Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 19:35, курсовая работа
Шпренгель ауруы сүйек-буын жүйесінің туа пайда болған ауыр ақауына жатады. Аталған патологияның негізгі емдеу әдісі оперативті болып табылады. Бұл жұмыста Шпренгель ауруын емдеу барысындағы сұрақтар қарастырылған, емдеу нәтижелеріне анализ келтірілген.
Әдеби шолу.
Кіріспе................................................................................................3
Әдеби шолу........................................................................................3
Клиникалық зерттеу материалдары.............................................5
Клиникалық мысалдар......................................................................8
Қорытынды.......................................................................................10
Әдебиеттер........................................................................................11
ҚАРАҒАНДЫ
МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА
УНИВЕРСИТЕТІ
Урология мен №2 хирургиялық аурулар кафедрасы
Кафедра меңгерушісі: м.ғ.д., профессор
Туругнов
Е.М.
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
«Шпренгель ауруы»
Орындаған: 719 топ
дәрігер – интерн
Кошанова
А.А.
Ғылыми жетекшісі: доцент
Баширов
А.Б.
Қарағанды – 2011жыл.
Мазмұны
Кіріспе.......................
Әдеби
шолу..........................
Клиникалық
зерттеу материалдары..........
Клиникалық
мысалдар......................
Қорытынды.....................
Әдебиеттер....................
Кіріспе
Тақырыптың
өзектілігі.
Шпренгель ауруы сүйек-буын жүйесінің туа пайда болған ауыр ақауына жатады. Аталған патологияның негізгі емдеу әдісі оперативті болып табылады. Бұл жұмыста Шпренгель ауруын емдеу барысындағы сұрақтар қарастырылған, емдеу нәтижелеріне анализ келтірілген.
Әдеби
шолу.
Жауырынның жоғары көтеріліп орналасуын – бірінші болып (1891) Шпренгель анықтағандықтан оны Шпренгель ауруы деп атайды. Жауырынның 1 – 10см – ге дейін жоғары орналасуы мүмкін. Жауырын жіңішке, бірақ жалпақ, ұзын бойында бұрылған, жоғарғы жиегі бүгілген, оның астында кілегейлі қашықтың гигромасы байқалады, буын сықырлануын береді. 25% ауруларда жауырын төменгі мойын немесе кеуде омыртқаларымен синостозденген (фиброзды немесе сүйекті). Кейде ауру қосымша мойын қабырғаларымен (болезнь Клиффель – Фейл) қоса байқалады.
Шпренгель ауруы іштей пайда болатын кемістіктердің 1% жетеді, 85% бір жауырында, 15% екі жаурында байқалады. Себептері – іштей және туғаннан соң (рахит, қабыну, параличті контрактуралар, сколиоз).
Көріністері – жоғары орналасқан жауырын қысқарған, жалпақтанған, қанатша көтерілген, омыртқаға жақындаған. 25% жауырынның жалған буыны, төменгі мойын немесе жоғары кеуде омыртқаларымен бітіскен (синостоз). 25% іштей пайда болған сколиозбен қоса байқалады. Науқас жауырын орналасқан қолдың қысқаруы, кейде бұғананың аномалиясы, қисық мойын қоса байқалуы мүмкін.
Емделуі – операциямен
жауырынды қабырғаға тігіп
Жауырынның
туа пайда болған жоғары орналасуы
(Шпренгель ауруы) – сирек кездеседі,
тірек – қимыл жүйесінің туа пайда болған
деформацияларының ішінде 0,4% - ды құрайды.
