Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:33, доклад
Саяси жүйе қоғамның өмір сүруінде өте маңызды рөл атқарады. Оның міндеті қоғамдағы саяси қатынастар мен саяси процестерді реттеуге негізделген. Саяси жүйе дегеніміз – мемлекеттік және саяси мекемелер мен институттардың, саяси қатынастардың, саяси және құқықтық нормалардың жиынтығы. Саяси мекемелер мен ұйымдардың қызметі қоғамдағы таптар мен басқа да әлеуметтік топтардың саяси мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған. Олардың саяси мүдделері қоғамдағы саяси қатынастардың көрінісі болып табылады және саяси билік мәселелерін шешуге негізделген: оған ие болу, жүзеге асыру мен қорғау, азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру.