Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 23:47, реферат
Әлеуметтану, басқа гуманитарлық ғылымдардан айырмашылығы, жеке адамды зерттеудің бір ракурсы – жеке адам - әлеуметтік өмірдің қайнар көзі, оның шынайы әрі жалғыз қайраткері және дамытушысы, әлеуметтік өмірдің, әлеуметтік әрекеттестіктің, институттардың және тағы басқалардың бөлінбес бөлшегі ретінде қарастырады.
Құндылықты бағыттар жеке адамның әлуметтік ұстанымы бола отырып, оның мінез-құлқын реттейді. Әлуметтік ұстамдар – бұл жеке адамның әлуметтік белгілі әрекеті нысанына сәйкес әрекет етуі. Құндылықтық бағыттар жоғары деңгейдегі әлуметтік ұстанымдар бола отырып, жеке адамның өмір сүру жағдайымен, құндылықтарымен, индивдтің жеке әлуметтік объектке және жағдайға деген ұстанамдарымен, жеке іс-әрекеттің реттейтіндігімен ерекшеленеді. Құндылықты бағыттар жеке адамның негізгі әлуметтік мүдделерін көздеп, оның қызметінің стратегиялық бағытын анықтайды. Құндылықты бағыттар индивидтің өмірлік позициясы, оның көзқарасы, адамгершілік қағидалары түрінде болады.
3.Жеке адам және қоғам
Адамға жеке адам қызметін атқару бір жағынан аурытпалық туғызса, екінші жағынан – бұл бақыт. Ауртпалық болады, себебі, әлеуметтік қызметтерді орындау оңай емес. Мысалға, жауапкершілік қызметін алайық. Қайсібір әлуметтік қауымдастықтың мүшесі бола тұрып жеке адамның бұл функцияны орындамауы мүмкін емес. Ол дегеніміз, индивидтің арасында байланыс орнату, және екі жақты міндеттер қабылдау. Басқаға деген жауапкершілігі бар жеке адам қауымдастықтың өзіне де осы талапты қоюға құқылы. Бірақ жауапты болу адамның көптеген қоғамдық міндеттерді орындауында талап етеді. Соның нәтижесінде өз қызметін, қажеттіліктерін және мүдделерін шектеу.талаптарына сай болуға мәжбүр. Жеке адам дегеніміз – қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.
Қоғам мүшеі
жеке адам әр түрлі қатынастардың, әсіресе,
материалдық игіліктерді өндіру
және тұтынуға байланысты туындайтын
қатынастардың ықпалында
Жеке адам сондай- ақ саяси қатынастардың әсеріне де тәуелді болады. Бас бостандығы бар ма немесе езгіде жүр ме, саяси құқы бар ма, әлде жоқ па, сайлауға және сайлана алуға праволы ма, қоғамдық өмір мәселелерін талқылауға қатыса ма немесе үстем таптың ырқын жай ғана орындаушы ма- осылардың бәр- бәрінен жеке адам психологиясы тәуелді болып отырады.
Жеке адам сондай- ақ идеологиялық қатынастар әрекетінің ықпалында болады. Идеология, не қоғам жайындағы идеялар жүйесі жеке адамның психологиясын, дүние танымын, әлеуметтік бағдарларын қалыптастырады. Қоғамдық ғылымдарды меңгеру жеке адамның қоғамдық құбылыстарда дұрыс бағдар ұстауына және қоғам дамуындағы өзінің орны мен ролін айқын аңғаруына көмектеседі. Қоғам және адамға мектептегі оқу мен тәрбие, радио, теледидар және де басқа бұқаралық насихат құралдары арқылы идеологиялық ықпал етеді.
Жеке адам психологиясының қалыптасуына сонымен бірге оның өзі кіретін әлеуметтік топтың психологиясы да әсер етеді. Қарым- қатынас процесінде адамдар бір- біріне ықпалын тигізеді, соның нәтижесінде көзқарастағы, әлеуметтік танымдағы ортақтық және қоғамға деген қатынастардың өзге де түрлеріне, еңбекке, адамдарға, өз басының қасиеттеріне ортақ көзқарас қалыптасады. Демек, жеке адамның өмірдің материалдық және саяси жағдайларын бейнелеуі ірілі- ұсақты әлеуметтік топтардың психологиясына орайласып келеді екен.
