Жаңа педагогикалық технологияның оқу-тәрбие процесіндегі ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 10:21, курс лекций

Краткое описание

Қазақстанның білім беру жүйесінің мақсаты - әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру болып отыр. Білім беру жүйесіндегі инновациялық процестердің жүзеге асып дамуы – бұл білім беру жүйесінің дамуы, оны жаңарту мен тиімділігін арттырудың шарттары. Сондықтан да қазіргі таңда балаға деген көзқарас пен қарым-қатынаста баланы обьект деп қарамай оны дамушы тұлға ретінде қабылдап,

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (10).docx

— 20.44 Кб (Скачать)

Жаңа педагогикалық технологияның оқу-тәрбие процесіндегі ролі

Қазақстанның білім беру жүйесінің мақсаты - әлемдік  білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру болып отыр. Білім беру жүйесіндегі инновациялық процестердің жүзеге асып дамуы – бұл  білім беру жүйесінің дамуы, оны жаңарту мен тиімділігін арттырудың шарттары. Сондықтан да қазіргі таңда балаға деген көзқарас пен қарым-қатынаста баланы обьект деп қарамай оны дамушы тұлға ретінде қабылдап, балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысы да осыған лайық өзгерістерге ұшырап, қазіргі педагогикадағы тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа технологияны енгізудің қажеттілігі туып отыр. Ал жаңа технологияны пайдаланудың мақсаты-міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жету.

Технология сөзі (techne - өнер, шығармашылық, logos – ілім) грек тілінен аударылғанда:

а) өндіріс процесінде шикізат, материал немесе жартылай фабрикаттың формаларын, қасиеттерін, жағдайларын өңдеу, дайындау, өзгерту әдістерінің жиынтығы, мысалы: металдар технологиясы, химиялық технология, құрылыстық жұмыстар технологиясы;

ә) өңдірістің сәйкес келетін құралдарымен шикізат, материал немесе жартылай фабрикатка әсер ететін тәсілдер туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.

Екі түбірдің бірлігінен өңдірістік процестерді жүргізу құралдары мен тәсілдері жөніңдегі білімдер жиынтығы, шеберлік туралы ғылымды немесе ілімді білдіретін сөз құралады.

40-50-ші жылдары оқу процесіне техникалық оқыту құралдарын ендіру басталғанда «оқыту технологиясы» ұғымы пайда болып келесі жылдары бұл ұғым «педагогикалық технологияға» өзгертілген.  50-60-шы жылдардың ортасында бұл ұғым еліміздің және шетелдің педагогикалық басылым беттерінде, халықаралық конференция материалдарында кеңінен талқыланып, оған түсінік берудің екі бағыты анықталды.  Алғашқы бағыт техникалық оқыту құралдарымен байланысты болған, ал екінші бағыт «оқыту технологиясы» ретінде белгіленді.  60-шы жылдары оқытуға технологиялық тәсіл қалыптасады.  Оның қалыптасуы американдық психолог Б.Скиннер негізін қалаған материалды меңгеруді ақпараттың бөліктерін жүйелі бағдарлама ретінде құрастыру және оны бақылау арқылы басқарудың тиімділігін арттыруды ұсынған бағдарламалық оқытумен тығыз байланысты.  Бағдарламалық оқыту идеясының мәні оқу процесінің ерекшеліктері, заңдылықтары туралы білімді жоғарланудан тұрады.  70-ші жылдары компьютерлік-бағдарламалық құралдарды қолдану аркылы ақпаратты өңдеудегі өзара байланысты процестерінің құрылымы ретінде түсіндірілетін «оқытудың ақпараттық технологиясы» туындады.  Кейінірек жоғары білім беру саласында мамандарды дайындаудың болашақтағы жүйесінің бірі өзін ақпараттық, бағдарламалық, әдістемелік құралдардың күрделі кешені ретінде көрсететін дистанциялық  оқыту технологиясы пайда болды.  80-ші жылдары техникалық және компьютерлік жүйелердің дамуы салдарынан «педагогикалық технология» және «оқыту технологиясы» ұғымдары оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және басқару әдістері мен құралдарының жүйесі ретінде жете түсіндіріле бастады.

Ғылым жетістіктеріне негізделген технологиялар ғасырында білім беруді технологияландыруға көшудің қажеттілігімен келіспеу мүмкін емес, себебі әр баланың жеке тұлғалық тұрғысынан дамуы, білім беруді дифференциациялау және барлық білім беру жүйесін ізгілеңдіру мен демократияландыру сол арқылы жүзеге асырылады.  Соңдықтан қазіргі заманғы педагогика ғылымындағы педагогикалық процесті технологияландыру білім беруші мен білім алушының жеке тұлғасын өздігінен дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру мақсатын оқыту мен тәрбиелеудің субъектілік негізіне ауыстыратын тәсілді іздестірумен байланысты.  Осыған орай мектептің ғана емес, қоғамның алдыңда да күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайда өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудың қандай жаңа үлгілері бар, оларды салыстырып, дұрыс жол табуға үйрену мәселелері маңызды болып тұр.  Бұл сұрақтарға шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер, әдіскерлер, психологтар мен педагогтардың көпжылдық педагогикалық ізденістерінің нәтижесі ретінде туыңдаған педагогикалық технологиялар жауап беруге талпынады.  Педагогикалық технологиялар бір орталық төңірегінде айналады.  Бұл орталық - бала, олар тұтас шығармашыл тұлғаны дамытуға, сонымен қатар ізгілік рухын ұғынған және оған құрмет сезімімен қарым-қатынас жасауға бағытталған.

Қазіргі уақытта көптеген зерттеуішлер жаңа педагогикалық технологияларға терең қызығушылықпен қарап, білім берудегі технологиялық тәсілді дәстүрліден анағұрлым тиімдірек деп есептейді.  Осыған байланысты «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология» ғылыми айналымға еніп келе жаткан, салыстырмалы түрде жаңа ұғымдар болғандықтан, оған әр түрлі анықтамалар берілген.  Бұл ұғымға Б.Т.Лихачев, В.П.Беспалько, С.Сполдинг, В.В.Сериков, В.М.Монахов, М.В.Кларин, И.Я.Лернер, П.И.Пидкасистый, В.В.Гузеев, Н.Д.Хмель, Г.Т.Хайруллин және басқа зерттеуші ғалымдар түсініктеме берген.  Төменде бірнешеуін мысалға келтіреміз.

В.П.Беспалько педагогикалық технологияны қойылған білім беру мақсаттарын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқытудың теориялық негізделген процестерін жаңадан өндірудің, еске түсірудің құралдар мен әдістер жиынтығы ретінде анықтайды /1/.

В.М.Монахов бұл ұғымға басқаша түсініктеме береді. Ол «педагогикалық технология - мұғалім мен оқушы үшін жағымды жағдайды қамтамасыз ететін оқу процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізуде барлық бөлшегіне дейін ойластырылған бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің үлгісі.  Технологияның міндеттерін түсіндіре отырып: Педагогикалық технологияны жобалаудағы жетекші қағидасы - оқушының жеке белсенділігі болуы.  Мұнда ең бастысы - білімді меңгеруге іштей дәлелденген, қалыптасқан қызығушылығы мен ынтасы, білім алу іскерлігі» - деп жазады /2/.

П.И.Пидкасистыйдың пікірінше, оқыту технологиясының маңызды ерекшелігі - оқыту циклінің ұдайы өндірістілігі, яғни оны кез-келген мұғалімнің «қайталау мүмкіндігі» және «кері байланыс, білімді объективті бақылау» болып табылады.  Оқыту технологиясы дидактиканың алдын ала тапсырылған сипаттамаларымен өндірістік дидактикалық процестерді құрастыру, тиімді жүйелерді дайындау мен қағидасын айқындау бойынша ғылыми зерттеу саласы, бағыты ретінде түсіндіріледі /3/.

Технология — бұл іс-әрекетті ұйымдастыру және оны жүзеге асыруда құралдарды талдау ережесі (В.В.Гузеев) /4/.  В.В.Гузеев қазіргі кезеңдегі технологияның бұрынғыдан айырмашылығын көрсете отырып, былай деп жазады: «Бұрын бір құралды құрастырып, оны ұқсас жағдайларда бірнеше жылдар бойы қолдануға болатын.  Қазір ұқсас жағдайлардың бар екенінің өзі қарама-қайшы келеді».

Педагогикалық технология — педагогикалық процесті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі) (Г. Т.  Хайрулиин) .

Педагогикалық технологиялар алуан тұрғыдан берілген анықтамаларды талдау нәтижесі оның көпшілігінің жалпы қорытынды түрінде берілгенін, педагог әрекетінің салыстырмалы түрде кейбір жақтары ғана зерттелгенін көрсетеді, бала тұрғысын тұтас қалыптастыру мәселесі толығымен қарастырылмайды.


Информация о работе Жаңа педагогикалық технологияның оқу-тәрбие процесіндегі ролі