Саяси әлеуметтену

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 11:23, реферат

Краткое описание

Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы саяси білімін кеңейтеді, толықтырады. Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде қалып, соңғы ұрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі — өнегісінен үйреніп отырады. Мұндай процесті ғылым тілінде саяси әлеуметтену дейді.

Оглавление

1. Саяси әлеуметтенудің түсінігі мен мәні ……………………………… 2
2. Саяси әлеуметтенудің институттары, кезеңдері мен қызметтері….3
3. Саяси әлеуметтенудің типтері ………………………………………… 4
4. Даралықтың саяси социализациясы процесі мен механизмі ……..7
5. Жеке адамның саяси құрылымы ……………………………………….8
6. Қолданылған әдебиеттер тізімі …………………………………………10

Файлы: 1 файл

Саяси әлеуметтену.docx

— 31.58 Кб (Скачать)

Сонымен саяси социализация процесінің тарихи  сипаты бар, ол саяси жүйенің ерекшеліктерімен, әлеуметтік- экономикалық формацияның шеңберімен, жеке адамдардың объективтік факторларды психологиялық қабылдауымен анықталады. Жеке адамның саяси институттарымен өзара қатынасының нәтижесінде саяси сана мен тәртіп қалыптасады.

Қазіргі қоғамда саяси  социализация мәселесінің екі негізгі  жағының маңызы зор:

Біріншіден, бүкіл саяси  жүйе шеңберінде жеке адамдардың саясатқа қатынасы макродеңгейде жүреді, яғни саяси сана мен тәртіптің негізгі  формалары қандай факторлардың ықпалы арқылы қалыптасады, саяси әр түрлі  партиялар саяси жүйеге ене отырып өз мүшелерін қалай жұмылдырады, идеологияның ықпалымен саяси  сана қалай қалыптасады.

Екіншіден, бұл микродеңгейде: жеке адамдарды нақты саяси ұйымға тарту, адамның белгілі бір рольдер  мен тәртіп үлгілерін меңгеруі.

Саяси социализацияның саяси  факторлары белгілі бір жүйеге бірігіп, оған: мемлекеттік құрылымның сипаты мен типі, саяси тәртіп, саяси  институттар, патриялар, ұйымдар, қозғалыстар  кіреді. Даралықты саяси қатынастарға тартудың арнаулы механизмдері арқылы бұл факторлар жеке адамның саяси  тәртібін реттейді, оны бақылайды.

Реальды өмірде саяси факторлар  мен саяси емес факторлар араласа  отырып, жеке адамға күрделі ықпал  жасайды.

Саяси социализацияның механизмдері әр түрлі деңгейде әрекет етеді:

1. Әлеуметтік деңгейде. Адамды  саясатқа тартудыңэкономикалық  механизмдері бар: жұмыссыздық,  сайлаушыларды сатып алу, дағдарыс, террор, зорлық т.т.. Бүгінде адамды  қоғамдық қозғалысқа тартудың  қуатты механизмі ғаламдық мәселелер  болып отыр: соғыс қаупі, қоршаған  ортаның ластануы, аштық т.т ұлт,  тап, патриялар, ұйымдар сияқты  макродеңгейлердің қызметін толықтырып  отырады.

2.Әлеуметтік-психологиялық  деңгейде. Саяси құндылықтар әлеуметтік  үлкен топтардан, кіші топтардан  жеке өзара қатынастардан да  таралып отырады. Бұл жерде  сендіру, еліктіру, қызықтыру т.т.  үлкен роль атқарады.

3. Ішкі жекелік деңгейде. Социализация механизмі ретінде  талаптар, мотив, мүдделер, құндылық  бағыттары т.т саясаттағы жеке  аламның тәртібі мен санасын  басқарады.

Қазіргі әлеуметтік психологияда жеке адамның ішкі құрылымы үшке бөлінеді: биологиялық, психологиялық, әлеуметтік деңгейлері.

