Әлеуметтік стратификация

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 08:37, реферат

Краткое описание

Әлеуметтік стратификация — әлеуметтанудың орталык, такырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоғамдық кұрылымды мәртебелердің жиынтығы арқылы, қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы, және т.б. арқылы құрылады. Қарапайым қоғамда мәртебелер саны аз және енбек бөлінісі деңгейі төмен болады, ал казіргі замандағы қоғамда — мәртебелер көптеп саналады және еңбек бөлінісін ұйымдастыру деңгейі де әлдеқайда жоғары.

Оглавление

КІРІСПЕ
Негізгі бөлім
1. Қоғамда әлеуметтік старификацияның жиынтығы
2. Әлеуметтік стратификация теориясы және оның мәні
3. Қоғамдағы жастар арсындағы стратификация мәселесі
4. Әлеуметтік стратификация және қазіргі қоғамдағы сипаты
5. Қазақстандағы әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік мәселесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Стратификация.doc

— 142.00 Кб (Скачать)

Сонымен, маркстік ілім тапты  құрайтын басты белгілерге:

  • адамдар тобының өндіріс жүйесінде алатын орнын;
  • олардың өндіріс құрал-жабдықтарына қатынастарын;
  • еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты;
  • қоғамдық байлықтан алатын үлестің көлемі мен оны алудың әдісін;
  • қоғамдық өндірісте бір топтың басқа адамдардың еңбегін қанауын жатқызады.

Бұл белгілердің таза экономикалық сипаты болғандықтан, таптар тек экономикалық категория ретінде  көрінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Қоғамдағы жастар арасындағы стратификация мәселесіе талдау

 

       Жастар - жасына қарай сипаттамалары жиынтығының, әлеуметтiк жағдайлар ерекшелiктерiнің негiзiнде бөлiнетiн және қоғамдық құрылыспен, мәдениетпен, әлеуметтендiру заңдылықтарымен, осы қоғамды тәрбиелеумен айқындалатын, сол немесе басқа да әлеуметтiк-психологиялық қасиеттермен ескерiлген әлеуметтiк-демографиялық топ; қазiргi заманғы жастардың жасына қарай 14-тен 25 жасқа дейiнгiлердi қоса алғанда Қазақстанда 14-29 жастағы жастар үлесi 2009 жылғы 1 қаңтарда халықтың құрылымында 29,2% құрады, бұл 4 358 925 адамды құрайды, оның iшiнде экономикалық жағынан белсендi халық 2406775 адам болып табылады.

Республикада жастар өсiмiнiң демографиялық үрдiсi сақталуда: халықтың табиғи өсiмi - 6,3%. Жастар - бұл  қашанда үлкен ерекше жасына қарай  кiшi топ ретiнде білінетiн объективтiк  қоғамдық құбылыс.

Жастар - қоғамның бiр  бөлiгi. Бұл ретте, жастар саясаты  жас ұрпақты қоғамдық өмiрге әлеуметтік ықпалдастырудың бiрден-бiр мүмкiн  болатын тетiгi болып табылады.

         2008 жылы жүргiзген әлеуметтік  сауалнама нәтижелерi бойынша  жастар санасындағы оларды толғандыратын неғұрлым өзектi проблемалар: сыбайлас жемқорлық, билiк органдарындағы қызмет бабын терiс пайдаланушылық (44,3%), есiрткінің таралуы (31,6%), жастар арасында қылмыстың өсуi (29,8%) болып табылады .    

  Бұдан басқа, жастардың едәуiр бөлiгi үшін өмiрлiк маңыздысы сауал салынғандардың 45,6%-ында тұрғын үймен қамтамасыз етуге байланысты проблемалар болып табылады. Осы проблеманы жою үшiн жастар жеке меншiк тұрғын үй сатып алуға жеткілiктi табыс табу мүмкiндiктерiн берудi ұсынады, бұл ретте сауал салынғандардың 31,5%-ы жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар қабылдануы қажет екенiн атап өтедi. 15,9%-ы үшін тұрғын үймен қамтамасыз ету әдiстерінің бiрi ипотекалық кредит беру жүйесiн дамыту болып табылады.      

  Әдеттегi нормалар, мораль мен адамгершілік туралы ұғымдар елеулi өзгерiске ұшырап отырған қоғамның түрленуi кезінде құралдық құндылықтар немесе өмiр сүруде табысқа жету әдiстерi деп аталып жүргендер туралы қоғамның түсiнiктерiн бiлу маңызды.

