Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 21:28, реферат
Азамат [арабша азамат: 1. ұлылық, мәртебелілік; 2. тәкаппарлық; 3. кереметтілік; 4. ұлы мәртебелілік (сұлтандар титулы)] — 1. ел азаматы; 2. кәмелеттілік; 3. дара тұлға. Азамат ұғымын мемл. деңгейде қарастырғанда, ол қоғамның тең құқықты мүшесі мәніне ие болады. Ғылыми-теориялық қырынан қарағанда бұл адам құқығы мен азамат құқығының аражігін ажырататын да ұғым. Өйткені азамат белгілі бір мемл-тің, саяси бірлестіктің тең құқықты мүшесі және оның барлық саяси құқықтарына ие тұлға ретінде әрекет етеді.
Азаматтық қоғам
Азамат [арабша азамат: 1. ұлылық, мәртебелілік; 2. тәкаппарлық; 3. кереметтілік; 4. ұлы мәртебелілік (сұлтандар титулы)] — 1. ел азаматы; 2. кәмелеттілік; 3. дара
тұлға. Азамат ұғымын мемл. деңгейде
қарастырғанда, ол қоғамның тең құқықты
мүшесі мәніне ие болады. Ғылыми-теориялық
қырынан қарағанда бұл адам құқығы мен азамат құқығының
аражігін ажырататын да ұғым. Өйткені азамат белгілі бір
мемл-тің, саяси бірлестіктің тең құқықты
мүшесі және оның барлық саяси құқықтарына
ие тұлға ретінде әрекет етеді.
Азамат ұғымын
кәмелеттік жағынан талдау салыстырмалы
сипатта болып келеді. Себебі табиғат,
орта, дәстүр, заман
ағымы, өмір сүру ерекшеліктері әр
елде, әр жерде әртүрлі және ол бірыңғай
болып тұрмайды. Соған орай кәмелеттілік
жас мөлшері де әр елде, әр кезеңде әрқилы.
16 ғасырда Англияда жасөспірімдер қолөнершілік
кәсібін игеру үшін тәрбиеші-ұстаз бақылауымен
7 жыл оқыған. Шәкірттер үшін сол ұстаздары жауап берген.
Мұнда “кісі 23 жасқа жетпейінше, ол көбіне
өзін-өзі басқаруға, дұрыс ой қорытындыларын
жасауға әлі тәжірибесі жеткіліксіз, көбіне
алыпқашпа сезімдердің жетегінде болады”
деп есептеген. Сондықтан да олар оқуын
бітіріп, 24 жасқа толған соң ғана үйленуге,
өз бетімен қызмет атқаруға құқылы болды.
Мұрагерлік
билік заңы үшін кәмелеттілік негізгі
мәнге ие бола қойған жоқ. Мұнда жеке тұлғаның
қоғамдағы хал-ахуалы оның жасына емес,
әлеуметтік шығу тегіне, байлық дәрежесіне
байланысты еді. Әйтсе де шығыс халықтары
кәмелеттік жасқа ертерек толатыны айқын.
Мұны халық ауыз әдебиеті үлгілерімен
бірге жазба деректер де айғақтайды. Мысалы,
“Күлтегін” кіші жазуында (732 ж.): “Он
жаста, шешем Ұмай текті ананың бағына,
інім Күлтегін ер атанды. Он алты жасында
ағам қағанның ел-жұртын сонша меңгерді.
Алты баулы Соғдаққа қарсы соғыстық, талқандадық.
Табғаш Оң тұтықтың елу мың әскері келді, Күлтегін жауға жаяу ұмтылды. Оң тұтық
басшыларын жорықты нөкерімен қолға түсірді...
Жиырма бір жасында Чача сеңүнмен соғыстық...
Оның жауға қалай тигенін, түркі бектері,
жақсы білесіңдер...” деген жолдар Күлтегіннің
10 жаста ұрандап жауға тиіп, 16 жаста ел
бастауға да, қол бастауға да жараған азамат
болғандығына куәлік береді. Азамат ұғымының
дара тұлғалық мәніне де мысал бола алатын
мұндай тарихи деректер шығыс халықтарында, соның
ішінде түркі қауымдарында көптеп кездеседі.
