Тәрбие принциптерінің ерекшеліктері мен тәрбие гуманизациясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 08:59, реферат

Краткое описание

Тәрбие процесінің принциптері (тәрбие принцип-тері) - бұл тәрбие процесінің мазмұнына, әдістеріне оны ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын бастау ережелері. Олар тәрбие процесінің өзіндік ерекше-лігін танытады. Педагогикалық процестің жалпы прин-циптерінен нақты тәрбие принциптерінің өзгешелігі - тәрбие міндеттерін шешудегі педагогтар ұсынатын ортақ ережелер екендігінде жатыр. Осы принциптерге қойылатын талаптарды сипаттайық.
Міндеттілік.

Файлы: 1 файл

гулназ пед.doc

— 279.00 Кб (Скачать)

Тәрбие принциптерінің ерекшеліктері  мен тәрбие гуманизациясы 

   

Тәрбие принциптерінің ерекшеліктері  мен тәрбие гуманизациясы  
 
 Тәрбие процесінің принциптері (тәрбие принцип-тері) - бұл тәрбие процесінің мазмұнына, әдістеріне оны ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын бастау ережелері. Олар тәрбие процесінің өзіндік ерекше-лігін танытады. Педагогикалық процестің жалпы прин-циптерінен нақты тәрбие принциптерінің өзгешелігі - тәрбие міндеттерін шешудегі педагогтар ұсынатын ортақ ережелер екендігінде жатыр. Осы принциптерге қойылатын талаптарды сипаттайық.  
 Міндеттілік. Тәрбие принциптері - бұл кеңес, нұсқау емес, олар толық және міндетті түрде тәжірибеге ұласуды талап етеді. Принциптерді дөрекі түрде әркез бұзу және ондағы міндеттерді орындамау тәрбиелеу процесінің пәрменділігін кемітіп қана қоймай, сонымен бірге ол принциптердің негізін, түп-тамырын ыдыратады. Егер тәрбиеші принцип міндеттерін бұзса, онда ол тәрбие процесі жетекшілігінен аластатылады. Тіпті, мысалы, егер педагог гуманистік принциптерді, жеке басты қадірлеу принциптерін қасақана әрі дөрекі бұзса, онда ол заңды жауапкершілікке тартылуы қажет.  
 Комплекстілік. Принциптер комплекс, бөлін-беген талаптар түрінде тәрбие процесінің барлық кезеңдерінде бірігімді қолданылуы тиіс. Принциптер тармақталмай, фронтальды әрі барлығы бірдей іске асып отырады.  
 3. Бірмәнділік. Тәрбие принциптері жалпыға бірдей ортақ ережелер ретінде бірмәнді  
 болып келеді, олардың арасында біреуін бірінші кезекте орындау керекті немесе ертеңге қалдыра  
 салуға болатын сияқты негізгі немесе қосалқы принциптері болмайды. Барлық принциптерді  
 теңдей мәнді деп бағалау тәрбиелеу процесінің жемісті болуының кепілі.  
 Сонымен бірге тәрбие принциптері - дайын нұсқау емес, тіпті олар ұстану арқылы жоғары нәтижеге автоматты түрде жеткізе салатын әмбебап (универсал) ережелер де емес. Олар тәрбиеге қажет арнайы білімдерді, тұлға тәжірибесін, шеберлігін алмастыра алмайды. Тәрбие принциптерінің талаптары баршаға бірдей болса да, олардың практика жүзінде іске асырылуы тұлғалық шарттарға байланысты болады.  
 Тәрбие процесі сүйенетін принциптер белгілі жүйені құрайды. Тәрбие жүйелерінің түрлері бұрын да, қазір де көптеп саналады. Әлбетте, олардағы принциптердің сипаты, жекелей міндеттері, тіпті кейбір принциптердің өздері өзгеріске түседі. Қазіргі тәрбиелеу жүйесі мынадай принциптерді ұстанады:  
 тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы;  
 тәрбиенің өмірмен, еңбекпен байланысы;  
 тәрбиеде дұрыстыққа арқа сүйеу;  
 тәрбие гуманизациясы;  
 тәрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау;  
 тәрбиелік ықпалдардың бірлігі.  
 
 Тәрбие мемлекеттік, құрылыстың, ондағы өкімет билігі мен мекемелерінің қуатына арқа сүйеп, сонымен бірге мемлекетте қабылданған және жүргізіліп жатқан саясат. Ата заң мен заңдар негіздегі азаматтық және әлеуметтік сапалардың қалыптасуына бағытталады. Бұл принцип педагог іс-әрекетін мемлекеттік тәрбие стратегиясына сәйкес өскелең ұрпақ тәрбиелеу міндеттеріне бағындыруды көздейді және тәрбиеші іс-әрекетін қажетті тұлға типін қалыптастыруға бағдарлайды. Мемлекеттік қызметте жұмыс істегендіктен тәрбиеші тәрбие саласы бойынша мемлекеттік тапсырысты орындайды. Егер мемлекеттік және қоғамдық мүдделер бір-біріне сай келіп, азамат-тардың жеке мүдделерімен келісімді болса, онда жоғары-дағы принцип талаптары, әлбетте, тәрбие мақсаттары мен міндеттері құрылымына сәйкестеледі. Ал мемлекет, қоғам және тұлға мақсаттары үйлеспесе, ол принциптің орындалуы қиындайды.  
 Тәрбиешіде толыққанды тәрбие үшін нақты деректі материалдар жетісе бермейді. Мектеп  
 - бұл мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның білімділік сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік мекеме және қоғамдық-мемлекеттік жүйе. Мектеп қоғамдық-мемлекеттік мекеме ретінде тек мемлекет демеуімен ғана өмір сүре алмайды. Ерте ме, кеш пе оған қоғам көмекке келуі қажет. Қоғамның мектептен, мектептің қоғамнан бөлініп қалуын, қоғамдық өмірдегі болып жатқан процестерден мектептің ажырауын, кәсіби педагогтардың тар және біржақты жұмыс істеуін болдырмау шаралары қарастырылуы қажет. Педагогтар өздерін тәрбие билігінің жалғыз иегері деп ұғынбай, тәрбие істеріндегі халық өкіліміз деп түсінуі керек.  
 Қоғамдық бағытты іске асыра отырып, тәрбие-ленушілермен тәжірибелік себеп-түрткілі өзара әркетке жетудің маңызы зор. Бұл жерде ұрандаған педагогикадан аулақ болған жөн, өйткені тиімді тәрбие құлық пен қатынас тәжірибесі негіз болар тәрбие мен тәрбиелену-шілер арасындағы байланыс орнайтын пайдалы іс-әрекетте іске асады. Дегенмен де, іс-әрекет (еңбектік, қоғамдық, ойындық, спорттық) тәрбиелік мәнге ие болуы үшін, тәрбиеленуші іс-әрекетінің қоғамдық құнды мотивтерін қалыптастыру қажет. Осы мотивтер жоғары парасатты, қоғамдық мәнді болса, онда ұнамды қылықтарға бастау беретін іс-әрекеттің де тәрбиелік сапасы жоғары болады.  
 Әлеуметтік сапаларды жасау процесінде мақсат-бағдарлы тілдестік пен адамгершілік танымы арқылы гуманистік түсінік қалыптастырып, оны саналуан қоғам-дық пайдалы іс-әрекетті ұйымдастырумен байланыстыру керек. Сөздік ықпал міндетті түрде пайдалы тәжірибелік істермен бекітілуі қажет, сонымен бірге ол қарым-қатынастағы және басқа адамдармен бірігіп орындалатын іс-әрекеттегі дұрыс әлеуметтік тәжірибелер көрсету арқылы тұжырымдалуы керек.  
 Қоғамдық процестерге әр адам ерте балалық шақтан араласады. Сондықтан адамзаттық тәрбие де жас кезеңде басталады. Әлеуметтік жауапкершілік сезімі балада сәл кешірек, яғни мектептің екінші сатысында ояна бастайды. Әлеуметтік саналарды қалыптастыру кезең-дерінде берілетін білімдердің оқушылар жасы мен даму деңгейіне сәйкестігіне жете көңіл бөлінуі тиіс. Балаларға мектептің бірінші сатысында ''өкімет'', ''президент'', ''үкімет'', ''бедел'' т.б. ұғымдарды түсіндіруге нақты мысалдар пайдаланылса, тәжірибе жүзінде дер кезінде дәйектеліп, бекітілсе, онда олар бұл ұғымдарды тез меңгереді. Екінші, үшінші сатыдағы мектеп осы секілді қажетті ұғымдарды бекітіп, дамытады, нанымдарды қалыптастырады, тәрбиеленушілер әлеуметтік шынайы процестерге қызыға отырып, азаматтық сапаларын орнықтырады.  
 Адамның тұлға болып қалыптасуы оның қоғам-дық және еңбектік қатынастарға жекелей түсуі, әрекетке араласуына тікелей тәуелді. Еңбек адамдағы жағымды сапаларды дамытады, яғни еңбек қарқынды болған сайын тұлғаның әлеуметтену және даму деңгейі жоғарылай түседі. Сондықтан тәрбиеленушілерді қоғамдық өмірге, әртүрлі пайдалы істерге араластырып, оларға деген жағымды қатынасын қалыптастыру қажет. Еңбекке араласа отырып, адамгершілік құлық тәрбиесін алған тәрбиеленушілер рухани және дене жағынан қатайып, еңбектің қоғамдық маңызды мотивтерін ұғынады, өзіндік ар-ұят сапаларын бекітіп, жетілдіреді.  
 Тәрбие ''Мектеп үшін емес - өмір үшін'' деген ұранмен ежелгі римдік мектеп өз оқушыларын күтіп алады екен. Сол кездегі ежелгі педагогтардың өздері өмірден, тәжірибеден ажыраған тәрбиенің ешқандай мәні болмайтынын сезген.  
 өмір мектебі - ең күшті тәрбие мектебі. Сондық-тан тәрбиенің өмірмен байланысты болуы принципі көптеген тәрбие жүйелерінің негізгі принципі болып табылады. Ол тәрбиешілердің мынадай екі бағыттағы белсенді іс-әрекетін талап етеді: 1) әртүрлі өзгерістері мол қоғамдық және еңбектік өмірмен тәрбиеленушілерді кең және нақтылай таныстыру; 2) тәрбиеленушілерді шынайы өмірлік қатынастарға, әртүрлі қоғамдық пайдалы еңбектерге араластыру.  
 И. П. Павлов адам ағзасының өмірлік іс-әрекеті қоршаған орта әсерінен, өмір сүру жағдайына байланысты екендігін атап көрсеткен. Бұл әсерді ол ''өмірлік тәрбие'' деп атаған. Бұл тәрбиені, яғни ''өмір мектебін'' барлық өскелең ұрпақ өз басынан өткізеді. Нәтижеде оларда әрекет-қылық тәжірибесі жинақталады, қоғамдық өмірге кірісуге қажетті дағдылар қалыптасады.  
 Тәрбиенің өмірмен байланысты болу принципін дұрыс іске асыру педагогтан төмендегі бірліктерді қамтамасыз етуін талап етеді:  
 оқушылардың қоғам өмірі мен әрбір адам үшін еңбектің рөлін, азаматтардың үздіксіз толастаған сұраныстарын қанағаттандыру үшін қоғамның экономикалық базасы-ның мәнін түсіндіру;  
 материалды және рухани байлықтар мен құндылықтарды жасайтын еңбек адамдарына сый-құрмет жасау;  
 - көп және табысты еңбек ету ептіліктерін дамыту, өзі үшін және қоғам пайдасына орай жауапкершілік және шығармашылықпен еңбектенуге ниеттендіру;  
 - қазіргі өндірістің жалпы негіздерін түсіну, политех-никалық білімдерін кеңейтуге талпыну, еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздерін және жалпы мәдениетті меңгеруге бағыт беру;  
 еңбек іс-әрекетінде жеке және қоғамдық нанымдарды үйлестіру мен міндеттерін және шаруашылық қажетті-лігіне сәйкес мамандық таңдай білуге баулу;  
 қоғамдық мүлік пен табиғат байлықтарына күтімді қарау, өз еңбегі арқылы қоғамдық меншікті көбейтуге талпыну ниетін қалыптастыру;  
 жауапсыздыққа, шаруасыздыққа, еңбек тәртібін бұзу-шылыққа, жайбарақаттыққа, енжарлық пен іссіздікке, сергелдеңдікке төтеп беріп, қоғамдық меншікті және табиғат байлығын талан-таражға түсіруге ымырасыз болуға тәрбиелеу.  
 Еңбекпен, өмірмен байланысқан тәрбие келесі ережелерді ұстану арқылы іске асады:  
 Оқушылардың әлеуметтік және еңбектік тәрбиесіндегі абстрактілік пен догматизмді шегеріп, оларды нақты және ерен іс-әрекетке кірістіру. Сабақта және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында көзделген талаптарды орындау принципінің бағдарламасы болуы шарт. Оларды біртіндеп іске асырып бару қажет.  
 Тәрбиеші өз әрекеттерін отбасы мүддесімен келістіре отырып, әрбір тәрбиеленушіге қоғамдық өндіріске негізгі тигізер пайдасы оның оқу еңбегі, отбасы мен мектептегі көмегі екендігін түсіндіреді. Жасөспірімдердің өндірістік ұжымға, шаруашылық есептегі бригадаларға бірігіп, демалыс кездерінде еңбек етулерін қолдап, қуаттау керек.  
 3. Балалар әдетте іс-әрекет жасауға құлшыныс білдіріп тұрады. Енжарлық, іссіздік  
 дегендер бала табиғатына жат нәрселер. Осыны ескермеген тәрбиеші тұлғаның әлеуметтену процесін бұзып, оның дамуын бәсеңдетеді.  
 Бұл принципті іске асыру сабақтар мен сынып-тан тыс тәрбие жұмыстарда жергілікті өлкелік материал-дарды кеңінен пайдалануды талап етеді.  
 Оқушылар үлкендермен бірдей маңызды өмірлік мәселелерді шешуге қатыса отырып, өз шешімдеріне жауапкершілікпен қарауға үйренеді, сонымен бірге оларда азаматтық сапалар шапшаң әрі табысты қалыптаса бастайды.  
 Елдің әлеуметтік өмірі мен шаруашылығындағы өзгерістерге сәйкес тәрбиенің өмірмен байланысы прин-ципінің табысты іске асырылуы тәрбие мазмұнын, ұйым-дастырылуы және әдістемесін үнемі қайта қарап, жаңартып отыру міндетті іс.  
 Тәрбие процесінде балалар өз еңбегінің қоғамға, адамдарға қажет екендігін сезініп, одан қанағат ләззатын алуы қажет.  
 
 Неге-үлгіге арқа сүйеу принципінің талаптары-ның бәрі қарапайым болып келеді. Олар мыналар: педагогтар адамдағы жақсы қасиеттерді анықтауға міндетті, соларға сүйене отырып, әлі толық қалыптаспаған немесе кері бағыттағы қасиеттерді үнемі дамытып, оларды қажетті деңгей мен жан-жақты үйлесімге жеткізуі қажет.  
 Бұл принциптің философиялық негізі - адам табиғатының ''қарама-қайшылықтығы'' туралы белгілі философиялық ереже бойынша. Адамдағы жақсы қасиеттер (жан-жануарды жақсы көру, табиғи кішіпейілділік т.б.) оған кері қасиеттермен (өз сөзінде тұра алмау, өтірік айту, еріншектік т.б.) бірге жүреді. Тек ''кері'', сол сияқты жүз-пайыздық "жақсы" адам болмайды. Тұлғаны жақсылыққа қарай бағыттайтын тәрбиенің міндеті, адамда өнегелі қасиеттерді молайтып, кері қаситтердің азаюына қол жеткізу.  
 Тәрбиеші іс-әрекетінің табысты болып, жылдам әрі нәтижелі болуы үшін принциптерді іске асыру ережелерін басшылыққа алу керек. Һ Тәрбие процесіндегі келіспеушілік (конфрон-тация), тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара ой-пікір тайталасы мен көзқарастарының үйлесімсіздігінен туындайды. Тек бірлесіп жұмыс істеу, шыдамдылық, тәрбиешінің тәрбиеленуші тағдырына қызығушылықпен қатысуы жақсы нәтижелер береді.  
 Һ Оқушының қателіктері мен қылығындағы кемшіліктеріне ғана мән беру де дұрыс емес. Тәрбиенің басты парызы, керісінше, жақсы қасиеттерді анықтап, оларды қолдау. Әрине, кері қасиетті айыптау және түзету керек. Бірақ, ең негізгісі - алдымен қажетті оң қасиеттерді дұрыс танып және олардың дамуына жол ашу.  
 Һ Тәрбиеленушілердің қызығушылықтарына (танымдық, эстетикалық, табиғатқа, жан-жануарға деген сүйіспеншілік және т.б.) сүйену педагогикалық жағынан әрқашан ұтымды нәтижеге жетудің кепілі. Осылардың көмегі арқылы еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбиенің көптеген міндеттерін шешуге болады. Жақсы нәрсеге сүйену принципі тәрбие процесінде жетекші әрекетті таңдап алумен де байланысты. Осы әрекетті әрбір нақты жағдайға үйлестіре білу -тәрбиешінің міндеті.  
 Һ өнеге-үлгіге сүйенудің тағы бір жағы бар, оны ұнамды тәрбиелік жағдай жасау құралы ретінде пайдалануға болады. Бұл тәрбиеленушілердің өмірлік іс-әрекеті және тәрбиелік қатынас жасау стилі, тіпті оқу-тәрбие мекемелерінің ''рухы''. Әрқайсысы өз ісімен шұғылданып, бір-біріне ешкім кедергі жасамайтын тыныш, іскерлік жағдайында да, сенімді әрі ерікті ілгері жылжуға ықпал ететін еңбек пен демалысты жоғары дәрежеде ұйымдастырумен әрбір ұсақ бөлшегіне дейін ойластырылған оқу орнының тәрбиелік мәнінде, бірлес-кен әрекет сезілген жерде өнімді табыс мотивацияларының болмауы мүмкін емес.  
 Һ Кемшіліктерін бетіне баса бергенде тәрбиеленуші-лердің өз-өзіне, күші мен мүмкіндіктеріне деген сенімі азаяды. Тәжірибелі тәрбиешілер осыны сезіп, баланы мақтап-мадақтауды, оның алдағы болатын жақсы қасиет-теріне күні бұрын қолдау береді. Келешек әрекет-қылық-тардың жобасын жасап, тәрбиеленушілердің табысты нәтижелерін орнықтырады, оларға сеніп, сәтсіздіктерде олардың тірегі болып, көмек көрсетеді.  
 
 Жақсы (жағымды) өнегеге сүйену принципіне тағы бір маңызды принцип жанасады - ол гуманизация. Бұл принциптің талаптары: 1) тәрбиеленуші тұлғасына адамилық тұрғысынан қарау; 2) оның құқықтары мен тәуелсіздігін сыйлау; 3) тәрбиеленушіге саналы ойлас-тырылған талаптар қою; 4) қойылған талапты орындаудан бас тартқан кезде де оның ұстанымын (позиция) құрмет-теу; 5) адамның өзімен-өзі болу құқығын қолдау; 6) тәрбиеленушінің санасына тәрбиенің нақты мақсатын жеткізу; 7) қажетті сапалардың қиналыссыз, зорлықсыз қалыптасуы; 8) тұлғаның қадір-қасиетін төмендететін дене және басқа да жазалаудан бас тарту; 9) тұлғаның наным-дарына қандай да бір себептермен қайшы келетін қасиеттерді қалыптастырудан аулақ болу құқығын мойындау (гуманитарлық, діни сенімдер және т.б.).  
 ЮНЕСКО қабылдаған ''Адам құқығы деклара-циясының'' бірінші бабында былай деп жазылған: ''Барлық адамдар өз қадірі мен құқығы бойынша ерікті және тең. Олардың өзіндік санасы мен намысы бар және олар бір-бірімен қарым-қатынаста болуы керек. Тәрбиеленушілерді құлдық бас июші емес, тәуелсіз адамдар санатында танып, тәрбиеші күш билігін пайдаланбай, шәкірттер төбесіне тұрмай, олардың болашағы үшін жас әулетпен бірлікте күресуі қажет''.  
 Тәрбиелеу процесінде тәрбиеленушілердің жеке міндеттемесі мен мүмкіншіліктерін есепке алу маңызды жұмыс болып табылады. Тұлғалық сапаларға сүйену тәрбиенің өте маңызды сипаттамаларының бірі, яғни тұлғаның бағыттылығы мен оның құндылықтар таңдауын ескере білу. Тұлға бағыты оның өмірлік жоспарларын, қалыптасқан өмір жолдарын, іс-әрекетін және қылығын басқарушы мотивтерін білдіреді.  
 Тәрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау принципі тәрбиешіден мына міндеттерді орындауды талап етеді: 1) өз тәрбиеленушілерінің жеке темперамент ерекшелік-терін, мінез бітістерін, көзқарастарын, талғамдарын, әдеттерін қырағы танып, жақсы білу; 2) ойлау бейімі, тұлғаның бағыттылық мотивтері, қызығушылықтары, өмірге, еңбек етуге көзқарасы, құндылықтар пайымы, өмірлік жоспарлары т.б. сияқты аса маңызды сапалардың қалыптасу деңгейінің қаншалықты болғанын және болатынын анықтай білу; 3) тұлға дамытудың әсерлі түрін біртіндеп күрделендіре отырып тәрбиелік іс-әрекеттерге әрбір тәрбиеленушіні тарту; 4) дер кезінде мақсатқа жетуге кедергі болатын себептерді анықтап, олардан арылу, ал егер дер кезінде сезіп, жою мүмкіндігі болмаса, онда жаңа туындаған жағдайларға байланысты тәрбие тактикасын ауыстыра білу; 5) тұлғаның өз белсенділігіне көбірек сүйену; 6) тәрбиені тұлғаның өзіндік тәрбиесімен байланыстырып, өзіндік тәрбиенің мақсат, әдіс, форма-ларын таңдауға көмектесу; 7) тәрбиеленушінің өзіндік іс-әрекетін, белсенділігін, дербестігін дамытып, оған жетекшілік етіп, ұйымдастыра табысқа жетуге бағыттау.  
 Бұл талаптардың бірлікті түрде іске асырылуы жас және жеке ерекшеліктеріне үстірт қарамай, процестердің тереңнен дамуына, себеп-салдарлы қатынас заңдылық-тарына сүйенуге тәрбиешіні міндеттейді.  
 Тәрбиені тұлғалық тұрғыдан жүргізген кезде жас және жеке ерекшеліктерді есепке алу жаңа бағыт алады. Адамгершілік, әлеуметтік сапаларды қалыптастырудың ең ыңғайлы мүмкіндіктері бастауыш мектеп жасында болады. Неғұрлым жасы кіші болса, соғұрлым тәрбие ықпалдарын нақты қабылдап, бала өз тәрбиешісіне көбірек сенеді, оның беделіне сөзсіз бағынады. Сондықтан кіші мектеп жасында және ерте жеткіншек жаста жағымды әдеттерді тәрбиелеуге, балаларды еңбекке, тәртіпке, қоғамдық іс-әрекеттерге үйрету жеңіл болады. Ересек жеткіншектер болса, пайдалы еңбектің тура, ашық міндеттерін қалайды, оларды орындауда белсенділік танытуға құмар келеді. Дегенмен де, бұл белсенділік, талпыныстар педагогтар тарапынан өте жақсы ұйымдастырылуы қажет.  
 Тәрбиенің болашақ нәтижелерін жобалағанда тәрбиеленушілердің мүмкіншілік пәрменділігінің кейбір сапаларды қалыптастыруда азаятынын, жасына байланысты жүйке жүйесінің нәзіктігін, сыртқы әсерлерге психологиялық қарсылықтың көбейетінін, сензитивті кезең қажеттерінің өзгеруін естен шығармаған жөн.  
 Тәрбиеші сүйенетін оқушының жеке ерекшеліктерінің қатарында олардың қабылдау, ойлау, есте сақтау, сөйлеу, мінез, темперамент, ерік бітістерін атауға болады. Бұл және басқа да ерекшеліктерді айыра тану тәрбиелеуде қиынға соқса да, тәрбиеші табысқа жетуді ниет қылса, қосымша уақытын, күш-жігерін, құралдарын пайдаланып, тұлғалық сапаларды толық және нақты танып-білуге ынта-ықыласты болуы шарт.  
 Тәрбиеші қазіргі заманғы оқушылардың білім деңгейінің жоғарылығын ескере отырып, өзі де жан-жақты дамып отыруы керек, яғни өз мамандығы төңірегіндегіні ғана біліп қоймай, сонымен қоса саясат, өнер, мәдениет саласындағы білімдерді жинақтап, өз тәрбиеленушілеріне өзін адамгершіліктің жоғары үлгісі ретінде, адамдық қадір-қасиеттің, құндылықтың таратушысы ретінде танылуы тиіс.  
 
