Курстық жұмысымың құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 21:04, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – Салық инспекциясының заңды тұлғадан салық төлемдерін қабылдауының мәнін ашып көрсету, біздің еліміздегі салық жүйесін жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және ақпараттық жүйесін құру болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің ерекшеліктері мен мақсатын анықтау;
«Салықтық операциялар бойынша қызмет көрсету» ақпараттық жүйесін (АЖ) құрудың мақсатын анықтау;
«Салықтық операциялар бойынша қызмет көрсету» ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және оны қолданудың мүмкін аумақтарын анықтау;

Файлы: 1 файл

Салық инспекциясы.doc

— 288.00 Кб (Скачать)

Салықтар тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей салықтарға: жеке және заңды тұлғалардың табысына салынатын салық, мүлік салығы, жер салығы, бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық, жер қойнауынан пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі, көлік құралдарына салынатын салық және т.б. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз, баж салығы жатады. Жанама салықтарды сатушы емес сатып алушы, яғни тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгізілмегендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады.

Қазақстан Республикасының  салық жүйесін мемлекетпен  және заңды тұлғалар арасындағы  қаржы  қатынастарының жиынтығы салықтармен  алымдар, салық салу әдістері мен  тәсілдері, салық заңдары мен  салыққа қатысты актілері, салық  салу органдары мен салық қызметі жиынтығын құрайды.

Салық жүйесі мемлекет қаржы  көздерін жақсартудың ең негізгі  құралы болумен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып  дамуына және саяси - әлеуметтік  шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік  туғызады.

Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралың заңы, тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істердің бірегейі. Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салық түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіліген тұңғыш тарихи құжат болып есептелінеді.

Қазақстан Республикасының  салық жүйесіне сәйкес салықтар мынандай  түрлерге бөлінеді:

  • корпоративтік табыс салығы.
  • жеке табыс салығы.
  • қосылған құн салығы.
  • акциздер.
  • жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері.
  • әлеуметтік салық.
  • жер салығы.
  • көлік құралдары салықтары.
  • мүлік салығы.

 Қазақстан Республикасының   Заңына сәйкес алымдардың түрлері:

    • Тіркеу алымдары
    • Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым
  • Радиоэлектрондық құралдардың және жиілігі жоғарғы құралдарды  мемлекеттік тіркегені үшін алым.
    • Аукциондардан алынатын алым
  • Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым.

Қазақстан Республикасының   салық  жүйесінің төлемдер түрлері.

  • Жер учаскелерін  пайдаланғаны үшін төлемақы.
  • Жер бетіндегі  көздердің су ресурстарын  пайдаланғаны үшін  төлемақы.
  • Қоршаған ортаны  ластағаны үшін төлемақы.
  • Жануарлар дүниесін  пайдаланғаны үшін төлемақы.
  • Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
  • Ерекше қорғалатын  табиғи  аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
  • Радиожиілік  спектірін пайдаланғаны үшін төлемақы.
  • Кеме жүзетін су жолдарын  пайдаланғаны үшін төлемақы.
  • Сыртқы жарнаманы  орналастырғаны үшін  төлемақы.

Мемлекеттік  баж.

Мемлекеттік баж.

Кеден төлемдері:

  • Кеден бажы.
  • Кеден алымдары.
  • Төлемақы.
  • Алымдар.

Тағы айта кететін  бір жайт салық алатын және салыққа иелік ететін органдардың ерекшеліктеріне қарай салықтар жалпы мемлекеттік салықтар және жергілікті салық болып бөлінеді.

Жалпы мемлекеттік салықтарға  мыналар жатады:

  • заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
  • қосылған құнға салынатын салық;
  • акциздер;
  • бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;
  • жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері.

Жергілікті салықтар мен алымдарға:

  • жер салығы;
  • заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
  • көлік құралдарына салынатын салық;
  • кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тікегені үшін алынатын алым;
  • аукционда сатудан алынатын алым;
  • әлеуметтік салық;
  • қоршаған ортаны  ластағаны үшін төлемақы;
  • су ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемдер;
  • жеке табыс салығы;
  • басқа да жергілікті бюджетке түсетін салықемес төлемдер;

Менің мақсатым осы аталған  жергілікті салықтар бойынша, яғни бюджетіне  түсетін салық түрлерін бюджетке түскенін есепке алу, осы алынған  нақты мәліметтер бойынша алдын  – ала жасалған болжамдармен салыстырып қорытынды шығару.

Аталған жергілікті салықтарға қысқаша тоқталып кетсек.

Жер салығы. Жер құқығына ие тұлғаларға салынады. Салық салу объектісі жер учаскелері болып табылады. Жер учаскесі салық базасы болады, ал базалық ставкалары осы жерді пайдалану мақсаттарына қарай анықталады. Жер салығының өлшем бірлігі шарушылықты жүргізудің нәтижесі бойынша емес, ол жердің құнарлығына, орналасуына және сумен қамтамасыз етілуіне байланысты салық салады.  

