Жаңа білім беру жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 12:19, реферат

Краткое описание

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Оглавление

1. 12 жылдық білім беру
2. Кредиттік оқу жүйесі
3. Қашықтықтан оқыту

Файлы: 1 файл

ПЕДАГОГИКА ЖАНА БIЛIМ БЕРУ ЖУЙЕСI.doc

— 113.00 Кб (Скачать)

Европалық елдердің сынақ бірлігіне көшу мақсаты  бұл, алдымен халықаралық «тұнықтық» жетістігі, қазіргі кездегі білім жүйесінің дауы мен дербес елдердің біліктілігін сақтау, көтеру арқылы білім беру саясатында оқу орындарының білім беру облысында да сақталды.

1999 жылы 19 маусымда  жоғары білімнің бірыңғай құрылымын  енгізу үшін Болон декларациясы қабылданған болатын. Оған 29 ел қол қойды. Барлық ұлттық жүйелерде, жоғары білім жүйесінің сынақтық бірлігін енгізу үшін European Credit Transfer Sustem (ESTS) немесе басқа, ESTS жүйесімен бірігіп, қайта сынақтауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ жинақтаушы қызметін, және де академиялық оқу кепілдігін шет елде тану туралы шешім қабылдану (1999 ж. ESTS 1062 европалық жоғары оқу орындарына енгізілді)

Осы заманғы  болып жатқан интеграциалық құбылыстар қоғам тіршілігінің барлық жағына өз әсерін тигізді. Халықаралық процестермен қатар жүруге ниеттелген мемлекет казіргі кезде қалыптасқан барлық ғылымдандырудың көріністеріне тікелей назар аударды деуге болады. Соңғы 10-15 жылда шетел мемлекеттерінің білім жүйесінде жоғары деңгейдегі қарыштық даму жағдайы жүзеге асып жатқаны бәрімізге белгілі. Әрбір мемлекеттің қоғам өмірінде ғылыми, мәдени, экономикалық, саяси  жүйелеріндегі қалыптасқан ескі көзқарастар түбегейлі өзгеріске ұшырады

Кеңес Одағының ыдырауы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы жаңа білім жүйесінің дамуындағы ізденістерге әкелді. Әлемде танылған батыс елдерінің экономикалық, әлеуметтік прогрестері Қазақстан үшін үлкен бағдар болды. Әрине, оқу бітіруші түлектер бәсекелестік қабілеттілігімен білім беру кеңестігінің таңдауында оқушыға дербестік беру, оқытудың деңгейін көтеру, еңбек сұранысына бағдарланған, оқу бағдарламаларының жоспарлауын икемді ғана болуы мүмкін, әлемдік білім беру көрсеткендей казіргі білім талаптарына кредиттік оқыту технологиясы сай келді.

Кредиттік оқыту  технологиясы оқытудың бағытсыз жүйесі–оқу процесінің ұйымдастыру тәсілін белгілейтін оқушыларға белгіленген шегінің (құрауыш қалауы және оқытудың қосымша түрлері бойынша) білім беру процесінің жеке жоспарлау мүмкіндігі болады. Қатаң жүйеде, белгіленген көлемде, оқыту логикасына сәйкес, белгіленген мерзімде білімдік кәсіптік бағдарлама пәндерін оқушыларға оқытатындығын бағытты оқыту жүйесі жобалайды.

Біздің республикамыздың жоғары оқу орындарында кредиттік  жүйені енгізуде шетел мемлекеттерінің  тәжірибесі мен халықаралық тәжіриебенің маңызы өте зор. Солай болғандықтан, осы технология Қазақстанның жоғары оқу орындарында белсенді жұмыс еткендіктен отандық тәжірибені оқу мәнді болады, одан басқа да аймақтық жоғары оқу орындарының жинақталған тәжіриебесін есепке ала отырып, консультация және әдістемелік көмек көрсету қажет

