Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 17:58, реферат
Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ілімінің негізін қалаушы Никола Макиавелли саяси қайраткер, дипломат және тарихшы ретінде де кеңінен танылады. Мемлекет және құқық концепциясы тарихында оның саяси идеялары қарама-қайшылықтар мен жаңа ізденістерге толы болды. Оның мемлекет пен қоғам дамуы туралы көзқарастарын жақтаушылар мен сынаушылардың көптігі олардың бұл мәселедегі даулы айтыстары да Макиавелли еңбегінің қыр-сырын одан әрі анықтай алады.1469 жылы Италияның Флоренция қаласында заңгер отабасында дүниеге келген Никола жас кезінен бастап-ақ құқықтану негіздерімен еркін таныса алды. Қаржы қиындығынан университеттегі оқуын толық аяқтай алмаған ол оқуға деген құштарлығы мен ізденісінің нәтижесінде өздігінше оқып ғылымның әртүрлі саласы бойынша терең білім алады.