Радиациялық сәулелердің биологиялық әсері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2012 в 10:24, реферат

Краткое описание

Радиоактивті заттар — құрамында радиоактивті изотоптар бар, жасанды немесе табиғи заттар. Тұрақтылығы аздау кейбір элементтер атомдары ядроларының неғұрлым тұрақты энергетикалық күйге өтуі нәтижесінде радиоактивті құлдырау, яғни атомдарда іштей қайта құрылу процесі жүреді.
Табиғи және жасанды радиоактивті изотоптарда ядролардың өздігінен ыдырау процесі үздіксіз жүріп жатады. Демек, олар сыртқы ортаға туынды белшектерді, гамма

Файлы: 1 файл

слайд медбиофизика.pptx

— 152.87 Кб (Скачать)

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

                          Медициналық колледжі

 

СӨЖ

 

   

 

Орындаған:Серпен Б.С.     

Тексерген:Мукархан К

 

 

Қарағанды-2012

 

 

Тақырыбы: «Радиациялық сәулелердің  биологиялық әсері.»

                 Жоспары: 

 

1. Радиацияның әсері, пайдалы және зиян жақтары  
2. Халықаралық радиациядан қорғау ұйымдар  
3. Радиацияның ағзаға түсу жолдары және әсері мен жолдары  
4. Қазақстандағы радиоактивті ластану проблемасы  

    Радиоактивті заттар — құрамында радиоактивті изотоптар бар, жасанды немесе табиғи заттар. Тұрақтылығы аздау кейбір элементтер атомдары ядроларының неғұрлым тұрақты энергетикалық күйге өтуі нәтижесінде радиоактивті құлдырау, яғни атомдарда іштей қайта құрылу процесі жүреді.

 

    • Радиоактивті заттар альфа, бета-бөлшектер мен гамма-сәулелер шығара алады, оның залалдау әрекеті адамдар мен жануарлардың сырттай сәулеленуі түрінде көрінеді. Радиоактивті сәулеленудің зиянды биологиялық әрекеті тірі клеткалардың иондануы ағзадағы химиялық өзгерістердің әр түрлі процестері арқылы көрінеді.

 

    • Табиғи және жасанды радиоактивті изотоптарда ядролардың өздігінен ыдырау процесі үздіксіз жүріп жатады. Демек, олар сыртқы ортаға туынды белшектерді, гамма кванттарын үнемі атқылаумен болады. Радиоактивті сәулелер кейде радиация немесе иондағыш сәулелер деп аталады. Олардың кинетикалық және электромагниттік энергиялары үлкен шама құрайды. Сондықтан ондай бөлшектер жолындағы денелердің атомдары мен молекулаларының химиялық-физикалық касиеттерін өзгертіп иондайды, олардың араларындағы қалыпты байланыстарды үзеді.
    • Альфа-бөлшек парақ қағазға тұтылып, одан өте алмайды. Алайда адам терісінде қалып қойса немесе ішкі органдарына тыныс жолымен, яғни жеген тағамы арқылы өтіп кетсе, өте қауіпті.

 

    • Бета-бөлшектердің өтімділік қабілеті үлкен. Олар адам ағзасына 1—2 см тереңдеп ене алады. Алайда бірнеше миллиметр алюминий қаңылтыры оны толық жұтып алады.

 

    • Гамма-сәуленің өтімділік қабілеті аса күшті. Сондықтан одан қорғану үшін корғасынның немесе бетон плиталардың калың қабаты пайдаланылады.

 

    • Иммундық жүйе адам ағ­за­сына сәуле өткенде ғана емес, өзге де себептерден зар­дап шеге береді. Күнде­лікті өмірде адам өте аз мөл­шерде болса да сәуле­леленеді екен. Радиоактивті сәуле денеге ғарыштан, та­ба­нымыздың астындағы жерден, радио, теледидардан, компьютерден, сондай-ақ өн­діріс орындарынан енеді.

 

    • Радиоактивтi сәулелердiң организмге әсерi оларда бос химиялық радикалдардың пайда болуымен және клеткадағы мутациямен байланысты. Ал бұл өте қатерлi. Ол сәуле ауруына немесе қатерлi iсiкке алып келуi мүмкiн. Иондаушы сәулелердiң әсерi сәулелену дозасы деп аталатын ерекше шамамен бағаланады. 
       

 

1


Информация о работе Радиациялық сәулелердің биологиялық әсері