Темир жол

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 20:57, реферат

Краткое описание

Алғашқы темір жол Ежелгі Грекияда Коринф қаласында пайда болған. Жол 6 километр ұзын әктастан құралған ор болған. Вагондарды жылжыту үшін құлдарды жұмсаған болатын. Орта ғасырда Еуропада ағаштан жасалған темір жолды шахталарда кен тасуға пайдаланған. Жылжитын күш адам және мал болған еді. Темір жол көлігі XIX ғасырда ірі өнеркәсіп орындарының ашылуына, әсіресе, кен қазып, металл өңдеудің дамуына байланысты пайда болды.

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министірлігі.docx

— 3.79 Мб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  ғылым және білім министірлігі.

Қарағанды политехникалық колледжі.

 

 

Реферат

Тақырыбы: темір жол

 

 

 

     

                                               Тексерген:

                                              Орындаған

 

 

                        2012-2013ж     

 

Темір жол — рельстермен жүретін жүктерді және жолаушыларды тасымалдайтын бір түрі. Темір жолдың дәлме-дәл мәні — жер бетіндегі рельстермен жабдықталған қатынас жолдары, және жөніндегі құрылыстары

 

Алғашқы темір жол Ежелгі Грекияда Коринф қаласында пайда  болған. Жол 6 километр ұзын әктастан құралған ор болған. Вагондарды жылжыту үшін құлдарды жұмсаған болатын. Орта ғасырда  Еуропада ағаштан жасалған темір  жолды шахталарда кен тасуға пайдаланған. Жылжитын күш адам және мал болған еді. Темір жол көлігі XIX ғасырда  ірі өнеркәсіп орындарының ашылуына, әсіресе, кен қазып, металл өңдеудің дамуына байланысты пайда болды.

Дүние жүзінде тұңғыш бу локомотив 1825 жылы Англияда Дж. Стефенсон  салдырған ұзындығы 21 км “Стоктон –  Дарлингтон” желісінде қатынады. Бұдан кейін бу локомотив XIX ғасырдың 30-жылдары Австрияда, Германияда, Бельгияда  және Францияда пайда болды. 1830 жылда  АҚШ-та, 1837 жылда Ресейде темір  жол желілері ашылады. 1850 – 1870 жылда  Азияда, Африкада, Оңтүстік Америкада, Австралияда салына бастады. Темір  жол құрылысы аз уақыт ішінде жедел  қарқынмен дамып, XX ғасырдың басында  темір жол торабының әлемдегі жалпы ұзындығы 1 млн. км-ден асып түсті. Электро күштің алғашқы пайдаланушы 1947 жылы Вернер Сименс болған.Қазақстан  жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы  Энгельс қ.) - Орал тар табанды  темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін  Урбах-Астрахан тар табанды темір  жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті. 1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы салынды. Қазақстан теміржол көлігі тарихының елеулі оқиғаларының бірі: 1986 жылғы 20 ақпанда, әлемде бірінші болып, жалпы салмағы 43,4 мың тонна және ұзындығы 6,5 шақырым болатын жылжымалы құрамға 440 вагон тіркеліп, Тың темір жолы арқылы өткізілді. 1950 жылдардың ортасында Қытай Халық Республикасына қатынайтын теміржолдың дамуына үлкен назар аударылды. 1959 жылы Ақтоғай-Достық телімі салынды. 1956-1960 жылдары Қазақстан әрі Қытай жақтан екі елдің темір жолын қосатын магистральдың құрылысы жүргізілді. Бұл жұмыстар 1988 жылы кеңес-қытай келісімінен кейін қайта жаңғырды. 1990 жылы болған темір жолдардың түйісуі қазақстандық Достық стансасы мен қытайлық Алашанькоу стансасын қосатын шекара өткелін жасады. Осы жылдан кейін онда жүк құрамдарының қозғалысы басталып, Трансазиялық теміржол магистралінің Солтүстік дәлізі іске қосылды. Сол кезеңде Достық стансасының қайта тиеу және тасымалдау қуаты артты.

 

