Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 07:36, лекция
Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
Дидактика
Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогика
Дидактика ежелгі Грекияда жас
ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің негізінде
пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің,
ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие
ісін жаңаша құру міндетіне байланысты,педагогика ғылымыны
Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Көне түркі жазба ескерткіштерінде, «Қорқыт ата кітабында», ежелгі жыр-аңыздарда, мақал-
Қазақ әдебиеті тарихында «жыраулық поэзия» деп аталатын Асан
Қайғыдан Бұқар жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар
ұлттық педидактика ойдың да терең қазынасы
болып табылады. Отандық қоғамдық ойдың
тарихында ұлттық үрдістерді әлемдік
өркениет үлгілерімен ұштастырған ұлы
ғұлама Абай Құнанбайұлы болатын. Абайдың философиялық ойларында
ұрпақ тәрбиесіне, жалпы тәрбие проблемаларына
да қатысты тұжырымдар мол. Отандық педагогика ғылымы
тарихында таза ағартушылық қызметпен
айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін
дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен
ат салысқан ғалым – Ы.Алтынсарин. Оның
мақалалары мен хаттарында, «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы», «Қырғыздарды
(қазақтарды) орыс тіліне оқыту ісіне алғашқы
басшылық», т.б. кітаптарында сол замандағы
дидактика мәселелері әр қырынан сөз болады. XX
ғасырдың басында балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері А.Байтұрсынұлы, Ж.
Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның зерттеу пәні – оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері. Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған.