Статистикалық көрсеткіштің мәні мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 16:43, реферат

Краткое описание

Мысалы, өнеркәсіп орындарында табиғи – заттық негізде шығарылған әр түрлі өнімдердің мөлшерін біріне – бірін тікелей қосуға болмайды. Оны есептеу және салыстырмалы түрге келтіру үшін ортақ өлшем белгілері қолданылады. Оған өнімнің мөлшері, өзіндік құны, бағасы, жұмсалған жұмыс уақытының шамасы және т.б жатқызылады. Бірақ, экономикалық мәні бірдей аттас көсеткіштердің белглі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы көрсеткіштер арқылы есептеуге болады.

Оглавление

Кіріспе 4
1.1 Статистикалық көрсеткіштің мәні мен маңызы 5
1.2 Статистикалық көрсеткішті топтастыру 6
1.3 Нақты шаманың мәні мен маңызы 7
1.4 Қатысты шама 8
1.5 Қатысты шама көрсеткіштерін есептеудің жалпы қағидасы 11
1.6 Көрсеткіштер жүйесі 12
Қорытынды 13
Пайдаланылған әдебиеттер 14

Файлы: 1 файл

stat_ref_8.doc

— 87.50 Кб (Скачать)

              Пәрменді қатысты шама белгілі  құбылыстың мәнін сипаттайтын  шамамен беріледі. Қатыстырылатын  құбылыс шамасының әр қайсысы   өз өлшем  бірліктері арқылы  белгіленеді. Мысалы: жүк тасымалының тығыздығы тасымалданған  жүктің тонналық көлемін, жолдың шақырымымен есептелінген ұзындығына бөлу арқылы анықталынады да тонна / шақырым арқылы сипатталады.

          Салыстырмалы  қатысты шама әр  мемлекеттегі, әр кәсіпорында  болатын біртектес құбылысты салыстыруға қолданылады. Салыстырмалы қатысты шамамен  мемлекеттегі халықтың саны, поездың техникалық, саудалық жылдамдағы, еңбектің өнімділігі таға басқадай құбылыстар салыстырылып, зерттеленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.5 Қатысты шама көрсеткіштерін  есептеудің жалпы қағидасы

 

         Қатысты көрсеткішті есептеу  үшін құбылыс қасиетін және  статистикалық әдістің заңдылығын  білу қажет. Қатысты көрсеткішті  есептеудің бірінші қағидасы  – қатысты көрсеткіш шығрылатын  құбылыс біртекті қасиеттің иесі болуы қажет.

          Мысалы, сауатты халықтың үлесін  анықтау үшін сауаттылардың санын  халықтың жалпы санына бөлуге  болмайды. Өйткені, жалпы халықтың  санағында мектепке жасы жетпеген  балалар мен кейбір жас күнінен  дімкесиер де кіретінін де ескеру керек. Сондықтан халықтың жалпы санынан бұларды шығарып тастау қажет. Одан шыққан айырымға сауаттылардың санын анықтап, оның үлесін табу керек. Өнідрістік салада еңбек өнімділігінің дәрежесін анықтау үшін шығырылған өнім көлемін онда жұмыс жасайтындардың орташа санына шағу керек. Бірақ, оларда бұл сала есебінен күн көрктіндердің санына бөлуге болмайды.

            Қатысты көрсеткіш есептелінетінқұбылыс  бірнеше шышан тұрғысынан алғанда  бір-бірінен алшақ болмауы шарт. Мысалы, бір елде бір мезгілде шығарылған көмірдің көлемі, екінші елде басқа  мезгілде балқытылған болаттың көлемімен салыстыруға болмайды. Қатысты көрсеткіш есептелген кездк құбылыстың шамасы мен уақыт айырмашылығын ойлаған жөн. Мысалы, Кеңес Одағы кезінде біздің елге жалғыз трактор, жалғыз тракторшы 1937 жылы ғана пайда болған. Ал 1964  жылы трактормен оның жүргізушілердің санын сонау 1937 жылғы санмен, яғни барды жоқпен салыстыруға болмайды. Өкінішке орай, Кеңес Одағын жоқты бардай етіп көрсету кезінде мұндай салыстыру аз кездескен жоқ. «Тракторшының саны 5000 есе өсті» деп оқыған уақытымыз да болды.

            Сол сияқты өткен жылы 100 мың  теңге зиян шекті десек, биыл 300 мың теңге пайда әкелді деп,  соңғы санды алдыңғы санға  бөліп, пайда үш есе өсті  деуге болмайды. Өйткені 100 мың – кері сан, 300 мың – он сан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.6 Көрсеткіштер жүйесі

 

             Құбылысты, нәрсені, кәсіпорынды  сипаттайтын көрсеткіш сан түрлі  және сөйте тұра бір-бірімен  тығыз байланысты. Бұл қоғамдағы  құбылыс қасиетінің әр түрлілігінен  және бір-бірімен тығыз байланыстылылығынан туындайды.

              Мысалы, егін шаруашылығының көрсеткіш  жүйесіне әр түрлі дақылдың  көлемі, жиналған жалпы өнім, өнім  өндіруге кеткен жалпы уақыты, оған пайдаланылған тыңайтқыш  көлемі, бұл салаға кеткен жалпы  шығын, дақылды тазалайтын құрал, аспап саны, негізгі қодың аумағы, қойманың саны, тағы сол сияқты нақты көрсеткіштер жатады.

               Сонымен қатар бұл шарушылықтың  жағдайын сипаттайтын қатысты  көрсеткіштер де бар. Олар дақылдың  үлесі, дақыл бойынша орта түсімділік, негізгі қордың жиынтығы, өнімнің өзіндік құны мен еңбек сіңіргіштігі, дақыл көлемнің және өнімнің өсу қарқыны т.с.с. болып келеді.

 

               

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне талдау жасау кезінде нақта,қатысты,орташа шамалар немесе коэффиценттер мен проценттер сияқты түрлі қорытындылаушы көрсеткіштер қолданылады.

         Осындай қорытындылаушы көрсеткіштердің ішінде ең көп тараған түріне жататыны статистикалық көрсеткіш әдістері болып табылады.

         Статистикада біріне-бірін тікелей қосуға болмайтын белгілерден тұратын күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыстардың жеке себептерінің үлесін анықтауға қолданылатын жеке уақытқа байланысты кеңістіктегі орташа өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың ерекше түрін статистикалық көрсеткіш әдіс деп атайды.

        Тұрмыстағы әлеуметтік - экономикалық  құбылыстың өзгеруін, оның заңдылығыны,  келешегін зерттеу, талдау үшін  статистикалық көрсеткіштің   мәнін, түрін, қасиетін біліп, дұрыс пайдалану  шарт. Философиялық тұрғыдан алғанда көрсеткіш заңдылық құбылыстың сапалық және сандық көрінісінің сипаттамасы.

         Стаистика қоғамдық көпшілік  құбылысты, өзгерісті зерттейтін  болғандықтан, статистикалық  көрсеткіші  жиынтықты  сипаттамаға жатады. Бұл жағдайда нышан мен статистикалық көрсеткіштің мәнін айыра білу қажет. Мысалы, жеке адамның өмір сүрген  уақытының ұзақтығы  нышанға жатады да, белгілі бір буынның өмір сүру уақытының орташа шамасы статистикалық көрсеткіш болып саналады. Кез келген «сан» көрсеткіш өлшем емес. Статистикалық  көрсеткіш болу үшін сан құбылысты сапалық, сандық жағынан белгілі бір кеңістікте және белгілі бір уақыт  аралығында сипаттауы шарт.

           Сонымен статистикалық көрсеткіштер әлеуметтік – экономика үшін көп үлесін тигізеді. Бізге статистикалық көрсеткіштерді пайдаланған өте тиімді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.Кесікбайұлы Ө., Өскенбайұлы  М. «Статистиканың жалпы теориясы».  – Алматы: Ғылым 1998

 

2.Әміреұлы Ы. «Статистиканың  жалпы теориясы». – Алматы: Экономика  1998

 

3. Жолдасбаева Г.Ө., «Кәсіпорын  экономикасы». – Алматы Экономика, 2002

 

4.Мейірбеков АҚ., Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы». – Экономика, 2003

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Статистикалық көрсеткіштің мәні мен маңызы