Ангор тұқымы жайлы ғалымдардың пікірлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 08:15, доклад

Краткое описание

Көптеген мәліметтерге қарағанда, ангор ешкісін алғаш көрген кезден-ақ оларды Еуропа мен Ресей табиғатына үйретуді көздегендер көп болған. В.Самимнің айтуы бойынша (1939), ХVI ғасырдан бастапГолландияға (1655-1725), Швецияға (1740), Ресейге (1811-1814) осы ешкіні асырау үшін алып келген, бәрақ іс нәтижелі болмаған. Кейіннен мұндай ешкіні өсіруге әуестенушілік Францияда, Испанияда, Италияда, Англия мен Германияда да болған, бұларда да олар өсіп кете алмаған.

Файлы: 1 файл

Баяндама.docx

— 17.72 Кб (Скачать)

Ангор тұқымы жайлы ғалымдардың пікірлері

 

Көптеген мәліметтерге қарағанда, ангор ешкісін алғаш көрген кезден-ақ оларды Еуропа мен Ресей табиғатына үйретуді көздегендер көп болған. В.Самимнің айтуы бойынша (1939), ХVI ғасырдан бастапГолландияға (1655-1725), Швецияға (1740), Ресейге (1811-1814) осы ешкіні асырау үшін алып келген, бәрақ іс нәтижелі болмаған. Кейіннен мұндай ешкіні өсіруге әуестенушілік Францияда, Испанияда, Италияда, Англия мен Германияда да болған, бұларда да олар өсіп кете алмаған.

Ангор ешкісі бұл елдерде жерсінбей, жергілікті тұқымға айналмаған. Оны тек қызықтау үшін ғана әкелген. Бұл жөнінде Ж.Крепин (1912) мемелекеттің шаруашылық ісіне араласқан бір шіркеу өкілінің ешкіге өте қызыққанын келтіреді. «Он франкке ангор ешкісінің бірнеше жұбын өз еліне алып кетуге мүмкіндік болды, құдай бергендей, олар әкелген соң лақтаған, бірақ олардың жүнін өздері өңдейміз деп бүлдіріп алған». Сонымен бірге ешкімен теке сол кездегі шіркеуде қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша «құдай қолдамаған», «құдіреттен тыс» жаралған мал т.б.деп аталғанын жасыруға болмайды.

В.Самимнің анықтамалары бойынша (1933), ХІХ ғасырдың бас және орта кезінде Ресейдің дамып келе жатқан өнеркәсібінде жүннің жіңішке талшықты сорттарының көп жетіспеушілігі байқалады. Сондықтан да ангор ешкісін әкеліп өсіруге деген үлкен қажеттілік туды. 1880 жылы патша Анатолийден ангор ешкісінің шағын отарын екінші рет алдырып, оны Ресейдің оңтүстік облыстарына орналастырды. Бұл жағдай бірнеше рет қайталанды (1901-1903).

А.А.Калантараның дерегіне қарағанда, 1914 жылы Нанков деген помещик өзінің оңтүстіктегі жеке шаруашылығы үшін Түркиядан үш ешкі мен бір теке алдырған. Бұл ешкілер ауа райына жақсы  бейімделіп кеткен. Нанковтың тәжірибесін көрген оған көрші басқа помещиктер де осы ангор ешкілерін алдырып өсіре бастаған. ХІХ ғасырдың 50-жылдарында Ресейдегі қой шаруашылығында болған күйзеліс ангор ешкісін дамытуға бағытталған бұл бастамаларды өрістетуге кедергі болды.

Бірінші дүние жүзілік соғыс басталғанға дейін ангор ешкісі бірнеше рет ұсақ топ күйінде Ресейдің оңтүстік және орталық аудандарына, Кавказға және Ашхабад маңайына әкелінді. Бірақ, бұл малдар помещиктердің жеке шаруашылықтарында өсіруге ғана бағытталған еді. Бұларда ешқандай селекциялық жұмыстар жүргізілген жоқ. Тек қана бұл ешкілердің тұқымдарын таратуға аздап мүмкіндік болды.

Сөйтіп, социалистік ауыл шаруашылығымызға патшалы Ресейден сан жағынан санаулы ғана ангор ешкісі қалды. Оның да тұқымдық сапасы әлсіз де, нашар болды. Мал тұқымын асылдандыру мақсатты жүргізілмеді. Осыған байланысты П.Ф.Кияткин (1972) мен тағы басқа ғалымдар «белгілі бір уақытқа дейін отандық ешкі шаруашылығының өркендеуіне негіз болатындай бұрыннан қалған тұқым сапасы болмады, болуы да мүмкін емес еді, өйткені бұл саланың дамуы ғылым жетістіктерін және оның ішінде генетиканы тірек етпеген еді» деп атап көрсетті. Бұл пікірдің де жаны бар деуге болады.