Қазақстан Республикасында  кредиттік оқу жүйесі 19 ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан біртіндеп  қалыптаса бастады. Елімізде 2007 жылы 15 тамызда «Білім туралы» жаңа заң қабылданды. Осы заңның 11 бабында  білім жүйесі мәселелерінің бірі болып оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану және енгізу, сонымен қатар кредиттік, дистанциялық, ақпараттық-коммуникациялық оқыту кәсіби білімнің қоғамда және еңбек нарығында болып жатқан өзгерістер қажеттілігіне тез үйлесуге мүмкіндік туғызатыны атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында №66-шы «кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі» әзірленген және бекітілген. Кредиттік оқыту технологиясы — бұл білім беру технологиясы, өз бетімен білім алу деңгейін көтеру және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеру, оқу процесін және білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім  беруді  таңдап  алған траекториясын регламенттеу болып табылады

Кредиттік оқыту жүйесі бойынша бір академиялық сағат ұғымы барабарлық өзгерістерге ұшырайды, дәрістік, практикалық (семинарлық) сабақтар 1 байланыс сағатқа (50 минутқа) немесе студиялық оқыту 1,  байланыс сағатқа (75 минутқа) немесе лабараториялық және дене тәрбиесі сабақтары 2 байланыс сағатқа (100 минутқа), сонымен қатар барлық оқу практикалар түрлері 1 байланыс сағатқа (50 минутқа), барлық педагогикалық практикалар түрлері 2 байланыс сағатқа (100 минутқа), барлық өндірістік практикалар түрлері 5 байланыс сағатқа (250 минутқа) тең.

Оқуды аяқтау үшін студент құрауыш бойынша міндетті түрде белгілі мөлшерде кредит алуы керек:

   міндетті түрде;

    таңдау  бойынша;

Оқушы (студент) өзінің білім беру бағдарламасын  тәлімгер — кеңесші (эдвайзер) —  көп тәжіребесі бар оқытушы арқылы жасайды. Оқу пәндерін меңгеруге көмек көрсету үшін тьюторлар (оқытушылар) ұсынылады. Тьютордың міндеті — оқушының (студенттің) оқу әрекетінің барысын қадағалау және оқушыға (студентке) өтілген оқудың барынша толық көлемде оқытушыға кері қайтарылуы. Яғни, 15 апта бойы өтілген сабақты меңгеріп, оқытушыға айтып беру, сондай-ақ кредитін өтеп беру болып табылады. Топтық консультациялар өткізу (оқу процесінің ішінде). Оқу процесін іске асыру үшін оқытушының және оқушының әр пән бойынша формалар мен құралдары, баспа және электрондық түрде курсты бейнелейтін, оқушылардың (СӨЖ) өз бетімен игеру деңгейін бақылайтын, олардың өткізу мерзімі мен мазмұнын көрсететін оқу-әдістемелік кешені болуы қажет. Студенттің өздік жұмысының жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін, мазмұны мен оларды өткізу мерзімі көрсетілген оқушының басшылығымен студенттердің өздік жұмысын қабылдайды

Анықтамалық —  жолсілтемеге келесі міндеттер енгізіледі:

     Студенттің құқығы мен міндеті;

    Оқу  кезеңіндегі жұмыс жоспары;

    GРА  орта балынан есеп айырысу әдістемесі;

    Қорытынды  мемлекеттік аттестаттауға қойылатын  талаптар.

Оқу пәні бойынша  оқу әдістемелік кешені мыналардан тұрады:

    Әр пән бойынша силабус — бағдарламаларды оқытудан;

    Практикалық  (семинарлық) сабақтардың жоспарынан;

    Студенттің  өзіндік жұмысы бойынша тапсырмаларынан;

    Студенттің  оқытушы басшылығымен орындалатын   өзіндік жұмысы бойынша тапсырмаларынан;

    Және  тағы басқалардан тұрады.

Оқу сабақтарын оқыту белсенді шығармашылық формаларда (кейс -сатылар, тренингтер, пікірталастар, дөнгелек үстелдер, семинарлар және т.т.) өткізу керек. Оқу пәні бойынша білімді бақылау формасы – емтихан болады. Білімдері көп балды әріптік жүйе бойынша бағаланады. Қорытынды аттестаттауды өткізу формасы дипломдық жұмысты қорғау немесе мемлекеттік емтихандарды тапсыру болады [8, 13-14 б.];

