XXI ғасырдың кітапханасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 22:13, реферат

Краткое описание

Ең қасиетті сөздердің бірі- кітап сөзі. Кітап- білім нәрімен сусындатар сарқылмас қазына, рухани байлықтың қайнар көзі, рух дәрумені. Білім бұлағы саналатын кітаптың қастерлі қасиетін таныған шығыстың жарық жұлдызы Әлішер Науаи «Кітап- ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» деген бағалы сөздерін айтып кеткен екен. Қазақтың бас ақыны Абай атамызша айтсақ «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып білуге».
Кітаптың өміріміздегі, қоғамымыздағы қажеттілігін тауысып айта алмаймыз. Кітаптың шексіз құдіреттілігін үнемі айтып жүреміз, ал сол кітаптың өзін қайдан аламыз?

Файлы: 1 файл

XXI Ғасырдың кітапханасы.docx

— 29.80 Кб (Скачать)

 

Абай атындағы мектеп – гимназияның 10 «ә» сынып  оқушысы Сапарова Ақботаның «XXI ғасырдың кітапханасы» тақырыбындағы шығармасы

 

 

 

     

 

                             XXI ғасырдың кітапханасы

 

 

 Асқар таудай зор кітапханалардың алдында тұрған қазіргі заманғы адам қат- қабат қалың құм ішінен алтынның түйірін іздеген адаммен бір тақылеттес.

С. И. ВАВИЛОВ

               

Ең қасиетті сөздердің  бірі- кітап сөзі. Кітап- білім нәрімен  сусындатар сарқылмас қазына, рухани байлықтың қайнар көзі, рух дәрумені. Білім бұлағы саналатын кітаптың қастерлі қасиетін таныған шығыстың жарық жұлдызы Әлішер Науаи «Кітап- ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» деген бағалы сөздерін айтып кеткен екен. Қазақтың бас ақыны Абай атамызша айтсақ «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып білуге».

Кітаптың өміріміздегі, қоғамымыздағы қажеттілігін тауысып айта алмаймыз. Кітаптың шексіз құдіреттілігін үнемі айтып жүреміз, ал сол кітаптың өзін қайдан аламыз?

«Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір  жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады»,- деп жазушы Мұхтар Әуезов сөзімен айтсақ, рухани құндылықтар мен білімнің көзі- осы кітапта жатыр.Ал кітаптар мен көптеген ақпараттардың құтты ордасы, кітап пен оқырманды қауыштыратын киелі орда бұл- кітапхана. Қоғамның тұрақты дамуына кітапхананың қосар үлесі зор. Себебі кітапхана мәдениеттің ең маңызды саласы, мәңгілік парасаттың қастерлі ғимараты, яғни даналық сарайы,адамгершілік пен ізгіліктің,ғылым мен білімнің қайнар көзі. Білімге ұмтылған жас ұрпақтың табылар жері- осы кітапхана болуы керек. Жаңа технологиялар заманында да кітап адамның ішкі жан дүниесіне, ой өрісіне ықпал етіп, мұқтажын қанағаттандыратын бірден- бір рухани азығы болып қала бермек. Сондықтан кітапхана- мектеп құрылымында жан- жақты қосымша білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі және бірегейі болып саналады.

Кітапхана қай дәуірде  де бәсекеге қабілетті, мәдениетті, рухани тұлғаны тәрбиелеп шығаруда маңызды  рөл атқарады. Жарқын болашаққа ұмтылған жас ұрпақтың санасын, дүние танымын ақпарат арқылы кеңейтіп, жан- жақты білім алуына әрі белгілі бір маман иесі болып шығуына көмектеседі. Жедел ақпаратсыз білімде, ғылымда дамымайды. Сондықтан да ақпараттың, білім мен ғылымның ошағы саналатын кітапханалардың мән маңызы жылдан-жылға артып келе жатыр.Кітапханалардың қоғамдағы рөлін көтеру үшін кітапханашылар да жаңа бағытта жұмыстар жүргізуі керек.Яғни, бүгінгі кітапхана қызметін автоматтандыру мен компьютерлендірудің кең етек алуы кітапхана өмірін жалғастырады және әлі көп жылдар бойы жалғасын табады.Өйткені адамзат қандай жағдайлар болмасын кітап оқуды, баспа басылымдарын қарауды тоқтатпайды. Кейбірулердің пікірінше электронды басылымдар кітапхананың орнын басқан секілді. Бірақ кітапхана мәліметтерінің  қағаз (кітаптар, журналдар, газеттер) немесе электронды тасымалдағыштарда (электронды басылымдар, вертуалды кітапхана, интернет) болуының айырмашылығы жоқ. Себебі, кітапхана- әрбір халықтың, әрбір ұлттың, әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы. Қазіргі кітапханаға уақыт өз өрнегін салған. Заман талабына, оқырман сұранысына қарай жабдықталуда. Сондықтан кітапхана өмірі жаңа форматта, жаңа үлгіде әрдайым жалғасып, мәдени мұраны, ақпарат көздерін сақтап келеді. Уақыт толқынында адамзаттың тұрмысына қарай жаңарып,санасына қарай кемелденіп келген кітапхана келбеті қазір мүлдеп басқа бағытта өзгерді. Озық ақпараттық технологиялар дәуірлеген қазіргі заман ағымымен қатар дамып, мәуелі бәйтеректей жапырағын жайып келеді. Ақпараттық технологиялардың дамуының нәтижесінде соңғы жиырма жыл көлемінде кітапханалар екі жүз жыл бойы еленбеген өзгерістерге тап болды. Осы өзгерістердің, жетістіктердің маңызды факторлары-жылдамдық, шапшаңдық, хабардар болу, электронды сауаттылық. Соған сай әлемнің таңдаулы кітапханалары заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы халыққа ақпараттық қызмет көрсетуде алдыңғы қатарда.

