Шет ел педагогикасындағы ынтымақтастық

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 09:36, реферат

Краткое описание

Ынтымақтастың - бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-әрекет. Оған керекті жағдайлар:
- мақсаттың бір екенін анық сезіну;
- ынтымақтасушы жақтардың қызметін дәл белгілеу;
- мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушылардың, т.б. педагогикалық процеске қатысушылардың бір-біріне көмек беруі.

Файлы: 1 файл

ынт пед шет ел пед.docx

— 17.98 Кб (Скачать)

Шет ел педагогикасындағы  ынтымақтастық –  педагогикалық идеялардың негізгі бағыттары

Ынтымақтастың - бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен  іс-әрекет. Оған керекті  жағдайлар:

- мақсаттың  бір екенін анық  сезіну;

- ынтымақтасушы  жақтардың қызметін дәл белгілеу;

- мақсатқа  жету үшін мұғалім  мен оқушылардың,  т.б. педагогикалық  процеске қатысушылардың  бір-біріне көмек беруі.

Ынтымақтастық педагогикасының  пайда болуына  себеп болған оқушылардың  білім деңгейінің төмендігі, кеңес  педагогикасының  баланың еркін  және жан-жақты дамуын тежеп, талантын басуы.

Ынтымақтастың педагогикасы баланың  психикасының саулығын сақтап, күштеп оқытуға, формализмге қарсы  шығып, баланы оқуға  ынталандырып, табысқа  деген сенімін  нығайтып, жазалаудың ауыр түрлерін мүлдем қолданбайды, адамгершілік пен ынтымақтың бала өмірінде үлкен маңызы бар екенін жете түсінеді.

Жаңашыл мұғалімдер өз мектептерінде 25 жыл бойы идеяларын  сынақтан өткізіп, ескі әдіспен жастарды оқытуға болмайтындығын дәлелдеп, мұғалімдерге жақсы жұмыс істеу  жолдарын көрсетті. Олар:

- балалар  мен мұғалімдер, ата-аналар  арасындағы ынтымақ;  ұжым мүшелерінің  шығармашылық жұмысы;

- оқушыға  атқарушылық және  шығармашылық қабілетін  •(дамытатын жұмыстар  беру;

- баланы  өзін-өзі және  ұжымды талдауға  үйрету; тұлғалық  дамуы;

- тірек  идеясы;

- жаңарту  идеясы;

- озу  идеясы;

- жаңа  мектеп;

- тұлғаны  дамыту идеясы.

Кеңес мектебі білім  беруге баса назар  аударып, іскерлікке аз көңіл бөліп, оқыту  мен тәрбиенің  негізгі мақсаты  оқушыларды дамыту екендігін  ұмытып отырған. Ынтымақтастық  педагогикасы ақыл-ойды, т.б дамытады.

В.Шаталов  үйге тапсырма бермейді, оқушылар оған бөлінген уақытты өздері үшін пайдаланып, тапсырманы тынығып алған  соң орындайды.

И.Волков үй тапсырмаларын  оқушыларға таңдатады. Ш.Амонашвилидің  тәрбиеленушілері үй жұмысын өз қалауымен  алады.

Озат  мұғалімдер баланы құрметтеу  идеясын іске асырып, бейімділікке қарай  жұмыс беріп, оқушының жеке мүмкіндіктерін дамытып, сабақта  да қабілетіне қарай  жеке тапсырмалар  беріп, қарапайым  оқыту тәсілдерін қолданып, оқушыларға сабақ бергізіп, олардың  шамалы болса да табысын, шығармашылығын мадақтайды.

  Ойын - демократ тұлғаны қалыптастыратын құрал.

Мектеп  және қоғамдың қатынас. Мектеп ұжымы қоғаммен тығыз байланыста болу керек. Өнімді еңбек - тәрбиенің тамаша құралы.

Шалва Александрович Амонашвили

Жаңашыл педагогтің қызметі: профессор, психология ғылымдарының докторы, академик.

Негізгі идеялары және педагогикалық  ұрындары: ынтымақтастық  педагогикасы, жеке тұлғаны демократияландыру. Ш.А.Амонашвили 6 жасар  балаға тәрбие және білім берудің  мазмұнын, принциптерін, тиімді әдістерін  ғылыми негіздеп, оны  мектеп тәжірибесі арқылы дәлелдеді. Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты тәрбиелеуде  гуманитарландыру идеясын  жүзеге асырды. Ұраны: "Тәрбие процесінің барлық салаларында  әр баланың жеке басына құрметпен қарау". Шалва Александрович  мектеп есігін жаңа ашқан, әлі буыны  бекіп үлгермеген 6 жастағы балалардың тауын жығып, талабын  қайтармас үшін оларға баға қоймайды. Балалардың еңбегін олардың  тындырған істерінің  нақты нәтижелерімен  бағалайды. Оның оқушыларының дәптерден жасаған  қолжазба кітаптары  бар. Оған балалар  өздерінің алғашқы  әңгімелерін жазады, өздерінің салған суреттерін папкаларға жинайды. Балалар  табыстарын ата-анасына  көрсетіп, мақтанып, оны мектептегі көрмеге  қойып, ұжымның рухын  көтеріп, оқушыларға күнделікті оқу, білім, өздігінен іздену жолдарын түсіндіреді.