 Балалық және жеткіншек жастағы тұлғалық сапалар-дың жылдам қарқынмен қалыптасуы озық әрекет етуді, тәрбиеленушіден даму желісіндегі тәрбие мазмұны мен оның ұйымдастырылуы, әдістері және формалары арасында қайшылық туындамай тұрғанда, жағымсыз әдеттер баланың жан дүниесіне орнығып қалмай тұрып, алдын-ала қимылдауды қаурыт талап етеді. Әйтсе де, талаптарды күшейте отырып, тәрбие ықпалдары бағытталған тәрбиеленушілердің шама-шарқын ескерген абзал. Қиын талаптар баланың өз күшіне сенімін азайтып, көңілдерін қалдырады, тіпті ең қауіптісі, сол талаптарды үстірт орындауға итермелейді. Әдетте, мұндай жағдайда жартылай істелінген іске қанағат тұту әдеті қалыптасып қалуы мүмкін.  
 
 Тәрбиешілер әсіресе, тұлғаның негізгі сапаларына, яғни, олардың құндылықтарды таңдау бағытына, іс-әрекет жасаудың және қылық қалыптастырудың өмірлік жоспарларына мән беріп, тәрбие процесін түзейді, әрі бұл процесті тұлғалық және қоғамдық қажеттерді қанағат-тандыруға бағдарлайды.  
 
 Кейбір тәрбиешілер нақты тәрбиені тек ''қиын'' оқушылар мен тәртіп бұзушыларға қатысты деп ойлайды. Сөз жоқ, мұндай тәрбиелеушілер көбірек бақылауды керек етеді. Бірақ ''жағдайы жақсы'' оқушыларға да мойын бұру керек. Сырттай жақсы көріністің көлеңкесінде жаман пиғылды ойлар, мотивтер, әрекеттер де жасырынып жатуы мүмкін. Бұған ешкімді ешуақытта кінәлауға болмайды, бірақ барлық оқушыларға теңдей көңіл бөлу керек.  
 
 Тұлғаның сыртқы көрініс, әрекеттерінен оның ішкі мінез-құлқын түсіну өте қиын, осыдан тәрбие мақсаты әрқашан іске аса бермейді. Тәрбиешіге тәрбиеленушінің өзі көмектесуі қажет. Тәрбиеленушіні дос, көмекші, одақтас етіңіз. Бұл түпкілікті сапаларды түсініп, болжаудың ең қысқа, анық жолы болып табылады


 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие теориясы 
Қазіргі қоғамдагы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері, мәні 
Жоспар: 
1. Тәрбие әлеуметтік құбылыс. 
2. Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері. 
3. Тәрбиенің мақсат-міндеттері. 
4. Тәрбие процесінің мәні. 
5. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері. 
6. Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу. 
1. Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. 
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді. 
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды. 
Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс. 
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады. 
2. Мақсат дегеніміз - бір нерсеге  ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты — жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау. 
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашңы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті. 
Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі. 
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудық нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді. 
Я.А. Коменский "Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдық қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналар-дық көптігімен баңытты" - деген ойлар айтты. Осы ойларын "Ана мектебінің" кіріспесінде өрбітеді. 
"Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегі-дей негізгі элементтерге бөлді: 
•  адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім"; 
•  заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік"; 
•  құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие"; 
•  тән саулығы - "дене тәрбиесі". 
И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген. 
Неміс педагогы А. Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, "Мектептің міндеті - адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу" - деген. 
К.Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырады. 
П.П.Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттың және ұлттың мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру деген. 
1941-1990 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде "жан-жақты даму" ұғымына ақыл-ой, политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалық тәрбие салалары енгізілді. 
А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды. 
Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді. 
Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні — еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген. 
Абай Қүнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады. 
М.Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден .ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы" - деп жазды. 
Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің "Қазақ тағылымы" атты монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі бағыттарын атап көрсетті. Олар: ар-ождан тазалығын сақтау; ақыл-ойлы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берікболу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нерселерден  алулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау; ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу. 
Сонымен дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты "жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру" - деп жазылды. 
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы" халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған. 
Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің Негізгі мақсаты-Қазақстанның егемендігін қамтамасы ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасызыз ететін нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеу. 
Тәрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды. 
3. Дүниетіным - тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетіным - адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көзқарас  ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу. 
Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстракттілі, ой операциялары талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т.б.) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру. 
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу; 
Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері: 
а) оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету; 
ө) оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу; 
б) озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.  
Эстетикалық тәрбие міндеттері: 
• бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем өдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру 
•  эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру. 
•  әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу. 
Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке, Отанды қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке, тәрбиелеу. 
4. Тәрбие процесінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау. 
Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдық (объективті) адам санасына (субъективті) өтіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында әлеуметік іс жағдай маңызды рөл атқарады. 
Тербие процесінде адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар ықпал етеді. 
Сыртқы қарама-қайшылықтар: 
•  Қоғамдық ережелер мен адамдардық тәртібі арасындағы сәйкессіздік. 
•  Мұғалімнің талабымен оқушының тәртібінің арақатынасы. 
Ішкі қарама-қайшылықтар: 
•  Тәрбиешінің талабы мен тәрбиеленушінің мүмкіндігінің ара- қатынасы. 
•  Тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен қанағаттандыру тәсілдерінің ара қатынасы. 
5. Тәрбиенің негізгі зандылықтары. Педагогикалық құбылыс пен үрдіс арасындағы байланысты заңдылықтар деп атайды. 
1. 'Тәрбиенің қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, демократиялық принципті іске асыруына, адам құқығын қорғау мәселелеріне тығыз байланыстылығы. 
Осы заманғы тарихи жағдайларға байланысты халықаралық қауымдастық дүниежүзі тарихында халықаралық стандарт болып табылатын жалпы адамзаттың құндылықтар мен адамның негізгі құқығы, бостандығы ашылып көрсетілген ("БҰҰ адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы" "Бала құқығының Конвенциясы") құжаттарын жасады. Олар осы заманғы тәрбие теориясы мен әдістемесіне, тәрбие мұраттары мен рухани құндылықтарға жаңаша бағыт береді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" (1999) Зақына сәйкес бұл құжаттар еліміздің білім саласындағы мемлекеттік саясатының негізі болды. 
2. Тәрбиенің оқыту мен білім берудің сапасына байланыстылығы. Оқыту - тұлғаны қалыптастырудық құралы. Тәрбиенің мазмұны, түрі және әдісі тәрбиеленушілердің даму дөрежесіне байланысты іріктеледі. 
3. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігі. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Іс-әрекет барысындағы белсенділіктің түрлері: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі, өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі. 
Қарым-қатынас белсенділігі тұлғаның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын қалыптастырады.Таным белсенділігі - заттар мен құбылыстардың мәнін, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарды терең түсінуге, оны тәжірибеде қолдана білуге үйретеді. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігінің дамуына бағыт беріп отырса, онда олардың талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттері қалыптасады. 
Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі - тәрбиеші өзін-өзі тәрбиелеуге баланың ынтасын оята алғанда тәрбие жұмысы нәтижелі жүреді. 
4. Педагогикалық процестегі ұжым мен жеке адамның өзара байланысы. 
Ұжымның басты борышы - әрбір адамның шығармашылық өсуіне қамқоршы болу. 
 
