Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2012 в 14:07, реферат
Тəрбие əдістері –бұл тəрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, тəсілдері. Мектеп тəжірибесіне орай əдістердің жəне бір анықтамасы – қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатымен тəрбиеленушілердің санасына, еркіне, сезіміне жəне қылық-əрекетіне ықпал жасау тəсілдері.
1. Тəрбие əдістері мен тəсілдері жөнінде түсінік
2. Сана қалыптастыру əдістері
3. Іс-əрекет ұйымдастыру əдістері
4. Ынталандыру əдістері
5. Педагогикалық қолдау, оның мəні жəне ұйымдастыру жолдары
6. Тәрбие әдістерін таңдау
Мадақтау – тəрбиеленушілер əрекетіне ұнамды баға беру. Мадақтау ықпалы оқушының ұнамды көңіл-күй сезімін көтеруге негізделген. Осыдан да мадақтау балада өзіне деген сенім орнықтырып, жұмысқа деген жағымды көңіл қатынасын оятады, жауапкершілік арттырады. Мадақтау түрліше орындалуы мүмкін. Олар арасында тəрбие процесінде жиі қолданылатындары – қолдау, қуаттау, алғыс жариялау, құрметті құқықтар беру, мақтау қағаздары мен сыйлықтар беру жəне т.б.
Қарапайымды
бола тұра, мадақтау өте жауапкерлі
де іс. Мадақ шектен тыс əсіреге
айналып кетпей, орынсыз кем де
болмауы керек. Санамен сарапталмаған
əсіре мадақ баланы бұзады. Осыдан
мадақтаудың психологиялық
1.
Мадақ-марапат сырттай көзге
2.
Мадақтау арқылы
3.
Мадақ қолдана отырып, кім, не
үшін, қаншалықты сыйға тұрарлық
екенін сараптауды ұмытпаңыз.
Əсіре мадақ астамшылдыққа
4.
Əрқандай мадақ жеке тұлғалық
ерекшеліктерді ескерумен
5.
Бүгінгі мектеп тəрбиесіндегі
басты міндеттерден жазбау. Мадақтау
мəселесін шешуде өз
Жарыс, бəсеке. Көп бала топтала қалса, сол бойда өзара бедел таластыра бастайды. Балалар табиғатына аса тəн құбылыс – бəсекелестік. Төңірегіндегілер арасында өз беделін танытып, оны бекіту – əр адамның тума қажеті. Ал бұл қажеттілікті іске асыру басқалармен жарысуды керек етеді. Жарыс нəтижесі баланың ұжымдағы беделін ұзақ уақытқа айқындап, бекітеді.
Жарыс əдісімен баланың бəсекелестікке деген табиғи қажеттігін жеке тұлғаға жəне жалпы қоғамға сай қасиеттерді баулитын тəрбие арнасына бұруға болады. Өзара жарыса жүріп, оқушылар қоғамдық қылық тəжірибелерін тез игеріп, тəн-дене, адамгершілік, эстетикалық сапаларын дамытады. Жарыс əсіресе үлгерімі төмен оқушылар үшін аса қажет: өз нəтижелерін жолдастарының жетістіктерімен салыстыра отырып, өз білімдері мен ептіліктерін көтеруге болған қозғау күш алады, оқуы мен өзіндік тəрбиесіне ден қоя бастайды. Жарыс ұйымдастыру – оңай іс емес: балалар психологиясын жете тану қажет, біртұтас маңызды шарттар мен талаптарды ұстану əрі орындау керек. Жарыс тиімділігі оның ұйымдастырылуында. Бұл үшін жарыстың мақсаттары мен міндеттері айқындалады, бағдарлама түзіледі, баға өлшемдері белгіленеді, жарыстыру шарт - жағдайлары жасалады, қорытынды шығарылып, жеңімпаздар марапатталады. Жарыс өзіне сай күрделілігімен əрі қызықты өткізілуі тиіс. Сонымен бірге жарыс ережелері соңғы нəтижелерді бағалап, салыстыруға келетіндей нақты болғаны жөн. қорытындылау мен жеңімпаздарды анықтау жариялы болып, бағалау өлшемдері қарапайым, баршаға түсінімді болғаны дұрыс. Жарыс бағдары мен мазмұны айқын болуы тиіс. Бүгінгі таңда мектеп тəжірибесінде сынып, мектептің озық оқушысы, пəн білгірі атақтарын алу жарыстары өткізілуде.
Гуманистік педагогика жазалауды да жоққа шығармайды, бірақ оның шегін, сипатын, орындалу жолдарын өзгертуді талап етеді.
Жазалау –келеңсіз қылықтарды шектеп, тежеу үшін, басқалар алдында, өз тұрғысынан айыбын мойындау сезімін ояту мақсатында қолданылатын педагогикалық ықпал əдісі. Басқа тəрбие əдістері секілді жазалау да қылық-əрекеттердің сырттай себептерінің тұлғалық ішкі ықылас-ниеттерге ауысуына негізделген. Мектеп тəжірибесінде жазалаудың келесідей түрлері қолданылуда; 1) қосымша міндеттер таңу; 2) кей құқықтардан айыру не шектеу; 3) моральдық сөгіс, не айып тағу. Тəрбие барысында жазалаудың келесі формалары қабылданған: жақтырмау, ескерту, сөгіс жариялау, алдын ала сақтандыру, айыпқа сай талап қою.
Жазалау əдісінің тиімділігін анықтаушы шарттар төмендегідей:
1.
Оқушы «пір» тұтқан абыройлы
адам тарапынан болған жаза
əсерлі келеді. Келеңсіз қылығы
тек тəрбиеші емес, дос, жолдастарының
да жақтырмауына, ескертуіне ұшыраса,
айып сезімі күштілеу болады.
Сондықтан тəрбиеші ұжымдық
2. Бүкіл сыныпқа жаза қолдануға болмайды.
3. Жаза шешімі қабылданса, ол орындалуы шарт.
4.
Жаза тиімділігі оның оқушыға
түсінімді болып, оны əділ деп
қабылдауынан. Өтелген жаза қайтып
еске алынбайды, оқушымен
5.
Жазала, бірақ оқушының намысына
тиюші болма. Тəрбиеші жазаны
өз жек көргендігінен емес, педагогикалық
қажеттіктен қолданады. «
6.
Жазалау мəселесін шешуде
7.
Жазалау əдісін қолдануға
8.
Жазалау - өте ауыр да əсерлі
əдіс. Жаза таңдаудағы педагог
қателігін түзету өте қиын. Сондықтан,
жүз берген жағдай жөнінде
толық та анық түсінім
9.
Педагогикалық процестегі жаза
– кек алу құралы емес. Балада
жазаның оның өз пайдасы үшін
қолданылып жатқанына сенім
10.
Жазаның жеке балаға,оны
11.
Əрқандай жаза педагогикалық
əдептілікті, жас кезеңдері
Субъектив
– прагматикалық əдіс негізі –
тəрбиесіздік пен білімсіздіктің, тəртіп
пен қоғамдық талаптарды өрескел
бұзудың пайдасыз екенін түсінуде.
Қоғамдық жəне экономикалық қатынастар
баланы ерте жастан қатаң конкуренттік
тайталасқа қосып, өмірге тыңғылықты дайындық
көруге мəжбүрлейді. Осыдан да нарықтық
экономикаға ертерек көшіп, дамыған
елдердегі мектептік білім мен
тəрбие қарапайым тұрмыс-тіршілік қажетіне
(утилитарное) бағытталып, басты мақсат
– шəкірттерді оқу орнын
Педагогтар қоғамдық-экономикалық тарығуларды тəрбие мақсатында қолданады. Алдымен олар жоғары сапалы мектеп тəрбиесінің əр адамның нарықтық əлеміндегі орны жəне жағдайымен байланысты болатынын баса түсіндіреді, тəрбиесі төмен, білімі кем адамдардың болашақта беделді қызметтен, жоғары жалақыдан жұрдай болатынын, жұмыссыздар қатарында қалуы мүмкін екндігін нақты мысалдармен көрсетеді. Осыған байланысты тəрбие қатаң жеке тұлғалық бағытта жүргізіледі, себебі əр тəрбиеленуші мектеп бітіруде ұнамды пікір, бағамен еленіп, жұмысқа орналасу мен оқуға түсу үшін негіз қалайды. Бұлай болмағанда, жұмыс орындары мен мекеме басшылары оны қызметке алмайды. Егер педагог академиялық табыс, яғни педагогикалық процестегі жетістік əр оқушының қабілетіне байланысты болатынын əрі ол табысты қолға түсіру бала даралығына орай екенін жете түсінсе, оның қолынан болымсыз түлек шықпайтынына кəміл сенуге болады.
Субъектив – прагматикалық əдістің нақты іске асыру жолдары төмендегідей:
-
тараптар міндеттері анық
-
тəрбиешілер жəне ата-аналар
-
жеке қызығушылықты арттыру
-
құқық бұзуға бейімді
-
ең соңғы техникалық құралдар
жəне электронды – есептеу
машиналары жəрдемімен
-
техникалық құралдармен
-
ұдайы өткізіліп тұратын ойын,
жарыс, курстарға байланысты
-
тəртіп бұзушыларды жазалау
Бұл
əдіс, əзірше еліміз мектептерінде
кең өріс ала алмай отыр. Дегенмен,
тұрмысымызға қарқындай еніп жатқан
əлеуметтік жəне экономикалық өзгерістер
уақыт оздырмай, тəрбие процесінің
маңызды шарттарының бірі ретінде
субъектив-прагматикалық
5. Педагогикалық қолдау, оның мəні жəне ұйымдастыру жолдары
Тəрбие процесінің нəтижелілігі көбіне оған болған педагогикалық қолдаудың дұрыс ұйымдастырылуына тəуелді. Мұндай қолдау бүгінгі таңда төмендегідей қарастырылады:
-
нақты адамға оның денсаулығы
мен психикалық қалпына,
-
адамның жеке басы
-
ауытқуға бейім қылық-əрекет
- келеңсіз мінез əрекеттеріне бейім жас өспірімге нақты жекеленген жəрдем беру;