 

Ешкілерге температуралық жағдайлардың әсері

 

А .И.Жандеркиннің мәліметтері бойынша Көкпекті даласының температурасы  ешкі шаруашылығы ойдағыдай дамитын аймақтардың жағдайынан мүлде өзгеше. Ешкі өсірумен айналысатын жерлердің орташа температурасы  мынандай болып келеді: Көкпекті ауданында – 39,8; Орталық Анатолийде(Түркияда)-22,4; Техас штатында(АҚШ)-21,6; Жаңа Мексикада (АҚШ)-21,2 градус.

Көкпекті ауданы жерінің мал жайылымдарының жағдайы Түркияның ангор ешкісін өсіретін Орталық Анатолий ауданы жайылымдарынан мүлде өзгеше болып отыр. П.Н.Жуковскийдің (1933( көрсетуі бойынша, Түркиядағы ангор ешкісі шаруашылығы дамыған аймақ теңіз деңгейінен 800-1200 метр биіктікте орналасқан. Жазы құрғақ, қысы қысқа, ең төменгі температура-20 градусқа дейін ғана болады. Ешкі малының мұндағы негізгі азығы бүршікті жусан, ащы боз шөптер болып табылады. Төбелердің баурайында, өзен жағаларында, сондай-ақ терең сайларда ешкінің сүйіп жейтін шөптері – әрі түрлі бұталы өсімдіктер мен жабайы жеміс ағаштары, жапырақты бұталар өседі. Бұл жердің  теңіз деңгейінен биіктігі, топырағы, климат жағдайы ангор ешкісін дамытуға жақсы мүмкіндіктер тудырады.

 

Совет жүндес ешкі тұқымдары жүнінің физикалық-механикалық қасиеті

 

Қазақстандағы советтік жүндес ешкілердің жүнінің сапасын зерттеуді негізінен Орталық ғылыми-зерттеу жүн институты 1951-1952 жылдары жүргізді.

Зерттеуші В.Н.Петелинаның дәлелдеуі бойынша Қазақстанның асыл тұқымды ешкілерінің жүні біркелкілігі жағынан ең жақсысы болып табылады.

В.Г.Бабкиннің (1939), Н.В.Черновтың (1952), С.Будзинскийдің (1954) т.б. ғалымдардың жүргізген зерттеулері тек ешкі терілерінің былғарылық сапасын анықтауға бағытталған болатын. Қазақстандағы ангор және басқа қылшық жүнді өнімдер беретін аралас ешкі тұқымдарының тері жүн жабағысының гистологиялық құрылысын білуде алғаш зерттеу жүргізген И.А.Чагиров,В.И.Карповалар (1954) болды. Ал, Тәжікстанда Г.Г.Зеленский (1958-1962) т.б. ғалымдар жүргізді.

Г.А.Чеботарев ангор ешкілерінің түлейтінін байқағанын жазса,И.Г.Лебедев пен Т.И.Гуреев (1943) таза тұқымдық текелерді төрт жыл бойы зерттей жүріп осындай түлеу процесін байқамаған.

Қазақстан мен Орта Азиядағы жүндес ешкілер ангор ешкілері мен жергілікті тұқымаралық будан ешкілерді (тәжікстандық, өзбекстандық, қазақстандық ешкілермен) шағылыстыру арқылы алынды, сондықтан да бұлардың түлеу белгілері жергілікті ешкілердікінен ауған болу керек. Зерттеушілер И.А.Чагиров пен Л.Д.Литвинованың (1954) пікірлері бойынша ешкі малының түлеуі олардың тек қана төменгі класты түрлерінде емес, сонымен бірге олардың кейбір жоғары кластағыларында да кездеседі. Осыған байланысты жүндес ешкілердің қалай түлейтіндігін сипаттау қажеттілігі туатыны сөзсіз.

И.А.Чагиров пен Л.Я.Литвинованың пікірлері бойынша жүндес ешкілердегі түлеу жүннің сапасына және малдың күтіміне тікелей байланысты.


Информация о работе Ангор тұқымы жайлы ғалымдардың пікірлері