Жее адам қоғамдық қатынастардың тек объектісі ғана емес, сондай- ақ субъектісі де, яғни белсенді буын. Жеке адам басқа адамдармен қарым- қатынаста бола отырып тарихты жасайды, бірақ күшпен емес, объективті оғам заңдылықтарының қажеттілік әсерімен жасайды. Алайда тарихи қажеттіліктің өзі жеке адамның қоғам алдындағы өзіндік болмысын д, өз мінез- құлқы үшін жауапкершілігін де жоққа шығармайды.
Жеке адам- саналы тіршілік иесі, ол өзінің өмір жолын таңдай алады: езгідегі жағдайына мойын ұсына ма, немесе әділетсіздікке қарсы күресе ме, барлық күш- жігерін қоғам игілігіне жұмсай ма, немесе жеке басының мүддесін ғана ойлай ма- оның өз ісі. Бұл тек адамның қоғамдық жағдайына ғана байланысты емес, сонымен қатар оның қоғам дамуының объективті заңдылықтарын ұғу деңгейіне де тікелей байланысты.
Әрбір жеке адамның қоғам өміріндегі ролі мен мәні қоғамдық қатынастардың дамуына қарай арта түсіп отырады. Қоғамдық дамудың шапшаңдауына қарай жұртшылықтың адам правосы үшін күресі де етек алып кеңейеді. Бұл күрес жеке адамды қызықтырып қана қоймайды, сондай- ақ оны қалыптастырады, оның қоғамдық іс- әрекетін жандандыра түседі. Адамды феодализм құлдығынаназат ету жеке адам дамуындағы революциялық қадам болды, ол адамның қоғамдағы ролін арттыра түсті, ал капиталистік құлдықтан құтқару жаңа әрі аса ұлы революцяи болды, ол жеке адам дамуына шексіз мүмкіндіктер ашты және оны қоғам дамуының нағыз қайраткеріне айналдырды.
Қорытынды
Жеке
адамның бағыттылығы дегеніміз-
сол адамның талғамы мен
Қайсыбір жағдайларда адам қоғамдық борышты сезінуді басшылыққа алады, асқа кезде- қз қажеттіктері мен мүддесін, үшіншісінде – белгілі бір дәрежеде сезім негіздеріне байланысты (махаббат, сыйластық, кек, жек көру тағы да басқалар) әрекет адамда жеке негізгі бағытты белгілейтін әлдебір жетекші қасиет те болады. Олардың бірі өз өмірінің мәнін ғылым жолындағы істен тапса, басқалары- өнер саласынан, ал үшіншілері- қоғамдық қызметтен табады.
Сөйтіп, мотив ретінде алуан түрлі жайттар рінісбере алады: адамның өзі түсініп- ұққан қажетсінуі мен мүддесі, оның үние танымы мен сенімін, сезімі мен ой- ниеттері, яғни адамның белгілі бір моральдық- психологиялық жағы мен мұраты көрінеді.
Жеке адам өз өмірінде басқа адамдармен тікеле қарым- қатынаста болып, өзінің әлеуметтік мәнін жүзеге асырады. Бұл қарым- қатынас бір – бірімен тығыз байланысты топтарда болады. Оңдай топтар біркелкі емес. Олар неше түрлі себепке негізделіп жіктелуі мүмкін, яғни: қалыптаса бастаған өзара қатынастардың ықтиярлылығы мен тереңдігіне, құралу принципі мен жолдарына жеке адамның топтың нормаларына көқарасына негізделеді. Қалыптаса бастаған өзара қатынастар ырықтылығы мен тереңдігіне байланысты шағын және бастауыш топтар айқындалады.
Пайдаланған әдебиеттер
1.Арон Раймон. Этапы развития социологической мысли. – М., 1986
2.Анцупов А.Я., Шипилов А.И. Конфилоктология: теория, история, библиография.-М., 1986
3.Бергер П.Л. Приглашение в социологию –М; Аспект пресс.1996
4.Бородкин Ф.М. Коряк Н.М. Внимание конфликт! Новосибирск 1983
5.Валиханов Ч. Записки о судебной реформе. Соч. т. 1 Алма-ата, 1961
6.Вебер Макс. Избранныепроизведения и статьи. М 1980
7.Гидденс Э.Стратификация и классовая структура // Социологические исследование 1992 №11
8.Гумилев Л:Н Этногенезис и биосфера землиЛ.1989