Мектепалды даярлық топ

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 03:05, реферат

Краткое описание

Оқушылардың құстар, олардың тіршілік жағдайлары туралы білім беру.
Оқушыны өз ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыра отырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Құстарды қорғауға, қамқор болуға, экологиялық тәрбие беруге баулу.

Файлы: 1 файл

Күні.docx

— 35.08 Кб (Скачать)

Күні: 17.11.11

Топ: мектепалды даярлық топ

Пән: тіл дамыту

Мұғалім: Күзембаева М.С.

Әдіскер: Сыйырбаева З.А.

Практикант: Омарова Э.

Сабақтың  тақырыбы: «Құстар»

Сабақтың  мақсаты:

  1. Оқушылардың құстар, олардың тіршілік жағдайлары туралы білім беру.
  2. Оқушыны өз ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыра отырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  3. Құстарды қорғауға, қамқор болуға, экологиялық тәрбие беруге баулу.

Көрнекіліктер: құстар суреті, күн, бұлттар, тірек-сызбалар, таратпа материалдар. 

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі  тіл дамыту сабағынан  мен Омарова Эльмира  беремін.

Психологиялық дайындық:

«Әрқашан  күн сөнбесін»(бұлттар  тарқап, күн  шуақтануы  қажет, ол үшін оқушылар әдемі тілектер айтуы  керек)

  • Осындай әдемі тілектеріміз қабыл болып, жақсы көңіл-күйімізбен сабағымызды бастайық.
 

ІІ. Негізгі бөлім:

Жаңа  сабақ:

  • Балалар, тақтада ненің суретін көріп тұрсыңдар?
  • Иә, дұрыс. Бұлар – құстар.
  • Сендер қандай құстарды білесіңдер?
  • (Тауық, әтеш, көгершін, бұлбұл, жапалақ, т.б.)
  • Ал, ендеше бүгінгі сабағымызда біз сендермен құстар жайлы әңгімелесеміз.

Құстар - омыртқалы жануарлардың ішінде Жер шарында кеңінен таралған жануарлар. Құстардың пайдасы өте көп. Олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден тазартады. Құстар бір орында тұрмайды.Олар бір жерден екінші жерге ұшып-қонып жүреді. Барлық құстарға ортақ қасиет-олар ұшады, қанаттары, мамыұтары, бәрінің тұмсықтары бар. Олар жұмыртқалайды,балапан басады. Енді айырмашылығына келсек, құстардың дене көлемі,  пішіні, тұмсығы, түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір-біріне ұқсамайды.

         Құстардың тұмсығы  қоректену ерекшелігіне  қарай түрліше  болады.Мысалы: бүркіт  пен бөктергінің  тұмсықтары өткір,қатты  болады.Себебі,олар  түрлі тышқандармен , түрлі жемістермен  қоректенетін құстардың  тұмсығы үшкір.Жерден  иіп алуға икемді  болады.

       Құстар өте пайдалы, олардың етін, жүнін, мамығын, жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады. Кейбір құстарды құсбегі аталарымыз аң аулаға пайдаланған. Ал аққу,бұлбұл құстары сияқты құстар табиғаттың көркі саналады. 

     

Жыл құстары: ұзақ, бұлбұл, бозторғай, аққу, шағала, тырна, т.б.

Су  құстары: пингвиндер, аққу, т.б.

Жыртқыш құстар: жапалақ, бүркіт, үкі, қыран, кезқұйрық, т.б.

Қыстап  қалатын құстар: шымшық, сауысқан, қарға,тоқылдақ, суықторғай, кептер, т.б.

Үй  құстары: тауық, күркетауық, қаз, үйрек, әтеш. 

Құстарға   байланысты   тыйым  сөздер:

-Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме.

-Құстар  көп болса, зиянкес жәндіктер аз болады.

- Бұлбұл үнді, жылан  тілді.

- Құсқа аяз қатер  емес, аштық қатер.

- Құстар-достар. Қыста  құсқа жақсылық  жасасаң, жазда  жақсылығыңды өтеп  береді.

- Құстарды өлтіруге, ұясына бұзуға  болмайды.

- Құстарды атуға болмайды. 

Сергіту сәті: «Ұшты-ұшты» ойыны 

Дәптермен жұмыс.

  1. Артығын сыз.

    Тауық, сауысқан, түйе

    Бүркіт, сиыр, үкі

    Сазан, бұлбұл, қарлығаш

    Қаз, ара, аққу

  1. Қай құс немен қоректенеді?

    Тауық – жем

    Тоқылдақ  – құрт-құмырсқа

    Пингвин - балық

    Бірқазан - балық

  1. Оқушылар өздеріне ұнаған құстардың суретін салады.

Ситуациялық сұрақ:

  • Егер орманда жүрген балалар құстардың ұясынан жұмыртқасын алып кетпекші болса,сен не айтар едің?
  • Егер құстың ұясынан балапаны жерге түсіп кетсе,сен не істер едің?
 

    Дидактикалық  ойын: «Кім қалай дауыстайды?»

    Ойынның шарты: Мұғалім құстың атын атайды, оқушылар сол құстың дауысын  келтіреді. 

ІІІ. Қорытынды:

  • Балалар,  табиғатты қорғау адам қолында екен.  Табиғатқа жаны ашып,оларды қорғау мақсатында Республикамызда «Қызыл кітап» жазылды. Бұндай қызыл кітап әр елде бар. Табиғатта жойылып кеткен өсімдік пен жануарларды қызыл кітапқа енгізіп, оларды аулауға, атуға тыйым салды.

Табиғат - біздің байлығымыз. Осы табиғаттың көркі, сәні, әні болған құстарды қорғайық. Ал құстар өсімдік  қорғаушысы. Сол құстарға қамқор бола білейік. 

Бағалау: сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, баға қою. 
 
 

                                                Мұғалім:

                                                Әдіскер:

                                                Баға:

Информация о работе Мектепалды даярлық топ