Пойыз — бір немесе бірнеше локомотивке тіркелген вагондар тізбегінен құралған темір жолдағы жылжымалы құрамның жалпы атауы. Пойыздар тасымал түріне қарай жүк және жолаушылар пойызы болып бөлінеді. Олар жолға шығу ретіне қарай кезексіз түрде және өз кезегімен жолға шығатын пойыздар болып та бөлінеді. Кезексіз түрде жолға шығатын Пойыздарға өрт сөндіруші, қар тазалаушы, жол жөндеуші Пойыздар жатады. Ал өз кезегімен жолға шығатын Пойыздарға жүру кестесі бойынша жүретін жолаушы және жүк Пойыздары, пошта Пойызы мен шаруашылық Пойыздары жатады.Жолаушылар Пойыздары жолаушыларға қажет тұтыну заттары мен тұрмыстық қажетті нәрселермен жабдықталған. Бұл Пойыздарда жолаушылар бірнеше күн үздіксіз сапар шеге алады. Жолаушылар Пойыздарында әр вагонда жолсеріктер, Пойыздың бастығы болады. Жолаушылар Пойызы қозғалыс кестесіне сай стансаларға тоқтап отырады. ҚР-ның темір жол көлігін қайта құрылымдау бағдарламасына сай “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы АҚ өз қызметін жан-жақты дамытуға бағыт алды. Тасымал элементтерінің жаңа түрлері алынып, жаңа Поездар жасақталуда. Мысалы, “Алматы — Астана” бағыты бойынша Испанияның “Patetg Talgo” фирмасы шығарған вагондардан жасақталған “Тұлпар” Поезы қатынайды. Ол Алматыдан Астанаға дейінгі жолды 13 сағат ішінде жүріп өтеді. Темір жолдың кейбір бөліктерінде бұл Поездың жылдамдығын 160 км/сағ-пен жүруі көзделген. Қазақстанда бүгінгі күні барлығы 1913 локомотив, оның ішінде 617 электровоз, 1242 тепловоз, 54 паровоз бар. Жолаушылар вагондарының жалпы саны — 2094. Жүк вагондарының жалпы саны — 77029, оның 13263-і — жабық вагондар, 10275-і — платформалар, 28334-і — жартылай вагондар, 10399-ы — цистерналар, 1177-сі — изотерм. вагондар, ал 13581-і — вагонның өзге де түрлеріне жатады. Темір жол арқылы елімізде 2003 ж. барлығы 202,7 млн. т жүк және 17,7 млн. жолаушы тасымалданды.

 

Темір жол көлігі – көлік кешенінің жетекші саласы, жүктер мен жолаушыларды алыс қашықтыққа тасымалдайтын басты қатынас құралы. Темір жол көлігі локомотивтер мен вагондардан тұратын, арнайы рельс жол арқылы тасымалдауға арналған көлік түрі болып табылады. Темір жол көлігінде тасымал құны басқа көлік түрлерімен салыстырғанда біршама төмен, қатынауы тұрақты. Қазақстанның ішкі құрлықтық орналасуы жағдайында Темір жол көлігі елдің көлік кешенінің құрамында аса маңызды рөл атқарады. Темір жол көлігі 19 ғасырда ірі өнеркәсіп орындарының ашылуына, әсіресе, кен қазып, металл өңдеудің дамуына байланысты пайда болды. Дүние жүзінде тұңғыш Темір жол көлігі 1825 Англияда Дж. Стефенсон салдырған ұзындығы 21 км “Стоктон – Дарлингтон” желісінде қатынады. Бұдан кейін Темір жол көлігі 19 ғасырдың 30-жылдары Австрияда, Германияда, Бельгияда және Францияда пайда болды. 1830 жылда АҚШ-та, 1837 жылда Ресейде темір жол желілері ашылады. 1850 – 1870 жылда Азияда, Африкада, Оңтүстік Америкада, Австралияда салына бастады. Темір жол құрылысы аз уақыт ішінде жедел қарқынмен дамып, 20 ғасырдың басында темір жол торабының әлемдегі жалпы ұзындығы 1 млн. км-ден асып түсті. Қазақстан аумағында алғашқы Темір жол көлігі Покров – Слободка – Урбах желісімен 1894 жылда 25 қазаннан қатынай бастады. Бұл жолдың 130 км-і Қазақстан жерімен өтті. 1891 – 1896 жылда салынған Транссібір (3138 км), 1901 – 1906 жылда салынған Орынбор – Ташкент темір жол (2090 км) желілері қазақ даласымен өтті. 1918 жылда Қазақстан аумағындағы болат жолдардың жалпы ұзындығы 2,6 мың км-ге жетті. Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі алғашқы салынған темір жол 1920 – 1922 жылда ашылған Петропавл – Көкшетау желісі болды. Орта Азия мен Қазақстанды Ресеймен жалғастырған ұзындығы1444 км Түрксіб (Түркістан – Сібір) темір жол 1927 – 1930 жылдарда салынды. 1958 жылда Қазақстанда Кеңес Одағындағы ең үлкен темір жол ұйымы – Қазақ темір жолы құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 2005 жылда Алтынсарин – Хромтау темір жолы тартылды. Қазақстанда қазіргі таңда темір жолы желісінің жалпы ұзындығы 14,4 мың км-ден асады. Темір жолы саласында 100 мыңнан астам адам еңбек етеді. 1913 локомотив, 77029 жүк вагоны және 2094 жолаушылар вагоны бар. Қазақстандағы темір жол торабы мен Темір жол көлігі “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы АҚ-ның құзырына бағынады. Оның құрамында “Жолаушылар тасымалы”, “Арнаулы әскерилендірілген күзет қызметі”, “Электрмен жабдықтау”, “Ақсу – Конечная”, “Темір-терсек”, “Теміржолмаш”, “Қазкөліксервис”, “Теміржолсужылужабдықтау”, “Теміржолмүлік” еншілес кәсіпорындары жұмыс істейді. Қазақстандағы жүк тасымалының жалпы көлеміндегі Темір жол көлігінің үлесі 1991 жылда 36%-ды құраған болса, 2000 жылда ол 50%-дан асты. 1991 жылдан бастап Темір жол көлігімен тасымалданатын жүктің құрылымы өзгеріске ұшырады. Темір жол көлігімен тасымалданатын негізгі тауар өнімі – көмір, түрлі кентас, астық, мұнай, тағы басқа отын-энергетикалық жүктердің үлес салмағы артып келеді: тас көмірдің үлесі 1998 жылда 38%-дан 2000 жылда 44%-ға өсті; мұнай мен мұнай өнімдері тиісінше 7,4%-дан 12%-ға артты. 2000 жылдан бастап Темір жол көлігінің өндірістік және қаржы-экономикалық қызметінің жақсару белгісі байқалды. 1999 жылмен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемі және жүк айналымы тиісінше 28,5%-ға және 36%-ға артты (соңғы жылдардағы жүк тасымалының көрсеткішін кестеден қараңыз). Темір жол көлігі бойынша жүк айналымы 2000 жылда 125,0 ткм болса, 2005 жылда бұл көрсеткіш 163,4 ткм-ге жетті. Темір жол көлігімен 2000 жылда 21,3 млн. адам, 2004 жылда – 16,4 млн. адам тасымалданды. Жолаушы айналымы тиісінше 10215 млн. жолаушы/км және 11849 млн. жолаушы/км болды. Сыртқы сауда қатынастарының серпінді дамуына байланысты Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасқыны ұлғайды, сондай-ақ көлік дәліздерінің қалыптасуына алғышарттар пайда болды. Қазіргі кезде Темір жол көлігі қатынасының бағыттары Трансазия темір жолының Солтүстік дәлізі мен Оңтүстік дәлізі (Теджен – Серахс – Мешхед темір жол) арқылы өтеді. Орталық көлік дәлізі – Еуропа – Кавказ – Азия (ТРАСЕКА) қалыптасты, ол Ұлы Жібек жолының қазіргі жаңғыртылған үлгісі болып табылады.

