Статистика туралы жалпы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 08:53, реферат

Краткое описание

Қазіргі кезде «статистика» деген сөзді естімедім, білмедім дейтін адам көп емес. Солай дей тұрсақ та, кейбіреулер «статистиканы» ешқандай маңызы жоқ, жай ғана сандар тізбесі деп түсінеді. Мұндай ұғымды ұстанушылар-көрсетілген сандық көрсеткіштердің неге керек екенін білмейтіндер, оның мағынасын жетік түсінбейтіндер және өзі өмір сүріп жатқан елінің жетістіктері мен кемшіліктерін аңғармайтындар. Шын мәнінде статистика – бұл сандық көрсеткіштердің жиыны.

Оглавление

Кіріспе............................................................................................................................3
Негізгі бөлім..................................................................................................................4
Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму кезеңдері………………….4
Статистика пәні және оны зерттеу объектісі …………………………………….4
Статистикалық әдістер және оны зерттеу кезеңдері 7
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер: 14

Файлы: 1 файл

Реферат Статистика туралы.doc

— 90.00 Кб (Скачать)

              Қазақстанда статика органы тұңғыш рет 1919-жылы Далалық өлке статистика басқармасы ретінде құрылып, оның міндеті мен қызметі туралы ереже бекітілді. Содан кейін статистика органын ұйымдастыру жүйесінде бірнеше рет өзгерістер болды. Мысалы, 1930-жылы статистика басқармасы Жоспарлау комитетімен біріктіріледі және онда ол халық шаруашылық есеп бөлімі болып, ал 1931-жылы желтоқсан айында Жоспарлау комитеті жанындағы Орталық халық шаруашылық есеп басқармасы болып қайта құрылады. 1941-жылы ол Жоспарлау комитетінің Орталық статистика басқармасы болып өзгертілсе, 1948-жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Советі жанындағы Орталық статистика басқармасы болып қайта құрылды.

              Орталық статистика басқармасы басқару және жоспарлау органдарымен тығыз жұмыс атқарады. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық өзгерістері мен құбылыстары туралы есеп-қисап жұмыстарының дұрыс жүргізілуіне, ондағы көрсетілген статистикалық мәліметтердің толықтығына, ақиқаттылығына және әдістемелік біркелкілігіне Орталық статистика басқармасы жауапты. Сонымен қатар халық шаруашылығы салаларына қарай деректі мәліметтерді жинап, топтап және талдап дер кезінде басшы орындарға беріп отырады.

              1987-жылы тамыз айында статистика орган ұйымдастыру жүйесінде үлкен өзгеріс болды. Мұнда Орталық статистика басқармасы Қазақстан Республикасының Статистика жөнінде мемлекеттік комитеті болып өзгертілді. Ал 1995-жылы статистика органына республикада болып жатқан қоғамдық құбылыстар мен процестерде талдау жасау жұмыстарының жүктелуіне байланысты «талдау» сөзі қосылып жазылатын болды. Сонымен, Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті болып қайта құрылады. Оның құқықтығы мен міндеттері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996-жылғы 18-қаңтардағы қаулысы бойынша бекітілген Ережеде анықталған және оны басшылыққа алып отырады.

              1996-жылы 29-қазанда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі болып қайтадан ұымдастырылды және статистикалық мәліметтерді жинау,өңдеу,талдау жұмыстары бірыңғай принципке сай ортақ бағдарлама мен әдістеме бойынша жоғарыда көрсетілген ережеге сүйене отырып жүзеге асырылуда.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

              Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі елдің мемлекеттік статистикасына басшылық ететін, оның бүкіл аумағында статистикалық қызметтің мазмұны мен сипатын айқындайтын, мемлекеттік органдардың заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің республиканың әлеуметтік – экономикалық дамудың жайы мен үрдісін сипаттайтын қажетті статистикалық және экономикалық деректерге деген мұқтажын қанағаттандыратын және халықараық деңгейде статистикалық деректердің ақиқаттылығы мен әдістемелік салыстырмалығын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы атқарушы өкіметінің орталық болып табылады.

              Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттары мен келісімдері, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және Қазақстан Республикасы Премьер–Министрінің өкімдерін басшылыққа алды.

              Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігі ұйымдық жағынан орталық аппараттан, оған тікелей бағынышты статистика агенттігі жөніндегі облыстық, Алматы қалалық басқармаларынан, Статистикалық зерттеулер институтынан және Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Есепке алу, статистика еңбек және жұмыспен қамту кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі риспубликалық салааралық институтынан құралады.

              Орталық аппарат макроэкономика, өнеркәсіп және күрделі құрылыс, ауыл және орман шаруашылығы,сауда және қызмет көрсету, әлеуметтік және демография, баға, төлем балансы статистикасы және т.б. Бас басқармаларына, халық санағы бөліміне бөлінеді. Ал олардың өзі бірнеше бөлімдер мен бөлімшелерден тұрады. Облыстық және Алматы қалалық Ұлттық статистика агенттігі өздеріне қарайтын қалалар мен аудандарда статистика инспектурасына немесе есептеу орталығына бөлінеді және олардың жұмысына тікелей басшылық етеді.

              Мемлекеттік Ұлттық статистика агенттігіне қарайтын облыстық, қалалық, аудандық статистика органдары өз жұмыстарын жергілікті атқарушы органдарымен үйлестіріледі. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтежесі жайында оларды дүркін-дүркін хабардар етіп отырады. Статистикалық есеп жұмыстарында жіберілген кемшіліктерді жоюға, оны болғызбауға бағытталған ұсыныстар беріп, дер кезінде көмек көрсетіп тұрады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі және оған қарасты ұйымдарды қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

 

 

 

 

                               Қолданылған әдебиеттер:

 

1.      Статистиканың жалпы теориясы

Ызғарбек Әміреұлы.  Алматы «экономика» баспасы 1998жыл.

 

2.      Статистиканың жалпы теориясы

Өскенбай Кесікбайұлы, Мұхтарғали Өскенбайұлы.

Алматы «Ғылым» баспасы 1998жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 



Информация о работе Статистика туралы жалпы түсінік