Функциональді сынамалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 16:05, реферат

Краткое описание

Менің бүгінгі студенттік өздік жұмысымның тақырыбы «Функциональді сынамалар» болып табылады. Бұл тақырыптың негізгі мәселесіде, жүрек-қантамыр жүйесін функционалдық жағдайын, организмнің ішкі қорының мүмкіндіктерін бағалауға болады. Сонымен қатар бұл сынамалар қолдануда қол жетімді, ыңғайлы, күрделі құрал-жабдықтарды қажет етпеуі, әрі тиімді және артық шығынсыз болуы үлкен артықшылықтарды береді. Кейбір сынамалар, жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық көрінісі болмай тұрып анықтауға мүмкіндік береді.

Оглавление

Кіріспе.

І Клиноортостаз сынамасы.

ІІ Клиноортостатикалық сынама.

ІІІ Шалков сынамасы.

ІV Штанге, Генчи сынамасы.

Қорытынды.

Файлы: 1 файл

СРС Букашев 404 Функциональды сынамалар.docx

— 28.99 Кб (Скачать)

Семей мемлекеттік медицина университеті

   

СӨЖ

 

Тақырыбы: «Функциональді сынамалар».

 

 

 

 

 

                                     Орындаған: Букашев Ж.Н.

                                                           404 топ ЖМФ

                                          Тексерген: Тулеутаева Г.А.

 

Семей 2011

 

 

 

 

 

Жоспар

 

  Кіріспе.

 

І    Клиноортостаз сынамасы.

 

ІІ   Клиноортостатикалық сынама.

 

ІІІ  Шалков сынамасы.

 

ІV  Штанге, Генчи сынамасы.

 

      Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Менің бүгінгі студенттік өздік жұмысымның тақырыбы «Функциональді сынамалар» болып табылады. Бұл тақырыптың негізгі мәселесіде, жүрек-қантамыр жүйесін функционалдық жағдайын, организмнің ішкі қорының мүмкіндіктерін бағалауға болады. Сонымен қатар бұл сынамалар қолдануда қол жетімді, ыңғайлы, күрделі құрал-жабдықтарды қажет етпеуі, әрі тиімді және артық шығынсыз болуы үлкен артықшылықтарды береді. Кейбір сынамалар, жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық көрінісі болмай тұрып анықтауға мүмкіндік береді.

Осы студенттік өздік жұмыстың мақсаты жүрек-қантамыр жүйесінің функционалдық жағдайын бағалау үшін функционалды сынамаларды өткізу әдістерін терең меңгеріп үйрену. Осы сынамалардың нәтижесін бағалай білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І

Жүрек-қантамыр жүйесін функционалдық  жағдайын бағалау, организмнің ішкі қорының мүмкіндіктерін анықтау  үшін көптеген сынамалар қолданылады, бірақ бұл сынамалардың нәтижесі абсолютті түрде нақты емес, себебі нәтижеге әр түрлі ақпараттылығын төмендететін факторлар әсер етеді (вегетативті  нерв жүйесінің жағдайы, шынығу дәрежесі, шаршағаны т.б.). Қолдануда қарапайым, қол жетімді, әрі тиімді болып клиноортостаз, клиноортостатикалық, Шалков, Генчи, Штанге сынамалары жатады. Шалков сынамасы жасырын жүрек жеткіліксіздігін табу үшін жоғары ақпаратты болып келеді.

Клиноортостаз сынамасы артериалдық қысымның және пульстің «шартты түрде негізгі» көрсеткіштерін анықтауға негізделген (жатқан қалпында, кемінде 15 минуттық демалыстан кейін өлшейді). Сосын бала тұрады, көрсеткіштерді қайталап анықтайды. Пульсты негізі 10 с ішінде анықтаған дұрыс, бұл жүрек соғу жиілігінің 1 мин ішіндегі динамикасының нақтылығы үшін қажет. Әдетте вертикальді қалыпқа өткен кезде пульс жиілігі 10%-дан төмен 20%-дан жоғары емес, ал систолалық артериалдық қысым 5-15 мм.сын.бағ. көтеріліп, диастолалық артериалық қысым өзгермейді. Көрсеткіштердің динамикасының болмауы вегетативті реттелудің дисбалансын көрсетеді (вагустың белсенділігінің жоғарылауы немесе симпатикалық белсенділіктің төмендеуі). Симпатикалық белсенділіктің жоғарылауы кезінде көрсеткіштер қатты өзгереді.  Бұл сынама организмнің вегетативті реактивтілігін сипаттайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ

Клиноортостатикалық сынама, Шеллонгтың гемодинамикалық сынамасына негізделген, ол вегетативті реактивтілікті анықтап қана қоймай, сонымен қатар жүрек-қантамыр жүйесінің вегетативті реттелуімен қаншалықты қамтамасыздандырылғанын анықтайды.

Жатқан қалпында 15 мин  дем алған соң артериалдық  қысымның және пульстің «шартты түрде  негізгі» көрсеткіштерін анықтайды. Сосын  бала тұрады және вертикальді қалыпта 10 мин тұрады. Бірден вертикальді  қалыпқа өткен кезде және минут  сайын пульс жиілігі мен артериялық қысымды өлшейді. Сосын бала жатады, минут сайынғы көрсеткіштерді өлшеу бастапқы қалыпқа келгенше жалғастырылады (5 мин көп емес). Алыңған нәтиже бойынша график жасайды: абсцисса осінде сынама өткізу уақытын, ордината осінде – пульс жиілігін, систолалық және диастолалық артериалды қысым көрсеткішін көрсетеді. Өзгерістерді сызықпен көрсетеді.

Қалыпты реакция деп дене қалпын ауыстырған кезде шағымдарының болмауын, ал динамикалық көрсеткіштер кестеге сәйкес болуын айтамыз. Бастапқы көрсеткіштерге жатқан кезде қайтып келуі көбінесе 4 минутқа дейін болады.

Клиноортостатикалық сынамасы кезіндегі пульс жиілігі  мен артериалық қысымның қалыпты  көрсеткіштері.

 

Көрсеткіштер

Бастапқы кезде

КОС кезіндегі көрсеткіштердің  динамикасы

Пульс жиілігі (1 мин ішінде)

76 төмен

40% жоғары емес

76-90

30% жоғары емес

90 жоғары

20% төмен емес

Систолалық артериалық қысым (мм.сын.бағ.)

90 төмен

+5-тен +20-ға дейін

90-100

+0-ден +15-ке дейін

100 жоғары

+0-ден +10-ға дейін

Диастолалық артериалық қысым (мм.сын.бағ.)

60 төмен

+5-тен +20-ға дейін

60-70

+0-ден +15-ке дейін

70 артық

+0-ден +10-ға дейін


 

Негізгі гемодинамиканың  патологиялық реакция өзгерістерінің нұсқалары, симпатикалық жүйенің артық (кем) жұмысы немесе вегетативті реттелудің аралас бұзылыстары жатады. 

 

 

 

 

ІІІ

Физикалық жүктемемен жүретін  сынамалар жүрек-қантамыр жүйесінің  бейімделгіштігін, жүректің «жұмысқа қабілеттілігін», сонымен қатар  балалардағы жүрек-қантамыр жүйесінің  зақымдалуымен болатын жүрек  жеткіліксіздігінің клиникаға дейінгі белгілерін анықтауға болады. Мөлшерленген физикалық жүктемесі бар сынамалар ен нақты және ақпараттылығы мол болғанымен, оны жасау үшін белгілі бір жағдайлар, велоэргометр немесе тредмил керек. Жүктеменің мөлшерін анықтау антропометрлік көрсеткіштер мен баланың шынығу дәрежесіне байланысты.

Күнделікті практикада қарапайым, қосымша құралдарды қажет етпейтін, дене қалпының өзгеруіне немесе отырып- тұруға негізделген, Н.А.Шалков ұсынған сынама жиі қолданылады.

Сынаманы өткізген кезде  «шартты түрде негізгі» көрсеткіштерді пульс жиілігі, тыныс жиілігі, артериалды қысымды анықтайды.

Жүктілік мөлшерін баланың жағдайына байланысты қою.

№ сынамалар

Физикалық жүктеменің түрі

Арналуы

1.

Горизонтальды қалыптан отырған  қалыпқа ауысу 3 рет

Төсектік  тәртіптегі балаларға

2.

Горизонтальды қалыптан отырған  қалыпқа ауысу 5 рет

3.

Горизонтальды қалыптан отырған  қалыпқа ауысу 10 рет

4.

Жерде 10 с ішінде 5 рет  отыру немесе 10 баспалдаққа шығу

Жалпы клиникалық тәртіпте жатқан және дені сау балаларға 

5.

Жерде 20 с ішінде 10 рет  отыру немесе 20 баспалдаққа шығу

6.

Жерде 30 с ішінде 20 рет  отыру немесе 30 баспалдаққа шығу

7.

Жаттығулық жүктемелер (жүгіру, велосипед, шаңғы, суға жүзу т.д.).

 Спортпен  және дене шынықтырумен  шұғылданатын  сау балаларға

8.

Спорттық жаттығулық жүктемелер


 

Практикалық жұмыста жүрек-қантамыр жүйесінің айқын зақымдалулары  болмаса №6 сынаманы жүргізеді. №7 және 8 сынамаларды спорттық медицинада қолданады.

Пульс жиілігі, тыныс жиілігі, артериалды қысымды зерттеулерін жатқан қалыпта бірден және 3,5,8,10 мин кейін  анықтайды. Алыңған  ақпараттың динамикасын  бағалайды, соғу көлемін (СК) және қанайналымының минуттық көлемі (ҚМК) жүктемеге өзгерісін анализдеп, сонымен қатар бастапқы қалпына келу уақытын есептейді. Соғу көлемін пульстік қысым арқылы жанама түрде анықтайды (систолалық және диастолалық артериалдық қысым айырмашылығы). Қан айналымының минуттық көлемін Эрлантера-Гукера формуласы бойынша анықтайды (пульс жиілігі мен пульстік қысым көбейтіндісі). Әдетте барлық көрсеткіштерді кестеге толтырады.

Мөлшерленген  физикалық жүктеме сынамасы.

Уақыт

ПЖ

ТЖ

АҚ

ПҚ

ҚМК

Жүктемеге дейін

         

Жүктемеден кейін

         

3 мин кейін

         

5 мин кейін

         

8 мин кейін

         

10 мин кейін

         

 

Жүктемеге қалыпты жауап деп ентікпе, шаршағыштық пен әлсіздік болмаса, пульс жиілеуі 20-25%-дан аспаса, жоғарғы артериалдық қысымның 5-10 мм.сын.бағ.-на жоғарылауын, ал төменгі артериалдық қысымның өзгеріссіз немесе 5 мм.сын.бағ.-на төмендеуін айтамыз. Қан айналымының минуттық көлемі 30-50%-ға жоғарылайды, және барлық көрсеткіштер 3-5 минутта бастапқы қалыпқа келеді.

Жүктемеге бұзылыс кезіндегі  жауап мынандай, тыныс пульс жиілеуі (бастапқыдан 30-50%-ға жоғары). Систолалық қысым төмендейді, ал диастолалық өзгермейді немесе жоғарылайды. Бұның нәтижесінде жүректің соғу көлемі төмендейді. Минуттық қан көлемі қатты жоғарыламайды, оның жоғарылауы пульстік қысым арқасында емес, жиілігінің арқасында жоғарылайды. Қалпына келу уақыты 10 минуттан асып кетуі мүмкін.

Сонымен, қан айналымының  минуттық көлемін анықтау және оның жүктеме кезіндегі өзгерісінің  механизмін анықтау, жүрек бұлшық етінің функционалдық жағдайын бағалауға  мүмкіндік береді.

Қан айналымының минуттық көлемінің өзгермеуі балаға жүктеменің шамадан тыс аз болуын көрсетеді.

   

 

IV

 Тынысты тоқтату сынамалары. Тыныс алған кезде тыныс тоқтатумен байланысты В.А.Штанге сынамасы клиникалық практикада өте кең тараған. Бұл кезде терең тыныс алып (бірақ максималды емес) дем алуды тоқтататып, мұрынды саусақпен қысып, зерттемені отырған қалыпта жасайды. Тыныс тоқтатқан уақытты сикундомермен өлшейді, қалыпты адамда ол 50-60 с тең. Жаттыққан спортсмендер демін бірнеше минутқа тоқтата алады.

Штанге сынамасының жасқа байланысты ерекшелігі

 

Жасы

Тыныс тоқтату ұзақтығы

Жасы

Тыныс тоқтату ұзақтығы

6

16

10

              37

7

26

11

39

8

32

12

42

9

34

13

45


 

Генчи сынамасы. Өткізу тәртібі: қалыпты дем шығарғаннан кейін, бала демді тоқтатады. Тыныс тоқтату ұзақтығын сикундомер арқылы өлшейді, қалыпты жағдайда сау адамдарда ол 20-25 сикундқа тең.

Жүрек-қантамыр жүйесінде  ауытқу болған жағдайда, тынысты тоқтату  ұзақтығы 50%-ға төмендейді.

Бұл тынысты тоқтату сынамалары әр дайым жүрек-қантамыр жүйесінде  өзгерістердің шынайы кейпін нақты және тұрақты көрсете алмайды, себебі тынысты тоқтату ұзақтығы әр адамның күш-жігерінің мөлшеріне байланысты өзгеруі мүмкін. Бұл оның практикалық маңызын азайтады.

Ал егер науқас бала максималды терең дем алса, бұл өкпе керілуіне  әкеліп, ал ол кезбе нервті қоздырып, тыныс орталығын уақытынан бұрын  белсендіреді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Менің бүгінгі студенттік өздік жұмысымның тақырыбы «Функциональді сынамалар» болды. Бұл тақырыпта  мен негізінен мынандай сынамаларға, ол клиноортостаз, клиноортостатикалық сынама және Шалков, Штанге, Генчи сынамаларына тоқталдым. Бұл сынамалардың клиникалық практикада маңызы зор, себебі қолдануға жеңіл, тез, әрі ыңғайлы. Және баланың жүрек бұлшық етінің функционалдық жағдайын, вегетативті және симпатикалық жүйкелердің тонусын бағалауға болады. Әрине бұл сынамалар әрдайым нақты бола бермейді, себебі нәтижеге әр түрлі ақпараттылығын төмендететін факторлар әсер етеді (вегетативті нерв жүйесінің жағдайы, шынығу дәрежесі, шаршағаны, тыныс тоқтату уақыты оның шыдамдылығына байланысты болуы т.б.). дегенмен болжам келтіруге мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе бүгінгі  өздік жұмысымды түсінікті, әрі ақпараттылығы мол болуына мән бердім. Әр түрлі функционалдық сынамаларды егжей-тегжейлеп, анық айтуға тырыстым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

    1. В.В.Юрьева «Пропидевтика детских болезней. Практикум» Питер 2003
    2. www.readbookz.com/book/188/6811.html

 

    1. Б.Х.Хабижанов, С.Х. Хамзин «Педиатрия» Алматы «Қазығұрт» баспасы 2005

 

 


Информация о работе Функциональді сынамалар