           Жастардың 48,3%-ының пiкiрi бойынша жақсы білімнің болуы өмiрде табысқа жетудiң қажетті алғы шарты болып табылады. Пайдалы байланыстар мен тамыр-таныстық өмiрде алға басуға ең жақсы түрде жәрдемдеседi - бұл табысқа жету әдiстерi рейтингiндегі екінші позиция (33,5 %).

           Табысқа жету үшін үшінші бiр басым құрал деп корреспонденттердің 32,7%-ы ақшаның болуын атайды. 29,0%-ы қажырлы еңбек етудi атап өтедi, 17,0%-ы үшiн күшті ерiк жiгер, 10,5%-ы үшiн "жағдайлардың сәтті барысы" негiзгi құрал болып табылады.

            Қазiргi Қазақстан қоғамы құрылымының түрленуiндегі қиыншылықтар қандай да бiр дәрежеде республика жастарының 5,1%-ында заң және адамгершiлiк туралы ұғымдардың өзгеруiне ықпал етiп отыр, олар өмiрде табысқа жетудегі мiндеттi жағдай деп қылмыс әлемiндегi байланыстардың болуын есептейдi.

         Сонымен бiрге, жастардың үштен  бiр бөлiгiнен астамы жақсы бiлiм  мен мамандықтар ала алады,  кейбiреулерi өздерiнiң саяси көзқарастары  мен талаптарын еркiн және жария  түрде бiлдiредi, кейбiреулерi білікті  медициналық көмектер алады, кейбiреулерi өздерінiң шығармашылық қабiлеттерін iске асыра алады, кейбiрi өз қаласы мен кентінің өмiріне қатысты шешiмдер қабылдауға ықпал ете алады.

          Жартысынан астамы (61,7%) өз халқының  әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін  еркiн сақтай алады.      

  Жастардың дамуындағы неғұрлым өзектi мәселе жастар арасындағы әлеуметтік-экономикалық шиеленiстi көңіл күйдi көрсететiн жұмыспен қамту мен еңбекке орналастыру проблемасы болып табылады. Ресми статистикалық деректер бойынша республикада 2004 жылғы жағдай бойынша 15-тен 29 жасқа дейінгi жұмыссыздар 300 мыңға жуық, яғни жалпы санның 12,2%-ы.  

       Еңбек рыногын кеңейтудің, жастарға арналған жаңа және қосымша жұмыс орындарын құрудың нақты жолдарының бiрi кәсiпкерлiк бастамаларды дамыту болып табылады. Жастар арасында, сауал салынғандардың 50, %-ы жастар кәсіпкерлiгiн дамытудағы елеулi проблемаларды көрсетедi, 25%-ы проблеманың болу мүмкiндiгiн ғана атап өтедi. 
      Көптеген жас адамдар (35%), егер мемлекет тарапынан жастардың кәсіпкерлігі үшін көтермелеу мен ынталандыру енгізілетiн жағдайда жеке меншiк бизнестерін ұйымдастырғылары келедi. Бұл ретте, барлық сауал салынғандардың iшiнен 35,5%-ы қазiргi жағдайларда жеке бизнестерiн ұйымдастыруға дайын екендiктерiн көрсетті және 9%-ы ғана "жоқ" деп жауап бердi.     

 Қазақстан Республикасы  Еңбек және халықты әлеуметтік  қорғау министрлігінің деректерi бойынша 2004 жылдың төртiншi тоқсанында  ғана 63370 жас адамдар жұмысқа орналасуға  жәрдемдесу үшiн өтiнiш жасады, олардың iшiнде тек 37273 адам  ғана жұмысқа орналасты. Қазiргi кезде жастардың экономикалық дамуын және оларды еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау жөнiнде мақсатты жұмыстар жүргiзілiп келедi. Тұтастай алғанда осы бағыттағы жұмыс кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту, еңбекпен қамтуға жәрдемдесу, жастар ұсынған бизнес-жобаларды сараптау және бағалау жөнiндегi кешендi қызмет көрсетулердi қамтамасыз ететін жастардың әлеуметтiк қызметтерiн ұйымдастыруға шоғырландырылады. 
      Республикада жер-жерде жұмыспен қамту қызметтерінің жанынан кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыс орындары туралы деректер базасы үнемi жаңартылып отырады, еңбек рыногында сұранысқа ие болатын мамандықтар мен кәсiптер бойынша жас кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктiлігін арттыру жұмыстары жүзеге асырылуда.

