Бактериологиялық қару

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 18:41, доклад

Краткое описание

Қарулы қақтығыстар құқығы Женева, Гаага конвенцияларында, сонымен қатар БҰҰ БА-ның қарарларында және т.б. құжаттарда орын алған. 1907 жылғы ІІІ Гаага конвенциясына сәйкес, бірінші жақ соғыс бастамас бұрын соғыс ашатындығы туралы хабарлауы керек немесе соғыс ашу жөніндегі шартпен ультиматум қоятындығын жариялауы тиіс. Соғыс жағдайы жөнінде бейтарап мемлекеттер хабардар болулары керек.

Файлы: 1 файл

мгп баяндама бактерия.doc

— 46.00 Кб (Скачать)

Қарулы қақтығыстар құқығы - соғыс  жүзгізу тәсілдері мен құралдарын шектеу, сонымен қатар қарсыласушы  екі жақ және бейтарап мемлекеттер  арасында қарым-қатынасты шешу мақсатында қолданылатын халықаралық келісім-шарттардың жиынтығы.

 Қарулы қақтығыстар құқығы Женева, Гаага конвенцияларында, сонымен қатар БҰҰ БА-ның қарарларында және т.б. құжаттарда орын алған. 1907 жылғы ІІІ Гаага конвенциясына сәйкес, бірінші жақ соғыс бастамас бұрын соғыс ашатындығы туралы хабарлауы керек немесе соғыс ашу жөніндегі шартпен ультиматум қоятындығын жариялауы тиіс. Соғыс жағдайы жөнінде бейтарап мемлекеттер хабардар болулары керек.

БҰҰ БА-ның 1974 ж. 14 желтоқсандағы № 3314 қарарына сәйкес төмендегідей жағдайлар агрессия актілері ретінде анықталады (соғыс ашу  туралы жариялану/жарияланбағанына қарамастан):

    • бір мемлекеттің келесі бір мемлекет аумағына қарулы күштерінің енуі, оны аннексиялау немесе оккупациялау (тіпті уақытша негізде болса да);
    • басқа мемлекет аумағына қарсы қару қолдану немесе бомбалау;
    • басқа мемлекет порттары немесе жағалауын қоршауға алу;
    • басқа мемлекеттің қарулы күштеріне шабуыл жасау және т.б.

Негізгі қағидалар

Қарулы қақтығыстар құқығының  негізгі қағидаларын 3 топқа бөлуге болады:

    • жалпы қағидалар;
    • қарулы қақтығыс әдістері мен құралдарын реттеуші қағидалар;
    • қарулы қақтығысқа қатысушылар мен азаматтық халықты қорғау қағидалары.

 

Жалпы қағидалар құқықтық саланың  барлық қағидаларын біріктіреді. Мысалы, мемлекеттердің бейбір өмір сүру қағидасы, гуманизм қағидасы, халықаралық құқық  нормалары мен принциптерін бұзғаны  үшін жауапкершілік қағидасы, қарулы қақтығыс әдістері мен құралдарын шектеу қағидасы және т.б.

Адамгершілік (гуманизм) қағидасы - қарулы қақтығыстар құқығының  ескі қағидаларының бірі. Бұл қағиданың  мәні - қарсыласушы тараптартың әскери қажеттілікпен ақталмайтын зорлық-зомбылық қолдануына тыйым салу. Женева Конвенциясында соғысушы тараптардың әскери тұтқындарға қатысты адамгершілікпен қарау талап етіледі делінген (13-б.).

Кемсітушілікке  жол бермеу қағидасы адамзаттың тегі, діні, әлеуметтік жағдайы немесе дәрежесіне қарамастан, бірдей қарауды білдіреді.

 

Халықаралық құқық  нормалары мен принциптерін бұзғаны  үшін жауапкершілік қағидасы мына мәселелерді  біріктіреді:

    • мемлекеттердің халықаралық-құқықтық жауапкершілігі;
    • заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкерлішігі.

 

Қарулы қақтығыс әдістері мен құралдарын қолдану және азаматтық, сонымен қатар әскери объектілерді шектеу қағидалары 1868 жылғы БҰҰ БА Декларациясында бекітілген.

Биологиялық қару, бактериологиялық қару — адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады.

Биологиялық қару — соғыс құралдары  ішіндегі адамзат пен қоршаған ортаға ең зиянды қарулардың бірі.

Биологиялық қару (БҚ) – биологиялық  заттармен жарақталған, жеткізу  құралдары бар арнайы оқ-дәрілер  мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, малдарды, ауыл шаруашылығы дақылдарын себуді зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады.

Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді  биологиялық соғыс деп атайды.

