат
береді.Костюмде жеңіл,үлбірек,созылымды
маталар немесе,керісінше қатты
пішінді қалыптастыратын маталар
қолданылады.Киім ықшам пішінді,дене
бітіміне қынамалы болуы мүмкін.Конструктивтік
сызықтары айқындалмайды,бөлшектері
декорациялы,бейнелі үндесстікте
берілген.
Романтикалық
стильге әуелі көйлек пен жейделер,сосын
сирек кездесетін бешпеттер,плащ,пальтолар
жатады.Киім пішімінде ден бітімінің
контурына,мықын және кеуде сызықтарына
көңіл аудару қажет.Романтика
– бұл ең алдымен мықын,ды
айқындау.Бұл – нәзік мойын
ойындысы бар,белден,жамбастан жиырылған
қатпарлы немесе бүрмелі,етегі
кеңейтілген көйлектер.Көйлек ықшам
пішінді,дене бітіміне қынамалы
болуы мүмкін.Конструктивтік сызықтары
айқындалмайды,бөлшектері декорациялы,бейнелі
үндесстікте берілген.
Романтикалық
стильдің ең басты ерекшелігі
сызықтарының дөңгеленген,иілген
нәзік болып келуінде.Көйлек пен
аксессуарлар романтикалық бейнеге
енуүшін бір стильде болуы
шарт,түр-түсі үйлесімді,матаның пластикасы
романтикалық көңіл-күй беріп,әрі дене
мен силуэт сызықтарын айқын көрсетіп
тұруы тиіс.
Романтикалық
стильде, дәстүр бойынша,салтанатты
кешкі сәнді киім үлгісі жасалады.Романтикалық
стиль кейде «фантази» стиль
деп аталады.Романтикалық стильдің
негізгі тармағы – вамп-әйел,гламур,эротикалық
стиль.
1.2.Сәндік бағыттың
көркемдік жағынан талдануы
Пішін (форма)
қалыптасуы – костюм бөліктерінің
адамның дене бітіміне,қоршаған
ортаға байланысты өзара әрекет
жасау процесі,оның қалыптасуы,дамуы.Піішін
қалыптасу процесінде бұйымдардың
функционалдық,конструктивтік,кеңістік-пластикалық,технология
құрылымы пайда болады.Басқа сөзбен
айтқанда,пішін қалыптасуы-жеке
заттарды құрастыру.
Силуэт пішіні
– бұл оның пластикалық композициясы.Осы
композициядан белгілі бір кезеңдегі
көйлектің пішін үйлесімінің сәнді типін
ғана емес,костюмнің дене бітімімен өзара
үйлесімін де байқаймыз.Басқаша айтқанда,ол
көйлек адам денесін қынамалап,оның дене
бітімінің пішімін айқындап тұр ма,әлде
жасырып тұр ма,денені пластикалық түрде
түзеп тұр ма – осының бәрін білуге болады.Мысалы:XIX
ғасырда әйелдер көйлегінде кеудені сәндейтін
түрлі-қаңқа тіректер қолданылды.XX ғасырда
денеге жабысып,қынамалауынан бас тартып,көйлек
пішінінің кең болуын қалап, қаңқа-тіректен
босатты.Осының нәтижесінде көйлек пішіні
едәуір өзгерді.
Көйлектің
тұтастылығы және бөліктерінің
үйлесімділігі элементтерінің бірлік
әрі байланыс қасиеттерінің бірнеше
шарттары орындалғанда ғана жүзеге
асады:бөліктердің өзара үйлесімділігі,өлшемділігінің
масштабтылығы,пропорционалдылығы,ырғақтық
байланысы,созылмалылығы,түстік және
фактуралық шешімі. Композициялық
қасиеттердің талдалуы көркемдік
ойға,бейнелілік мазмұнына және
көйлектің арналуына байланысты.Олардың
қолданылуы бұйымдарға қойылатын
функционалдық және құрылымдылық
талаптарға сай болуы қажет.Киім
композициясының негізін киім
бөліктерінің жиынтығы,осы көлемдердің
ара-қатынасы,киімнің жалпы шамаластығы,оның
силуэті құрайды.Пішіннің мәнерлік
деңгейі осы негізгі көлемдердің
өзара үйлесімділігіне,пішіндеріне
және костюмдегі табылған жалпы
пропорцияға байланысты.Композиция
қасиеттері арасында суретшілер
пропорцияны(шамаластық) бірінші орынға
қояды.Пішін элементтерінің өлшемдік
арақатынасы – ол бүтін композиция
құрылымының негізі.Пропорция ұғымы
күрделі бүтіннің ішіндегі құрама бөліктердің
байланысы.