 

 

 

Қарағанды темір жол вокзалы — Қарағанды темір жол стансасының вокзалы. Алдында вокзал алаңы орналасқан. Жолаушыларды қабылдап жөнелтеді және оларға қызмет көрсетеді. Ғимараттың жобасын «Ленгипротранс» институтты жасаған (авторы П.А.Ашастин,М.Б.Бениолинсон).1956 жылында вокзалда жолаушылардың 2 күту залы, уақытша тоқтағандар мен балалы әйелдер дем алатын бөлмелері, байланыс бөлімшесі және телефонмен сөйлесетін пункті, анықтама бюросы,Темір жолы билеттерін сататын кассалары, дәрігерлік пункті, кол жүгін сақтайтын қоймалары, шаштаразы, азық-түлік сататын, дәріхана және газет-журнал киоскілері бар. Жолаушыларға арналған зал ішінде қала төңірегіңде қатынайтын поездарға билет сататын АБ-6,теңгелерді ұсактайтын автоматтар орнатылған. Вокзалдың іші және күту залдары мүсінші, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген суретшісі П.К.Антоненконың барельефтерімен әшекейленген. Жыл сайын вокзал орта есептен 1,5 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсетеді.

 

 

Темір жол стансасы – темір жол көлігі аялдайтын, темір жол көлігіне және жолаушыларға түрлі қызметтер: жүктерді қабылдайтын, жүк тиеу-түсіру, сақтау және жеткізу жұмыстары жүргізілетін, локомотивтер мен вагондар құрастырылатын, тағы басқа техникалық қызмет көрсетілетін, тасымал үдерісін басқаратын кәсіпорын. Ол жұмыс сипатына қарай тораптық, аралық, бөліктік, сұрыптау, жүк және жолаушыларға арналған темір жол стансасына, атқарылатын жұмыстың көлемі мен сипатына қарай жоғары және 1 – 5 сыныпты темір жол стансасынана бөлінеді. Қазақстандағы ірі темір жол стансасыналары – Арыс, Шымкент, Тараз, Шу, Алматы-1, Семей, Защита, тағы басқа.

 

 


Информация о работе Темир жол