      Тұтастай алғанда, "Инноченти"/ЮНИСЕФ әлеуметтiк мониторингi деректерi бойынша Қазақстан Республикасында жалпы орта бiлiммен қамту коэффициентi 31,2%-ға жетедi; кәсіптiк-техникалық (орта арнаулы) біліммен қамту - 15-18 жастағы халықтың 23,3%-ы; жоғары бiлiммен қамту - 19-24 жастағы халықтың 33,4%-ы.

Қоғамдағы қалыптасқан  діни наным мен дәстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі каста адамдарының араласуларына, қарым-қатынастар жасауларына қатаң тыйым салынған. Драхмалық діни наным бойынша, әр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болуы керек. 
          Әлеуметтік стратификация кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғам мүшелерінің арасындағы жаппай теңдік орнататын эгалитарлық (француз тілінде – теңдік) қоғам орнату мүмкін емес екендігін әлемдік даму тәжірибесі дәлелдеп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 4.Әлеуметтік стратификация және қазіргі қоғамдағы сипаты

 

Кеңестік дәуірден кейінгі  қоғамдарда нарықтық экономикаға өту  барысында әлеуметтік жіктелуге  әсер ететін жаңа факторлар маңызға  ие бола бастады.

Ресей Ғылым Академиясының  «Әлеуметтану институты» жүргізген  зерттеулер нәтижесінен қазіргі қоғамдағы әлеуметтік жіктелуге әсер ететін факторлардың төмендегі иерархиясын байқауға болады. Респонденттердің 91,3%-ы әлеуметтік жіктелідегі басты фактор ретінде «билікті» атап көрсетсе:

  • табыс көлемін - 91,2%-ы;
  • меншікті – 64,8%-ы;
  • көлеңкелі экономика немесе заңға қарсы іс-әрекеттерді – 52,7%-ы;
  • білімді  - 35,1%-ы;
  • қабілет пен талапты – 34,6%-ы;
  • мамандық түрін – 30,1%-ы;
  • адамның шығу тегін – 25,0%-ы;
  • ұлттық тегін – 14,5%-ы атап көрсеткен.

Яғни бұл қоғамда  билікке қатынас, табыс көлемі, меншіктің болу сияқты факторлардың әлеуметтік жіктелу процесінде жоғары маңызға ие болып отырғанын көруге болады.Әрине, әлеуметтік стратификация процесінде білім деңгейі, кәсіби шеберлік, жоғары мәртебе (престиж)  деген өлшемдердің маңызы зор екенін естен шығармуымыз керек.

Білім деңгейі – мектептегі, орта жоғары оқу орындарында алған  біліммен, сол сияқты ғылыми атақ, дәрежемен  есептеледі.

Кәсіби шеберлік –  белгілі бір мамандық бойынша  адамның арнайы білім дәрежесі мен  шеберлігінің танылуы.

Мәртебе – адамның жоғары статусына қоғам тарапынан көрсетілетін сый немесе құрмет.

Соңғы кезде әлеуметтанушылар жоғарыда айтылған өлшемдерді ескере отырып, қоғамды 3,4,6 және одан да көп  жіктерге бөліп қарайтын стратификациялық модельдерді ұсынуда. Біз соның 4 жіктен тұратын моделіне тоқталсақ, олар мыналар:

  • жоғары тап;
  • орта тап;
  • жұмысшы табы;
  • төменгі тап.

Жоғары тапқа ірі  меншік иелері – қаржы және өнеркәсіп  магнаттары, жоғары билік элиталары  – мемлекет президенттері, премьер-министрлер, министрлер, жеке ведомстволар мен қызметтердің басшылары, яғни жоғары категориядағы чиновниктер жатады. Бұлар қоғамдағы шамадан тыс байлығы бар, қоғамның экономикалық және саяси өмірінде шешуші рөл атқаратын топ. Қоғамдағы олардың үлес салмағы аз, дамыған елдерде олар шамамен хлықтың 1%-ын құрайды.

Кейбір елдерде жоғары тапқа жоғары шенді әскери топтар мен творчестволық иттеллигенцияның танымал өкілдері де жатады. Бұл  топ өкілдерінің білім және мәдени дәрежелері, қоғамдағы статустары да жоғары.

Орта таптың қоғамдағы  алатын орны ерекше. Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде олар халықтың 60-80% - ын құрайды. Бұл тапты қоғамдағы әлеуметтік тәртіп пен тұрақтылықтың тірегі десек те болады. өйткені орта тап қоғамның негізгі интеллектуалдық күші мен жоғары мамандық иелерінен тұрады.

Орта тапқа қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың мамандықтардың өкілдері жатады. Олар – ғалымдар, жазушылар, суретшілер, діни қызметкерлер, оқытушылар, дәрігерлер, заңгерлер, орта және шағын кәсіп иелері, маманданған жұмысшылар, т.б. Орта тап адамдарының тұрақты да, сенімді қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай өмір салттары бар. Олар көп еңбек етеді, кейбіреулерінің меншіктері (жер, құнды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, т.б.) бар, яғни олар экономикалық және саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл таптың адамдары «жақсы өмірге қажырлы еңбектің, күш – жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады» дегенді басшылыққа алады.

Бұл жерде айта кететін бір жағдай – орта таптың да өз ішінде жіктелетіндігі. Олар:

  • жоғары орта тап:
  • орта таптың орташасы:
  • төменгі орта тап.

Орта тапты осылайша жіктеуде жоғарыда айтылған факторлар, яғни адамдардың билікке қатынастары, табыстарының көлемі, кәсіби және білім  деңгейлері ескеріліп отыр.

Жұмысшы табының қазіргі  кездегі бейнесі өткен дәуірдегіден мүлдем басқа. Ғылыми – техникалық прогресс заманында жұмысшы табы еңбегінің мазмұны, сипаты өзгерді. Олар механикаландырылған және автоматтандырылған өндіріс салаларында – заводтар мен фабрикаларда, ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен халыққа қызмет көрсету салаларында еңбек етеді. Бұл тап өкілдерінің тұрақты табыстары, белгілі бір дәрежеде білім және кәсіби дайындықтары бар.

Төменгі тап – құрамы жағынан сан алуан. Оларға арнайы мамандықтары жоқ жұмысшылар, жұмыссыздар  және люмпендер (қайыршылар, босқындар, қылмыскерлер) жатады. Бұлардың көпшілігінің құрақты табыс көздері болмағандықтан, олар абсолюттік кедейшілік жағдайда өмір мүреді.

Сонымен, әлеуметтік стратификация  кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғам мүшелерінің арасындағы жаппай теңдік орнататын эгалитарлық (француз тілінде – теңдік) қоғам орнату мүмкін емес екендігін әлемдік даму тәжірибесі дәлелдеп отыр.

 

 

Кесте-1. Жастар әлеуметтенуінің ерекшелігі

 

 

Әлеуметтену агенттері

Функциялар

Проблема

І деңгей -алғашқы  реттік әлеуметтену

Отбасы институты

құндылықтарды игеру;тәрбие;

жастар арасындағы қылмыс, нашақорлық, алкоголизм, суицид, жұмыссыздық көлемінің артуы  мен жастардың рухани құндылықтарының  төменденуі немесе еңбекке қатысты  жастар қатынасының деформациясы, нигилизм

ІІ деңгей -Екінші реттік әлеуметтену

Білім беру түрлі  институты,  әлеуметтік орта

білім;тәрбие;құндылықтар;кәсіп;


 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 5. Қазақстандағы әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік мәселесі

 

Көпшілікке мәлім, нарықтық экономика меншіктің алуан түрлігігін қажет етеді. Ал,осы жағдай Қазақстанның әлеуметтік құрылымына зор әсер етті, өйткені меншік нысананың алуан түрлілігі жалпы экономиканың одан әрі бөлшектелуін күшейтті, яғни қоғамдық меншікті жекешелендіру процесі басталды. Осыларға сәйкес меншіктің жаңа типтері қалыптасуда. Олар: жек, корпоративтік, акционерлік, ұжымдық, жартылай жеке, жартылай мемлекеттік, т.б. Орта, кішігірім мекемелерге, сауда үйлеріне, мейрамханаларға, дүкендерге, әр түрлі акционерлік қоғамдарға қожалық ететін иелер пайда болды.

Информация о работе Әлеуметтік стратификация