Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 17:32, курсовая работа
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жалпыға бірдей білім беретін орта мектептердің алдына әлемдік өркениеттің барлық талаптарына сай келетін, парасатты, тәрбиелі жастарды тәрбиелеп дайындауды талап етуде. Бұл Отанымыздың келешек дамуымен, әлемнің алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуымен, қазіргі мектеп оқушыларының білім дәрежесімен, шығармашыл ойлай алу қабілеттерімен сабақтаса орайласады. Осыған орай білім беру салаларында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдану жұмыстары жедел қарқынмен жүруде.
Кіріспе
І тарау Мақал-мәтелдер – тәрбие құралы
1.1. Мақал-мәтелдердің зерттелуі ........................................................................ 4
1.2. Мақал-мәтелдердің түп негізі – түркі тілдерінде .......................................10
ІІ тарау Тәрбие үрдісінде мақал-мәтелдерді пайдалану
2.1. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні ..............................................................14
2.2. Мақал-мәтелдердің оқытылуы .................................................................... 21
2.3. Сабақтан тыс уақыттарда мақал-мәтелдер арқылы тәрбие беру...............28
Қорытынды .........................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер тізімі .........................................................................38
Мазмұны
Кіріспе
І тарау Мақал-мәтелдер – тәрбие құралы
1.1. Мақал-мәтелдердің
зерттелуі ....................
1.2. Мақал-мәтелдердің
түп негізі – түркі тілдерінде
..............................
ІІ тарау Тәрбие үрдісінде мақал-мәтелдерді пайдалану
2.1. Мақал-мәтелдердің
тәрбиелік мәні ..............................
2.2. Мақал-мәтелдердің
оқытылуы ..............................
2.3. Сабақтан тыс уақыттарда мақал-мәтелдер арқылы тәрбие беру...............28
Қорытынды
..............................
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі ..............................
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жалпыға бірдей білім беретін орта мектептердің алдына әлемдік өркениеттің барлық талаптарына сай келетін, парасатты, тәрбиелі жастарды тәрбиелеп дайындауды талап етуде. Бұл Отанымыздың келешек дамуымен, әлемнің алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуымен, қазіргі мектеп оқушыларының білім дәрежесімен, шығармашыл ойлай алу қабілеттерімен сабақтаса орайласады. Осыған орай білім беру салаларында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдану жұмыстары жедел қарқынмен жүруде.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында белгіленген орта білім берудің негізгі міндеттерінің бірі «...білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету» үшін тілдік фактілерді жалаң емес, қатысымдық тұрғыдан меңгерту қажет [1]. Бұл оқушылардың ана тілінде жатық таза сөйлеуіне, өз ойын жүйелі, анық жеткізуге әсер етеді.
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі, ана тілі сабақтарында мақал-мәтелдерді оқытып, оқушылардың шығармашыл ойлауын қалыптастыру – бүгінгі өмір талабына сай азаматты тәрбиелеудің негізгі жолдарының бірі. Себебі оқыту үрдісінде тиімді қолданылған мақал-мәтелдер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, сол арқылы шәкірттердің ана тілінің терең қатпарларын игеруіне, асыл маржандарын түсінуіне жағдай жасайды. Сондықтан қазақ тілі, ана тілі пәндерінде мақал-мәтелдерді оқыту мемлекет тарапынан білім беру мекемелеріне қойылған талаптардың іске асуына игі әсерін тигізеді.
Оқушылардың сабақтағы
белсенділігі олардың сабаққа
Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік, саяси және жана технологиялық өзгерістерден, ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім мен тәрбие жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап отырғаны мәлім. Осыған орай, бүгінгі таңда қоғамның ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуі жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып, оның шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамыту көзделеді. Өйткені, еліміздің болашағы, оның материалдық және рухани дамуы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты.
Әр жасөспірімнің қалыптасып дамуына өзі күнбе-күн өмірден сезінетін, еститін, көретін заттары мен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның ең негізгісі – қазақ халқының ұлттық-мәдени құндылықтары.
Қазақ
халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған
мол тәжірибесі, танымдық мұрасы, салт-дәстүр,
әдет-ғұрып, аңыз-ертегілері, жұмбақ, мақал-мәтел,
өлең-жырлары, ұлттық ойындары ерекше
тәрбиелік мәні бар, баға жетпес асыл қазына.