БҚ-ның зақымдау әрекеті бірнеше кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген. Адам (жануарлар) ағзасына аз көлемде түссе де, ауру тудырушы микробтар мен оларды4 улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе, өлім қаупін тудырады немесе зақымдаушыны ұзақ уақыт ұрысқа жарамсыз етеді.

Биологиялық қарудың  зақымдаушы әрекетінің негізін биологиялық  кұралдар (БҚ) құрайды—ұрыста қолдану  үшін арнайы реттелген биологиялык  агенттер, олар адамдар немесе жануарлар (өсімдіктер) организміне еніп кеткен жағдайда ауыр жұқпалы ауруларды (улануды) шақыруға қабілетті. Оларға жататындар: ауру қылатын микробтар мен вирустардың жеке түрлері—мейлінше қауіпті жұқпалы ауруларды қоздырушылар, сондай-ақ олардың тіршілік әрекетінің уытты өнімдері; генетикалық материал—микробтардан (вирустардан) шығарылып алынған жұқпалы нуклеидті қышқылдар молекуласы. Дәнді, техникалык жөне басқа ауыл шаруашылық дақылдар егісін кұрту үшін мәдени өсімдіктер ауруларын қоздырушы-микробтарды ғана пайдаланбай, басқа да мейлінше ауылшаруашылық дақылдарға зиянды құрт-құмырсқаларды жоюға қолданылуы мүмкін.

Патогендік микроорганизмдер — жұқпалы ауруларды қоздырушы—көлемі өте кішкентай, түсі, дәмі, иісі жоқ, сондықтан адамның сезу мүшесі аркылы анықталмайды. Көлемі, құрылысы және биологиялық қасиеттеріне байланысты олар вирустардан басқа бактерия, риккетсия мен саңыраукұлактар класьша бөлінеді

Биоцидтің ерекше белгілеріне жаппай жою кезінде, қарулы қақтығыстарда қолданылатын құралдардың ерекшелігін жатқызуға болады:

Бұған 1972 жылғы  бактериологиялық (биологиялық) және токсиндік  құралдардың қорын жинақтау, жасап  шығаруға тыйым салу және оларды жою  туралы Конвенция тыйым салады. Бактериологиялық (биологиялық) және токсиндік қарулар  жаппай қырып-жою қарулар санатына жатады. Себебі олардың әсері биологиялық қоспалардан жасалған ауыратын құралдарды қолдануға негізделген. Оның тиімділігі белгілі аумақтағы адамдарға, жануарлар мен тірі жандарға ғана әсер ететін, жабылуы қиын ауыртпалықтарды жабық түрде, аз зақымдайтын дозаны қолданумен анықталады. Сондай-ақ, дұшпанға биологиялық жағынан үлкен әсерін тигізеді.

Жаппай қырып-жоятын қарулардың барлық түрлерiне тыйым  салу мен оларды жоюды қоса алғанда, қатаң және тиiмдi халықаралық бақылау  мен жаппай және толық қарусыздану бағытында тиiмдi прогреске қол жеткiзу мақсатында батыл iс-әрекет жасауға бел буып,

       Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының  мақсаттары мен принциптерiн iске  асыруға үлес қосуға тiлек бiлдiре  отырып,

       Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1925 жылғы 17 маусымда Женевада қол қойылған Соғыста тұншықтыратын, улы немесе осы секiлдi басқа да газдар мен бактериологиялық құралдарды қолдануға тыйым салу туралы хаттаманың (1925 жылғы Женева хаттамасы) принциптерi мен мақсаттарына қайшы келетiн барлық iс-әрекеттi әлде неше рет айыптағанын еске ала отырып, осы Конвенцияның 1972 жылғы 10 сәуiрде Вашингтон, Лондонда және Мәскеуде қол қойылған 1925 жылғы Женева хаттамасының және Бактериологиялық (биологиялық) және токсиндiк қаруды әзiрлеуге, оның өндiрiсiне және запастардың жиналуына тыйым салу туралы және оларды жою туралы конвенцияның принциптерi мен мақсаттарын, сондай-ақ олар бойынша алынған мiндеттемелердi тағы да растайтындығын мойындай отырып,

       Бактериологиялық (биологиялық) және  токсиндiк қаруды әзiрлеуге, оның өндiрiсiне және запастардың жиналуына тыйым салу туралы және оларды жою туралы конвенцияның ІХ бабында бекiтiлген мақсатты еске ала отырып, осы Конвенцияның ережелерiн жүзеге асыру арқылы химиялық қаруды қолданудың мүмкiндiгiн бүкiл адамзаттың мүддесiнде толық болдырмауға, осымен 1925 жылғы Женева хаттамасы бойынша қабылданған мiндеттемелердi толықтыра отырып батыл iс-әрекет жасауға, тиiстi келiсiмдер мен халықаралық құқық принциптерiнде бекiтiлген соғыс жүргiзу құралы ретiнде гербицидтердi пайдалануға тыйым салуды мойындай отырып, химия саласындағы жетiстiктер тек адамзат игiлiгiне ғана пайдаланылуы тиiс деп санап, осы Конвенция бойынша тыйым салынбайтын мақсаттарда, барлық қатысушы мемлекеттердiң экономикалық және техникалық дамуын жеделдету үшiн химикаттар мен еркiн сауданы, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми-техникалық ақпаратпен алмасуды көтермелеуді тілей отырып, химиялық қаруды жасауға, өндіруге, сатып алуға, қорландыруға, сақтауға, беруге және қолдануға толық және тиімді тыйым салынуы және оны жоюдың осы жалпы мақсаттарға қол жеткізу жолында қажет қадам екендігіне кәміл сендірді.

Қоршаған ортаға зиян келтіретін репрессалийлерді қолдануға  тыйым салу бекітілген, себебі, олар бүкіл адамзатты толығымен жазалайды. Сонымен бірге «азаматтық тұрғындардың өмір сүруіне қажетті объектілерді қорғау», «қауіпті күштерді қамтитын қарулар мен қондырғыларды қорғау сияқты экологиялық нормалар да бар.

 Осыған байланысты, «Мартенс түсіндірмесі» деп аталатын  түсіндірме, қоғамдық таным талаптары мен гуманистік қағидалары әсері мен қорғауында азаматтар мен командирлер қалады деген мағынада көкейкесті болып табылады. Бұл берілген нормалардың қолданылуы мен қызметі, қарулы қақтығыс кезінде қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуде, даусыз тиімді.

 Тағы бір  айта кететіні, БҰҰ-ның қарқынды  күш-жігеріне байланысты, 1977 жылы  біздің көзқарасымызша, өте маңызды,  қарулы қақтығыс кезіндегі экоцидпен  күрес жүргізу жөніндегі халықаралық-құқықтық  құжат қабылданды. Бұл - Қоршаған  ортаға әсер ететін әскери немесе басқа кез келген дұшпандық әрекетті қолдануға тыйым салу туралы Конвенция. Конвенцияның преамбуласында көрсетілгендей, «Осы конвенцияның мүше-мемлекеттері соғыс жүргізуге адамзат баласын жаңа құралдардың қаупінен құтқару ісіне және қатаң әрі тиімді халықаралық бақылауды толығымен және жаппай қарусыздандыруға қол жеткізу мен қару-жарақ жарысып шектеу ісіне үлес тигізуді қалай отырып, сонымен қатар бейбітшілікті нығайтуға деген қызығушылықты басшылыққа ала отырып, ғылыми-техникалық прогрестің қоршаған ортаға әсер ету аймағында жаңа мүмкіндіктерді аша алады деп мойындады. Сондай-ақ, осындай құралдарды әскери немесе кез келген басқа қастандық мақсатта қолдану, халықтың жақсы тұрмыс-халі үшін шектен тыс жаман жағдайларға әкелуі мүмкіндігін түсінеді».

 Ең негізгісі,  Конвенцияда мүше-мемлекеттердің  қарым-қатынасындағы міндеттемелер  бекітілген: 1) кез келген екінші  мүше-мемлекетке зарар келтіру  және зиян тигізу, жою тәсілдері  түріндегі кең, ұзақ мерзімді  немесе маңызды салдарға ие  болуға әкелетін, қоршаған ортаға әсер ету құралдарын дұшпандық мақсатта немесе әскери мақсатта қолдануға жол бермеу; 2) осы аталған Конвенцияға әрбір мүше-мемлекет кез келген мемлекетті, мемлекет топтарын немесе халықаралық ұйымдарды I тармақтағы заңнамаға қарама-қайшы келетін әрекетті жасауға итермелеуге, қолдамауға, көмектеспеуге міндеттемеленеді» (1-бап).

 Осыған сәйкес, заманауи халықаралық құқықта  қарулы қақтығыс кезінде тікелей  жүзеге асырылатын, мүлде жаңа  халықаралық қылмыс түрлері пайда  болды. Биоцид (өмірдің түгелімен жойылуы) адамзат баласына қарсы халықаралық қылмыс деп танылады. Экоцидтен айырмашылығы, биоцид тек адамға және басқа тірі организмдерге қарсы бағытталған. Сондай-ақ, адамдар мен тірі табиғатты қарулы қақтығыста дұшпаннан әскери мүлікті тартып алу мақсатында жаппай қырып-жою қаруының көмегімен қасақана, жаппай жоюды білдіреді.


Информация о работе Бактериологиялық қару