Әлеуметтік норма

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 12:47, контрольная работа

Краткое описание

Әлеуметтік норма - адамдардың жеке мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын реттеудің тарихи бекітілген формасы.[1] Қоғам өмірін құндылық тұрғыдан реттеу үшін оларды құқықтық жөне моральдық нормаларға бөлудін маңызы зор. Құқықтық нормалар заң пішімінде кейде мемлекеттік немесе әкімшілік нормативтік актілер түрінде көрініп, тиісті органдар жүзеге асыратын нақты занды нормаларды санкцияларды қолдану жайын анықтаушы диспозицияларды мазмұңдайды.

Оглавление

• Әлеуметтану нормалары
• Әлеметтанудағы қоғам ролі
• Әлеметтану функциялар

Файлы: 1 файл

Әлеуметтік норма.docx

— 36.14 Кб (Скачать)

- қоғамды зерттеудегі  тарихтан тыс тәсіл. Қоғам функционализмде  статикалық, яғни даму динамикасынан  тыс қарастырылады;

- қазіргі кездегі дау-жанжалдардың  көптігіне қарамастан, оларға сипаттама  және талдау жасай алмау, тұрақтылыққа  идеологиялық бағыттылық;

- әлеуметтіктегі индивидуальдылықты  қажетті деңгейде бейнелей алмауы.

Функционализмнің сынаушылары  тіркеген соңғы мәселені шешуді индивидуализм  методологиясының өкілдері Дж. Хоманс, Дж.Мид, Г.Блумер, т.б. алды. Индивидуализм  методологиясының негізгі идеясы келесі: әрбір әлеуметтік құбылыс, соның  ішінде қоғамдық өмір де индивидуалды әрекеттер жиынтығы негізінде түсіндірілуі мүмкін. Сондықтан, социология ғылымының  мақсаты индивидуалды әрекет дегеніміз  не және индивидуалды әрекет жиынтығы деген не екендігін түсіндіру  болып табылады. Социологияның негізгі мәселелерінің бірі әлеуметтік өзгерістер мәселесі, олардың механизмдері мен бағыттылығы. Әлеуметтік өзгеру – бұл әлеуметтік жүйелердің, ұйымдардың, институттардың және ұжымдардың бір қалыптан екінші қалыпқа көшуі. "Әлеуметтік өзгеру” түсінігі даму түсінігімен анықталады. Даму – бұл материалдық және идеалдық объектілердің қайталанбас, бағытталған өзгерісі. Даму қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға, т.б. ауысуды білдіреді. Социологтар әлеуметтік өзгерістер мен дамудың эволюциялық және революциялық түрлерін бөледі, көбінесе, оларды қарама – қарсы процесс ретінде қарастырады. Эволюциялық процестер біртіндеп, баяу, жұмсақ, сандық өзгерістер, ал революциялық процестер жылдам, түбегейлі, сапалы өзгерістер. Әлеуметтік эволюционизм тарихи процесті жалпы, шексіз әртүрлі және белсенді, Ғарыштың, планеталық жүйенің, Жердің, мәдениеттің эволюция процесінің бөлігі ретіндегі ғаламдық ойлауға ұмтылыс болып табылады.

Әлеуметтік эволюционизм, әсіресе ағылшын социологы Г. Спенсердің жүйесінде айқын көрсетілген. Оның социологиясында 19 ғасыр әлеуметтік эволюционизмнің негізгі идеясы іске асырылған - қарапайымнан жіктелгенге, дәстүрліден рационалдыға, надандықтан  білімділікке қарай дамитын адамзат  қоғамының тарихи кезеңдері болу идеясы. Әлеуметтік эволюционизм идеясының дамуына француз социологы Э.Дюркейм зор үлесін қосты. Ол бірінші болып, еңбек бөлінісі қоғамның күрделенуіне әсер ететіндігін айтты. Әлеуметтік эволюционизм шеңберінде индустриялды қоғам теориясы қалыптасты. Индустриялды қоғамға келесі тән:

- басқару мен өндірістің  нақты салаларындағы қоғамның  специализациясы жағдайындағы ондағы  еңбек бөлінісінің дамыған және  күрделі жүйесі;

- тауарларды кең рынокқа  жаппай өндіру;

- басқару мен өндірісті  механизациялау мен автоматизациялау;

- ғылыми-техникалық революция.