І Тарау Мақал-мәтелдер – тәрбие құралы
Қазақ мақал-мәтелдері – ертек, аңыз-әңгіме, батырлық-ғашықтық жырлар, қара өлеңдер секілді халық шығармаларымен қатар жасап келе жатқан көне жанр. Олай дейтініміз ХІІ-ХІІІ ғасырлардан сақталған сирек жазба деректерде мақал-мәтелдерді кездестіруге болады. Мәселен, Орхон жазуларында: «Жырақ болса жаман сыйлық берер, жақын болса жақсы сыйлық берер», «Бастыны еңкейткен, тізеліні бүктірген» («Күлтегіннен»), «Жұқаны топтау оңай, жіңішкені үзу оңай», «Өлімнен ұят күшті» («Тоныкөктен») деген мақал-мәтелдерді кездестіреміз. Ал Махмұт Қашқаридің «Дивани лұғат – ат түрік» сөздігінен: «Ұлы болсаң кішік бол, халық үшін бәлік бол», «Кісі аласы ішінде, жылқы аласы сыртында», «Тай ат болса – ат тынар, ұл ер болса – ата тынар» дейтін мақалдарды [5], ал «Құдатғу біліктен»: «Біліп сөйлеген білікке саналар, білімсіз сөз өз басын жояр», «Ауыздан бірде от, бірде су шығар, бірі жанса, бірі сөндірер» дейтін мақал-мәтелдерді оқимыз.
Алайда ертедегі құлпытастарда, сирек кітаптарда жазылып қалған бірен-сарандары болмаса, қазақ мақалдары мен мәтелдері, негізінде, халық жадында ауызша айтылып сақталған.
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы – ХІХ ғасырдың екінші жартысы – Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең – оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.
Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым – Шоқан Уәлиханов. Ш.Ш.Уәлиханов пен Л.И.Березин архивтерінде ХІХ ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтел сақталған. Солардың ішінде күні бүгінге дейін құнын жоймаған «Ақыл – дария, көңіл – дүлдүл», «Тотықұс бойын көріп сырланады, аяғын көріп қорланады» деген сияқты ондаған мақал бар. Сол уақыттан бері қазақ мақал-мәтелдері әр түрлі жинақтарда, хрестоматияларда жазылып, жарияланып келеді. Қазақ фольклорының басқа түрлерімен бірге (кейде дербес) оны жинап жариялаушылар: Ш.Ибрагимов, М.Терентьев, Ы.Алтынсарин, Я.Лютшь, Ф.Плотников, Н.И.Гродеков, А.А.Васильева, П.М.Мелиоранский, А.А.Диваев, Н.Ф.Катанов, Н.Н.Фантусов, В.В.Катаринский т.б. болды.
Қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары, соның ішінде мақал-мәтелдер жарияланған Орынборда 1879 жылы шыққан, 1906 жылы толықтырылып қайта басылған Ыбырай Алтынсарин хрестоматиясының алатын орны ерекше.
Хрестоматияда қазақ мақал-мәтелдерінің ең таңдаулары іріктеліп жарияланған және адам туралы, әйел, бала, ата-ана мен туыстар, байлық пен кедейлік, достық пен денсаулық деп он шақты тақырыпқа бөліп, жүйелеп түзілген. Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин тек оқу-ағарту ісіне емес, сонымен қатар халық мұрасын іріктеп, сұрыптап, реттеп жариялауға да үлкен үлес қосты.
Сол сияқты В.Катаринскийдің Орынборда 1899 жылы «Памятная книжка Тургайской области на 1899 год» дейтін кітапта жарияланған қазақ мақалдарының жинағын да атай кеткен жөн. Бұл жинақта оған дейін жарық көрген қазақ мақалдары мен мәтелдері жинақталған – бір мың бес жүздей мақал-мәтел жарияланған [6].
Халықтық нұсқалары таңдап алынып, тақырыптық принцип бойынша түзілген бұл екі басылым қазақ мақал-мәтелдерінің кейінгі жинақтарына үлгі болды, жол ашты.
Жоғарыда
аталған жинақтардың бір
Баспасөзі кенжелеп дамыған халықтардың тілін, тұрмысын, салтын, кәсібін т.б. зерттеп білу үшін құрылысы ерте қалыптасқан мақал-мәтел сияқты ескі әдеби мұраны өзгертпей, өз қалпында жазып жариялаудың және материалдың қайдан, кімнен жазып алынғанын көрсетіп отырудың ғылыми мәні үлкен. Оның үстіне әдеби нұсқаны қазақ тілінде жариялаумен қатар, орысша аудармасын беру де жинақтардың құнын арттыра түскен.
