Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 22:01, контрольная работа

Краткое описание

Қазір «Ақпараттық технологиялар дәуірі» компьютермен таныс болмасаңыз, күнделікті жұмыста оның көмегіне жүгінуге үйренбесеңіз, онда өмірге бейімделмеуіңіз мүмкін. Компьютер ғылыми және инженерлік есептеулерде, жаңа ғарыштық станцияларды модельдеуде, күрделі процесті автоматтандыруда, адамға ауа-райын немесе табиғи апатты алдын ала болжауда, кітаптар мен журналдарды даярлау және басып шығаруда, фильмдерді түсіруде және тағы басқа көптеген жағдайларда көмектеседі.

Оглавление

I) Кіріспе
II) Негізгі бөлім
1) Дәрігердің жұмысы үшін компьютердің маңызы;
2) Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны;
3) Компьютермен жұмыс істеуге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар;
4) Медициналық техника.
III) Қорытынды
IV) Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Курганбекова М.М. 1-007 СРС.docx

— 142.91 Кб (Скачать)

Қарағанды мемлекеттік медициналық университет

Медициналық биофизика және информатика кафедарсы

 

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындады: Курганбекова М.М

1-007 топ ЖМ

                                                                                       Қабылдады: Сыдыкова А.Ж.

 

 

 

 

 

                                                 Қарағанды  2015ж.

 

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
    1. Дәрігердің жұмысы үшін компьютердің маңызы;
    2. Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны;
    3. Компьютермен жұмыс істеуге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар;
    4. Медициналық техника.
  3. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер 
Кіріспе

Қазір «Ақпараттық технологиялар дәуірі» компьютермен таныс болмасаңыз, күнделікті жұмыста оның көмегіне жүгінуге үйренбесеңіз, онда өмірге бейімделмеуіңіз мүмкін. Компьютер ғылыми және инженерлік есептеулерде, жаңа ғарыштық станцияларды модельдеуде, күрделі процесті автоматтандыруда, адамға ауа-райын немесе табиғи апатты алдын ала болжауда, кітаптар мен журналдарды даярлау және басып шығаруда, фильмдерді түсіруде және тағы басқа көптеген жағдайларда көмектеседі.

Медициналық информатиканың негізгі мақсаты тұрғындардың денсаулығын сақтау, сапасын көтеруді қамтамасыз ететін компьютерлік технологияны қолдану есебінен медицинада ақпараттық үрдістердің тиімділігі болып табылады.

Ұлт денсаулығы - табысты болашақтың негізі, бақытты өмірдің кепілі. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі - еліміздің барлық аумағында сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Соңғы жылдары Қазақстан денсаулық сақтау саласы қарқынды дамуды бастан кешіріп, алдыңғы қатарлы медициналық қызмет көрсететін орталықтар шоғырланған елге айналды.

Жаңашылдық – заман талабы. Халық денсаулығын сақтаудың маңыздылығы, бүгінгі күннің медицина жетістіктерінен қалмау, оны өмірде қолдану жайында, денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту аясында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізу, аурулар түрінің барынша кең спектрін диагностикалау және емдеумен қамтамасыз ету жыл сайынғы Елбасы Жолдауларында айтылып келеді.

Қазіргі таңда компьютерлер арқылы жетістіктерге жетуге болады. Мысалы үшін, биология саласына келетін болсақ мөлдір емес денелердің ішкі бөлшектерінің кескінін алудың жаңа әдісін жақсартуға мүмкіндік берді. Бұл әдісті томография деп атайды. Ол әдетте рентгенскопия беретін кескіннен әлдеқайда сапалы кескін алуға мүмкіндік жасайды. Томография сандарға жүздеген миллион арифметикалық амалдарды шапшаң орындай алу үшін, қабілетіне негізделген. 
Компьютердің дәрігер жұмысы үшін маңызы

    «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз.Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады. Есеп – қисап жасау, мәліметтерді өңдеу, құжаттарды қағазға басып шығару істеріне пайдаланамыз.          

       Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»)— есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.

      Медицина мен денсаулық сақтау үшін компьютер өндіріс құралы. Қазіргі кезде барлық мекемелерді компьютерсіз елестету мүмкін емес. Әрбір келген емделушінің аты – жөнін, қай палатада жататындығы, қандай диагноз қойылғандығын компьютерге тіркеп тез табуға болады. Компьютермен интернетке қосылып, шет мемлекеттермен тәжірибе алмастыруға және түрлі мәліметтер алуға болады.

