Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 13:06, доклад
Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың-философия, социология, психология, педагогика ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.
Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді.
www.testent.ru
ТҰЛҒА - ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІСІ ЖӘНЕ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Тұлға ұғымының мәні мен түсінігі
Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың-философия, социология, психология, педагогика ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.
Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді.
Осы аталған және басқа да ғылымдардың ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, әлеуметтану ғылымы тұлғаны әлеуметтік өмірге белсеңді түрде араласатын, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде қарастырады. Тұлға - әлеуметтанудың өзекті проблемаларының бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас топтың, қоғамның өмірін түсінуге болады.
Әлеуметтану тұлғаның қоғам өмірінің барлық дерлік салаларындағы қызметін (отбасы, экология, саясат, құқық, білім беру мен тәрбие, мәдениет) өзінің зерттеу пәніне жатқызады.
Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
«Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.
Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Менің өмір сүруім, сенің өмір сүруіңді және басқалардың өмір сүруін қажет етеді және керісінше де солай.
Индивид – жеке-дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет – ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата-анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Бұл жағынан ол жануар, хайуанаттардың кез келгенінен әлсіз екені белгілі. Мысалы, жұмыртқадан шыққан құс балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқолық көмегінсіз адам баласы өсіп жетіле алмаған болар еді.
Мысалы, кездеймоқ бір жағдайлармен кішкентай адам балаларын аңдардың алып кетіп, жылдар бойы өз орталарында тірі қалдырып қойған фактілерінтарихтан жақсы білеміз. Қырыққа жақын мәлім болған жағдайлардың барлылығында да балалар адам қалпынан айырылып қалған. Төрт аяқтап еңбектеп жүріп, өзін асырап өсірген жануарлардың барлық қимылдарына еліктеуден басқа ешбір қабілеттері болмаған. Кейбір олардың қолға түскендерін адам қалпына келтіріп, сөйлеуді, екі аяқпен жүруді үйретуге тырысқан талай белгілі маман ғалымдардың әрекеттері нәтиже бермеген.
Демек, адамның адамдық
қасиеттерін қалыптастыратын
Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі - өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау тәсілін, ол үшін еңбек құралдарын, оның ең қарапайым түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілетінде болды. Тек еңбек процесінде адамдар бір-бірімен қатынас, байланыс жасауды, ойларын сөз арқылы жеткізуді үйренеді. Бара-бара адам еңбегі материалдық және рухани мәдениет жүйесінің субъектісі, яғни жасаушысы болып шықты. Қоғамдық қатынастар адамның өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді (тамақ, киім, баспана) өндіру қажеттілігінен туады.
Осыларды еске ала отырып, адам дегеніміз, еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасауға толық қабілеті бар тіршілік иесі деп анықтама беруге болады.
Бұдан адам мәнінің тек қоғамдық-әлеуметтік жағы шамадан тыс үлкейтіліп, оның биологиялық, психологиялық жақтарының маңызы төмендетіліп, жоққа шығарылып отыр деген пікір тумауы тиіс. Анығында адамның өлшемі (кейбір уақытта құрылымы деп те айтады) үш түрлі болады: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Бологиялық өлшем – бұл адам организмінің түр бейнесі мен құрылымының (морфологиясын), басқаша айтқанда, органимзнің құрылысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.
Психологиялық өлшем – адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы және санадан тыс құбылыстар мен процестер, (сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек көру, не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш, не наразылық, ойлау) адамның еркі мен сипатын (бейнесін) темпераментін, т.б. қамтиды.
Осыған орай жеке-жеке алып қарағанда бұл екі өлшемнің әрқайсысы адам ұғымын тұтас тұлға ретінде ашып бере алмайды, өйткені биология мен психология адамдарды жеке-дара зерттеп, оларды тұлға ретінде көрсете алмайды.
Әлеуметтік өлшем – адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан-жақты осылай қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс-әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс, қатынаста болады. Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады.
Әлеуметтану тұлғаның идеалды типін, яғни оның қоғамның идеясына сәйкес келетін немесе идеалды емес, яғни қоғамға сәйкес келмейтін типін, оның идеалды типтен қандай ерекшілігі, айырмашылығы барын зерттейді. Әлеуметтануда тұлға негізгі екі тұрғыдан қарастырылады:
а) Тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіне араласып, мұның бар жақсылықтарын бойына сіңіріп, тұлға ретінде қалыптасуын;
ә) Әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде тұлғаны қарастырады.
Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі. Ол тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет:
Биологиялық, генетикалық дамудың алғы шарттары.
Әлеуметтік ортаның болуы қажет, өйткені онда мәдени орта болады, онымен жас сәби бала әр уақытта байланыста, қатынаста болуы қажет. Онсыз, яғни әлеуметтік ортасыз сәби бала жан-жақты дами алмайды.
Әрбір тұлғаның белгілі бір деңгейде іштей санасы, қасиеті болады. Осылардың жиынтығы тұғаның құрылымын қалыптастырады.
Тұлға туралы ұғым
Жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен,
«тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола
алмайды. өйткені кісі болып ер жету үшін
бала оңы мен солын, өзінің «менің» басқа
«мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата
білуі тиіс.
Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері. Қызығу,
дүинетану, сенім, мұрат. Адам қоғамнан
тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасытек
айналасындағылармен қарым-қатынас жасау
процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық
тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие
болады. Адам санасының дамуы қоғамның
дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам
өмірінің болуы мүмкін емес.
Тұлға түсінігі. Адамға қатысты басқа
категория (индивид, даралық, субьект,
жеке даралық). Тұлғаның ғылыми – психологиялық
бағытының тұлғаны танудағы философия,
дін, өнерден айырмашылық ерекшеліктері.
Тұлға туралы түсінік. Тұлғаның негізгі
көрсеткіштері: белсенділік, саналылық,
дербестік, жеке даралық. Тұлға - єлеуметтік
индивид. Тұлға – қоғамдық жүріс-тұрыстың,
өмірлік жолдың субъектісі. Тұлға писхикалық
құбылыстардң интеграторы.
Тұлғадағы жеке даралық және әлеуметтік
– типтің арақатынасы. Базалық тұлға түсінігі.
Тұлға типологиясы (А.Ф. Лазурский, Э. Шпрангер,
К.Г. Юнг).
Тұлға дифференциалды, жас ерекшелік,
єлеуметтік, медициналық, педагогикалық,
спорт психологиясы.
Психологиядағы тұлғаны зерттеу єдістері.
Тұлғаны ғылыми зерттеу еркекшеліктері,
психологтың этикасы жєне танымның объективтілігі.
Табиғи эксперимент, бақылау, өзін-өзі
бақылау, проективті және биографиялық
әдістер тұлғаны зерттеуде маңыздырақ
болып табылады. Тұлға психологиясындағы
қалыптастырушы эксперименттің мүмкіндіктері.
Тұлға құрылымы жайлы түсінік. Тұлға құрылымының
негізгі блоктары. Тұлғаның әлеуметтік
мєртебесі, әлеуметтік қызмет- рөлдері,
єлеуметтік жүріс-тұрыс, мотивтер, бағыттылық,
мінезі. Тұлға қ±рылымындағы интеллект
жєне қабілеттілік.
Қасиеттер женке адам қ±рылымын талдау
элементі ретінде. Т±лға құрылымындағы
факторлық бағыт (Р. Кэттел, Н. Айзенк, Дж.
Гильфорд). Тұлғалық конструкт – тұлға
құрылымының элементі болып табылады.
Тұлға құрылымындагы когнитивті бағыттағы
жалпы сипаттама (Г. Келли, Ф. Франселла,
Д. Баннистер).
З. Фрейд, К.Г. Юнг, А. Адлер психоаналтикалық
теорияларындағы тұлға құрылымының көрінісі.
Қатынас тұлға құрылымының элемиенті
ретінде. А.Ф. Лазурский концепциясындағы
тұлға құрылымы. В.И. Мясищев, Б.Г. Ананьев,
С.Л. Рубинштейн концепцияларындағы жеке
адам құрылымы. Оның іс-єрекет құрылымынан
жєне мотивтерінен өндірілуі. Тұлға құрылымндағы
мағыналық қалыптасу.
Даралық мєселесі (Б.Г. Ананьев). Даралық
тұлға бірлігі, оның өзіндік реттелу деңгейлері.
Даралық іс-әрекеттің әр түрлі түрлерінде
творчество субъектісі ретінде. Тұлғалық
– жеке даралықтың ішкі әлемі туралы түсінік.
В.С. Мерлин интегралды жеке даралық туралы.
Теплов – В.Д. Небылицын мектептеріндегі
даралықтың психофизиологиялық негіздері.
Темперамент – психикалық іс-әрекет пен
мінез-құлықтың формальды – динамикалық
қасиеттері. Темпераменттің мінез-құлықты
реттеудегі рµлі. Темперамент жєне мінез
жайлы В.С. Мерлин мектебіндегі зерттеулер.
Мінез – тұлғадағы әлеуметтік – типтік
жєне жеке даралық ерекшеліктің бірлігі.
Мінез-құрылымы. Коммуникативті, рефлексивті,
эмоционалды, ерікті, мінездік, интеллектуалды
қасиеттері.
әлеуметтік мінез-құлық туралы түсінік
тұлғаның белсенділігі, оның адамдарға,
еңбекке, қоғамға, әлемге қатынасын формасы
ретінде кµрінеді. Қылық – тұлғаның әлеуметтік
мінез-құлқының бірлігі.
Әлеуметтік мінез-құлықтың сыртқы (жағдайаттық
пен орта) және ішкі (өзіндік жекелік) детерминациялары.
К.Левин бойынша психологиялық өрісте
тепе-тең әрекеттеуші күш ретінде. Тұлғаның
мінез-құлқын реттеудегі әлеуметтік норма,
әлеуметтік бағдар, саналы қатынас. Тұлғаның
өмірлік мақсаты – жоспары, бағдарламалары
және стратегиялары. Тұлға белсенділігінің
психологиясы. Тұлғаның жауапкершілігі
жєне инициативасы (К.А. Абульхпнова, А.В.
Брушлинский, С.В. Рубинштейн).
Информация о работе Тұлға - әлеуметтік қатынастардың субъектісі және объектісі ретінде