Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2012 в 13:27, доклад
Еңбек гигиенасы, кәсіби гигиена – еңбек процестерінің және айналадағы өндірістік ортаның адам организміне тигізетін әсерін зерттейтін, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызу, кәсіби ауруларға жол бермеу шаралары мен гигиеналық нормативтер іздестіретін ғылым, гигиена саласы.
Еңбек гигиенасының негізгі бағыты: еңбекті қорғау мәселелерін Қазақстанда шаруашылық және кәсіподақ органдары медицина мекемелерімен бірлесе отырып, еңбек туралы заңға сәйкес комплексті түрде шешу. Өнеркәсіп орындарында жұмысшылардың денсаулығын медициналық санитариялық бөлімдер, сауықтыру пункттері, фельдшерлік-акушерлік пункттер қадағалап отырады. Сонымен еңбек гигиенасының негізгі міндеті – адам организміне әсер ететін қолайсыз еңбек жағдайларына сапа мен сан мөлшерінде баға беру, соның негізінде нақтылы алдын алу шараларын өңдеу.