Түс көйлектегі
күрделі қасиеттің бірі бола
тұрып,ең алдымен көйлектің
қолдану мақсатына бағынышты.
Түс адамға эмоционалды түрде
әсер етеді,оның көйлекте зор
маңызы бар,оның үстіне қазіргі
стандартты көйлек пішінінің
әр-түрлі моделінде түрлі-түсті
маталар комбинациясы қолданылады.Көйлек
композициясының түсін зерттеу
ахроматикалық түстен басталады.Пішін,силуэт,түзу
сызықтары мен барлық композициялық
заңдылықтарын зерттеу үшін,әуелі
оны ақ-қара графикасында көру
қажет.Пішін мен түс үйлесімін
байланыстыру өте қиын,сондықтан
сызықтан,пигменттен,көлемнен,фактурадан
тұратын пішін мен жұмыс істеп,содан
кейін сұр түсті қосып,ахроматикалық
композицияны өңдеуге қажет.
Заман
талабына сай жастар киімін
жасауда хиппи басты рөл атқарады.Жастар
буржуазиялық құндылықтарға қарсы
болды,оның ішінде жалпыға бірдей
сән үлгісіне де қарсы болды.Олар
сол кезде киюге болмайтын
деп саналатын киімдерді –
джинсы,жамалған киім,түрлі суреттер
салынған курткалар,ұзын белдемшелерді,этникалық
сарындағы романтикалық жейделерді
киіп,заңдастырды.
Жастар
жиынтығының түр жиыны өзіне
әр-түрлі сипатты киімдер тізімін
жинақтайды.Оған іш киім,жеңіл
киім,сырт киімдер кіреді.Жастар
киімін жобалау үлгісі ересектердің
киімін жобалау принципіне негізделеді.Жастар
киіміне белгілі бір талаптар
қойылады,сондықтан олар үш топпен:функционалды,эстетикалық
және экономикалық топпен сипатталады.
II.Құрастыру бөлімі
2.1.Бұйымды құрастыру
Әйел кекіні конструкциясының
негізгі есебі
Кесте № 1
Өлшемдік белгінің
аталуы |
Шартты белгісі |
Өз өлшемім |
Мөлшері,см |
Бойы |
Б |
158 |
158 |
Жартылай мойын айналымы |
ЖАм |
17.0 |
18.1 |
Кеуденің бірінші жартылай
айналымы |
ЖАк1 |
77 |
44.4 |
Кеуденің екінші жартылай
айналымы |
ЖАк2 |
85 |
48.4 |
Кеуденің үшінші жартылай
айналымы |
ЖАк3 |
82 |
46 |
Жартылай бел айналымы |
ЖАбел |
60 |
35.9 |
Жартылай мықын айналымы |
ЖАмық |
83 |
50 |
Иық айналымы |
Аи |
27 |
28.9 |
Білезік айналымы |
Абіл |
26 |
16.2 |
Иық Ылди айналымы |
Еи |
24 |
13.2 |
Қолтық ойындысының
артқы екінші айналымы |
Бқ.о.а.2 |
54 |
21.2 |
Кеуденің екінші биіктігі |
Бк2 |
17 |
26.2 |
Алдыңғы бел сызығына дейінгі
екінші ұзындық |
Ұал.б.б.2 |
34 |
43.8 |
Артқы бел сызығына дейінгі
екінші ұзындық |
Ұар.б.б.2 |
34 |
42.8 |
Иықтың екінші қиғаш
биіктігі |
Би2қ |
38 |
43.2 |
Кеуде ені |
Ек |
17 |
16.9 |
Арқа ені |
Еар |
34 |
17.8 |
Жеңнің білезік айналымына
дейінгі ұзындық |
Ұжең |
12 |
55.4 |