Оқу процесінің негізгі кезеңін жоспарлауда  техникалық және кәсіби білімді кредиттік  оқыту жүйесіне ауысуды ұйымдастыруда, осы бағытта кемшіліктерді талдай отырып, сөзсіз қиыншылықтар туындайтынын айта кету керек:

Кредиттік технология бойынша оқу процесін жоспарлау  кезеңдерін талдай отырып, біз оның жағымды жағдайы мен артықшылығында көреміз. Тек оқутышының ғана емес, оқушылардың да академиялық еркіндіктерін кеңейту; оқушылармен пәндерді таңдау (50%- ға дейін) оқытушының жағынан кең спектр ұсыныстарын таңдау болып келеді. Бұл екі жақтың да жауапкершілігін тудырады, осының нәтижесінде оқу процесі тең дәрежелі адамдар сұхбатына айналады

Кредиттік оқыту  жүйесін іске асырудың жеке жұмысын  ұйымдастыру болады. Кредиттік оқыту технологиясының келесі позитивтік жағы – оқу материалын жүйелі бақылап, сапалы меңгертіп қадағалау. Позитивтік жағын айта отырып, біз бір қатар мәселелерді шешуіміз қажет және кредиттік оқыту технологиясына ауыртпалықсыз көшуге мүмкіндік туады. Сонымен қатар, қазіргі заманның білім талабы білім беру технологиясын белсенді енгізуге болады. Білім – бұл қоғамдық дамудың маңызды көрсеткіші, сондықтан барлық елдің міндеті оны сапалы, бәсекелестік ету болып табылады.

 

 

 

 

 

 

Қашықтықтан оқыту

Бүгінде еліміздің білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі күннен-күнге артып келеді. Осы орайда әлемдік тәжірибеде қашықтықтан білім берудің орны ерекшеленіп тұр.

 

АҚШ-та 1 миллионнан астам адам қашықтықтан оқыту  арқылы білім алса, Францияның ұлттық қашықтықтан оқыту орталығы жыл сайын әлемнің 120 мемлекетінен 35 мыңнан астам қолданушыларды қамтамасыз етеді. Ал Түркияда алыс аймақтағы тұрғындарға мамандық алуға көмектесу мақсатында 1974 жылдан ашық университет жұмыс істейді екен. Қосымша сабақ ретіне теле-радио арқылы курстар өткізеді. Осылай 12 000-нан астам қолданушыларды игереді.

 

Қазір дәстүрлі қашықтықтан оқыту, электронды қашықтықтан  оқыту, аудиториялық сабаққа түрлі  электронды құралдарды пайдалану сияқты қашықтықтан оқыту үлгісінің 2000-ға жуық түрі бар екен. Соның ішінде еліміздің жоғары оқу орындарында кейс, желілі және телевидение сынды ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарының көмегімен қашықтықтан оқыту түрі таңдалған-ды.

 

Бүгінгі таңда  шетелдік компаниялар өздерінің электронды оқыту платформаларын ұсынып және оларды отандық оқу орындарына сатып та үлгергендері бар. Мәселен, қазіргі таңда Алматы техникалық университеті Tamos University Suite деген қазақстандық өнімді пайдаланса, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті – Сlіх, Германиялық ІМС фирмасының жасап шығарған өнімін ендіруде. Сондай-ақ Platonus Прометей сынды Ресейдің қашықтықтан оқытуға арналған оқу бағдарламасын қолданып жатқан жоғары оқу орындары да кездесуде. Қолдарынан келген университеттердің басшылықтары өз өнімдерін жасап, қашықтан оқыту, электронды оқыту жүйесін оңтайлы жүргізуге тырысуда. Шетелдің өнімдерін сатып алған университет сол елдің жоғары оқу орындарымен байланыс жасап, әлемдік білім беру, ақпарат кеңістігіне жол ашуды көздейді. Бұл орынды да. Десек те, қыруар қаржыға сатып алған шетелдің өнімін ертеңгі күні тілін тауып дұрыс қолдана аламыз ба? Ол шын мәнінде, бізге қажет пе, жоғарыдағы талаптарға сай ма? Оны игеру үшін алдымен оның тілін білетін мамандар қажет. Оған университеттің электронды материалдық оқыту базасы қаншалықты дайын? Жоғары оқу орындарының өздері өндірген өнімдерінің соңғы үлгідегі әлемдік стандартты білім жүйесіне сәйкестіктері қанша? Профессор-оқытушыларды дайындау қалай жүргізілуде? Осы сынды шешімін таппай жататын сан алуан сұрақтар қашықтықтан оқытуды оңтайлы жүргізілуін тежеуде. Сонымен, еліміздің жоғары оқу орындары арасында бірізді қашықтықтан оқыту жүйесінің қалыптаспағанын аңғарамыз.

