Макс Вебер

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:01, реферат

Краткое описание

Макс Вебер (1864 – 1920 ж.ж.) – батыстың ірі әлеуметтанушысы. Қазіргі әлеуметтану ғылымы М. Вебердің ой – тұжырымдарымен көп санасады. М. Вебердің әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды. Позитивизмге қарсы шығу дәуірінде ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып, адам іс - әрекетін, қимылын «түсіну, ұғыну» теориясын қалыптастырады.

Файлы: 1 файл

Макс Вебер.docx

— 19.18 Кб (Скачать)

Макс Вебер (1864 – 1920 ж.ж.) – батыстың ірі әлеуметтанушысы. Қазіргі әлеуметтану ғылымы М. Вебердің ой – тұжырымдарымен көп санасады.  М. Вебердің әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды. Позитивизмге қарсы шығу дәуірінде ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып, адам іс - әрекетін, қимылын «түсіну, ұғыну» теориясын қалыптастырады.   

 М. Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік – тарихи құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның санасына, ойлануына байланысты) жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс - әрекетінде, қызметінде оның мұң – мұқтажын, талап – тілегін, қажеттілігін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескеріп отыру керек. Осыған қосымша, әлеуметтану оны объективтілік пен эмпирикалық жағынан бақылап, тексеру жақтарын жоққа шығармауы керек. Оның басты міндеті – адамдардың іс - әрекетінің, қимылының мәнін, мағынасын, мазмұнын терең түсіну, ұғыну болып табылады. Осыларды еске ала отырып, қоғамның даму заңдарының себебін ашуға болады.  

 М. Вебер өзінің әлеуметтану зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне көп көңіл аударуына байланысты, оның әлеуметтану теориясы «түсіну, ұғыну теориясы» деп аталады.   

 Осыған орай ол нақтылы өмірге сәйкес методолгиялық, логикалық жалпы ұғымдарды қалыптастырады. Бұл оның «идеалды типтері» әдісінде жақсы көрінеді. М. Вебердің пікірінше, идеалды тип (яғни, адалдықтың үлгісі шығармашылық қиял, елес жемісі). Ол зерттелетің маңызды құбылыстарды адамның ой – пікірі мен идеализациясы (яғни, асыра дәріптеушілік, шындыққа теориялық бейнелеу – А. И.) негізінде жасалады.   

 Идеалды тип дегеніміз, ол объективтік эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) шындықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлануының, ой – пікірінің жемісінің теориялық құрылымы (яғни, идеясы). Идеалды тип зерттеушілірінің нақты материалды жүйелеп реттеудің бейне – кестесі. Идеалды типтік  құрылымдар – бұл қажетті құбылыстар мен процестердің жалпы түйінді ұғымдары. Мысалы, «капитализм», «экономикалық адам», «дін», «христиандық», т.б.  

 М. Вебер әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясының негізін салды. Веберлік әлеуметтік стратификацияның өлшемі бойынша жалғыз ғана экономикалық факторлар, яғни меншік формасына ғана емес, сонымен бірге оған саяси (өкімет) және статус, престиж (қадір, бедел, мәртебе), өлшемдері қолданылады. Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясы көп өлшемді болуы мүмкін деп тұжырымдайды.

идеалды типте сол немесе басқа құбылыстың «мәдени мағнасы»шоғырланады, және зерттеуші, сонымен одан қарастырылатын объектінің алыс және жақындығы анықталатын, критерийге қолы жетеді. Солай, М. Вебер үстемдіктің «таза» үш типін бөліп көрсетті. Біріншісі үстемдік етушілердің және бағынушыларың рационалды мүдделерімен себептелген, екіншісі – типтің негізінде дәстүрлер жатар, үшіншісі билікті сезімдік тұрғыдан қабылдауға негізделген. Осыған сай, үстемдіктің рационалды типіне құқықтық мемлекет сәйкес келеді, онда ең бастысы-заң; үстемдіктің дәстүрлі типі дәстүрлердің мызғымайтындығына негізделген (патриархалдық қоғам); үшінші тип – харизматикалық («харизма»-сый), онда үстемдік етушілер бағынушыларды өздеріне иландыруға және толық бақылауға ұмтылады. Мысалы ретінде М.Вебер дүниежүзілік діндердің негізін қалаушылардың есімдерін (Будда, Иисус, Мұхаммед), ұлы қолбасшыларды (Македонский, Цехарь, Напалон), көрнекті саяхатшыларды  
(Линьольн, І Петр, Ленин) келтіреді. Бір қызығы М.Вебер осылай табиғи ғылымилыққа тура қарама-қарсы әдістемені ұсынды. Егер табиғаттанулық ғылымдарда білім эмперикалық деректерді талдау нәтижесінде алынатын, болса, онда идеялды типтердің ілімі бұл әлеуметтік өмірде абсолютті баламасы жоқ, таза ой құрылымы. Ол зерттеу мақсаттарына сай шындық белгілерін бөліп көрсету және күшейту негізінде және логикалық қайшылықсыз идеялды ой құрылымын жасау арқылы құрастырылады. 
А.Вебердің мәдени-социологиялық ілімі қазіргі жалпы дағдарыс идеяның төңірегінде құрастырылады. Оның жұмыстарында, бір жағынан О.Шпенглердің идеяларының, ал сонымен қоса экзистенциялистер М.Хайдггер мен К.Ясперстің ықпалдары, бірақ, басқа жағынан – үлкен ағасына оппозиция анық байқалады. Ол, ода тарих үш өзара байланысты бірақ сонда да еркешеленетін заңдарға ие процестерден: әлеуметтік (олардың шектерінде әлеуметтік институттар қалыптасады және әрекет етеді), өркениеттік (әмбебапты сипатқа ие, ғылым мен техниканың дамуы) және мәдени (шығармашылық, дін, өнер, философия) тұратын, төл тума ілімі ұсынылды. Бұл процесстердің динамикасы бір мемлекет шеңдерінде де түрлі бағытта жүре алады, немесе түрлі үрдіске ие болады. Ол көп сатылы эволюция түрінде болатын, әрі әрбір кейінгі сатысы алғашқысымен байланыста болатын, әлемдік тарихтың тұтас көрсету талпынысы, оны эсхатологиялық тұжырымдарға жеткізеді. Шындықты мәдениеттанулық түсіну үшін, әрине, оның «мәдениет» және «өркениет» ұғымдарының ара қатынасы туралы пайымдары да пайдалы. Оларды А.Вебер мәдениет эволюциясының екі фаза ретінде де емес (О.Шпенглер мен Н.Бердияев бойынша), өркениет, оның ойынша, мәдениеттің өлімі емес, олар адамдық болмыстың екі түрлі бітімдері болып табылады. 


Информация о работе Макс Вебер