Бұл иық белдеуі дамуының ауыр және күрделі
ақауы болып табылады, 79 % жағдайда омыртқаның
және қабырғалардың ақауымен бірге кездеседі,
ал 18,5 % жағдайда басқа даму ақауларымен
бірге кездеседі, яғни: қисық мойын, таңдайдың
бітіспеуі, бет пен бас қаңқасының ассиметриясы,
қисық қол, маймақ аяқ және т.б. [Андрианов
В.Л., 1972] Жауырынның туа пайда болған жоғары
орналасуының екі жақты түрі бір жақты
түрімен салыстырғанда 7 – 8 есе сирек
кездеседі. Клиникалық көрінісіне жауырын
формасының, биіктігінің және орналасу
деңгейінің мәні зор, сонымен қоса косметикалық
ақаудың және функциональдық бұзылыстардың,
яғни қолды әкетудің шектелуінің мәні
бар. Шамамен 25 % жағдайда жауырын мен омыртқа
арасында түзілім анықталады – ол омовертебральды
сүйек, жауырын мен бұғананың акромиальды
– бұғаналық және төстік – бұғаналық
буындарда қозғалысын шектейтін тірек
ретінде орналасады. Жауырынның туа пайда
болған жоғары орналасуының бұлшықеттік
және сүйектік түрлерін ажыратады.
Бұлшықеттік түрінің үш ауырлық дәрежесін ажыратады:
Клиникалық зерттеу материалдары.
2009
– 2010 жылдар аралығында профессор
Х.Ж.Мақажанов атындағы «
Жеті жағдайдың ішінде бір жағдайда ғана екі жақты зақымдалу кездескен, қалғандары бір жақты зақымдалу. Солардың ішінде бес науқаста сол жақты зақымдалу, тек бір науқаста оң жақты зақымдалу болған.
Ауырлық
дәрежесі бойынша: ауыр дәрежелі екі
бала, қалған бесеуі орташа ауырлық
дәрежеде. Жоғарыда көрсетілген жіктелуге
сүйенерін болсақ, балаларды тексерген
кезде барлық жағдайларда да жауырынның
жоғары орналасуы 5 см – ге дейін, бірақ
иық буынында әкету 70 – 80 градусқа дейін
ғана болған.
Басқа
туа пайда болған ақаулармен төрт
бала болды, ал үшеуінде монопроцесс
анықталды.
Қосалқы
ауруларының ішінде үш науқаста қабырғалар
синостозы; екі науқаста туа пайда
болған сколиоз; бір науқаста кеуде клеткасының
деформациясы және тағы бір науқаста бет
қаңқасының ақауымен сол жақты сүйектік
қисық мойын кездескенін атап өтуге болады.
Анамнезін
сұрастырған кезде барлық науқастарда
да белгілі бір заңдылық болған жоқ.
Клиникада
екі науқасқа оперативті ем жасалған.
Сол жақты Шпренгель ауруымен
қыз бала және екі жақты зақымдалумен
5 жасар ұл бала. Екі жағдайда да жауырынды
Путти бойынша төмен түсіру операциясы
жасалды. Ұл балада екі жақты –
бірінші оң жағына 2010жылы қыркүйек
айында жасалды, екінші сол жағына 2011
жылы ақпан айында жасалды. Екі жағдайда
да қосымша омовертебральды сүйек анықталған
жоқ. Жауырынды төмен түсіру және жауырынның
төменгі бұрышын VII қабырғаға бекіту, ал
ротацияны кетіру мақсатымен жауырын
денесін IV қабырғаға бекіту операциясы
жасалды. Операциядан кейін бір айға 90
градусқа әкету қалпында торакобрахиальдық
гипстік байламға оңашалау жасалды.
Клиникалық
мысалдар.
Сурет
1а. Науқас А., 4жаста. Дз: Сол жақты Шпренгель
ауруы. Операцияға дейін.
Сурет
2а. Науқас А. 4 жаста, сол жақ жауырынды
төмен түсіргеннен кейінгі жағдай.
Сурет
1б. Науқас А., 4 жаста.
Дз: Сол жақты Шпренгель ауруы. Операцияға
дейін
Сурет 2б. Науқас А., 4 жаста. Дз: Сол жақты
Шпренгель ауруы. Операциядан кейін.
Сурет 3а. Науқас
Ғ., 5 жаста, Дз: Екі жақты Шпренгель ауруы,
оң жақ жауырынды төмен түсіргеннен кейінгі
жағдай.
Сурет 3б. Науқас
Ғ., 6 жаста, оң жақ жауырынды төмен түсіргеннен
кейінгі жағдай.
Бес
жағдайда консервативті ем жасалды.
Бұл физиоем, массаж, емдік дене шынықтыру.
Қорытынды.
Оперативті
емнің жақын нәтижелерін
Әдебиеттер: