Электронды құрылғыларды қоректендіру көздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 17:37, курсовая работа

Краткое описание

Түзеткіштер шығысында тұрақты кернеу алу керек болатын жағдайдағы ИВЭП-тің барлық құрылымдық сұлбаларына кіреді. Бір фазалық түзеткіштердің жүктеменің таза активті сипаты мен диод пен трансформатор шартының идеалды кезіндегі жұмысын қарастырайық.
Бір жарты периодты түзеткіш. Бір жарты периодты түзеткіштің сұлбасы ең қарапайым болып табылады. Бұл сұлбада тоқ вентиль мен жүктеменің кедергісі Rн арқылы трансформатордың екіншілік орамындағы кернеудің тек оң жартыпериодтарына өтеді. Теріс жарты периодтарда бұл тоқты диод жауып тастайды. Жүктемеде тоқ импульсті сипатта (штрихталған) болады, ал оның тұрақты құраушысы Iн период ішінде өтетін тоқтың орташа мәнін көрсетеді және жүктемеде тұрақты кернеу құраушысын туғызады.

Файлы: 11 файлов

1 б?л_м.doc

— 410.00 Кб (Открыть, Скачать)

1.doc

— 73.00 Кб (Открыть, Скачать)

2.doc

— 73.00 Кб (Открыть, Скачать)

2б?л_м.doc

— 916.50 Кб (Открыть, Скачать)

Задание на КР каз.doc

— 47.50 Кб (Открыть, Скачать)

заключение.doc

— 22.50 Кб (Открыть, Скачать)

к_р_спе.doc

— 30.50 Кб (Скачать)

Кіріспе

 

 

Түзеткіштер шығысында тұрақты кернеу алу  керек болатын жағдайдағы ИВЭП-тің  барлық құрылымдық сұлбаларына кіреді. Бір фазалық түзеткіштердің жүктеменің таза активті сипаты мен диод пен  трансформатор шартының идеалды  кезіндегі жұмысын қарастырайық.

Бір жарты  периодты түзеткіш. Бір жарты периодты түзеткіштің сұлбасы ең қарапайым  болып табылады. Бұл сұлбада тоқ  вентиль мен жүктеменің кедергісі Rн арқылы трансформатордың екіншілік орамындағы кернеудің тек оң жартыпериодтарына өтеді. Теріс жарты периодтарда бұл тоқты диод жауып тастайды. Жүктемеде тоқ импульсті сипатта (штрихталған) болады, ал оның тұрақты құраушысы Iн период ішінде өтетін тоқтың орташа мәнін көрсетеді және жүктемеде тұрақты кернеу құраушысын туғызады.

Көпірлік түзеткіш. Егер түзетудің көпірлік сұлбасын пайдалана отырып, екі жартылай периодты түзеткіштің тағы бір түрін алуға болады. Ол VD1- VD4 диодтарымен құрастырылған. Оң жарты периодта екіншілік орамның кернеуін VD1және VD3 диодтары ашады, ал А нүктесінен В нүктесіне дейін VD1- RН - VD3 бұғауы бойымен I1,3 тогы өтеді. Теріс жарты периодта U2 кернеуі VD2 және VD4 диодтары ашады, және  I2,4 тогы В нүктесінен А нүктесіне VD2- Rн - VD4 бұғауы бойымен жүктеменің кедергісінен бір бағытта өтеді. Жүктемеде iн тогы мен uн кернеуінің түрі сұлбадағыдай, сондықтан Iн тогы мен Uн кернеуінің тұрақты құраушысы теңдеуімен есептеледі.

Ереже бойынша, электронды құрылғылардың қоректенeі  бұғауларында кернеудің аз пульсациясы  рұқсат етіледі, ал түзеткіш сұлбалардың  шығысында пульсациялар бірнеше  есе көп. Оларды азайту мақсатында қажетті тегістеу коэффициенті бар тегістегіш сүзгіштер қолданылады

ВИЭП жұмысының  үрдісінде тегістегіш сүзгінің шығысындағы  кернеу келесідей тұрақсыздандырғаыш факторлардың әсерінен өзгеріп отырады (пульсация емес, баяу өзгерістер туралы айтылып отыр ), олар: біріншілікті қайнар көзінің кернеу тербелісі, жүктеменің кедергісіні ауысуы, қоршаған ортаның температурасының өзгеруі мен сұлба элементтерінің уақыт бойынша өзгеруі. Егер Uн рұқсат етілмейтіндей үлкен болса, онда, ВИЭП сұлбасына кернеу тұрақтандырғышы енгізіледі.

Параллель типті  параметрлік тұрақтандырғыштардың артықшылығы конструкциясының қарапайымдылығы  мен жұмысының сенімділігі болып  табылады. Олар жүктемедегі қысқа тұйықталудан қорықпайды. Кемшіліктеріне үлкен емес ПӘК-ін (әдетте 50% артық емес), салыстырмалы үлкен Rвых, және де тұрақтандырылатын кернеудің жіңішке және реттелмейтін диапазонын жатқызуға болады.

Компенсациялы тұрақтандырғыштар шығыс кернеудің тірек кернеу көзімен (ТКК) салыстырғанда алынған  Rупр реттегіш кедергі сыртқы Uупр сигналымен басқарылатын автоматты реттелетін жүйені көрсетеді. Компенсациялы тұрақтандырғыштар тізбекті және сондай-ақ параллель тізбекте болады. ТКК ретінде компенсациялы тұрақтандырғыштар ретінде кремнийлі стабилитрон негізіндегі параметрлік тұрақтандырғыштар пайдаланылуы мүмкін. 

Тізбекті  типті компенсациялық тұрақтандырғыштың  құрылымдық сұлбасы кері байланыстарды  ескере отырып, 1.20 суреттегі түрге келеді. СЭ элементінде тұрақтандырғаштың шығыс кедергісінің нақты мәнін ТКК мәні анықтайтын көрсеткішпен салыстыру қажет. Анықталған шығыс кедергінің өзінің берілген кедергісі мәніне ауытқуына тәуелді, СЭ элементінің шығысындағы К күшейткішпен күшейтілген келіспеу сигналы Rупр реттеуші элементке әсер етуі нәтижесінде, ауытқу кішірейіп, шығыс кернеу берілген мәнге жақындайды, яғни тұрақтанады.

Үздіксіз  реттеуі бар тұрақтандырғыштардан ерекшелігі, салыстырғыш элементпен СЭ түзілген келіспеу сигналы, кең-импульсті  модулятормен (ШИМ) импульстарға түрлендіріледі, келесілері ұзақтығы келіспеу сигналының әсерінен өзгеретін тұрақты жиілікті (импульс генераторымен ГИ беріледі) болады. Импульсті тұрақтандырғыштың келесі бір ерекшелігі, оның қарапайым сыйымдылықты фильтрде (конденсатор Сф) жұмыс жасай алмауы болып табылады. Алдыңғы параграфта көрсетілгендей, түзеткіштің (кілттің) сыйымдылықты жүктемеге жұмысы кезінде, сол жүктемеде көлемі бойынша кірісітегі кернеудің амплитудасына жақын тұрақты кернеу түзіледі, ал импульсті тұрақтандырғышта кернеудің тұрақты құраушысын бөлу керек.




Мазм?ны.doc

— 41.50 Кб (Открыть, Скачать)

приложение А, Б.doc

— 72.00 Кб (Открыть, Скачать)

Титульный КР каз.doc

— 42.50 Кб (Открыть, Скачать)

?олданыл?ан ?дебиеттер т_з_м_.doc

— 22.50 Кб (Открыть, Скачать)

Информация о работе Электронды құрылғыларды қоректендіру көздері