 

Шетелдік тәжірибеге сүйенсек, қашықтықтан оқытудың тиімділігі – студенттің университетке бармай-ақ, өзіне ыңғайлы жерде отырып, берілген тапсырманы орындай беретіндігі, яғни уақыттың ұтымдылығы, екіншіден, оқу ақысының арзан болатындығы, шалғайдағы шетел жоғары оқу орнын елде жүріп-ақ оқып, диплом алу мүмкіндігінің болуы.

 

Біз үшін қашықтықтан  оқытудың маңыздылығы – білім  берудің біртұтас ақпараттық жүйесін  құру арқылы студенттердің білім  деңгейін көтеру. Сонымен қатар әлемдік  ақпарат кеңістігіне жол ашып, оқушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман дайындап, оны өз игілігімізге жарата білсек, ұтар тұсымыз да сол болмақ.

Кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман  өзінің негізгі қызметінен үзілмей  жаңа білім алу жолдарын іздестіреді. Ал университет мамандарға қойылатын  талаптардың өсуіне байланысты оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іздестіреді, білім беруге жаңа технологиялар енгізеді. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары (ҚОТ) арқылы оқыту.

Қашықтықтан оқу  – жұмыстан қол үзбей қолайлы  уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен оқу. Университетте ҚОТ сырттай оқыту орнына, ең алдымен, білім сапасын арттыру мақсатында енгізіліп отыр.

Университетте қашықтықтан оқытудың 2 технологиясы пайдаланады:

1 - желілік технология – Интернет арқылы оқу. Университеттің білім беру порталында студенттер электрондық курстарға тіркеледі, ондағы бар материалды дәрістер және басқа оқу қорлары бойынша оқиды. Сосын автоматты түрде тестіленеді немесе тапсырмалар орындайды. Оқытушы, тапсырманы тексеріп, пікір жазып, баға қояды.

2 - кейстік технология, студентке оқу-әдістемелік кейс, яғни семестрге барлық материалдар  мен тапсырмалар беріледі, ол  тапсырмаларды орындап, график  бойынша оқытушыға жіберіп отырады.

Сонымен, ҚОТ  студенттердің тьютор (оқытушы-кеңесші) басқаруымен дербес оқуына негізделген. Семестр бойы кесте бойынша он-лайн режимінде кеңестер беріледі. Сонымен қоса, студенттер бетпе-бет кеңестер немесе электрондық пошта арқылы кеңестер алуына болады. Емтихандар алдында студенттермен аудиториялық сабақтар да жүргізіледі.

Қала студенттері, үйлеріне Интернет қосылмаса, университеттің компьютерлік сыныптарында ақысыз оқи  алады. Электрондық қорларды құру және оларды дискілерге көбейтуге арналған арнайы компьютерлік сынып – ҚОТ  зертханасы - ашылған.

Нормативті  құжаттарға сәйкес орта білім негізінде (яғни, мектептен кейін) қашықтықтан  оқуға болмайды, қозғалыстағы мүгедектерден  басқа. Біздің университетте 2010 жылдан бастап колледж және жоғары білім  негізінде қысқыртылған білім бағдарламасымен экономикалық мамандықтар студенттері қашықтықтан оқиды. Тек біздің аймақтың ғана емес, Алматы, Астана, Талдықорғанда тұратын студенттер де оқиды.

 

ҚОТ артықшылықтары:

 

    Заман талабына  сай ақпараттық-телекоммуникациялық  технологиялар мен құралдарды қолдану

    Интерактивті  әрекеттесу формалары

    Сапалы білім  алу

    Уақытты үнемдеу

    Ыңғайлы уақытта  оқу

    Территориялық  шектеулер жоқ

    Ден-саулық күйі  бойынша шектеулер жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Жаңа білім беру жүйесі