Бүгінгі дәуірдегі ақпарат алушы қоғамның көзқарасы да талабы да өзгеруде.      XXI ғасыр көшіндегі қоғамдық өзгерістер, ақпараттық кеңістік, өркениетке өрлеу, мұның бәрі кітапханалардың жаңа бағытта қызмет көрсетуі. Кітапхананың бүгінгі таңдағы өзектілігі:дүниежүзілік деңгейдегі оқу мәдениетін көтеру, рухани байлығын дамыту мақсатында ғаламдық оқу мәселесін жан-жақты қарастыру болып табылады. 

Осы кезге дейінгі  кітапхана жүйесі артта қалуда. Оның орнын интернет, теледидар, радио және электронды сайттар басты. Сол себепті қазіргі адамдардың кітапханаға барар зауқы да уақыты да жоқ.  Студенттер үшін кітапхана анықтама бюросы ғана, соған қарап қазіргі жүйенің мән- маңызы жоғары екенін байқаймыз.Қазіргі кітапхана кез-келген ұйымдардың, керекті ақпараттардың веб-сайттарын желіден тауып, шұғыл электронды түрде хабарласуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта облыстық және орталық аудандық кітапханаларды интернетпен қамтамасыз етуде көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соған орай кітапхана ғаламдық және технологиялық дамудың жетістіктерін пайдалана отырып дамуда.Ақпараттық технологиялар нәтижесінде кітапханалар дамудың жаңа сатысына көтерілуде. Болашақта кітапхананың келбеті ақпараттық технологиялардың дамуына толық тәуелді.

«Кітапты біздің күнделікті санамызға оралту үшін бар күш  жігерді салуымыз керек, қазір жахандық деңгейде тұрақсыздану үдерісі орын алып жатыр және кітап 2-3-ші қатарға ысырылып қалуда,бұл көңіл алаңдататын жағдай»,- деген мәдениеттанушы – ғалым Мұрат Әуезовтің сөзіне назар аударсақ, шынымен заман талабы кітапты уақыт бөліп оқуға мұрша бермейді, кітапханаларға да сирек барамыз. Бірақ біз ақпараттық қоғамда өмір сүрудеміз және оны күнделікті қолданыста пайдаланамыз. Сондықтан интернет ең қажеттілік тудыратын бірден-бір жүйе, оның ішінде электронды немесе сандық кітапхананың да жүйесін пайдалана аламыз. Бүгінгі таңда электронды кітапханаға бүкіл әлем бет бұруда. Қазақстанда да бұл қолға алынған және электронды қызмет көрсету жүзеге асырыла бастады. Білім беру жүйесінде оқытушыларды студенттерді, жалпы оқушыларды, электронды жүйемен қамтамасыз ету үшін де электронды кітапханалар құрылды. Сонымен қатар электронды жүйенің қазақ тілінде көбейуі керек секілді, бұл да қазіргі кездегі электронды кітапхананың сапалы болуына өз үлесін қосады. XXI ғасырда электронды кітапхананың мәліметтер базасын оқып білуіне мүмкіндік туғаны оқырмандарды қуантуда. Сонымен қатар, оқулықтардың, кітаптардың, энциклопедиялардың, CD-ROM- дағы интерактивті оқу курстарының электронды басылымдарын қарауына кітапхана мүмкіндік жасап, заман талабына сай жұмыс атқаруда. 

XXI ғасыр, кітапханалар мен кітапханашылар үшін жаңғыру ғасыры, сондықтан кітапхана оқу орнындағы білімге ұмтылған жас ұрпақтың табылар жері болуы тиіс.

Жаңа технологиялар заманында да кітап адамның ішкі жан дүниесін, сана сезімі мен ой-өрісіне әсер етіп, алға қадам жасауға көмек берер рухани азық. Қазақтың белгілі ақыны Ө.Тұрманжанов «Кітап көп ақылдың құйылған көлі. Ол көпке таралғанда ғана көптің бойына сіңіріп, игілігіне жұмсағанда ғана мүддесіне жетеді» десе, итальян ақыны Ф.Петрарка  «Кітаптарды дәл бір түрмедегідей жабық ұстауға болмайды, олар кітапханадан зердеге сөзсіз көшіп отыруға тиіс»,- дейді.

Қорыта айтатын болсам кітап адам өміріндегі ең қажетті құндылық және ондағы білімді заман талабына сай жүйе арқылы бойымызға сіңіріп, сол арқылы өз- өзімізді тәрбиелей аламыз. Егерде білікті, білімді маман боламыз десек оқудың құнын түсірмеуіміз керек, оқу мәселесі қашанда кітапхана назарында болуы керек. Иә, қазір ғылым мен техниканың дамыған заманы, ал адамзат соны толық игілігіне пайдалануы керек, сондықтан қалай оқысақта кітапхана арқылы білім мен мәдени құндылықты игергеніміз қуантарлық жәйт болмақ. Менің шәкірттік пікірім бойынша адамзаттың өркендеуі білім арқылы іске асады, ал білім көзі кітапта. Кітап басты рухани байлық, рухани байлықтың қайнар бұлағы- кітапхана. Сондықтан көп кітап оқып, кітапханың жанашыр досы болайық.

 


Информация о работе XXI ғасырдың кітапханасы