Педагогикалық этика

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 09:14, реферат

Краткое описание

Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастырумен көкейкесті мәселе болып отыр. Біздің ең басты мақсатымыз сапалы білім, саналы тәрбие беру. Мұғалім өзіне жүктелген осы абыройлы міндетті жүзеге асыру жолында қолданатын қарым-қатынас, амал-тәсіл, әдістер құрамынан этика елеулі орын алады.

Файлы: 1 файл

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭТИКА.docx

— 27.88 Кб (Скачать)

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭТИКА

 

10.06.2011 Просмотров: 21 Комментариев: 0

 

Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастырумен көкейкесті мәселе болып отыр. Біздің ең басты мақсатымыз сапалы білім, саналы тәрбие беру. Мұғалім өзіне жүктелген осы абыройлы міндетті жүзеге асыру жолында қолданатын қарым-қатынас, амал-тәсіл, әдістер құрамынан этика елеулі орын алады.

 

ЭТИКА- әдеп мәдениетін теориялық тұрғыдан сараптайтын философиялық ұғым. Педагогикалық әдеп этика ғылымының бөлігі болып табылады. Педагогикалық әдеп – мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу деген анықтама беруге болады. Оны оқушылардың сыртынан бақылау жүргізу деп те атауға болады, өйткені педагогикалық әдептің өзі, К.Д.Ушинскийдің айтқанындай, - түптеп келген психологиялық әдеп.

Педагогикалық әдепке анықтама беру үш түрлі көзқарасқа негізделеді.

оқушылармен қарым-қатынасқа жалпы адамзаттың әдептілігін сіңіру;

мұғалімнің жеке басының психологиялық ерекшелігі;

мұғалім шеберлігінің бір бөлігі;

Осы анықтаманың біріншісі яғни мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, педагогикалық этика жайлы айта кетсек;

Ұстаз этикасы – мұғалім мен бала, ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас. Педагогикалық этика – ұжым ішінде, мұғалім-

дер арасында басталып, өзінің заңды жал-ғасын сыныптарда табуы тиіс.

Педагогикалық әдепке әрбір нақты жағдайда оқушыларға әсер етудің тиімді құралы педагогикалық тактика деп аталады. Барлық жағдайда, барлық педагогтар қолдана алатын нұсқаулар:

Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу. (оқушының сөзбен де, көзбен де оның қадір-қасиетін қорламау, керісінше оларды сүйемелдеу, көтермелеу, дамыту);

Ықпал жасау шамасы. (ол шамалап кінәлайды, шамалап мақтайды; Кейісті тоқтатады, әзілді тежейді, әр сөзді қашан айтады дөп басып біледі).

Шешімге келу. ( Ең жақсы шешім – байсалды шешім; Ашу –нашар кеңесші).

Көңіл қалдырмау. (көңіл қалдыру  мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық кедергі).

Оқушымен жеке әңгімелесу кезіндегі мінез-құлық. (оқушымен жеке сөйлесу– мұғалім шеберлігінің көрсеткіші, ондай әңгімеге сабақтан кем дайындалмау керек)

Оралымды жолдар. (әдепті мұғалім талап қойғыш, бірақ қазымыр болмайды).

Білімді бағалау. (жақсы баға –обьективті (оқушылар сөзімен айтқанда-әділ) баға.

Көңіл-күйі. (Егер көңіл күйіңіз нашар болса, оны табалдырықтан тыс қалдырыңыз. Оқушылар алдында мұғалім қалай болғанда да тек қана жайдары, қайратты және көңілі көтеріңкі болуы тиіс. Педагогтық кәсіп сыры осында.)

Әзіл. Тапқыр сөз. (өзі әзілді сүйетін, тапқыр сөзді мұғаліммен оқушылар ықыласты араласады, тіпті оның қателіктерін де кешіреді).

Педагогтық тактика. (Сөз  тіркесін сан құбылтып айтатын алуан түрлі дауыс ырғағы, күлімсіреу, әсерлі көзқарас, ым қимылдардың жинақталған шоғыры, тұрақты сөз нұсқаларының, мәтелдердің айтарлықтай қоры, сондай-ақ, бірқатар артистік қимыл қозғалыс-

тар және шешендік тәсілдердің қоры болуы тиіс).

Педагогикалық бірінші принцип: дұрыс амандасу. Сәлем сөздің анасы-деп бекер айтылмаса керек, кім болса да ең алдымен амандасу, ол адамның көрегенділігін, білімділігін, мәдениеттілігін көрсетеді.

Шебер мұғалім үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде, достарының қасында, ұжымда болсын жағымды атмосфера тудыра біледі. Ал ең бастысы алдында отырған 30 баланы айтып жатқанына сендіре білу, көңіл күйін айтқызбай-ақ түсіну, дер кезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер мұғалім үшін аса маңызды дүние. Ондай болса тілдесу өнеріне келейік.

ҚАТЫНАС ЖАСАУ, ТІЛДЕСУ ӨНЕРІ:

Өз мінез-құлқын, сезімдерін басқара алу;

Бақылай, қадағалай алу;

Назарды басқа жаққа аудара алу;

Тәрбиеленушілердің ішкі жан дүниесін түсіне білу және оны ескере білу;

«жүзіне қарап оқи алу»;

Оқушылармен байланыс жасай алу;

Педагогикалық іс-әрекетте қарым-қатынас жасаудың барлық түрлерін қолдану керек (ақпарат алмасу; өзара әрекеттестікті ұйымдастыру; баланың тұлғалық қасиеттерін аша білу; оған ықпал ету және т.б.)

Педагогтың көңіл күйі – оның тәрбиелейтін зор күш-қуаты. Кімде – кім мұғалім көңілін бұзса, ол оқушыларымыздың тәрбиесіне зиянын тигізеді. Сондықтан өзіңіздің де, өз әріптестеріңіздің де көңіл күйіне абай болған жөн.

Педагогтың бойындағы  тәрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешенін – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА дейміз.

Педагогикалық техника:

Столдың артында тұрып сабақ түсіндіруге болмайды;

Отырып сабақ түсіндіруге мүлдем болмайды;

Қол айқастыруға мүлдем болмайды;

Әр оқушының көзіне қарап сабақ түсіндіру керек;

Дұрыс және мәнерлі сөйлеу икемдігі (сөйлеу мәдениеті, оның эмоционалдық мінездемесі);

Жест және мимика, пантомимиканы дұрыс қолдана білу;

Өзінің психикалық жағдайын-сезімдерін, көңіл-күйін басқара алу икемдігі;

Өзін-өзі сырттай көре алу икемдігі;

болуы тиіс және педагогикалық техниканы қатаң сақтау керек, сол кезде алдымызда отырған оқушылардың бәрі түсіндіріліп жатқан сабақты жақсы меңгеретіні сөзсіз.

Педагогикалық этиканың маңыздылығын сонау ғасырларда білген Аль Фараби - «Нағыз тәрбиеші ұстаз бойында он екі тума қасиет болу керек» деп, педагоикалық әдептің қыр-сырына тоқталып кеткен:

Өнер білімге құштар;

Мүшелері мүлдем мінсіз;

Жаратылысынан өзіне айтқанның бәрін жете түсінетін;

Өзі естіген, көрген, түсінген және аңғар-ған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын алғыр да аңғарымпаз;

Өткір сөз иесі және ойына түйгенінің бәрін анық бере алатын;

Тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұқбат құруға қанағатшыл;

Жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын;

Жаратылысынан игі істерге ынтызар;

Әділеттілігі мен әділеттілерді  сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін;

Жақындарына да, жат адамдарға да әділ, пасық адамдарға мүлдем рақымсыз,

Қорқыныш пен жасқану  дегенді білмейтін батыл, ержүрек;

Бойына туа біткен 12 қасиетке ие болатын, бұларды бір-бірімен сәтті ұштастыратын адам нағыз ұстаз;

Педагогикалық этика деген кең ауқымды мағына. ҰСТАЗ деген абыройлы атаққа лайықты болу үшін – мұғалім жан-жақты білімді болып қана қоймай, сондай-ақ әділ де әдепті, қарапайым да кішіпейіл, бауырмал да қайырымды, қысқасы, жоғары саналы азамат болуы тиіс деген сөз. Әрине, бұл әбден орынды, солай болуымыз абыройлы міндет.

Ұсынып отырған ұлттық тәлім-тәрбиеге болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастырудың теориялық моделі 1 суретте көрсетілген. Теориялық модельді жасап шығару үшін көптеген педагогикалық үдерісті жүргізу технологияларына арналған ғалым-педагогтардың еңбектеріне талдау жасалды. Зерттелетін даярлықты қалыптастыру моделінің әдістемелік жолдары, ұстанымдары, шарттары, даярлық компонентері ғылыми еңбектерге сүйене отырып, анықталды.

Болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығын қалыптастыру моделінің кез келген дидактикалық процесте болатын өзара байланысқан  құрамдас компоненттері бар. Оларды: мотивациялық, мазмұндық 

 

 

Сурет 1 – Болашақ ұстаздың ұлттық тәлім – тәрбие беруге деонтологиялық даярлығын қалыптастырудың теориялық  моделі

 

және технологиялық деп  айқындадық. Осы компоненттердің  өлшемдері мен көрсеткіштері  анықталып, 1 кестеде көрсетілген.

 

Кесте 1 – Болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығының өлшемдері мен көрсеткіштері

 

 

Өлшемдер

Көрсеткіштер

Мотивациялық компонент

Болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беру қажеттілігін түсінуі

* болашақ  ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие  беру міндеті туралы түсінігінің  болуы;

* болашақ ұстаздың өзінің кәсіби  мүмкіншілік туралы түсінігінің  болуы

* болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие  беру қажеттігін түсінуі

Ұлттық  сана сезімінің қалыптасып, жетілуі

* болашақ  ұстазда ұлттық тәлім-тәрбие беру  ерекшеліктері туралы түсінігінің  болуы;

* болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие  беруге қызығушылығының тууы;

* болашақ ұстаздың ұлттық-тәлім  тәрбие туралы саналы көзқарасының  қалыптасуы;

* болашақ ұстаздың ұлттық сана-сезімінің  қалыптасуы

*ұлтжандылық қасиеттің қалыптасуы

Болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие берудегі кәсіби парызын түсінуі

* ұстаздың  ұлттық тәлім-тәрбие беруге қызметінің  бағыттылығы;

* ұлттық тәлім-тәрбиедегі өзектілікті  сақтап қалуға ұмтылыс*

* кәсіби парыз туралы түсініктің  қалыптасуы

*студенттің ұлттық тәлім-тәрбие  беруге ішкі сенімінің болуы

Мазмұндық компонент

Болашақ ұстаздың деонтологиялық білімінің  болуы

*педагогикалық  деонтология негіздерін білу;

Болашақ ұстаздың этнопедагогиканың теориялық  негіздері мен халық педагогикасынан  білімінің болуы

* этнопедагогиканың  теориялық негіздерін білуі;

* халық педагогикасы негіздерін  білуі

Ұлттық  тәлім-тәрбие негіздерінен білімінің  болуы

* ұлттық тәлім-тәрбие негіздерін  білуі

* ұлттық тәлім-тәрбие берудің  міндетін, мақсатын, заңдылықтарын.  түрлерін білуі

Технологиялық компонент

Болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беруде педагогикалық іскерлігі  мен дағдылары

*ұлттық тәлім-тәрбие  мәселелері бойынша ақпараттарды  жинап, сараптай білу;

* ұлттық тәлім-тәрбие беруде  түрлі әдіснамаларды саралап,  танып-білу

Ұлттық  тәлім-тәрбие беруде болашақ ұстаздың жеке тұлғалық қабілеттері мен қасиеттерінің  болуы

* болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие  берудің заңдылықтарын, мақсатын, міндеттерін, әдістер мен құралдарын, іске асыру жолдарын білуі;

* ұлттық тәлім-тәрбие беру мәселелері  бойынша курстық, дипломдық жұмыстарды  орындай білу;

Ұлттық  тәлім-тәрбие беруге болашақ ұстаздың креативтілігі, өзін-өзі жігерлендіру қабілетінің болуы.

* ұлттық тәлім-тәрбие беруде  креативті технологияларды саралап,  қолдана білу икемділігінің болуы; 

*қарым-қатынастың психогигиенасының  негіздерін ұтымды қолдана білуі; 

* өзін өзі бақылау және өзін  өзі тәрбиелеу біліктілігінің  болуы;

* кез келген сәтте ұлттық  тәлім-тәрбие беру үдерісін жүргізуге  жолдарды таңдай білу іскерлігінің  болуы


Біз мотивациялық компонентте назарымызды ұстаздың деонтологиялық өзіндік сана-сезіміне ерекше аудардық, өйткені сана тек  адамға ғана тән, қоршаған ортаның заңдылықтары мен объективті тұрақты қасиеттерінің  толықтай көрінуінің жоғарғы түрі бола отырып, сыртқы ортаның ішкі моделін  қалыптастарады, нәтижесінде жасайтын әрекеттерді және олардың нәтижелерін  алдын ала болжамдап, қоршаған шындықты қайта қарап түсінуге әкеледі, ол өзкезегінде адамның әрекеттері мен мінез-құлқын саналы реттеуді қамтамасыз етеді. Ұлттық тәлім-тәрбие беруге даяр ұстазды тек қана деонтологиялық сана-сезім жетелейді. Сондықтан, аталмыш  даярлықтың мотивациялық компоненті ұлттық тәлім-тәрбиенің қажеттілігін түсінумен, балалармен қарым-қатынас жасауда  сүйіспеншілік, шыдамдылық, ықыластық  танытып, сонымен қатар, өзінің ұстаздық парызын түйсінумен, өздігімен білімін  жетілдіруге ұмтылуымен сипатталады.


Информация о работе Педагогикалық этика