Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 20:51, доклад
Тақырып: «Бастауыш мектептегі сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану»(Мастер-класс)
Мақсаты: Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруда заман талабына сай ақпараттық-интерактивті оқыту және оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану.
Мұғалімнің сабақ беру барысында оқыту тәсілдері мен дағды қалыптастыру жолдары,
интерактивті тақтамен оқушылардың жұмыс жүргізуі және интерактивтің тиімділігі мен артықшылық мүмкіндіктеріне көз жеткізу.
Тақырып: «Бастауыш мектептегі сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану»(Мастер-класс)
Мақсаты: Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруда заман талабына сай ақпараттық-интерактивті оқыту және оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану.
Мұғалімнің сабақ беру барысында оқыту тәсілдері мен дағды қалыптастыру жолдары,
интерактивті тақтамен оқушылардың жұмыс жүргізуі және интерактивтің тиімділігі мен артықшылық мүмкіндіктеріне көз жеткізу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, интерактивті сауаттылықтарын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Ақпарат ғасырына сай компьютерлік сауатты, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.
VipTest бағдарламасында тест құру әдісі іс-тәжірибесімен алмасу
Құралдар: компьютер, проектор, экран.
Қатысушылар: мұғалімдер.
Шебер класс барысында жалпы педагогикалық, инновациялық және АКТ бойынша қатысушылардың білік дағдылары жетілдіріледі.
Шебер классс барысында қатысушылардың өзара тексеріс, өзара үйренуі жоспарланды.
Шебер класс барысы:
Қайырлы күн құрметті әріптестер.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» - делінген [1].
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Барлық сала компьютерлендіріле бастады. Сонымен бірге еліміздің ертеңі болар жас ұрпақ компьютерді терең меңгеруі тиіс.
Ақпараттық-коммуникациялық
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет [2].
Бастауыш сыныптарда да ақпараттық технологияларды сабақта қолданудың мүмкіндіктері өте мол. Қазақ тілі, әдебиет сабақтарында, ақпараттық технология оқушылардың шығармашылығын талап ететін жоба жұмысында қолданысын табады.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі бастауыш сынып мұғалімдердің кәсіптік біліктілігі интернет жүйесі және электронды оқулықтар арқылы дамып, жаңаша ойлау қабілеті қалыптасып, жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға ынталанып, нәтижесінде — кәсіби потенциалдарын қалыптасуына жол ашылады.
Американ психологы Э. Фромм 1959 жылы шығармашылыққа мынадай ұғым береді: «Бұл тандану мен таным қабілеті болу және қалыптан тыс жағдайларда шешім таба білу және жаңалық табуды көздеп, өз тәжірибесін жете түсіну қабілеті дамиды», — дейді. Сонымен қатар, сабақ үстінде оқушыларды қызықтырып жүрген бар мәселелерді қамтамасыз ете алмайды, сол себепті балалардың танымдық қызығуларын арттыру мақсатын сыныптан тыс жұмыс арқылы жүзеге асыруға болады.
Қазақ тілінен сабақ беретін мұғалім тек қана күнделікті сабақ берумен ғана шектеліп қоймай, оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, елдің тарихына, салт-дәстүріне, өнеріне деген сүйіспеншілікті туғызу үшін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Оның ең тиімді жолы — сайыс, интеллектуалды-шоу ойындары. Бұл арқылы оқушыларға күнделікті жүз рет сөзбен айтқан ұғымдарды бір рет көрсету арқылы естерінде мәңгі қалдыруға мүмкіндік туады. Осыған байланысты біздің мектепте «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны» сайыстары, «Менің Отаным» интеллектуалды-шоу ойыны да компьютердің көмегімен өткізіледі.
Оқушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыруды төрт кезеңге бөлуге болады.
Оқушылардың білімінің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бақылауды ұйымдастырудың бір түрі – тесттік бақылау жүйесі болып келеді.Олай болса тест дегеніміз не?
Тест ағылшын сөзі, қазақша аудармасы тексеру, сынау, байқау дегенді білдіреді. Тестілеу - білімді меңгеру деңгейін анықтау үшін қолданылатын тапсырмалардың жиынтығы.
Бүгінде тест қолдану мұғалімдермен қатар оқушылар үшін де көп тиімді екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Нәтижесі тікелей белгілі болады. Тесттік әдіс оқушының білім дәрежесін анықтауда көп уақыт алмайды.
Тестік бақылаудың ерекшелігі:
1. Сапалы, объективті, өткізілуі стандартты
түрде, жалпы білім тексеріледі.
2. Әділетті, оқушылар бірдей жағдайға
қойылады.
3. Тестік бақылау кең көлемді оқу материалын
қамтиды.
4.Бағалауы нақты.
Компьютерлік тест алу
арқылы күтілетін нәтижелер:
1.Сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады.
2.Білімді өз бетімен алу жолдарын үйренеді.
3. Танымдық іс – әрекеті, ойлау белсенділігі,
тапқырлығы, тез шешім жасау әрекеті дамиды.
4. Білім сапасы артады
Заман талабына сай оқу үрдісін ақпараттандырылған технологиямен жүргізіп,жас ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр.Осы орайда елбасымыз Н.Ә.Назарбаев : “Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін ұстаздар,сіздер ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар.Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс” деген болатын.
Сабақты
интерактивті әдіс арқылы жүргізу тиімді.Оқытушы
өзінің әр сабағымен шәкірттерін қызықтыра
білгені жөн.шәкірттерді сол сабақты асыға
күтіп отыратын дәрежеге жеткізуі қажет.Сонда
ғана оқытушы шын ұстаз болғаны деп санаймын.
Бастауыш сыныптарда қорыта айтқанда,
бастауыш сынып оқушылары үшін сабақты
қызықты да мазмұнды етіп жүргізу мұғалімнің
өзіне, шығармашылық ізденісіне, әртүрлі
әдістемелік әдіс-тәсілдерді сабақта
тиімді пайдалана білуіне байланысты.
Н. Ә. Назарбаев
Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты.
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогикалық техника жатады.
Ал инетрактивті технологияны меңгерудегі мұғалімнің шеберлігі және шығармашылық үлгісі:
1. Интерактивті технологияны оқып үйрену.
2. Интерактивті технологияны меңгеру
3. Интерактивті технологияны тәжірбиеде қолдану.
4. Интерактивті технологияны дамыту және нәтижесін тексеру.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Осы тақырыпты
қорытындылай келе қазір техниканың
дамыған заманы, интерактивті тақтаны
пайдалану көп мектепте жүзеге асырылған,
соның негізінде мұғалімдерге әдістемелік
көмек, пән бойынша өтетін білім
жетілдіру курстарын
Ақпараттық –интерактивті технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы үлесі мол.