Компьютердің медицина саласындағы көптеген есептерді айырып білу, емдеу, алдын-ала сақтандыру, ағза мүшелерімен ұлпаның қызметін сүйемелдеу, жасанды мүшелер жасау және оларды басқару міндеттерін орындауға тиімді қолданады.

Медицинада алғаш рет компьютерлік желілер пайда бола бастады. Қазіргі кезде медицина ақпараттардың негізгі бағыттарының бірі болып, жаппай медицина ақпараты компьютер негізгі болып табылады. Дәрігер көпшілік адамы, сондықтан оған ауру, сырқат адамдар келеді.

1970 ж клиникада пайдалану  үшін арнайы автаматтандырылған  жүйелі компьютерлер қолдана  бастады.

Медициналық сипаттық компьютерлік жүйелердің классификациясы:

1. Маманданған түрі.

2. Көп функциялы түрі.

3. Комплексті түрі.

Олардың көмегімен:

• Қанайналым жүйесі.

• Тыныс алу жүйесі.

• Ультрадиагностика.

• Рентген сәуле зеттеулері.

• Компьютерлік томографияны анықтайды.

Болашақ дәрігер, өз қызметі саласында компьютерлік техникаларды пайдалана отырып, ақпаратты тиімді жұмыс істейді.

 

Компьютер дәрігерге:

 

• Кең тараған қолданбалы программаларды іс жүзінде қолданады.

• Жергілікті есептеу желісі құрамында жұмыс жасауға.

• Медициналық анықтаушы жүйелерді қолданып, кәсіптік, статистикалық ақпаратты өңдеу әдістерін жүргізуге мүмкіндік береді.

• Заман талабы бойынша, дәрігер компьютерді білуі керек.

Заманға сай құрылған компьютер, яғни бүкіл функциялары  бар компьютер қандай салада да қолданылады.

Қазіргі кезде компьютер қуатты есептеуіш құрал түрінен ақпараттың кез-келген түрін өңдеп, оны сақтауға арналған құрал. Ал медицина үшін оның маңызы, көмегі орасан зор. 
Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны

Дәрігердің негізгі мақсаты- науқастарды амбулаторлы және үйінде емдеу, профилактика мен диспансеризация жүргізу, медициналық документацияны өткізу және басқарушы алдында жұмыс туралы есеп беру. Дәрігердің ең шаршататын жұмысы – “қағаздық”. Бұл амбулаторлы карталарды толтыру, әртүрлі бөлімдерін көшіру болып келеді.

         “Дәрігердің автоматтандырылған жұмы орны” ˗кез-келген медициналық ақпараттық жүйенің орталық бөлімі. Бұл дәрігердің қызметі жалпы максималды және толық түрде автоматтандырылған, яғни нақты бағыттағы арнайы стационар мен поликлиникадағы жұмысқа шартталған болып келеді. Сондықтан дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны  көптеген медициналық мекемелерде қолданылады.

Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны жұмыстың келесі бағыттарында тиімді компьютерлік құралдары бар:

      1. Электронды ауру тарихын енгізу (электронды медциналық карта);
      2. Науқастарды тіркеу, электронды картотеканың құрылуы, керекті ақпараттарды тез іздеу;
      3. Мамандандырылған тексеру карталарын толтыру;
      4. Науқастардың шағымын, өмірі мен денсаулығының анализін объективті тұрғыдан мәліметтерін енгізу;
      5. Бақылауларды мәліметтерін, науқас жағдайының белгіленгіен өзгерістер ақпаратын, қаралу нәтижелерін, нұсқауларды тез енгізу;
      6. МКБ-10  бойынша  диагнозды автоматтандыру;
      7. Реестрына сәйкес дәрігерлік препараттарды тағайындау;
      8. Консультацияға бағыттау;

 

Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орнының атқаратын қызметі:

Мәліметтерді тиімді түрде енгізу:

      1. Амбулаторлы картаға науқастың мәліметтерін жылдам енгізу:
        1. Амбулаторлы картаның барлық құжаттары бір-бірімен байланысты;
        2. Мәліметтер дәрігерге үйреншікті формада – қарапайым стандартты бланк түрінде енгізіледі;
        3. Электронды анықтамалық жүйелер – МКБ10, медикаменттер тізімі  және т.б. өңделген;
        4. Аналогты құжаттарды – диагноз типі, емдеудің сапалы нәтижелері және т.б. – архив және базадағы келесі құжаттар бойынша іздеу жүйесі өңделген.
      2. Қосымша статистикалық  есеп беру формаларын толтыру шығарылған, себебі негізсгі статистикалық  есеп берулер автоматты түрде амбулаторлы карта негізінде құрылады;
      3. Мәліметтерді өткізуде бақылау автоматтандырылған;  

Толтыру процессінде өңделген документтерді қарап шығу мүмкіндігі қамтамасыз етілген. 
Компьютер басында жұмыс істеуге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар

  • Компьютерді орналасатын орын таңдау кезінде оның жылыту радиаторлары жанында қызып кетуі мүмкін екенін есте ұстау керек;
  • Маниторды күн сәулесі бейне бетке тікелей түспейтіндей етіп орналастыр.;
  • Монитор бейне бетін арнайы шүберекпен сүртіңіз.
  • Компьютер болмесін күн сайын жинаңыз;
  • Жалғаушы кабельдердің ажыратқыштарын қолмен ұстауға болмайды;
  • Қоректендіру сымдарына және жерге қосу құрылғыларына қан тигізуге болиайды;
  • Манитор мен пернетақтаға диск, дәптер, кітап т.б. заттарды қоюға болмайды;
  • Дымқыл киіммен және су қолмен жұмыс істеуге қатаң тиым салынады.
  • Сырт киімі дұрыс болуы керек, сырт киімі ақ халат, ақ қалпақ, ақ аяқ киім. өйткені ақ түс  радиацияға қарсы тұрады.
  • Компьютер қасында кактус болуы қажет.
  • Компьютер алдында көп отырмау керек. Компьютер мен пайдаланушы ара қашықтығы шамамен 60-70см болуы қажет.
  • Адам отыратын столы өзіне ыңғайлы орналасуы шарт
  • Компьютер алдында тамақ немесе сусын ішуге болмайды. Себебі, тамақты не сусынды төгіп алса, компьютер құрылғылары істен шғуы  мүмкін.
  • Жарық жанып тұруы керек. Жарық болмаса көзге әсер етеді.
  • Жұмысты аяқтап болған соң, алдын тазалап, уақытында сүрту керек. Шаң басса әртүрлі аурулар жұғады.

 

Пернетақтаны еңкеймей пайдаланып, бейне бетке шығарылатын ақпаратты оңай қабылдауға ыңғайлы етіп орналастыр. Монитор мен пернетақтаны биіктігі бойынша дұрыс орналастырудың маңызы зор. Монитор ыңғайсыз тұрса, арқа мен мойын бұлшықеттеріне салмақ түсіп, бас ауруы пайда болады. 
Аппараттық қамтамасыз ету:


Автоматтандырылған жұмыс орнын құру кезінде қандай ішкі және сыртқы құрылғылардың қажеттілігі анықталуы керек, сонымен қатар олардың сипаттамалары мен қолдану нұсқаулықтары болуы шарт.

Қызмет түрі

Құрылғы түрі

Сипаттамалары

Процессор (өңдеуші-барлық есептеулерді, көптеген математикалық және логикалық операцияларды орындайтын негізгі микросхема. Бұл компьютедің «миы», ол компьютер жадысында орналасқан мәліметтерді өңдейді.

Процессор

  • Процессор разрядтылығы, бір ретте  (бір тактіде) өзінің регисторларында мәліметтердің қанша битін қабылдай алатынын және өңдей алатынын көрсетеді. Intel Pentium процессорлары 32-разрядты болып табылады.

Шығару құрылғылары пайдаланушыларға мәліметтерді өңдеу нәтижелерін көрсетуге арналған.

Монитор

Компьютер де ақпаратты электр сигналдары түрінде қандай да бір цифрлік-аналогтық түрлендіргіштер (ЦАТ) арқылы орындаушы құрылғыларға жібере алады.

Пернетақта алфавитті-цифрлік мәліметтерді енгізуге және компьютерді басқару командаларын енгізуге арналған

Пернетақта

  • Қызметті кпернелер алфавитті-цифрлік пернелер тобының қасында орналасқан. Оларға Enter пернесі, Shift, Alt және Ctrl регистрлік пернелер, Tab пернесі, Esc пернесі, Backspace пернесі, Print Screen, Scroll Lock және Pause/Break пернелері жатады.

Тышқан – манипулятор типті компьютерді басқару құрылғысы

Тышқан

Тышқан екі-үш батырмасы бар сопақша келген қорапша. Тышқанды жазық бетпен қозғалтқан кезде монитор экранында синхронды түрде белгі (тышқан нұсқағышы) қозғалады. Батырмаларды қықса (шертпе) немесе ұзақ басу  және нұсқағышты орын ауыстыру арқылы компьютер басқарылады

Сканерлер қағазға басылған графикалық және мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған.

Сканер

компьютер датчиктерден түскен ақпараттарды қабылдай алады — аналогтық-цифрлік түрлендіргіш (АЦТ) деп аталатын арнайы құрылғыдан түскен электр сигналдары түрінде.

құжаттардың қағаз бетінде көшірмесін алуға арналған

Лазерлік принтер

Лазерлік принтерлер ең қымбаты, бірақ олардың өнімділігі ең жоғары (минутына ондаған бет) және айыру қабілеттігі де жоғары (до 4800 dpi). Оттиск бағасы бір бетке 2-6 цент.

Компьютер қосылып тұрғанда мәліметтерді уақытша сақтауға арналған

Жедел жады

Бұл жады тікелей процессормен жұмыс істейді, оған мәліметтер жібереді және өңдеу нәтижелерін алады. Жедел жадыда әрі мәліметтер, әрі компьютер дәл осы уақытта жұмыс істейтін программалар сақталады. Көлемі жағынан аздау болғанмен (ондаған мегабайт), әрекет ету жылдамдығы жоғары.

Қатты диск — жұмыс істегенде үнемі қолданылатын программалар мен мәліметтерді сақтауға арналған негізгі ұзақ уақытты сақтау құрылғысы

Қатты диск

Металлдық немесе керамикалық пластинадан орындалға диск үлкен жылдамдықпен айналады. Ақпаратты жазу және оқуды магнитті ине орындайды.

Компакт-дискілер дисководы CD-ROM — компакт-диск негізіндегі тұрақты есте сақтау құрылғысы.

CD-ROM

Сақталған ақпаратты оқу.. Жазбаны оқу оптикалық тәсілмен жүзеге асырылады. Стандартты компакт-дискінің көлемі 650 мегабайт.

Ішкі және сыртқы (перифериялық) құрылғылары қосылады

Аналық тақша

(жүйклік тақша)

Компьютерге түрлі құрылғылар қосу үшін кеңею разъемдары немесе слоттар (жүйелік блок ішінде орналасады) және порттар деп аталатын арнайы разъемдар (жүйелік блоктың артқы қабырғасында орналасады) қолданылады. Ақырғыларға тышқан, принтер, сонымен қатар модем және басқа да сыртқы құрылғылар қосылады.




 

 

 

Дәрігердің жұмысына қажетті жүйелік және қолданбалы бағдарламалар

Ақпараттық талап

Платформа үшін бағдарламалар

Сипаттамасы

Барлық программалардың басқаруын іске асыру құрылғысы.

Операциондық жүйе Windows

Жылдамдықтың тездігі қатенің жоқтығы

Кестені құру

Excel

Қолайлы интерфейс, таратылу және басқалар.

Жобалаушыны пайдаланып ұсынылатын материалдарды жасауға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама

Microsoft Power Point

құжаттар, электрондық кестелер мен көрмелер жасауға және электрондық поштаны басқаруға арналған бағдарламаның бірнеше түрлерін біріктіретін өнімдердің бумасы болып табылатын «Office» бумасының бір бөлігі.

Компьютерде құжаттар жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама

Microsoft Word

Құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған Windows ортасының қолданбалы программасы.

Деректер басқару жүйесі

Microsoft Access

кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруа-шылықтар бір-бірі турла мағлұмат алуүшін, немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толтырып, құжаттар дайындайды

Құжаттарды сығуға арналған бағдарлама

WinRaR

Оны архиватор деп те атайды. Онсыз кейбір құжаттар тіпті ашылмайды.

Бұл бағдарлама PDF және кейбір кітаптарды, құжаттарды ашу үшін қолданылады.

Adobe Acrobat немесе Foxit Reader

Бұл бағдарлама PDF және кейбір кітаптарды, құжаттарды ашу үшін қолданылады.

e-mail Хат жіберу

Outlook

Мобильдік қолдану ыңғайлығы

Көшіруді қамтамасыз етеді гиппертекстік файлдар алу

Браузер

Жоғарғы жылдамдықтағы ақпаратты қабылдау

10

Ең танымал вирусқа қарсы бағдарлама

     Касперский антивирус

Касперский антивирусының көмегімен жергілікті, амалы ықшам дисклерде вирустардың бар жоғын тексеруге болады

Информация о работе Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны