Шизофрения

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 17:20, лекция

Краткое описание

Шизофрения - этиологиясы анықталмаған, созылмалы ағымға бейім, наукас тұлғасының типті озгерістерімен әлеументтік адаптация және еңбекке қабілеттіліктің тұрақты бұзылыстарына алып келетін
әртүрлі айқындылық
дәрежесіндегі өзге психикалық бұзылыстармен көрінетін

Файлы: 1 файл

Шизофрения.pptx

— 496.77 Кб (Скачать)

 

 

 

Кафедра меңгерушісі: м.ғ.д. профессор Алтынбеков С.А.

 

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Психиатрия (2 блок)

Тақырыбы: Шизофрения

 

 

 

 

 

       Орындаған: Ыдырыс Г.Ә.

            Факультеті: Жалпы медицина

 Тобы: 08-08-1қ

                      Тексерген: м.ғ.д.профессор Сарсембаев  Қ.Т.

 

 

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ  УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ  С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

КАФЕДРА: ПСИХИАТРИЯ, ПСИХОТЕРАПИЯ және НАРКОЛОГИЯ


ШИЗОФРЕНИЯ

 

Шизофрения - этиологиясы  анықталмаған, созылмалы ағымға бейім, наукас тұлғасының типті озгерістерімен әлеументтік адаптация және еңбекке  қабілеттіліктің тұрақты бұзылыстарына  алып келетін 

   әртүрлі  айқындылық 

   дәрежесіндегі  өзге психикалық бұзылыстармен  көрінетін 

   психикалық  ауру.

 

Шизофрения белгілері

 

     Басталуы мен хроникалық ағымдылығы бар; өз қарқындылығымен өзгеретін симптомдар кезеңінен кейінгі психиканың азды немесе  көпті өзгеруі – психикалық процесстердің бірлігінің жоғалуы, аутизм, эмоционалдық  белсенділіктің төмендеуі.

 

Шизофрения түрлері:

 

    • қарапайым шизофрения,
    • параноидті түрі,
    • гебефреникалық түрі,
    • кататоникалық түрі.  

 

Шизофрения — жиі кездесетін психикалық аурулардың бірі. Сонымен бірге бұл ауру көбіне жастық шақта кездеседі. Шизофрения басталатын жағдайлар 20—25 жас аралығында жиі байқалады. Демек, шизофрения -ұзақка созылатын, жас, жұмысқа қабілетті кезде жиі кездесетін ауру. Оның әлеуметтік маңызы осы арқылы айқындалады.

Симптомдар

 

 Өз дамуында шизофрения бірнеше   сатыдан өтеді. Оның  өту   барысының   бірнеше   түрі   бар. Шизофренияның әрбір сатысы мен түріне симптоматиканың кейбір ерекшеліктері тән болып келеді.   Сондықтан да ең, алдымен шизофренияның ең бір жалпы  және  тән болатын көріністерін сипаттаймыз. Ауруға психика бірлігінің, бүтіндігінің бұзылуы және психикалық қызметтін сыртқы тітіркендіргіштерге сәйкес келмеуі тән.   Мұның өзі  аурудың мінез-кұлқынан да  байқалады.  Ауру өмір жағдайлары мен қоршаған ортада өзін дұрыс емес қалыпта әрі түсініксіз ұстайды. Мысалы, мамандығы  жағынан есепші бұрын биология мен медицина мәселелеріне қызықпайтын ауру медицина қоғамының мәжілісіне келіп, сол жерде тірі денелердің пайда болуы жөніндегі мәселеде пікір таласына түскісі келеді.  Пойыз контролері аурудан жолақы билетін   ғана   емес,   неке  туралы куәлігін де талап етеді.

 

 Аурудын мінез-құлқы шизофренияға тән болатын және онын бұрынғы өмір тәжірибесімен де, ағымдағы жағдайлармен де анықталмайды. Сыртқы орта тітіркендіргіштері кездейсоқ, белгісіз әсер туғызады.   Бүл тітіркендіргіштер аурудың бұрынғы өмірінде бекіген сигналдық мәндерді жоғалтады. Ауру өршіген сайын ортанын әсері біртіндеп  тіртікендіргіштік касиетті    жоғалтады

 

  Ауру қоршаған ортаға қызығушылығын   жоғалтады. Онымен байланыс жасау да қиындай түседі. Ол түйық, түсініксіз, әрекетсіз, босаң болады. Психикалық бірліктің бұзылуы, психикалық байланыстардың ішкі тұтастығының кеселге шалдыруы аурудың ойынан айқын көрінеді, осыған сәйкес оның ауызша    және жазбаша тілі де бұзылады.

 Шизофренияға тән бұзылыстар аурудың эмоциялық реакциясынан көрініс табады. Ауру реакциясы сыртқы жағдайларға да, аурудың. ойына, оның әрекеттеріне де лайық болмайды. Өз баласын жерлеу жөнінде ауру әңгіме бір қызықты оқиға туралы болып жаткандай әлпетпен және қимылмен айтады. Ауру ізгі әрі ақжаркын үнмен көршісіне оны қайнатылған суда күйдірмек болғанын айтады.

 

 Кейде ауру өзінде негізсіз тілек болатынын айтады, оның әрекеті ниетінен   туындамайды, осы бір әрекеттің өзі басқа біреудің, өз  еркімен жүзеге асып жатқан сияқты керінеді. Ауруда өз ойының бір бөлігін, сезімі мен талабын жат адамдікі сияқты бастан кешіріп жатқандай әсер байқалады. Көбіне оның психикалық кызметі өзіне тиісті емес, езіне қатыссыз етіп, өз ниетіне қарамастан жаттанды түрде    өтіп жатқандай сезіледі    (Кандинский -Клерамбро синдромы, психикалық жаттандылық синдромы). Ауру өз ойындағы бөгде    күштерге, сезімдер мен әрекеттерге тәуелді болғандай күйде жүреді.

Галлюцинация және есітудегі жалған галлюцинация жиі байқалады. Бұлар вербальдық сипатқа ие (дауыс). Кейде ауру «дауыс» өзінің ойы мен ниетінің алдын алатындығына шағым айтады. . Кейде иіс сезу және дәмдік галлюцинация (бел-меден өлік исі шығады, тамак бензин татып кетеді) және жалған галлюцинация («жасалған» иіс) бүлінеді.

 

 Басқа да көпшілік аурулар сиякты шизофрения өз дамуында бірнеше сатыдан өтеді.

 

Бұл сатылар

соңғы (ақырғы) саты

 

аурудың дамуы

 

бастапқы саты

 

 Бастапқы саты.  Жедел, жеделден төмен және шизофрения баяу басталатын  (біртіндеп) түрлерге бөлінеді. Шизофренияның    жедел   басталуында    психотиялық симптоматика кенеттен пайда болып, қысқа уақыт ішінде өрши өтеді (әдетте, бірнеше күн ішінде). Психотик күй өршу алдында бірнеше күнге созылатын қысқа кезең болады. Бұл кезде ауру дәлелсіз үрейді, жалпы сырқаттануды, ұйқысыздық пен бас ауруын бастан кешіреді. Ауру оқтасанда науқастың өзі мен маңындағылар үшін күтпеген жерден, толық психикалық және дені сау күйге аяк астынан тап келгендей күйде басталады. Жедел психотикалық күй кенеттен дұрыс мінезқұлыкпен және өз күйіне сыншылдықпен қараумен алмасады содан соң бірнеше күннен соң тағы да психотикалық, өршу күйі байқалады. Ауру күйінін мұндай шұғыл алмасуы қайталай кезектесіп отырады.

 

Шизофрения жедел пайда болған кездегі жиі кездесетін симптокомплекстердің бірі шатасу болып табылады. Бұл жағдайда ауру уақыт пен орынға бағдар жасамайды, маңайындағыларды танымайды. Маңайындағыларды айтқан сөздерін төңірегіндегі өтіп жатқан басқа да оқиғалар сияқты пайымдамайды. Онын пікірі үзік-үзік сөздер айқайына немесе белгісіз сыбыр-күбірге ұласады. Көзкарас алақ-жұлақ немесе кеңістіктегі бір қиырға тесіле қараған күйде болады. Ауру төсекте аунақшып, саусақтарымен жайманы жиырып алады, алақандарын қабырғамен жүргізеді. Эмоциялық сала жағы да шатысушылықпен сипатталады, абыржушылық, кейде үрей мен қорқыныш пайда болады.

 

Шизофрения ауруының емдеу бағыты  

 

Қазіргі кезде шизофрения ауруларын емдеуде көп мумкіндіктер бар.Сандырақ және галлюцинациялары басым  көрініс берген психотикалық қозу жағдайында нейролепиктер,транквлизаторлар қолданылады. Депрессивті және деприссивті-параноидты көріністері бар жағдайында науқастарға  антидепресанттар тағайындау керек. Күрделі  психопатологиялық синдромдар тізбегі  бар психотикалық жағдайында, қажет  препараттардың комбинациясын қолдану  арқылы емделеді. Ауру көрінісінде  негативті бұзылыстар басым болған жағдайда ынталандырушы әсері бар  нейролептиктерді қолдануға болады.

 

Шизофрения профилактикасының  мәселелері психиартрияның маңызды  міндеттерінің бірін құрайды.Қазіргі  кезеңде шизофренияның біріншілік профилактикасы медикогенетикалық  кеңеспен шектелуде.Екіншілік және үшіншілік профилактика шараларын  жургізу үшін медикаментозды және реабилитациялық  тәсілдер қолданылады.Реабилитациялық  шаралар көп жағдайда еңбектік белсенділік  пен сүйемелдеуші терапияны ретті  жүргізуді дұрыс үйлестіруге  байланысты.

 


Информация о работе Шизофрения