Салық төлеушінің

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 14:06, реферат

Краткое описание

Салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындау төмендегідей тәсілдермен қамтамасыз етілуі мүмкін:
1) төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасына өсімпұлды есепке жазу;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша (корреспонденттік шоттарын қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру;
3) салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
4) салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу.

Файлы: 1 файл

Салық төлеушінің.doc

— 40.00 Кб (Скачать)

Салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін  орындау төмендегідей тәсілдермен  қамтамасыз етілуі мүмкін:

1) төленбеген салық және  бюджетке төленетін басқа да  міндетті төлемдер сомасына өсімпұлды  есепке жазу;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша (корреспонденттік шоттарын қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру;

3) салық төлеушінің (салық  агентінің) кассасы бойынша шығыс  операцияларын тоқтата тұру;

4) салық төлеушінің (салық  агентінің) мүлікке билік етуін шектеу.

Салық берешегi өтелмеген  жағдайда,  төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасына өсімпұлды есепке жазудан басқа, мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 6 еселенген айлық есептiккөрсеткiштен аз мөлшерде салық берешегi бар салық төлеушiлерге (салық агенттерiне) қолданылмайды.

Мерзiмiнде орындалмаған салық  мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi салық төлеушiнi сот банкрот деп таныған жағдайда - банкроттық туралы iс бойынша iс қозғалған кезден бастап және салық төлеушiге қатысты оңалту рәсiмi енгiзiлген жағдайда оңалту рәсiмiн қолдану туралы сот ұйғарымы күшiне енген күннен бастап қолданылмайды.

Cалық төлеуші (салық  агенті) айыппұлдар сомасын төлемеген  жағдайда мерзімде орындалмаған  салық міндеттемесін орындауды  қамтамасыз ету тәсілдері айыппұл  сомаларын мәжбүрлеп өндіріп  алу туралы сот қаулысының  негізінде салық төлеушіні (салық агентін) хабарландырмай-ақ қолданылады.

Мерзімінде төленбеген салық  және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасының есебіне  жазылатын мөлшер өсімпұл болып  танылады.

Өсімпұл салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, мерзімі өткен әрбір күн үшін, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін есепке жазылады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, яғни салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін өтемегенде хабарлама берілген күннен бастапон жұмыс күні өткеннен кейін жүргізіледі.

Шығыс операцияларын тоқтата  тұру туралы өкім шығарған салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын  тоқтата тұру себебі жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен  кешіктірмей, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін жояды.    

 Салық берешегін өтеу  туралы хабарламаны алған күннен  бастап он жұмыс күні ішінде салық берешегі өтелмеген жағдайда, салық органы осы салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі есебіне оның кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді.

Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын  тоқтата тұру кассадағы қолма-қол  ақшалардың барлық шығыс операцияларына қолданылады.

Салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін салық төлеуші (салық агенті) бұлжытпай орындауға тиіс.

Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес жауаптылықта болады.

Салық органы салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін өтегеннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды.     

 Салық органы салық  төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке  билiк етуiн шектеудi салық берешегiн өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап  он бес жұмыс күнi iшiнде салық берешегi өтелмеген және мониторингке жататын iрi салық төлеушiнi қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметi органының шешiмiне шағым жасаған жағдайларда жүргiзедi.    

 Салық төлеушiнiң  (салық агентiнiң) мүлiкке билiк етуiн шектеу туралы шешiм салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) меншiк құқығындағы немесе шаруашылық жүргiзу құқығындағы, сондай-ақ балансында тұрған мүлiкке қатысты шығарылады.

Мүлiкке билiк  етудi шектеу туралы шешiмдi салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) дербес шотында бар деректер бойынша  салық берешегi сомасында және салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламада  көрсетiлген салықтар, бюджетке төленетiн  басқа да мiндеттi төлемдер және өсiмпұлдар сомасында қабылдайды.

Мүлікке билік  етуді шектеу туралы шешімнің негізінде  салық төлеушіге (салық агентінің) мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету шарттарын бұзғаны  үшін жауапкершілік туралы ескертіле  отырып, мүлік тізімдемесінің актісі жасалады.

Мүлік тізімдемесінің актісі соның негізінде жасалған салық төлеушінің мүлікке билік  етуді шектеу туралы шешімнің күші жойылуымен бір мезгілде күшін жояды.     

 Салық төлеуші  (салық агенті) иелік етуі шектелген  мүліктің шектеу алып тасталғанға дейін сақталуын, оған тиісті күтім жасалуын қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болады. Салық төлеуші (салық агенті) аталған мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Осы талаптарды сақтамаған жағдайда салық төлеуші (салық агенті) иелік етуі шектелген  мүлікті аукционға дайындау бойынша  болған шығындарды өтеуге міндетті.   

         Салық берешегі өтелмеген және екі аукцион өткізілгеннен кейін билік етуі шектелген мүлік сатылмаған жағдайда салық органы жаңа мүлік тізімдемесінің актісі жасалған күнгі салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық берешегінің сомасы туралы деректерді ескере отырып, жаңа мүлік тізімдемесінің актісін жасау жолымен салық төлеушінің (салық агентінің) басқа мүлкіне тізімдеме жүргізуге құқылы.

Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің  сомаларын өтегеннен кейінгі  бір жұмыс күнінен кешіктірмей мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің күшін жояды.

Салық берешегі бар  салық төлеушілердің (салық  агенттерінің)

тізімін бұқаралық  ақпарат құралдарында жариялау.

1. Салық қызметі органдары  салық берешегі туындаған күннен  бастап алты ай ішінде өтелмеген:

заңды тұлғалардың, олардың  құрылымдық бөлімшелерінің – тиісті қаржы жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңда белгіленген  айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген  мөлшерінен асатын мөлшердегі;

дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустар мен адвокаттардың - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен асатын мөлшердегі салық берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

Бұл ретте тізімде салық  төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не атауы, экономикалық қызмет түрі, сәйкестендіру  нөмірі, салық төлеуші (салық агенті) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және салық берешегінің жалпы сомасы көрсетіледі.

2. Уәкілетті органның веб-сайтында  орналастырылған салық төлеушілер (салық агенттері) тізімі осы  бапта көрсетілген өлшемдерге  сәйкес салық төлеушілерді (салық  агенттерін) тізімге енгізу, сондай-ақ  салық берешегін өтеген және салықтық міндеттемелері тоқтатылған салық төлеушілерді тізімнен   шығарып   тастау   арқылы   аяқталған   тоқсаннан  кейінгі айдың  20-нан кешіктірмей тоқсан сайын жаңартылады.

Салық   Кодексінің талаптарын  орындамағаны үшін,оның ішінде салыққа және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уакытылы төлемегені үшін жеке тұлғалар мен лауазымды адамдарды    Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 219 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.  219 баптың 1 тармағында жеке тұлғаларға салынатын айыппұлдың мөлшері сегіз айлық есептік көрсеткіш, яғни  12 944 тенге /8*1618/, жеке кәсіпкерлерге және лауазымды адамдарға -24 270 тенге /15*1618/. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза  қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нак сол әрекеттер,-жеке тұлғаларға- он бес айлық есептік көрсеткіш- 24 270 теңге /15*1618 тенге/,  жеке кәсіпкерлерге  және  лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш- 48 540 тенге /30*1618 тенге/.


Информация о работе Салық төлеушінің