1. Жеке адамның биологиялық  деңгейі. Жеке адамның биологиялық  мінездемесі оның саяси санасы  мен тәртібіне қалай әсер етеді?  Ол үшін жеке адамның  жынысы, жасы, темпераменті, денсаулығының жағдайы сияқты компоненттерінің  талданысы қажет. Осы факторлар арқылы саясатта кім белсенді, басшы роль атқартындығы анықталады. Мысалы, саяси жеке адамның жасы әр түрлі мәдениет пен кезеңдерде өте маңызды тарихи анықталған компонент. Бетбұрыс, революция, дағдарыс кезеңдерінде саяси басшы рольдерге жас адамдарды тарту орын алған. Қазіргі ТМД елдеріндегі қайта құру процесінде мемлекеттік және саяси басқарудың барлық салалрында басшы роль атқаруы да мүмкін. Көптеген  дәстүрлі қоғамдар үшін саяси жетілу, кемеліне келу және үлкейген жас синонимдер болып есептеледі.

Қалай болғанда да таза биологиялық  мінездеме саяси жағынан міндетті шарт емес. Жеке адамның жасы саяси  мәдениеттің, дәстүрлердің, қоғамдық талаптардың  әсерімен саяси маңыз алуы мүмкін.

2. Жеке адамның жыныс,  бұл да саяси функцияларды  атқаруда біршама маңызға ие  болады. Әйелдер әр уақытта да  саясатқа біршама роль атқарғанымен, көбінесе ресми емес орындарда  болған. Көптеген әйел- революцилнерлер  өз уақытының саяси бейнесін  өзгертуге көп үлес қосты.

Дамыған елдерде әйелдер  теңдігі жүрген феминистік қозғалыстардан соң мемлекеттік аппаратта, партияларда, қозғалыстарда басшы орындарға  біраз әйелдер сайлана бастады. Саяси басшы ретінде өзін мойындаттыру үшін, әйелге көптеген табиғат сыйлаған қасиеттерінен бас тартуға тура келеді. Темперамент- жүйке жүйесінің  қасиеті тек жеке адамға емес, бүкіл  бұраға, оның саяси тәртібіне бейнелеу формасын ғана анықтап қоймайды, бұқараны саяси идеалға жетелеуде эмоционалдық әсер етеді. Биологиялық  мінездеменің ішінде белгілі бір рольді жеке адамның физикалық берілгендері де атқарады. Мысалы, шыдамдылық, күш энергия, жұмыскерлік, яғни адамның табиғатынан, жаратылысынан  біткен қасиеттер. Бірақ, кейде еріктің күшімен кейбір физикалық кемтарлықты жоюға болады.

3. Жеке адамның психологиялық  деңгейі. Оған мынадай элементтер  бірігеді: 
эмоция, ерік, есте сақтау, ойлау қабілеті, мінез. Осылардың әрқайсысы саяси санаға, тәртіпке әсер етеді. Әсіресе, сяасатта эмоцияның ролі өте зор: қорқыныш, қуаныш, таңырқау, жек көру, іштарлық т.б. сезімдер объективті саяси процестерде бірге жүріп қана қоймайды, сонымен қатар қуатты әсер етуші факторлар  жатады.

Ерік – жеке адамның  саналы психологиялық элементі. Ерік болмаса, саяси қызметтің кез  келген саласында мақсатқа жету мүмкін емес. Саяси ерік- жеке немесе таптық ұсақ мүдделерден түпкі мақсатты жоғары қою қабілеті.

Саяси ойлау- адамның интеллект, білім, ойлау процесінің сипаты. Саяси  терең білімнің, хабарының болуы  – жеке адамның саяси жетілгендігінің  белгісі болмақ. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Шынтемірова Б.Ғ. , Шайхиев Т.Т. – «Саясаттану» (Оқу- әдістемелік құрал) Алматы 1998.

2. Жамбылов

 


Информация о работе Саяси әлеуметтену