XX ғасырдың 60 – жылдары  танымал болған индустриялы қоғам  теориясы 70 – жылдарда «постиндустриялды  қоғам» теориясында өз жалғасын  табады. Аталған теорияға сәйкес, қоғам өзінің дамуында 3 негізгі  кезеңнен өтеді: индустриалдыға  дейінгі (аграрлық), индустриалды  және постиндустриалды. Бірінші  кезеңде экономикалық іс-әрекеттің  алғашқы саласы - ауыл шараушылығы,  екінші кезеңде - өндіріс, үшінші  кезеңде – қызмет көрсету орын  алады. Индустриялдыға дейінгі  қоғамның көздеген мақсаты –  билік, индустриялды кезеңде –  ақша, постиндустриялдыда - білім. Аталған  кезеңдердің әрбіреуіне әлеуметтік  ұйымның ерекше формалары тән:  аграрлы қоғамда – шіркеу мен  әскер, индустриялдыда - корпорация, постиндустриялдыда - университет.

Әлеуметтік эволюционизм концепциясымен қатар қоғамның революциялық түрлену теориясы дамыды, оның негізін  қалаушылар - К.Маркс пен Ф.Энгельс. Марксистік теория тарихты талдаудың  формациялық тәсіліне сүйенеді және оған сәйкес адамзат өзінің дамуында бес кезеңнен өтуі керек: алғашқы  қауымдық, құлиеленушілік, феодалды, капиталистік, коммунистік. Бір қоғамдық-саяси  формациядан екінші формацияға өту  әлеуметтік революция негізінде  іске асады.

Эволюциялық және революциялық теориялармен қатар П.А.Сорокиннің мәдени – тарихи типтер теориясы бар. Бұл теорияда Сорокин бүкіл адамзатты  біріктіретін жаңадан қалыптасып жатқан өркениеттің негізгі сипаттамаларын атайды. Бүгінгі күн бұл дүние  жүзінде бырыңғай өркениетті қалыптастыру идеясы кең таралып, дамуда. Оның ғылым  мен қоғамдық санада бекітілуі қазіргі  әлемдегі әлеуметік және мәдени процестердің жаһандану үрдісіне әкеліп соқты. этимологиялық  «жаһандану» термині «глобус», яғни Жер, жер шары деген латын сөзімен  байланысты және белгілі бір процестердің жалпы планеталық сипатын білдіреді. Жаһандану дегеніміз бүкіл адамзаттың әлеуметтік – мәдени, экономикалық, саяси қатынастар мен өзара әрекеттің  біртұтас жүйесіне енуін білдіреді. Сол себептен де социологтар түрлі  мемлекеттердің, халықтардың әлеуметтік – мәдени, экономикалық және саяси  сипатының әртүрлілігіне қарамастан, бырыңғай өркениет пайда болу керек  деп есептейді.

Қоғамның ақпараттануына байланысты қазіргі технологиялық  төңкерістің ерекшелігі – ол адамдар  қарым-қатынасын әмбебаптандыру мен  жаһандандыруға түбегейлі жаңа алғышарттар  жасайды. Микроэлектрониканың, компьютерленудің кең таралуы, коммуникация құралдарының және ақпарат құралдарының дамуы, еңбек  пен мамандандыралудың тереңдеуінің арқасында адамзат бырынғай әлеуметтік – мәдени бүтіндіке бірігеді. Техникалық өндіріс пен бүкіл адамзат  қызметінің денгейі жоғарылаған  сайын, адамның өзінің даму дәрежесі, оның қоршаған ортамен қарым –  қатынасының денгейі жоғарылауы тиіс.

Алайда қазіргі әлемдегі әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси процестерінің жаһандануының  жағымды жағымен қоса «қазіргі заманның жаһандандық мәселері» аталатын бірқатар күрделі мәселер туғызып  отыр: экологиялық, демографиялық, саяси, т.б. Бұл мәселелердің жиынтығы адамның  алдына жаһандық «тіршілік үшін күрес» мәселесін қойды. А.Печчен адамазаттың  қазіргі ғаламдық мәселелер арасындағы болашағын зерттейтін «Рим клубы» атты орталығын ашты.

Оның ұсынысымен және «Рим клубының» тапсырысымен кең ауқымды  зерттеулер жасалып, қоғам мен оның тіршілік ету ортасы арасындағы өзара  әрекеттің дағдарыстық тенденциясының дамуының ғаламдық моделі құрылды. ("Әлем – 2” Д. Форрестер (1971), "Әлем – 3”  Д. Медоуз (1978) т.б.).

Жаһандану модельдерінде "әлем бүтіндей” алынады. Жүйелік динамика көмегімен бүкіл әлемге жалпы  есептеу жүргізе отырып, Форрестер  мен Медоуз жер ресурстарының  шектеулілігі, әсіресе, ауыл шаруашылығына  жарамды аудандардың шектеулілігі мен күрт өсіп отырған халықтың тұтынуының жоғарылауы арасындағы қарама-қайшылық бүкіл әлемді ХХІ ғасырдың ортасында  ғаламдық апатқа әкелуі мүмкін деп  болжайды: қоршаған ортаның апаттық  ластануы, өлімнің күрт өсуі, пайдалы  қазбалардың азаюы және өндірістің құлдырауы, т.б.

Форрестер мен Медоуз жасаған  модель бүкіл адамзатты өзінің дамуының жолдарын ойлауға мәжбүр етті. Алайда осы модельдердегі кейбір методологиялық көрсеткіштердің кемшіліктері ондағы тұжырымдардың дұрыстығына күмәндануға  алып келді. Атап айтқанда, модельді құрастырған  кезде параметрлерді іріктеу  математикалық өңдеуді мүмкін ететін таза нақты-ғылыми және қолданбалы критерийлер  бойынша жүзеге асты, өндіру мен  тұтыну орташа шамалары, қызметтер  мен тамақтану халықтың 1адамға шаққандағы мөлшерімен есептелді делінеді. Бұл  параметрлердің барлығы «өздерінің нақты әлеуметтік мазмұнынан арылды».

Месарович - Пестель моделі осы сынды белгілі бір дәрежеде есепке алуға тырысты. Алдындағы  зерттеуден айырмашылығы олар өздерінің  «Әлем-3» зерттеуінде дағдарыстардың дамуын шектей алатын, оларды жою мүмкіндігін  зерттей алатын, олардың алдын  алу мүмкіндіктерін іздеуге қабілетті  факторлар санына талдау жасауға  ұмтылды. Месарович - Пестель моделі әлемді тек біртекті бүтіндік ретінде  емес, ал бір-бірі арасындағы байланыс халықтың экспорты мен импорты және миграциясы арқылы жүзеге асырылатын өзара байланысты 10 аймақтар жүйесі ретінде қарастырды. Аймақ - бұл әлеуметтік-мәдени параметр, ғаламдық қоғамдық жүйедегі шағын жүйе.

Әлеуметтану функциялары

Әлеуметтану жеке білім саласы ретінде келесі негізгі қызметтерді  орындайды:

1) теоретико-танымдық функциясы,  әлеуметтік дамудың заңдылықтарымен,  әртүрлі әлеуметтік құбылыстар  мен үрдістердің өзгеру тенденцияларымен, зерттеулермен байланысты. Бұл қағида  қазіргі уақыттың көкейтесті  мәселелеріне ғылыми жауап беріп,  жетілдіруге жол ұсынады;

2) әдістемелік, әлеуметтанудың  концептуальды аппаратын құрастыруға,  жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды  айқындауға мүмкіндік береді;

3) басқару функциясы, әлеуметтанумен  ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар  қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым  аумағында шешім қабылдауға негіз  болуына байланысты;

4) тәжірибелік функция,  тәжірибелік маңызы бар ұсыныстарды  құрастыруға мүмкіндік береді;

5) болжамдық функция, келешекте  әлеуметтік үрдістердің тенденциясы  жөнінде ғылыми негізделген болжамдарды  құрастыру. Қоғамдық өмірдің әртүрлі  салаларының дамуын жоспарлау  үшін, социологиялық зерттеулерді  қоғам өмірінде қолданудың маңызы  зор. Әлеуметтік жоспарлау бөлек  аумақ пен елдердің, әлемдік қауымдастығының  өмір әрекетінің белгілі үрдістерінен  бастап, қала, ауыл, бөлек кәсіпорын  мен ұжымдардың өмірін әлеуметтік  жоспарлаумен аяқтап, кең аумақтарды  қамтиды.