Қазақстанда қазір 16 жастан бастап ресми
түрде мемлекет азаматтығына қабылданады
(паспорт беріледі), ал үйленіп, отау құруға
18 жастан (Украина мен Өзбекстанда 17 жастан)
ғана рұқсат етіледі.
Қазақстан азаматтарының қоғамдағы орны
мен негізгі құқықтары Қазақстан Республикасы Конституциясының
ІІ-бөлімінде белгіленген.
Құқықта — сәздіңтар мағынасында
- аталмыш елдің азаматтығын
Басқару органының мемлекеттік жүйесі және бейбіт және әскери уақытта тұрғындарды, шаруашылық нысандары мен елдіңаумағын қазіргі заманғы жойқын құралдардын талкандау (бұзып-жою) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында өткізілетін мемлекеттік іс шаралардын жиынтығы.
Азаматтық құқық нормаларымен бекітілген заңдық жауапкершілік түрлерінін біреуі; басқа адамның субъективті азаматтық құқықтарынын бұзылуымен байланысты, азаматтық құқықпен қарастырылған міндеттерді адамның орындамауының немесе тиісті жолмен жүзеге асырмауының
Азаматтық құқықтар мен міндеттер
Заңмен және басқа құықтық актілермен, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерімен қарастырылған негізде туындайтын азаматтыкқ құқық субъектілерінің мәртебесін құрайтын күзыретгін жиынтығы
Азаматтың қоғамның саяси, әлеуметтік және мәдени өміріне қатысу мүмкіндігін анықтайтын, мемлекет азаматының конституциялық-құқықтық мәртебесінің негізі. Сонымен бір дерлікте, негізгі азаматтық құқықтар мен бостандыкқтар, қоғамдастық пен халықаралық ұйымдардың, бәрінен бұрын БҰҰ-ның қалт етпейтін назарында болады.
Адам кұкы мен бостандығының жатсынуға жатпайтын,табиғи жиынтығы. Олар оның толық қанды (тәні сау, психологиялық, моральдық рухани) өмір сүруін қамтамасыз етіп, езін еркін сезінуге мүмкіндік береді. Бұл өмір сүру, жеке қадір-қасиетінің қорғалу, бостандығы мен жеке өміріне қол сұғылмаушылық, тұрғын үйіне қол сұғылмаушылық, елдің ішінде еркін қозғалу, оның шегінен еркін шығу мен қандай да бір кедергісіз оралу құқығы. Азаматтық құқықтарға соттық қорғау кепілдігі, білікті сот көмегін алу, кінәсіздік презумпциясы шектесіп жатады.
Мемлекеттік биліктің тиісті органдарында рәсімделмеген неке. Мұндай некені, көбінесе іс жүзіндегі неке деп атайды.
Құқықта — қылмыс нәтижесінде материалдық залал шеккен жеке немесе заңды тұлғаның (азаматтық қуынушының) кінәліге мүліктік талап қоюы. Қылмыстық істі жүргізудін жалпы тәртіптері бойынша, қылмыстық іспен бірге қарастырылады.
Өзіне қатысты тікелей қылмыспен мүліктік залал келтірілді деп ұйғаруға жеткілікті негіз бар және оны өтеу туралы талап қойған жеке және заңды тұлға. Азаматтық талапкер моральдық зиянды мүліктік өтеу үшін де талап қоя алады.
Азаматтық жауапкер
Қылмыстық іс жүргізуде — қылмыс салдарынан келген залал үшін материалдық жауапкершілік шегетін адам. Азаматтық жауапкер сапасында ата аналар, қамқоршылар, жанашырлар немесе басқа адамдар, сонымен қатар заң күшімен кінәлінің қылмыстық әрекеттерімен келтірілген залал үшін материалдық жауапкершілік шегетін мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар болуы мүмкін.
Бір тарапты екіншісіне, сондай-ақ салық және бюджеттік қатынастарды әкімшілік бағындыруға негізделген қатынастардан басқа, заңды тұлғалар мен азаматтардын мүліктік және онымен жеке мүліктік емес қатынастарымен байланысқан істерді реттейтін азаматтық құқық нормалары бар жүйелендірілген заңнамалық акт.
Міндеттемелік құқықтың шарттық және шарттан тыс институттары арасына келтірілген, экономикалық айналыстын азаматтық-құқықтық айтылуы. Азаматтық айналымның қатысуылары ұйымдар, өздерінің табыстарына иелік ететін және түрліше мүліктік құқықтық, қатынастарға түсетін жеке және заңды тұлғалар болып саналады
Азаматтық іс жүргізу
Азаматтық іс жүргізу құқының нормаларымен бекітілген соттың азаматтық істерді қарау және шешу тәртібі, сонымен қатар сот және кейбір бақка органдардың қаулыларын орындау тәртібі. Азаматтық іс жүргізуге заңмен рәсімделген әділ сотты жүзеге асыру бойынша сот қызметі, сот орындаушысының қызметі, сот өндірісінің барлық қатысушылары мен сот өндірісі барысында туындаған заңдық қатынастар кіреді.
Азаматтық істер бойынша іс өндірісінің тәртібін бекітетін жүйелен-кірілген бірыңғай заңнамалық акт.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтық және заңдық мүдделерін қозғайтын азаматтық құқықтар туралы талас бойынша іс; заңмен қарастырылған жағдайларда - азаматтардын құқына қысым жасауды өкілеттіктерді бұза отырып жүзеге асырған басқару органдарының лауазымды адамдарының әрекетіне арыз бойынша іс; сотта қаралып шешілетін заңдық маңызы бар фактілерді бекіту туралы іс.
Тұрғындардың немесе адамдар Tобының қандай да бір әрекетке қарсын аразылық белгісі ретінде биліктін өкімдерін орындаудан бас тартуы.
Азаматтық айналысқа қатысушылардың (оның негіздеріне мәмілелер әкімшілік актілер, азаматтық құқық бұзушылықтар және т.б., сондай-ақ меншік құқығы, авторлық құқық өнертап қыштық құқық, жаңалық ашу құқығы, мүлікті иелену және өкімдік ету бойынша қатынастар) мүліктік және сонымен байланысқан жеке мүліктік емес қатынастарды (мысалы, ар-намыс пен абыройды қорғау) реттейтің құқықсаласының нормалары.
Соттың азаматтық істерді талқылау және шешу тәртібін, сонымен қатар соттардың және кейбір басқа органдардың қаулыларын орындалу тәртібін белгілейтін құқық саласы. Азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары соттың, сот орындаушысының және барлық іс жүргізуге қатысушылардың қызметін реттейді.
Азаматтық
Адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатыстылығы. Мемлекет пен оның билігі астында болатын адам арасындағы өзара қатынастар түрінде көріңеді: мемлекет азаматқа оның заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, шетелдерде оны қорғауға және жанашырлық танытуға кепілдік береді. Өз кезегінде азамат заңдарды, мемлекеттің басқа жазбаша өкімдерін, ол бекіткен міндеттерді орындауға міндетті. Бұл құқықтар мен міндеттердің жиынтығы, азаматтың (азаматтығы жоқ адамдардан айырмашылығы) саяси құқықтық мәртебесін құрайды.
Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.
«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан түратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.
Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.
Әлеуметтік топтар, қатынастар
Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.
Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:
1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады;
2) субьект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады;
3) қоғамның обьективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.
Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық т.б.) - адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыста-рының нәтижесі. Сонымен қатар материалдық және рухани қатынастар ...
Қоғам және Саясат
Қоғам және Саясат - саяси ғылым мен басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің өзара диалектикалық байланысын білдіретін үғымдар. Қоғам - қатынастардың және адамдар арасындағы өзара байланыстардың тұтас жүйесі. Оның қүрамдас бөліктері болып күрделі ұйымдасқан әлеуметтік жүйелер немесе қоғамдық өмірдің мына салалары болып табылады: экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани. Саясат жалпы қоғам шеңберінде қоғам өмірінің әртүрлі салаларында адамдар¬дың өзара әрекеттесуін реттеуді жүзеге асырады.
Бос уақыт қоғамы - еңбек өзінің бұрынғы мәнінен айрылатын қоғам концепциясы. Осындай қоғамдарда жалдамалы еңбектің ең аз көлемі бұрын еңбек ие болған мәнге жеткен бос уақытқа мүдделілікке әкеледі делінген.
Молшылық қоғамы - 50 жж. аяғындағы базистік экономикалық дефицит және қамтамасыздандырылмағандық негізінен женілген, бірақ жеке байлық «жалпыға ортақ босандықпен» (мысалы, автомобильдер шамадан көп өндірілді, бірақ жолдарды жөндеу және қоршаған ортаны ластауды бақылауға көңіл бөлінбеді) қатар жүрген және капитализмнің ауытқуларынан зардап шеккен тұлғалар жеткілікті қамтамасыз етілмеген кездегі американдық қоғамға берілген баға.
Тәуекел қоғамы - қазіргі қоғамның жайы туралы тұжырымдама; оған сәйкес қоғамға әрқашан адамзат білімінің өсуі мен қоршаған орта әсерін көрсететін «сенімсіздіктен жасанды пайда болған» деп сипаттама беріледі (мысалы, ядролық соғыс, экологиялық апат себептеры бойынша).
Азаматтық қоғам – саяси өкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм. Оны iшкiмемлекеттiк қaтынacтapдың дамуына ықпал жасайтын адамдар топтарының ұйымдасқан әpeкeтi ретiнде де aнықтayғa болады. Қoғaм мүдделерiне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қoғaмның маңызды белгiсi болып табылады. Дамыған демократиялық мемлекеттер, сонымен қатар өркендеген азаматтық қoғaмaдap да болып табылады. Сонымен бiрге азаматтық қoғaмның дамуына бағытталған түрлi әлеуметтiк топтардың немесе жеке азаматтардың бастамалары (азаматтық бастамалар аталынатын) мемлекет арқылы қабылданады және оны жетiлдiре түceai. Дамушы және «өтпелi экономика» мемлекеттерiне жататын елдерде жағдай бiршама басқаша. Coңғылары азаматтық бастамалар мемлекет құрылысының тiкелей мiндеттерi шектерiнен шығып кeтyiнe байланысты азаматтық бастамаларға күдікпен қарайды. [1]
«Бүкiл адамзат үшiн жарқын болашаққа үмiт беретiн бiрден-бiр жол, ол өзара iс-қимыл мен ынтымақтастық жолы, мұндa барлық қoғaмдық күш-жiгерлер - мемлекеттер, жеке сектор, бiлiм беретiн және зерттеу мекемелерi, барлық нысандағы азаматтық қoғaм - нақты, қол жететiн мaқcaттapғa ұмтылу үшiн өз күштерін бiрiктiредi.» (БҰҰ Бас Хатшысы Кофи Aннaнның ұйымның қызметi туралы есебi, Бас Ассамблея, Нью-Йорк. 6 қыркүйек 2001 жыл
Азаматтық бастамалар тек елеуciз шамада ғaнa мемлекет арқылы қабылданады: мемлекет мұндай бастамаларды өзiнiң даму үлгiлерiне көшiруге қабiлетсiз. Мемлекет пен азаматтық қoғaм органикалық жүйе элементтерi ретiнде емес, ал тек ресми турде ғaнa өзара iс-қимыл жасайды: олар өзара тiптi белгiлi бiр қарама-қайшылыққа да барады.
Азаматтық қoғaмның даму қажеттiлiгi тек демократия қажеттiлiктерiмен ғaнa мәжбүрленбейдi, ол сонымен қатар экономикалық сипат та алады: кәсiпкерлiк қызмет бастамалары, әcipece шағын және орта бизнес салалары, тек жеткiлiктi түрде дамыған азаматтық қоғамда берiлетiн мүмкiндiктермен тiкелей байланысты.