Алайда халық шығармасын жинаушы жариялаушылардың осындай игілікті істерінде кейбір кемшіліктер де орын алған. Атап айтқанда, ауыз әдебиеті нұсқаларын жаттап, сақтап келген және жаздырған әңгімешілер мен жыршылардың аты-жөндері аталмаған, айтушы, жаздырушылар жөнінде ешқандай дерек, мәлімет берілмеген. Тағы бір кемшілік, аталған жинақтардың көбінде мақал-мәтелдің шығу тарихын, әдеби мәнін түсіндіргендей жарытымды түсініктер, алғы сөздер жазылмаған.
Қазақ фольклорының басқа түрлері сияқты мақал-мәтелдер де ұқыпты жиналып, молынан жариялана бастады.
Ташкентте 1927 жылы «Қазақ мақалдары» (құрастырушы Әбубәкір Диваев) [7], Алматыда 1935 жылы «Қазақтың мақалдары мен мәтелдері» (құрастырушы Өтебай Тұрманжанов) [8], 1950 жылы «Қазақтың мақал-мәтелдері» (құрастырушы Балым Ақмұқанова) атты жинақтар басылды [9]. Содан бері мақал-мәтел нұсқалары мезгіл-мезгіл қайталап, толықтырылып басылып келеді.
Мақал-мәтелдердің басылымдарына тән ерекшеліктер бұларда материалдар идеялық мазмұнына, көркемдік құндылығына қарай елеп-екшеп алынған, тақырыптық принциппен жүйелеп берілген. Барлығында дерлік түсіндірме, алғы сөздер бар.
Бұл жерде қазақ ауыз әдебиетінің жанашыры жазушы Өтебай Тұрманжановтың еңбегін ерекше атау ләзім. Ол ескілі-жаңалы газет-журналдарда, жинақ-кітапшаларда бұрын-соңды жарияланған, әдеби-тарихи архивтерде қолжазба күйінде жатқан және ел аузынан өзі жинаған қазақ мақалдары мен мәтелдерін іріктеп-сұрыптап, белгілі жүйеге салып, үнемі толықтырып жариялап келді. Ө.Тұрманжанов құрастырған мақалдар мен мәтелдер жинақтары идеялық және көркемдік жағынан таңдап алынуымен, тақырыбы мен мазмұнына қарай жүйелеп берілуімен, басқа жинақтарға қарағанда толықтығымен дараланады.
С.Сейфуллин мақал-мәтелдері шешендік сөздердің бір саласы, жалғасы ретінде қарайды. Мақал-мәтел көшпелі елдің тұрмысынан туып, сол халық өмірінің барлық саласын қамтитынын, бейнелейтінін көрсете келіп, зерттеуші жалпы ауыз әдебиетіне ортақ бір ой тастайды. «Ауыз әдебиетінің қай бөлімі болса да, – дейді Сәкен, – сол заманның тұрмысының қандай болғанын, сол тұрмыстың әсерімен ол тұрмысқа ұсап туған сана, қандай сөз, қандай әдебиет болғанын көрсетеді. «Заманына қарай күлкісі, тауына қарай түлкісі», «Сабасына қарай піспегі, мұртына қарай іскегі» деген ерекше сөздер – әр заманның тілі, көркем сөзі, әдебиеті сол заманның салт-санасына, сол заманның тұрмысына, ол заман тұрмысынан туған мұратына ұсай туды деген сөзді қуаттайды» [11; 295].
Демек, әдеби мұра оны тудырған уақытпен, қоғам мүддесімен, мұратымен тығыз байланыста қаралып, бағалануға тиіс.
Ұлы
жазушы, ғұлама ғалым М.Әуезов –
қазақ мақал-мәтелдерінің алғашқы
зерттеушілерінің, оның ішінде ең беделді
ғылыми пікір айтқандарының бірі.
Ол «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры»
деген еңбегінде халық
Зерттеуші қазақ халқының ғасырлар бойы қорланған қазынасынан жиналып, қағазға түскенінен, әлі күнге дейін ел ішіндегісі, хатқа түспегені көп екенін айта келіп, оқырман қауымға соларды жинау, жалпақ елдің жан-жақты игілігіне айналдыру парыз екенін де ескертеді.
«Қазақ мақал-мәтелдерінің екінші бір ерекшелігі, – деп көрсетеді М.Әуезов, – оларда халықтың мал баққан тұрмысына байланысты образдар мен сарындардың мол ұшырасатындығы. Үй хайуанаттарының қылығын айту арқылы адам мінезіне ишара, тұспал жасау соншалықты әсерлі де мәнді болып шығады». Автор бұл пікіріне дәлелді, нақты мысалдар келтіреді [10; 401]. Алайда қазақ фольклористикасының негізін салушылар мақал-мәтелдердің кейбір ерекшеліктерін анықтап, оған жоғары баға бергенмен, олардың жанрлық табиғатына тоқталмайды.