Әлеуметтанудың қоғамтану  және гуманитарлық ғылымдар жүйесінде  алатын орны, ең алдымен, әлеуметтанудың қоғам жөніндегі ғылым ретінде  айқындалуы, яғни барлық басқа қоғамтану  және гуманитарлық ғылымдардың әдістемесі мен қағидасы негізін атқарады. Адам және оның әрекетін зерттеу техникасы мен әдістемесі, әлеуметтанумен құрастырылған, әлеуметтік өлшем әдістері барлық басқа гуманитарлық ғылымдармен қолданылады. Әлеуметтану білім жүйесі ретінде басқа ғылымдармен байланыс жүргізбей дамып, қызметін атқара алмайды. Адам әлемімен байланысты, қоғамтану ғылымдар арасында әлеуметтану жетекші қызмет атқарады. Егер тарих әлеуметтік үрдістердің пайда болуын зерттесе, әлеуметтану уақыт пен кеңістікте қайталанатын, яғни барлық әлеуметтік-мәдени құбылыстарға — барлық соғыстарға, барлық ұлттар мен діндерге және т.б. ортақ келіп, жалпы қоғам қасиеттерін зерттейді. Осы айырмашылықтарға қарамастан, әлеуметтану мен тарих арасында байланыс өте берік және өзара-қажет. Тарих та, әлеуметтану да қоғамның зерттеу объектісі болып келеді.

Тарих сияқты, әлеуметтану  да екі негізгі мәселемен ұштасады, біріншіден, белгілі әлеуметтік заңдылықтардың болуымен, және, екіншіден, қоғам дамуына  ықпал ететін, жеке, дара, қайталанбас  құбылыстар мен үрдістердің дамуымен. Құндылықтар мен нормалардың, қатынастардың субъективті-объективті байланыс эволюциясын айқындауға, тек тарих пен әлеуметтанудың бірлескен күші нәтижиесінде ғана жетуі мүмкін. Екі ғылымның өзара әрекеті – саясаттану мен әлеуметтану ғылымының жаңа ғылым саласын — саяси әлеуметтануды белгіледі. Саясаттану мен әлеуметтанудың байланысы белгіленеді, біріншіден, қоғамның жалпы әлеуметтік жүйе ретінде ерекшелігін ескеріп, саяси өмір заңдылықтарын айқындауға болады, екіншіден, қоғамға саяси құрылым мен әртүрлі саяси құрылыстардың ықпалын үнемі ескеру қажет. Әлеуметтану философиямен тығыз байланысты. Олардың негізінде адамзаттың әлеуметтік ойының алғашқы тұтастық байланысы жатады. Философияның принциптері, категориялары мен заңдары қоғам, қоғамдық қатынастар, әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік әрекеттер әлеуметтану түсінігінің негізіне жатады. Философия материя, сана түсініктерін қолданса, әлеуметтану — әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар, мәдениет пен қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын зерттейді. Барлық құбылыстар мен үрдістер, адам әрекетінің барлық салаларын материалдық, сондай-ақ, рухани әлеуметтанумен гуманитарлық ғылымдардан гөрі экономикалық, саяси, қоғам өмір әрекетінің рухани жақтарын да қарастырады.

Әлеуметтік норма - адамдардың жеке мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын реттеудің тарихи бекітілген формасы.[1] Қоғам өмірін құндылық тұрғыдан реттеу үшін оларды құқықтық жөне моральдық нормаларға бөлудін маңызы зор. Құқықтық нормалар заң пішімінде кейде мемлекеттік немесе әкімшілік нормативтік актілер түрінде көрініп, тиісті органдар жүзеге асыратын нақты занды нормаларды санкцияларды қолдану жайын анықтаушы диспозицияларды мазмұңдайды. Ал моральдық нормаларды сақтау ісі қоғамдық пікірдін, индивидтің имандылық парызының күшімен камтамасыз етіледі. Ал Әлеуметтік норма тек заңи және адамгершілік нормалар ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрып жосындары мен дәстүрге де арка сүйейді, әлеуметтік нормаларды туыңдатып, негіздеме калайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Әлеуметтік норма