Педагогикалық технология туралы түсінік және дамыта оқыту технологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 17:45, реферат

Краткое описание

Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.

Файлы: 1 файл

реферат1.docx

— 35.70 Кб (Скачать)

Баланың дамуы бірінші  аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын  аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.

И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы  деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық  іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі  де жоғары болады.

Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе  білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу.   В.В.Давыдов ақыл-ойдың  дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.

Тұтас алғанда барлық авторлардың  даму туралы ойлары оқыту барысында  баланың психикасының жаңа сапалық  деңгейге көтерілуі дегенге келіп  саяды және оның басты шарты ретінде  әрекет алынады.

Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі  факторы олардың білімі мен дағдыларының  дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау менпрактикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

Дамыта  оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге  жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл  жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың  интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін ( Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының  психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты  талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент  жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.

Кейінгі жылдары дамыта оқыту  психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің  авторлары « дамыта оқыту деп  – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері  баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген  оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың  психикасында жаңа құрылымдар пайда  болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің  басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше  ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін  балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі  өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.

Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының  негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр  деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту  балада білім, білік, дағды алуға  қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю  керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.

Дамыта оқытуда баланың  ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі  білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан  барып оның білім алуға деген  ынта-ықыласы артады, білім алуға  әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден  тұратын болады.

1.     Оқу мақсаттарының  қойылуы.

2.     Оны шешудің  жолын бірлесе қарастыру.

3.     Шешімнің  дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин – В.В.Давыдов жасаған  жүйесінің негізгі компоненттері.

Оқушы алдына оқу мақсаттарын  қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын  жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім  сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім табылған кезде  әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен  бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Дамыта оқыту жүйесінде  оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.

Біріншіден – дамыта оқытуда  білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол  жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс  кезеңінде жаңа ақпарат жайлы  не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары  оянады, ішкі түрткілері пайда болады.

 Екіншіден – дамыта  оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы  мәселелерді шеше отырып өзінің  санасының саңылауларын ашады.  Әр оқушының өзінің деңгейіне  дейін дамуға қол жеткізе алады.  «Жақсы оқушы”, «Жаман оқушы”  ұғымының болмауы, балаларды танымдық  әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын  арттырады.

Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал  – ол өзінің әрекеті. Сол себепті  дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына  қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды  шешу мақсатын қояды.

Төртіншіден – дамыта оқыту  жүйесінің нәтижелі болуы оқушы  мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы  – «орындаушы”, «мұғалімнің тасасындағы” объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен  қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы

Дамыта оқыту технологиясының  нәтижелері:

1.  түрлі әдістерді  пайдалану сабақтың нақты мәнін  терең ашуға көмектеседі;

2.     оқушылардың  барлығын сабаққа қатыстыруға  мүмкіндік туады;

3.     олардың әрқайсысының  деңгейін анықтауға болады;

4.     оқушылардың  көбін бағалауға мүмкіндік бар;

5.     оқушыларды  ізденіске баулып, өз бетімен  жұмыс істеуге үйретеді;

6. оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;

7.   жеке тұлғалық  сипатын дамытуға, шығармашылығын  шыңдауға, өзіне деген кәсіби  сенімін қалыптастырады

Жалпы «дамыту», «даму» терминдеріне баланың белгілі мөлшерден шығып, саналы іс – әрекет сатыға ауысуы деп  анықтама беріледі. Дамыта оқыту технологиясын  көрнекті ғалымдар Л:С Выготский, М.Я. Лернер, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Д.Б  Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген.

В.В. Давыдов «Дамыта оқыту  дегеніміз – ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы» – дейді. Дамыта оқытуда  баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда  ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге  дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім  алуға деген ынтасы артып, білім  алуда әрекет жасайды.

Дамыта оқыту белгілері:

1.   Педагогикадағы  түсіндірмелі-иллюстративті әдісі  алмастырады. Бұл әдіс тұлға  дамуымен тығыз байланыста.

2.  Дамытудың барлық  заңдылықтарын ескереді, жеке бастың  өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне  сәйкестендіріледі.

3.    Балаға іс  – әрекеттің толыққанды субъектісі  болып табылады.

4.  Балаға қоршаған  ортамен өзара қатынасқа түсетін  дербес субъект рөлі беріледі.

5.    Тұлғаның барлық  қасиетін тұтас дамытуға негізделген.

6.    Баланың жақын  даму аймағында жүзеге асады.

Дамыта оқыту оқушылардың  ізденгіштік-зерттеушілік іс-әрекетіне  тән. Оған тән сипаттар:

- оқушының алдына ізденуді  жүзеге асыру қажеттілігін тудыру  керек,

- іс-әрекеттің бастапқы  кезеңі – оқушылардың алдына  олардың әрекет жағдайын жаңаша  талдап, оны жаңаша түсінуді талап  ететін оқу міндеттерін қою,

- осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әркетін ұйымдастыру,  мұнда үлгі көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды  іздену іс-әрекетіне таратуы қажет  ол үшін екі шартты орындау  керек.

1) Мұғалім өзара ізденуге  басқарушы болмай, шын мәнінде  қатынасушы болу керек.

2) Ол оқушылар жүргізіліп  жатқан ізденуді шын мәнінде  жүзеге асыру керек, оларға  дұрыс шешім көрсету керек.

3) Оқу міндеті шешілгеннен  кейін мұғалім табылған шешімнің  бағасын ұйымдастырып оның басқа  міндеттрді шешу үшін қаншалықта  пайдалануға болатынын түсіндіреді

Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:

Оқу материалдарын оқушыға  дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс – әрекетті ұйымдастыра  отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс-тәжірибесінде  қалай қолданады?

1) Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту.

2) Оқу барысында баланың  бойындағы дамытуды қалыптастыруды  дағдыға айналдыру.

3)   Оқу мен тілдің  арасындағы байланыстылыққа аса  көңіл бөлу.

4) Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.

5)   Оқушының сезіміне  әсер етіп, логикалық ойын дамыту.

6)   Жалпы оқушының  жан дүниесін дамыту.

Қорыта келгенде, дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1. Ж.Қобдикова. Орта мектепте  білім алуды технологияландыру. - Алматы, 2002.

2. Педагогикалық технология  ұғымының мәні мен әдіснамалық  сипаттамасы. //Бастауыш мектеп. 1999. - №8,9.

3. Педагогика. Педагогические  теории, системы, технологии. Под  ред. С.А.Смирнова. 3-е изд. - М.: Академия, 1999.

4. Хуторской А.В. Современная дидактика. - Спб: Питер, 2001.

5. Педагогика. - Алматы, 2003.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Педагогикалық технология туралы түсінік және дамыта оқыту технологиясы