Мүлік салығы. Мүлікке құқығы бар заңды және жеке тұлғалардың мүлікті  кәсіпкерлік мақсатта падалануына және пайдалануына байланысты. Мүлік салығын жеке тұлғалар кәсіпкерлік мақсатта пайдаланбаған жағдайда мүлік бағасының 0,5  % - төлейді.

Көлік құралдарына салынатын салық. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған көлік құралдары салық салу объектісі болып табылады. Көлік құралдарына салық салу үшін оның двигательінің көлеміне, жүк көтергіштігіне  және т.б. байланысты салынды.

Жеке табыс салығы. Салық төлеушілердің төлем көзінен салық салынатын табыстарына: қызметкерлердің табысы, біржолғы төлемдерден алынатын табыс, жинақтаушы зейнетақықорларынан берілетін зейнетақы төлемдері, дивиденттер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыстар, степендиялар,  жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады.

Төлем көзінен салық  салынатын зейнетақы төлемдеріне салық төлеушілердің зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын, табыс есептеудің тиісті айына Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген айлық есептік көрсеткіш соммасына азайтылғантөлемдер жатады.

 

  1. кесте. Жеке табыс салығына салынаты салық

Салық төлеушінің салық  салынатын табысы

Ставкасы 

15 еселенген жылдық  есептік көрсеткіш 

Салық салынатын табыс  соммасынан 5 үлесін

15 еселенгеннен бастап 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін

15 еселенген жылдық  есептік көрсеткіштен салық соммасы  +одан асатын соммадан 8 үлесін

40 еселенгеннен бастап 200 еселенген жылдық есептік көрсеткішке  дейін

40еселенген жылдық  есептік көрсеткіштен салық соммасы+одан асатын соммадан 13 үлесін

200 еселенгеннен бастап 600 еселенген жылдық есептік көрсеткішке  дейін

200 еселенген жылдық  есептік көрсеткіштен салық соммасы  + одан асатын соммадан 15 үлесін

600 еселенген жылдық  есептік көрсеткіштен бастап  және одан жоғары

600 еселенген жылдық  есептік көрсеткіштен салық соммасы  + одан асатын соммадан 20 үлесін


 

Жылдық есептік көрсеткішті  бір айлық көресткішті 12 айға көбейтеміз.

Жылдық есептік  көрсеткіш =12 *971 тг= 11652

Қосылған құн салығы. Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді)өндіру және олардың айналу үрдісінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін есептелген қосылған құн салығының соммасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының соммасы арасындағы айырма ретінде айқындалады. Қосылған құн салығының салық салу объектілері болып: салық салынатын айналым және салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектілері болып табылады.

 

Салық инспекциясының сипаттамасы

Қандай да болмасын әрбір  ұйымдар жұмыс жүргізу үшін өздерінің  жалпы заңдарын шығарып сол негізінде  ұйымдастырып, басқарып отырады. Сол  сияқты Салық инспекциясында өздеріне тиісті жалпы ережелері, заңдары бар. Осы заңдарда ережелерде Салық инспекциясының қызметтері мен міндеттері туралы айтылады және де құрылымдық бөлімдерге қойылатын талаптар да айталады. Енді, осы Салық инспекциясының жалпы ережелеріне және құрылымдық ережелеріне тоқталып кетейік.

Салық инспекциясының есепке алу және талдау басқармасының жалпы ережелерін атап өтейік:

  1. жалпы ережелер ұйымның біртұтастығын қамтамассыз етеді және «есепке алу және талдауң басқармасының қызмет етуін қамтамасыз етеді.
  2. «Есепке алу және талдау басқармасы бойынша Салық комитетінің және Қазақстан республикасының Қаржы министрлігінің  Салық инспекциясының құрылымдық бөлімі болып табылады.
  3. Қызметін басқаруда бұл басқарма Қазақстан республикасының заңдары мен конституциялары, Президенттің және Үкіметтің нормативтік – құқықтық актілері, бұйрақтар, нұсқаулар, жарлықтар, ережелер арқылы және Салық инспекциясының жалпы ережелері негізінде жұмысын жүргізеді.
  4. Бұл басқарма өзінің қызметін Салық инспекциясының басқа құрылымдық бөлімдерімен бірге байланыса жұмыс жүргізеді.
  5. Есепке алу және талдау басқармасы үш негізгі бөлімдерден тұрады:
  • Талдау және болжау бөлімі.
  • Төлемдерді есепке алу.
  • Ірі салық төлеушілердің мониторингі бөлімі.

 

Бұл басқарманың негізгі  міндеттері мен қызметтері:

    • Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуі бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Салық Комитетінің белгілеген есеп берулерді құру және ұсыну.
    • Болжамдық көрсеткіштердің орындалуына талдау жасау және салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуінің динамикасын көлемі және соммасы бойынша көрсету, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Салық инспекциясы жүргізген мемлекеттік бюджетіне және Маслихаттың жергілікті бюджетіне кіріске алу жөніндегі қолы.
    • Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін есепке алуды жүргізу және ұйымдастыру.
    • Мемлекеттік және аймақтақ деңгейде ірі салық төлеушілердің электрондық мониторингін жүргізу.
    • Ірі салық төлеушілер беретін мәліметтерді кешенді түрде талдау және салықтық есеп берулермен салыстыру, бұл талдаудың мақсаты ірі кәсіпорындарды анықтау және осыған байланысты қосымша салық салу қоймасын жасау.
    • Осы құзырлы басқарма аумағында салық және басқа да міндетті төлемдерді қарастыратын салық заңнамалары мен заң актілерінің орындалуына бақылау жасау.
    • Салық және басқа да міндетті төлемдерді қарайтын заңнамалар мен заң актілерінің тиімділігн анықтау және салықтық әкімшілік тіркеулердің жүзеге асуына ұсыныстар енгізу.
    • Салық қызметкерлерінің жұмыс істеу тәжірибелерін талдау отырып Қазақстан Республикасының Салық инспекциясы жұмыс тәжірибесін қорыту.

       Есепке алу және талдау басқармасы болжамдардың орындалуына талдау жасайды және ауытқа динамикасын анықтайды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық инспекциясының белгілеген есеп берулер бойынша жедел және басқа да есеп беру түрі бойынша жұмыс жасайды. Осы есеп берулерде салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін соммалық және ауытқу динамикасын көрсетеді. Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсу жоспарын жүргізеді орындайды. Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке    түсу жайлы мәліметтерді Қазынашылық пен бірігіп салыстырады және алғашқы құжаттарды талдайды. Салық төлеушілердің мониторингі есеп беру түрі бойынша аудандық Салық инспекциясынан есеп берулерді жинайды. Салық төлеушілердің хаттарын, өтініштерін және үндеулерін қарайды және салық заңнамаларын жасауға қатысады.

Аталған ережелер Салық  комитетінің «Есепке алу және талдауң басқармасының жалпы  ережелері, яғни бұл басқарма үш бөлімнен тұрады: талдау және болжау, төлемдерді есепке алу, ірі салық төлеушілердің мониторингі бөлімдері. Біз қарастыратын бөлім талдау және болжау бөлімі болғандықтан оған кейінірек толық тоқталамыз, қазір екі бөлімдерге қысқаша тоқталсақ.

Есепке алу бөлімі бұл Қазақстан республикасының Қаржы министрлігінің Салық инспекциясының белгілеген нұсқаулары бойынша есеп берулерді ұсынады. Ұйымдардың дер кезінде салы төлеуін және салық қызметкерлерінің төленген салық соммаларын салық қоймасына уақытында енгізуіне бақылау жасап отырады. Сонымен бұл бөлім Салық инспекциясының құрылымдық бөлімдеріне методикалық көмек көрсетеді.

Ірі салық төлеушілердің  мониторингі бөлімі мемлекеттік  және аймақтық деңгейде ірі салық  төлеушілерге электрондық мониторинг жүргізеді және ұйымдастырады. Қара және түсті металл саласындағы ірі кәсіпорындар жайлы мәліметтерді жинайды, жиналған мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Салық инспекциясы тапсырады. Бұл бөлім ірі салық төлеушілерден түскен мәліметтерді кешенді түрде қарастырып, есеп берулермен салыстырып қосымша резервтік салық қоймасын жасау мақсатымен кәсіпорындардың жағдайын анықтайды. Кәсіпорындаға мониторинг жүргізуді және ұйымдастыру үрдісін ақпаратпен қамтамасыз етумен айналысады.

Ал енді болжау және талдау бөліміне келіп тоқталсақ.

Болжау және талдау бөлімінің  негізгі міндеттері мен қызметтері:

  • Қазақстан республикасының Қаржы министрлігінен келген болжамдық көрсеткіштердің орындалуына талдау жасау және салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуінің динамикасының көлемі мен соммасы бойынша көрсету, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитетінің жүргізілген мемлекеттік бюджетке және Алматы қалалық Маслихаттың жергілікті бюджетіне кіріске алу жөніндегі қолы.
  • Салық және басқа да міндетті төлемдерді қарастыратын заңнамалар мен заң актілерінің тиімділігін анықтау және салықтық әкімшілік тіркеулердің жүзеге асуына ұсыныстар енгізу.
  • Салық және басқа да міндетті төлемдерді қарастыратын заңнамалар мен заң актілерінің орындалуына бақылау жасау
  • Салық және басқа да міндетті төлемдер жайлы болжамдардың орындалмау себебін анықтау.
  • Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз ететін кешенді шараларды жасау және қатысу.
  • Салық төлеушілердің есеп беру және дербес шоттарына камералық тексеру жүргізу.
  • Салық және басқа да міндетті төлемдері бойынша бюджетке    түсуін, салық декларацияларын есепке алу, өңдеу, есептеу, дербес шоттарын тексеру жайлы жұмыстың толық және уақытылы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатымен аудандық Салық комитетімен бірігіп жұмыс жасау.
  • Аудандық салық комитетіне методикалық және іс-тәжірибелік көмек көрсету.

Информация о работе Курстық жұмысымың құрылымы