Тәрбиенің принциптпері 
Принцип дегеніміз - адамның іс-әрекетінде басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережесі. 
Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің іргетасын қалайтын  негізгі қағидалар: 
1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы. 
тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ождан мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу. 
Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық өмірі осыған қызмет етуі керек. 
2. Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу - балаларды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру, өнімді еңбек етуге бейімдеу, ата-ана мен бала, Тәрбиеші мен тәрбиеленуші, үлкен мен кіші арасынғы қарым-қатынасты өзара сенімге, қайырымдылыққа, имандылыкқа, бір-біріне сый-құрметпен қарауға негіздеу, тәрбие барысында психологиялық жайдарылық, үйлесімділік ахуал туғызу, жас азаматтың өзіне сенімін арттыру, қамқоршылық сезімін дамыту. 
3.  Тәрбие барысында жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілетін құрметтің бірлігі. 
Жаңашыл ұстаз Құмаш Нүрғалиев "Мұғалім мен оқушы арасында үзілмейтін алтын желі болуы тиіс. Ол баланың ұстазына деген сенімі, мұғалімнің баланы сүюі" - деген болатын. 
Тәрбиеленушіні құрметтеу және оған талаптар қою - баланың мықты және нашар жақтарын біліп, оның өсуіне қажетті жағдайлар жасау. Талап қоюдан оқушыға құрмет, күші мен қабілетіне сенім көрінеді. Мұғалім оқушы бойынан рухани қасиетті жобалап, оған сүйеніп, оқушының өз тәжірибесін дамытуына көмектесу керек. 
4. Тәрбиелік ықпалдардық тізбектестігі, жүйелілігі, үздіксіздігі. 
Тәрбие тәжірибесі балаларға қойылатын талап пен педагогикалық ықпал бірлігі қажет екенін дәлелдеді. Ұрпақ тәрбиесінің нәтижелілігі - тәрбие мекемелеріндегі талаптың бірлігі, іс-әрекеттің сабақтастығы. 
5.  Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін есепке алу. 
Оқушылардың жеке ерекшелігі - денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жауабы, қабылдауы, т.б. Біреулері өзінің байсалдылығымен ескертулерді дұрыс қабылдаса, кейбіреулеріне керісінше әсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың тәрбиелік дәрежесін дер кезінде анықтап отыру қажет. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылады. 
Бала - педагогикалық қамқорлықтың ең жоғары мақсаты. Баланың ішкі мүмкіндіктерінің ашылуы адамдардық сүйіспеншілік сезімі мен қарым-қатынасына байланысты. Баланы тең адам санап, оған еркіндік бергенде ғана ол өз пікірін ашық айта алады, үлкендердің балаға деген құрметі олардың сенімін арттырады. 
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік санасы жаңа қалыптасып келе жатқандықтан, олар негізінен мұғалімнің ықпалында болады. Жасөспірімдер жедел дамып келе жатқандықтан тәрбиесі бірқалыпты жағдайға ауысып, өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттілігі артады. 
6.  Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу - тәрбие жұмысындағы жетекші принциптердің бірі. Мұны екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау керек. Бірі - ұжымдық тәрбие қоғамның негізгі қаруы. Бала берік ұйымдасқан, ынтымақты, өлеуметті, рухани таза ұжымда болуы қажет. Екіншісі - тәрбиеленушінің педагогтың ықпалымен, көзқарасымен шектеліп қалмауы. 
Педагог - тәрбиеші қосарланған ұғымына А.С.Макаренко қарсы болып, оны ұжымның жан-жақты тәрбиелік әсерімен бекітуді ұсынған. 
Бірлескен іс-әрекетте, орынды ұйымдастырылған ұжымдық жұмыстарда өзара тәуелді, жауапкершілікті қатынастар туындайды, баланың тәжірибе және ұжымдық өмір дағдыларын жинау процесі жүреді. 
7. Тәрбие процесінде мұғалім, мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардық күш-қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау. 
Тұлға өзін өмірде сирек кездесетін ерекше феномен деп қарайды. Бұл принцип мектеп мұғалімдерінің, отбасының және қоғамның педагогикалық күш-жігерінің бірлігі мен қызмет етуін қажет етеді. 
Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметтік қатынастарға байланысты. Ол ата-аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек жағдайында қатасады. Отбасындағы тәрбиеге көмек ретінде елімізде демеушілер мен қайырымдылық жасаушылар, әлеуметтік құқық қорғау бөлімдері мен қамқорлық қорғау кеңестерінің жұмысы да ұмытылуда. 
Тұлғаның сапаларын қалыптастыру бір мезгілде, кешенді түрде жүргізілетіндіктен, педагогикалық ықпал да кешенді сипатқа ие болуы тиіс. 
Жасөспірімдердің өздеріне сын көзбен қарамауы, жауапкершілік сезінбеуі ата-аналары мен мұғалімдерді босқа мазасыздандырып отырған жоқ. 
Мектеп пен отбасындағы балалар тәрбиесінің ең маңызды міндеті - оларды қажетті өмір сүру процесіне дайындау. 
8.Өзін-өзі тәрбиелеуді көбіне ұнамсыз жайды сезініп, сонымен күресуден бастайды. Біреуі - бойындағы берекесіздіктен, екіншісі - дөрекіліктен, үшіншілері - тұйықтықтан, ұялшақтықтан арылғысы келеді. 
Мақсат қою, күш-жігер жұмсау, өзін-өзі бақылау мен өз ісіне талдау жасап отыру - өзін-өзі тәрбиелеудің міндетті элементтері. 
Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын қалай жасауды жақсы елестете алмайтындықтан, оларға жиі-жиі көмек көрсетуге тура келеді. Олар өзінің ойлау ерекшелігі мен мінез-құлңына талдау жасауға қиналады. Тәрбиешілер оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеудің маңыздылығын түсіндіретін арнаулы әңгімелер немесе пікіртапастар өткізеді. 
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері: 
• Жеке міндеттеме - бел гілі мерзім аралығында өзі атқаратын міндеттерді таңдап алып, есеп жүргізу, өзіне-өзі қызмет көрсету. Иландыруға ұқсас өзін-өзі міндеттеу әдісі. Оны бала өз кемшілігін жою үшін қолданады. Үй тапсырмасын әркез орындауға, таза жазуға, оларды байсалдылықпен ойланып істеуге жаттығып, оны әр уақытта қайталап, орындауға күш-жігерін жұмылдырады. Оқушы белгілі бір міндетін орындауда енжарлық көрсеткенде өзін-өзі міндеттеу, өзіне-өзі бұйыру әдісін қолданады. 
•  Өзіндік есеп беру - қоғамдық жұмысты атқару, баланың өз іс-қылығына жауаптылығы, жолдастарымен тәжірибе алмасуы. 
•  Өз іс-қылығына талдау жасау - өзінің кейбір қылықтарына сын көзбен қарап, себебін білгісі келуі, оны жоюға тырысуы. 
•  Өзін-өзі бақылау - кемшіліктерін болдырмау үшін жағымды мінез-құлықтарын дамыту мақсатында күнделік жүргізу. 
Өзіне баға беру - мінез-құлықтарының кемшіліктерін жою үшін баланың өзін-өзітәрбиелеуі. К.Д.Ушинский жасаған өзін-өзі тәрбиелеу ережелері: 
•  Өте сабырлылық, тіпті болмағанда, сыртқы сабырлықты сақтау. 
•  Турашылдық. 
•  Ойлы әрекет. 
•  Шешімділік. 
•  Өзің туралы қажет болмаса, бір сөз айтпау. Санасыз бос уақыт өткізбеу. 
•  Не істесең де еріктісің, бірақ, кездейсоқ істен сақ бол. 
•  Қажетті немесе керекті іспен ғана айналыс, көрсеқызар болма. 
•  Бітірген ісіңе еш уақытта мақтанба. 
•  Әркез ағыңнан жарылма, өз ісің туралы өзіңе жауап беріп отыр. 
•  Бұл журналды ешкімге көрсетуші болма. 
Бұл ережелерді байытуға болады. Көп ретте адам өз алдына ислгілі бір биік мақсат өойып, өз бетімен ізденіп, өзін-өзі тәрбиелеп жетілдірудің жолдарын өзі қарастырады. Содан әсерленіп қанатталған ішкі сезімдері арқылы білімді қажетсініп, нәтижесінде мақсатына жету үшін табандылықпен ізденеді. 
Адам баласының тарихында ондай мысалдар баршылық. Демосфен жас кезінен шешендік өнер меңгеруді армандайды. Аляйда, көпшілік алдындағы алғашқы сөзінде-аң сәтсіздікке ұшырайды. Оның дауысы тым бәсең, сөздері үйқаспай, тілі « күрмеліп, шәлкем-шалыс келе береді. Соны сезген қауым оны ' тыңдамай, ысқырып, тыжырынады. Оның орнында басқа біреу болса, бұл масқарадан кейін тауы шағылып, қолын бір-ақ сермеп ' жайына кете барар еді. Демосфен өйтпеді. Ол елден оқшауланып, теңіз жағасынан үй салып, дауылды күндері, бүрқ-сарық, болып жағаны ұрып жатқан толқынға қарап, сағаттап,сұырып салма сөздерін қарша боратып, бар дауысымен сөйлейтін. Тіліндегі кемістігін жою үшін, тілінің астына малта тастарсалатын  болған. Сондай жан қиярлық табандылық пен ерік-қайрат Демосфенді дегеніне жеткізді. Ол әлемнің айтулы ұлы шешеніне айналады. 
Талай ұлы адамдар өз мінездерін жаман әдеттерден арылтып, жақсы  қасиеттерді дарыту мақсатымен жұмыс істеген. Соқтықпалы соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысқан ұлы Абай өзін-өзі тәрбиелеп,өзін-өзі білімдар еткен адам.С.М.Торайғыров  " Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін, болмасам толып тұған толық айдай" немесе "Қараңғы қазақ көгіне күн болмағанда кім болам", - деген романтикаға толы батыл жолдарды өзіне және  болашақ жастарға арнап айтқан . 
Профессор С.Я.Долецкий айтқандай, біз өз қателігімізді ойша айтамыз да өзімізге өзіміз кешірім жасап, кейін оны ұмытып кетміз Егер біз оны дауыстап айтатын болсақ, онда өзіне-өзі кешірім  жасау қиынырақ болады, - дейді. 
 
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері: 
Өзін-өзі сендіру. Оқушы өзін жақсы ұстап, жаман қылық жасамауға сендіреді. Темекі тартуды қойғысы келетін адам "Мен енді темекі тартпаймын" - деп, өзіне-өзі сенімді түрде әркез айтуы тиіс. 
Өзін-өзі сынау әдісі - дөрекілігі үшін өзін қатты сөгіп, сынға алу. Өз тарапынан мұның мәдениетсіздік, жексұрындық екенін, тәрбиелі адамның ондай іс істемейтінін, әбден өзі арылғанша қайталап айтумен болады. 
Өзін-өзі тәрбиелеуде - өзін ойша өзгенің орньша қою арқылы өзгемен санаса білудің (эмпатия) үлкен тәрбиелік мәні бар. 
Өзін-өзі жазалау әдісі - алдына қойған міндетті орындау, ауытқымау. Мысалы, 9-сынып оқушысы қызықты киноға баруға билет алады. Алдында сабағына шала әзірленіп, екі алып қала жаздағаны ойына оралып, келесі сабаққа жөнді әзірленбегені есіне түсіп кинодан бас тартады. 
Өзін-өзі тәрбиелеудің құрамды бөлімдері: 
•  өз кемшілігіне сын көзбен қарау, мақсат қою. 
•  өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын жасау. 
•  әдістерін анықтау. 
•  аутотренинг - жеке тұлғаның өзіне жаттығу жүйесін әзірлеуі. 
•  өзін-өзі бақылау. 
Тәжірибеде оқушы тәртібінде және мінез-құлқында ауытқулар кездесіп отырады. Сондықтан тәрбиелеу жұмысында қайта тәрбиелеу де үлкен орын алып, оқушы ауытқулардың алдын алуға және жеңуге бағытталады. Қайта тәрбиелеу тұлға құрылымын қайта құру, адамның барлық психологиялық сапаларын қайта жасау. Түзету - оқушы санасындағы және іс-әрекетіндегі жеке кемшіліктерді жеңу. 
Қайта тәрбиелеу - тәрбиелік ықпалдар жүйесі барысында құлықтық даму мен іс-әрекеттегі ауытқуларды түзетіп, қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапаларын қалыптастыру. 
Қайта тәрбиелеу тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктерінің, сезімдері мен еркінің, түйсіктерінің, іс-әрекеті мен мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық өзгеру процесі, қиын балалардың орынды сапаларын қалпына келтіру, педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктердің орнын еңбектегі, спорттағы және басқа іс-әрекеттегі нәтижелермен толтыру. 
Қайта тәрбиелеуде қайта ұғындыру, қайта оқыту, басқа іс-әрекетке көндіктіру, күрт өзгерту, еріксіз көндіру сияқты әдіс-ер қолданылады. 
Қайта ұғындыру - бұл тәрбиесі қиын балалар және педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған оқушылар бойындағы қате көз-қарастарын өзгерту әдісі. 
Қайта оқыту - бұл теріс қажеттіліктер мен дағдыларды түзету әдісі. 
 
Әдебиеттер: 
1.Ж.Қоянбаев,Р.Қоянбаев. Педагогика.-Алматы, 1998, 2000.  
2. Е.Сағындықұлы. Педагогика. - Алматы,1999. 
3. С.Қалиев, Ш.Майғаранова, Г.Нысанбаева, А.Бейсенбаева. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудық педагогикалық негіздері. - Алматы, 2001. 
4. А.С.Макаренко. Тәрбие мақсаты. – М 1958. 
5. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. – А,1995.

 

 

 

 

 

Тәрбиенің әдістері, құралдары 
Жоспар: 
1. Тәрбие әдістері, анықтамасы, жіктелуі. 
2. Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері: 
3. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: үйрету, жаттықтыру, ойын, тапсырма, педагогикалық талап. 
4. Тәрбиедегі ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау, оған қойылатын талаптар. 
5. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері. 
1. Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері. 
Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі. 
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык; өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ. 
Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері. 
Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері: 
•  адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер. 
•  әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқабөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі. 
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина жәнеВ.С.Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылады. 
Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады: 
•  Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер. 
•  Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер. 
•  Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер. 
•  Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері. 
Тәрбие тәсілдері дегеніміз - әдістің бір бөлігі. Тәрбие тәсілдері: 
1. Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну. 
2. Ақпараттық - ағартушылық. 
3. Бағдарлау - іс-қызмет. 
4. Қатынас. 
5. Бағалау. 
Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін және оларға жетудің жолдарын ұсыну тәсілін қолданып мұғалім оқушыларды идеялық адамгершілік көзқарастармен қаруландырып, өз еңбегі мен ұжым еңбегін жоспарлауға, ұйымдастыруға, еңбекпен іс-қызметтің мақсаттарына жету жолдарын таңдауға, іс-қызметтің сапасы мен нәтижелерін олардың алдағы мақсаттарға сәйкестігін  анықтатуға үйретеді. 
Бағдарлау - іс-қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс-қызметке жауапкершілікпен қарауды, халық игілігін молайту жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастырады. Балалар күнделікті іс-қызметке қатысып, қоғамның материалдық саласында адамгершілік және еңбек бағдарларын дұрыс таңдап дамытады. 
Қарым-қатынас тәсілі (коммуникативтік тәсіл) - балалар мен ересектердің іс-қызмет кезіндегі қатынасына негізделіп, оқушылардың қоғамдық мінез-құлық нормаларын игеруіне көмектеседі. Оқушылар тәртіп ережелері жөніндегі ақпаратты топта, сыныпта, мектепте құрастырып, оны төменгі және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар, ересек адамдар арасында жетілдіреді. 
Бағалау тәсілі көмегімен мектеп оқушылары адамдардық кимыл-әрекеттерін, көзқарастарын, сенімдерін, тәртіп бағыттарын айқындауға, негіздеуге, өз іс-қызметін, оқу мен еңбектегі жетістіктерін, адамгершілік сапаларын өздері бағалауға үйренеді. Оқушы іс-қызметтің адамгершілік жақтарын бағалауға жаттығады. Мұғалім бағалауды, өзіне-өзі баға беруді қалыптастырып қамқорлық жасайды. Баға беру алынған білімді жеке тәжірибемен байланыстырып, оған жаңа қасиет береді. 
Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары:  
•  Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек); 
•  заттар (ойыншыңтар, электронды есептегіш машиналар); 
•  рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір); 
•  бұқаралық ақпарат құралдары; 
•  педагогикалық ықпал жасау құралдары. 
2. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері. 
Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау - пікірін айту, баға беру, сендіру): 
•  этикалық әңгіме; 
•  әңгімелесу; 
•  пікірталас; 
•  лекциялар; 
•  өнеге; 
•  көндіру (суггестия). 
Сананы қалыптастыру әдістерінің синонимі - сендіру әдісі арқылы тәрбиеші оқушыға адам мінезіне қойылатын талаптар, еңбектің, басқа адамдармен қарым-қатынастың маңызы туралы айтып, оның дұрыстығына баланың көзін жеткізуге ұмтылады. Баланы жақсы сөз бен іске сендіру үшін мұғалім тілді қолданады. Беделді, мәдениетті, тәжірибелі мұғалімдердің сөзі оқушыға өтімді болады. 
•  Этикалық әңгіме - этикалық, эстетикалық мәселелерді оқушыға талдату. Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады, ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың іс-қылықтарын талдайды. Әңгімені бастауға себепші болатын балалардың теріс қылықтары. Этикалық әңгіменің жақсы өтуіне әсер ететін жағдайлар: 
•  бір мәселе төңірегінде бірнеше пікірлердің айтылуы; 
•  оқушы сұрақтарын мұғалімнің мақұлдауы, оған өзінің жауап беруіне көмектесу; 
•  әңгіменің дайын жауаптарының болмауы; 
•  баланың өз ойын айтып, басқалардың пікірлерін тыңдауы; 
•  қарым-қатынас мәдениеті, мұғалімнің оқушы дәлелді пікір айтқанша шыдамдылық көрсетуі; 
•  әңгімені лекцияға айналдырмау; 
•  әңгіменің жылы шырайлы жағдайда өтуі; 
•  баланың ішкі сырын айтуға көмектесуі; 
•  әңгіме материалдарын баланың өмірінен алу; 
•  түрлі пікірлерді біліп, оларды бір-бірімен салыстыру, дұрыс пікір шығару; 
•  жас ерекшеліктеріне сай болуы; 
• тартымдылығы, қызықтылығы; 
•  мұғалімнің артық сөздер айтпауы. 
Мұғалім тәртіп бұзған оқушылармен жеке сөйлесіп, оның кателігін өзіне әдепті түрде түсіндіреді. 
Әңгіме тақырыбына байланысты техникалық құралдар қолданылады. 
Әңгіме мұғалімнің қысқаша сөзінен басталады. Ол оқушыларға мәселелі сипаттағы сұрақтар қойып, талдатып, қорытындылайды. 
• Пікірталас. Пікір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімін арттырып, ондағы қателіктер мен кейбір адамдардың жалған көзқарастарымен күресуге үйретеді. 
Пікірталас оқушылардан ақыл-ой қызметін, сезім белсенділігін талап етеді. Мұғалім пікірталасты өткізбес бұрын оның тақырыбын, сұрақтарын тұжырымдап, жүргізушіні белгілеп, қолданылатын әдебиеттерді ұсынып, оқушыларды пікірталас ережелерімен таныстырады. 
• Түсіндіру. Бір топқа, жеке оқушыларға жаңа ережелер басқа адамды құрметтеу, өзін басқа кісінің орнына қою, т.б. түсіндіріледі. Партаны сызу, дөрекілік жасау теріс қылық екенін түсіндіре берудің қажеті болмағандыңтан басқа әдіс қолдану керек. Мұғалім адамшылық қасиет туралы баланың пікірін сұрап, оқушыны жақсы сапалардың қажеттігіне сендіріп, баланы теріс қылығы үшін ұялтып, түзелуге бағыттайды. 
•  Өнеге. Мұғалім оқушыларға әдебиеттегі және өмірдегі түрлі кейіпкерлерді  үлгі еткенде оқушы өзінің ішкі жан-дүниесіне үңгіле бастайды. Бала басқа адамға еліктегіш. Бастауыш сынып оқушылары барлық адамдарға еліктейді. Жеткіншектер өздері таңдаған адамдарына еліктейді. 
Балалар әдеби және тарихи кейіпкерлерге, құрбыларына, ересектерге, ата-аналарына, мұғалімдерге, бұқаралық ақпарат құралдарының, өнердің жас ұрпаққа үлгі ететін адамдарына еліктейді. 
• Сендіру. Мұғалім өз пікіріне баланы сендіргісі келіп, оған былай дейді: "Ақымақ - жаман адам, себебі ол өз ісіне есеп бермейді". 
Оқушыға сабаққа кешігудің зияндығын дәлелдеу үшін: "Бәріміздің ойымызды бөліп жіберетіндіктен, адамдардың кешіккені ұнамайды,", - дейді. 
Мәдениеттіліктің пайдасына оқушының көзін жеткізу үшін, мұғалім: "Суды стақанмен іш, шишаның аузынан ішуге болмайды", - дейді. 
Мұғалім балаға қарым-қатынастың маңызын ашу үшін: "Сен газетті үйіңе ұмытып кеткендіктен, сынып сағатымыз ойдағыдай өтпейді" - дейді. 
Диалог әдісін қолданатын мұғалім: "Мен осылай ойлаймын, сендер қалай ойлайсыңдар", - деп сөйлеседі. 
Пікірталас жұмыс барысында пайда болады немесе оны мұғалімнің өзі ұйымдастырады. 
Көркем шығармадан алған әсерін мұғалім оқушыға былай білдіреді: "Мына портреттегі адам екінші портреттегі адамға қарағанда сұлу". 
"Сенің ақылық бар ғой, жібірлеген құрбыңнан кешірім сұра", - деп, мұғалім балаға нұсқау береді. Ол жасырын тұрде болғандыңтан бала басқаша қабылдайды. 
Ертегі, әдеби кітаптар, мерзімді баспасөз материалдары  мектеп жасындағы оқушылардың адамгершілік санасын қалыптастыратын құралдардың бірі. Оқушылар жағымды кейіпкерлерге еліктеп, жамандыңтан аулақ болуға үйренеді. 
Көзін жеткізу - тәрбиешінің өз тәртібі, жұмыс тәсілдері арқылы жүзеге асатын, балалар көзқарасына ықпал етудің педагогикалық тәсілі. 
Қоғамдың пікір. Балаларға тәрбиешінің қоятын талабы ең алдымен ұжымның талабы екендігін түсіндіру керек. Ұжымның талабы - жалпы қоғамдың пікірдің көрінісі. Қоғамдың пікір ұжымдағы іс-әрекетті ұйымдастыру және мінез-құлықты қалыптастырудың негізгі әдісінің бірі. 
Қоғамдың пікір ұжым мүшесінің, жекелеген топтардың іс-әрекетін, қылығын бағалауда қолданылады. Қоғамдың пікірдің негізгі нысандары - ұжым мүшелерінің жиналыста, жиындар да, митингіде, жергілікті баспасөзде және дөңгелек үстел басында, ашың әңгімеде, кемшіліктерді сынап, жаңа міндеттерді жүзеге асырудың жолдарын белгілеуі. 
3. Қоғамдың мінез-құлықты қалыптастыру және оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру. Іс-әрекет - адамдардың қоршаған ортаға белсене қатысуының негізгі нысаны, ішкі жан дүниесінің көрсеткіші, дамуының, өздігінен жетілуінің шешуші белгісі. Адамның іс-әрекетінің дамуына қарым-қатынас ерекше әсер ететіндіктен, іс-әрекеттен тыс тәрбиенің болуы мүмкін емес. 
Бала іс-әрекетіне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар: 
-іс-әрекеттің мақсатының анықтығы, оның жеке адамға, қоғамға, ұжымға пайдалылығы, оқушының ынта ықыласын, қабілеттілігі мен іскерлігін ескеру; оқушылардың ортақ істі сезімталдықпен орындауына қолайлы жағдай жасау. 
- баланың мүддесі мен бейімділігін ескере отырып, оның көңілінен шығатын, шамасы жететін қоғамдың жұмысқа, еңбекке қатыстыру өздігінен әрекет ету тәжірибесін кеңейтеді. 
- іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру балалардың белсенділігіне байланысты. Жұмысты жоспарлау, жеке тапсырмаларды бөлу, оның нәтижесін тексеру, т.б. міндеттерді балалар шешіп отыруы керек. Бала талабы мен қабілетін еңбекте көрсеткенде дамиды. 
- тәрбиешінің басшылығы, жұмыс барысында кеңес беру, балалардың ынтасын арттыру. Жұмыстың мазмұны мен түрлерін, әдістерін жандандыратын материалдың және моральдың жағдайды сақтау. 
оқушылар ұжымының қоғамдың пікірі арқылы іс-әрекет-тің нәтижесін қорытындылау. 
Педагогикалық талап әдісі іс-әрекеттердің бір түрін тежеу, енді бір түрін мадақтау тәрбиеленушінің санасын дамытады. Л.Г.Макаренко: "Егер жеке адамның басына тиісті талаптар қойылмайтын болса, онда ұжымды құруға, ұжым ішінде тәртіп құруға да болмайтындығы, әрине, өзінен-өзі түсінікті нерсе. Мен жүйелі түрде талаптар қойылуын жақтайтын адаммын", - деп педагогикалық талап әдісінің басқа әдістерге қарағанда ерекшелігін көрсеткен. 
Оқушылардың өмірінде педагогтің талап қоюы шешуші рөл атқарады. Нақтылы педагогикалық жағдайға байланысты талаптың, түрі, мазмұны іріктеледі. Тәрбиеші мен тәрбиленушінің өзара әңгімесі мен байсалды, сенімді қарым-қатынас педагогикалық талаптың нәтижелі болуына ықпал жасайды. Тұтас педагогикалық процесте тәрбиеленушіге педагогикалық талап қою мен дұрыс іс-әрекет істеуге мәжбүр ету қатар жүреді. 
Жаттығу әдісі - мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы. Тәрбиеленушілердің орындайтын жаттығулары - тәрбиешінің талаптарын орындап, адам игілігіне еңбек ету, басқаларға қамқорлық жасап, қуанышқа бөленуі. 
Жаттығу әдісі оқушыны объект жағдайынан субъект жағдайына жеткізеді. Жаттығу әдісінің педагогикалық-психологиялық ерекшелігі - жаттығулар мен әрекеттердің баланың ішкі қасиетіне айналуы. Тапсырма бергенде баланың ішкі мүмкіндігін, күшін, бағытын жан-жақты терең зерттеп, қоғамдық бел-сенділігін басқару жалпы адамзаттық адамгершілік қасиетінің дамуына және оның дұрыс іс-қимылы мен мінез-құлық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Ойын - бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез-құлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімдеп, өзін еркін сезуге үйретеді. Ойын - балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тілін дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері пәндері оларда табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сипатын қалыптастырады. 
Ойын - мектеп балаларының негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров "Балалықтың қанына ойын азық" деп бекер айтпаған. Ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрас-тырған заттарды пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін. 
Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақ-пақтар қолданады. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапаларын қалыптастырады. Бала қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың, адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады. 
4. Тәрбие әдістерінің үшінші тобы: тәрбиеленушілердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін ретке келтіру, дер кезінде түзету және ынталандыру қызметін атқаратын әдістер. Олар мектеп оқушыларының қылықтары мен іс-әрекеттерін қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мақтау, ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады. 
Бұл әдістерді қолдануда педагогикалық-психологиялық тұрғыдан ескеретін жағдайдың бірі - бала тәрбиенің тек қана объектісі емес, тәрбиенің субъектісі болып табылатындығы. 
Баланың табиғатында "Мен өзім" деген белсенділігі бар, ол тәрбиеленушілердің әрекетіне және өздерінің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне тәрбиешілердің берген бағасына енжар қарамайды. Сондықтан, тәрбие мен баланың өзін-өзі тәрбиелеуі үнемі қатар жүреді. 
Мадақтау - оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалап және көтермелеп отырудың, педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы. 
Мадақтау оқушының өзінің адамгершілігін сезінуіне, мінез-құлқы мен көңіл-күйіне бақылау жасауға, өзін-өзі тәрбиелеуге көмектеседі. Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің мінез-құлқы қандай болуы керектігін түсінеді, жағымды мінез-құлықты дамытып, ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады, жақсы істерді жалғастыруға тырысады. Мадақтаудан алған әсері оқушыны теріс әрі келеңсіз істерден сақтандырып отырады. 
Мадақтау түрлері: алғыс айту, мақтау, сыйлық беру, марапаттау. Жазалау - жағымсыз мінез-құлқы мен іс-әрекетінің теріс екендігін балаға үғындыру және істеген теріс ісіне қынжылту. Мұғалім мектептегі жазалау шарасына өте сақтықпен қарауы тиіс. Оған қойылатын талаптар: 
• жазаны талап қою әдісімен ұштастыру; 
• жазаның кек алу, баланың жеке басының адамгершілік қасиетін кеміту, намысын қорлау, жәбірлеу түрінде болмауы; 
• жазаның әділдігі, әділетсіз жаза балаларды тәрбиеленушілерден алыстатып, ұжымнан бөлектенуіне әкеліп соғады; 
• жаза қолдануда педагогтік әдепті сақтау. Тәжірибелі педагогтар оқушылар ұжымының көмегіне, қолдауына сүйеніп, тәртіпсіз оқушыны жазалайды. 
Жазаның түрлері оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай болып, тәрбиенің басқа тәсілдерімен байланысты болуы шарт. Жазалаудың түрлері: ескерту, сөгіс, т.б. 
Жарыс жастардың бір-бірімен еңбектегі, спорттағы, өнердегі табыстарын көрсету үшін қолданылады. Жарыс оқушының іс-әрекетіне жаңа серпін, жаңа өріс беріп, өзіне талап қоюына мүмкіндік туғызады. 
5. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері. 
Тәрбие әдістерінің ықпалын, оның сапасын және нәтижесін анықтау және талдау үшін мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, адамның өзін-өзі бақылауы және өзіне-өзі баға беру әдістері қолданады. 
Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері тобындағы әдістің бірі -тәрбиелейтін жағдаят туғызу әдісі. Тұтас педагогикалық процесте жеке адам ең алдымен әр түрлі әрекеттер барысында қалыптасып дамиды. Сондықтан баланың өмірін, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын ұйымдастыру ісі белгілі міндетті шешуге барынша жауап беретіндей ұйымдастырылуы керек. 
Балаға өмірде әр түрлі жағдаяттарды шешуге тура келеді. Зерттеулер бұл жағдайда баланың дайындығы жеткіліксіз екендігін дәлелдеді. Автобуста отырғанда жаныңа келген қарт кісіге орын бересің бе? Ескертуді естімеген боласың ба? - деген мұғалімнің сұрағына оқушы өзінің көзқарасына, мінез-құлқына сүйеніп жауап беруі жаңа талаптарға сай іс-әрекеттері мен қарым-қатынасын өзгертеді. 
Тәрбие жұмысының нәтижелерін оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін, өзін-өзі тәрбиелеуін педагогикалық бақылау жүргізу арқылы білуге болады. Педагогикалық бақылау әдісі тәрбиелілікті анықтауға арналған. Ауызша және жазбаша сауалнама, тестілер, тәрбиелік мақсат көзделген шығармалар, оқушыларды өзін-өзі сендіруге үйрету, оқушылардың барлық іс-әрекетіне талдау жасау қорытынды шығару әдістері - баланың өзіндік педагогикалық психологиялық ерекшеліктерін тану-дамыту мақсатында кеңінен қолданылуда. 
Тәрбие әдістерін дұрыс таңдау және оларды тиімді пайдалану 
Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық жағдаяттарға тәуелді. 
Тәрбие әдістеріне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар: 
• оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеп, оқу-тәрбие процесін бала дамуының заңдылықтарына сүйеніп ұйымдастыру. 
• тәрбие процесінің үздіксіз, әрі кешенді ерекшелігін ескеру. 
• педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы. 
Тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады, олардың бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етіп, балалардың білімін, іскерлігі мен дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады. Әдістермен бірге мұғалім тәрбиенің тәсілдерін және құралдарын қолданады. 
 
Әдебиеттер: 
1. Р.Қоянбаев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1991. 
2. А.О.Пинт. Ата-аналар сіздер үшін. - Алматы, 1990. 
3. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. -Алматы, 1994. 
4.  Қ.Жарыңбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. -Алматы, 1995. 
5. Қ.Жарыңбаев, Ж.Базарбаевт.б. Инабат. - Алматы, 1995. 
6. С.Қалиев, т.б. Қазақтың салт-дәстүрлері. - Алматы, 1994. 
7. Наурыз. Жаңарған салт-дәстүрлер. - Алматы, 1991.


Информация о работе Тәрбие принциптерінің ерекшеліктері мен тәрбие гуманизациясы