Мысалы: В.Амонашвили мәтіннің қатесін тапқызу  әдісін қолданады, өзі  қате жіберіп балаларға  түзеттіреді. Диктанттың бағасын асырып, не кемітіп қою, оқушылардың  өздеріне баға қойғызу  тәсілдерін қолданады. Амонашвили балалардан өз сабағының ұнаған, ұнамағанын, жақсы  етіп қалай өткізуге болатынын сұрап, олардың сұрауымен  сабақ береді.

"Қайырымды  адам қандай болады?" "Сыпайы  кісі қандай?" "Біз  нені оқимыз?", "Қандай  өлең жақсы?" деген  тақырыпта пікірталастар  өткізеді. Суретке  қарап әңгіме жазу, оқушыларға математикалық  есептер құрастыртып,  оны басқаларына  шығарту, қиын  және оңай есептерді  оқушылар өздері  таңдау тәсілдері  қолданылады.

Амонашвили  сабақта балалармен ақылдасып жұмыс  жасап, олардан көмек  күткен сыңай танытады, "бір  тақырыпты түсіне алмай жүргенін" айтып, әрбір оқушының сөзін тыңдап, оларға сұрақ беріп, қателескен болады, балалардың сұрақтарына бірден жауап бермей, білмейтінін, үйден оқып келетінін  айтады.

Балаларға жаттығулар құрастыртады, оған өзінің уақытының  жетпейтіндігін айтады. Жаттығулар түзетіліп  басқа оқушыларға беріледі, құрастырушыларға алғыстар айтылады. Үй жұмысын алғысы келетіндер ғана алады.

Әр балаға толық, жан-жақты  мінездеме жазып, оны ата-анасына  береді.

В.Ф. Шаталов

В.Ф.Шаталов (1929 жылы туған) – украин педагогы. В.Ф.Шаталов  тәжірибесінің бірінші  ерекшелігі - оқу  процесін оқушылардың  іс-әрекетін, танымдық жұмыстарын кезеңдерге, бөліп, мұғалімнің қатаң  түрде басқаруы. Шаталов 1-кезеңде  тақырыпты жан-жақты  түсіндіріп, 2-кезеңде  тірек плакаттарын  қолданып, қысқаша  түсіндіріп, 3-кезеңде  оқушыларға тірек  сигналдары (тірек  плакаттарының кішірейтілген  түрі) беріліп, оларды балалар өз альбомдарына желімдеп, 4-кезеңде  оқушылар оқулықпен  және тірек сигналдарымен  үйде жұмыс істейді. 5-кезеңде  сабақ үстінде  тірек сигналдарын  естеріне түсіріп, дәптертеріне жазып, 6-кезеңде оқушылар мұғалімге тақырып  бойынша ауызша жауаптар береді. Сонымен теориялық  материалмен жұмыс 6 кезеңнен тұрды. Шаталов  тәжірибесінің екінші ерекшелігі – бағдарлама нық бір-бірімен  байланысты немесе қарама-қарсы  тақырыптарын біріктіріп оқыту.

С.Н. Лысенкова

С.Н.Лысенкова  – Ресей педагогы. Әдістемесінің негізі – бастауыш сыныптардағы оқу процесінде тірек  сигналдарды пайдалану, оқу материалы  туралы оқушыда тұтас  түсінік қалыптастырып, "оза  оқытып, перспективалы  жұмыс жасау". Лысенкова  оқушылардың өз бетімен  жұмыс жасауына, олардың  сабаққа барысында  көп сөйлеуіне, өздерін-өздері оқытуына көп көңіл  бөліп "кері байланыс" – деп атайды. Жалпы С.Н.Лысенкова  балаларға ауызша тапсырмаларды аз орындатып, бүкіл  сынып қатысатын  жазбаша тапсырмаларға  ерекше ден қояды. Ол оқушылардың сыныбы ілгерілеген сайын  көп пікірталастар  өткізгенді дұрыс  деп санайды.

Оқушылар  ұйымындағы тәрбие мәселелерінің  маңызы мен әлеуметтік мәніне Луначарский  А.В, Крупская Н.К, Макаренко  А.С, Сухомлинский В.А, Блонский П.П, Лебединский  В.В, Бабанский Ю.К, Болдырев Н.И т.б  тоқталып өткен.

А.Луначарский: “...адамды тәрбиелеу, әсіресе бүгінгі  қоғамдағы нағыз  ұйымшыл тұлғаны  тәрбиелеу, оның өмірін жеке қызығушылығынан  гөрі, қоғамдық пайдалы  еңбек етуге деген  парасатты көзқарасының қалыптасуына арналуы  керек. Отбасы мен  қоғамдық орта негізгі  әрекетін бала тәрбиесіне ден қоюды мақсұт тұтса, онда аталмыш  тәлімдік үрдісті  қоғамның әлеуметтік тәлім-тәрбие жетістігі  деп танимыз..”,-деп  бала тәрбиесіндегі  өзекті мәселелердің бірі – жас ұрпақтың бойына ұжымшылдық қасиеттерді  барынша сіңіру қажеттігін атап көрсетеді.

Өз ойын сабақтай келе, А.С.Макаренко  өз сөзінде: “.. менің  ойымша біздің негізгі  педагогикалық мақсатымыз – жеке адамды ғана тәрбиелеу емес, сонымен  бірге адамдар  ұйымын тәрбиелеу  болмақ. Бұл - әрекетіміз ең ұтымды тәлім-тәрбиелік  бағыт болмақ...”,- дей келе, мектептегі немесе белгілі бір  білім-тәрбие ордаларындағы  тәрбие жұмысының  негізгі арқауы, тек  қана жеке адам тәрбиелеу  мәселесімен ғана шектеліп қалмай, әр адамның жан-жақты  дамуына зор ықпал  ететін ұжымдық тәлім-тәрбие дәстүрлерін кеңінен  пайдаланған жөн  деп санайды. Макаренконың ойынша оқушылар ұйымы  арқылы түрлі іс-шараларды  ұйымдастыру –  тәрбие жұмысының  жетекші құралы болу керек. Оның ғылыми мазмұнын ашуда педагог-ғалым  төмендегідей педагогикалық  шарттарды басшылыққа алған:

Оқушылар  ұйымы және оның қалыптасу  кезеңдері.

Ұйымның жалпы іс-әрекеттері және әрекет барысында  қалыптасқан ұжымдық  дәстүрлер.

Ұжымдық дәстүр және тәрбие жұмыстарын жоспарлау  мен ұйымдастыру.

Мектептегі  педагогикалық қауым  мен оқушылар ұйымдары арасындағы қарым-қатынас.

Ұжым  іс-шараларының ұйымдастырылу  тәртібі.

Ұжымдық әрекет пен қоғамдық тәртіп. Өзін-өзі  басқару жүйесі

Ұйым  және қоғамдық орта

Ұжым  ішіндегі жеке тұлға  тәрбиелеу мәселелері

Ұжым  ішіндегі микротоптар  және оның көсемдері (лидерлері).

Ұйымдық дәстүрлердің сақталуы мен салтанатты жалғасуы.

В.А.Сухомлинский ұйымдық тәрбиенің  маңыздылығын атай келе, оқушылар мен ұстаздар қарым-қатынасын  шынайы үйлестірудің гуманистік бағытын  ұстанады. Оның: “.. мен  әр баланың өз ұжымына  қолынан келгенше жақсылық жасауына, оның шынайы сезімінің  қалыптасып, өз досына және ұжымдастарына  деген мақтаныш сезімінің  оянуына, көпшілікпен  тығыз қарым-қатынас  жасау барысында, адам бойындағы ізгі қасиеттерді тануға мүмкіндік туғызуға жағдай жасау керек деп санаймын және “... Осындай достық пен ізгі қарым-қатынас, әр адамның ішкі рухани дүниесін терең тануға арналған шынайы сезімдермен ұштасқан ұжымдық ортақ жетістіктердің – қоғамдық рөлі мен салмағы зор болмақ ..” ,- деген пiкiрi арқылы әрбiр ұйым мүшесiнiң бойындағы барлық қасиеттердi ұстаз-тәлiмгерлердiң ерекше дамуына жағдай туғызатын тәлiм-тәрбиелiк iс-шараларды өткiзуге кеңес бередi. В.Сухомлинский негізінен өз еңбегін мектеп ұжымын (коллективін) қалыптастыру қажеттігінен бастайды. Ондағы айтпағы – мектептегі оқушылар мен педагог-ұстаздар ұйымының ынтымақтастығы екені анық. Ол тәрбие жұмыстарын балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ұйымдастыру идеясын және А.С.Макаренконың балалар коллективінің (ұжымының) қалыптасу кезеңдері (сатысы) туралы педагогикалық тұжырымдарын тілге тиек етеді.


Информация о работе Шет ел педагогикасындағы ынтымақтастық