Туризмдегі маркетинг

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2012 в 00:57, реферат

Краткое описание

Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2010 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген.

Файлы: 1 файл

Туризмдегі маркетинг.docx

— 154.37 Кб (Скачать)

«Туризмдегі маркетинг»

 

Қазақстан үшін туризмнің  дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде  халыққа жолдауында атап өткен. Осы  бағдарлама бойынша 2010 жылға дейін  өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман  және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл  және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген.

Қызмет көрсетудің көптеген ерекше сипаттамаларымен (сезілмейтіндігі, өндіріс пен тұтынудың бір мезгілділігі, сапаның өзгермелілігі, сақтауға болмайтындығы) қатар туристік өнімге өзінің ерекше өзгешеліктері тән және ол туристік фирмалардың маркетингтік қызметін ұйымдастыруда ескерілетін негізгі факторлар болып табылады. Сонымен қатар туристік қызмет көрсетушілерге экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік-мәдени және т.б. факторлар да әсер етеді. Тұрақты нормалар, әлеуметтік ереже, рухани құндылықтар жүйелері, адамдардың табиғатқа, еңбекке, спортқа, демалуға қатынасы ең үлкен күшке ие, сондықтан фирмалар осындай факторлардың мүмкін болатын өзгерістерін қадағалап және оны маркетинг тәжірибесінде қолдану қажет.

Туристік фирмадағы маркетингтік қызмет сұраныс пен ұсыныстың  өзара әрекеті негізінде тұтынушылардың туристік өнімге, қызметке деген қажеттілігінің сапасы, қалайтын қасиеттері, бәсекелестік артықшылықтары, бағасы бойынша неғұрлым жақсы қанағаттандыру туризм нарығын  дұрыс таңдай білу негізінде өз қызметін отандық және шетелдік нарық талаптарына  сәйкестендіру олардың тұрақты  қызметін қамтамасыз етуге негізделеді. Еліміздегі туризм нарығындағы маркетинг  жүйесін ұтымды ұйымдастыру үшін турфирмаларды әдістемелік, ұйымдық  және тәжірибелік іс-шаралармен қамтамасыз ету қажет.

Туризмдегі маркетингтің мәнін, маңызын, ерекшеліктерін талдай келе оның мазмұнын  бөліп көрсетуге  болады (сурет 1).

ТАЛДАУ

Туристік  фирманың маркетингтік ортасын талдау

Туристік  фирманың маркетингтік қызметін талдау

ЖОСПАРЛАУ

Стратегиялық: туристік фирманың тауар, баға, коммуникация, өткізу саясатын қалыптастыру.

Оперативтік: іс-әрекет бағдарламасын және маркетинг бюджетін қалыптастыру.

 

МАРКЕТИНГТІК БАҚЫЛАУ

Стратегиялық  бақылау

Тактикалық  бақылау

ҰЙЫМДАСТЫРУ

Туристік  фирманың маркетингтік қызмет жоспарларын  жүзеге асыру

 

 

Туризмдегі маркетингтік қызмет

 

Сурет 1 – Туризмдегі маркетингтік қызметтің мазмұны

Ескертпе: Зерттеу нәтижесінде автор жасаған.

 

Осы орайда, «туризмдегі  маркетинг» – пайда алу мақсатында туристік өнімді қалыптастыруды, баға белгілеуді, жылжытуды, өткізуді, турларды ұйымдастыруды басқарудың нарықтағы  сұранысқа бейімделген, бәсекелік  артықшылықтарын жоғарылатуға мүмкіндік  беретін туристік қызмет әзірлеп, ұсынуға  бағытталған үдеріс.

 Шығыс Қазақстан облысының  туристік әлеуетін, онда әрекет  етуші туристік сала кәсіпорындарының  қызметін зерттеу облыстың зор  мүмкіндіктері бар екенін, бірақ  олардың өз деңгейінде қолданыла  алмай отырғандығын көрсетті.

 

Кесте 1 – Шығыс Қазақстан  облысындағы 2005-2009 ж.ж. қызмет көрсетілген  туристер, адам

 

Көрсеткіш

2005 ж

2006 ж

2007 ж

2008 ж

2009 ж

2009 ж. 2005 ж. салыстыр-ғанда, %

2009 ж. 2008 ж салыстыр-ғанда, %

Барлығы

25299

27689

39960

59667

25130

99,3

42,1

Кіру туризмі

1395

624

551

1313

1189

85,2

90,5

ТМД елдері

697

454

394

918

944

135,4

102,8

ТМД-дан тыс

698

170

157

395

245

35,1

62,0

Шығу туризмі

3089

8155

10162

6340

6232

201,7

98,3

ТМД елдері

136

490

91

133

56

41,2

42,1

ТМД-дан тыс

2953

7665

10071

6207

6176

209,1

99,5

Ішкі туризм

20815

18910

29247

52014

17709

85,1

34,0

Ескертпе: ШҚО Статистика Департаменті мәліметтері негізінде жасалған.


 

1-кестені талдау облыстағы  туристік фирмалар 2009 жылы 25130 туристке  қызмет көрсетіп, 2008 жылға қарағанда  туристер саны 57,9% кемісе, 2005 жылғы  көрсеткішпен салыстырғанда 0,7% азайды. Соның ішінде 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда  шығу туризмі 1,7%, ішкі туризм 66% азайған, ал 2005 жылмен салыстырғанда  шығу туризмі 2 есеге артып,  ішкі туризм 14,9% кеміген. Кіру  туризмі бойынша туристер саны 2009 жылы 1189 мың адамды құрап 2008 жылмен салыстырғанда 10%, 2005 жылмен  салыстырғанда 14,8% төмендеген. Оған  жалпы әлемдік қаржылық-экономикалық  дағдарыспен қатар автожолдардың  халықаралық стандарттарға сәйкес  келмеуі, қоғамдық тамақтандыру  объектілерінің, байланыстың және  басқа да инфрақұрылымды қамтитын  туристік сервистің бүтіндей  жүйесінің жеткіліксіздігі және  т.б. факторлар әсер етті.

Туристік қызметтер толық  көрсетілетін жолдамалар саны соңғы  жылдары азаюда. Бұл халықтың толық  кешенді туризмді сатып алу мүмкіндігінің  төмендігін білдіреді. Ал қызмет көрсетудің жеке түрлері енетін жолдамаларға сұраныс  қарқынды түрде дамуда. Мысалы, 2008 жылы 2007 жылға қарағанда осындай жолдамалар екі есе көп сатылған. Туристік фирмалар турөнімнің қоржынын әзірлеуде  осы тенденцияны ескере отырып, бағасы тұтынушылардың экономикалық мүмкіндіктеріне  сай келетін экологиялық, белсенді, танымдық, емдік немесе жағажайлық турлар әзірлеуі керек.

Туристерді тасымалдау құралдарына  тоқталсақ, ішкі туризмде 2008 жылы 2007 жылға  қарағанда әуе көлігімен тасымал 156 адамға, теміржолмен қатынау 157 адамға кеміген, ал автобустармен жүру 523 адамға артқан. Туристер қалааралық автобустармен  қатынағанды жөн деп есептеген, сонымен қатар көліктің бұл түрі бағасы жағынан арзан болып табылады.

2009 жылы қонақ үйлер  мен басқа да орналастыру объектілеріндегі  нөмірлер саны 4817, соның ішінде  «люкс» дәрежелі 378 орынды құраған,  ал 2008 жылы бұл көрсеткіш 254 орын. Қонақүйдегі нөмірлер саны 2007 жылмен  салыстырғанда 1652 өскен. Бес жұлдызды қонақ үйлер жоқ, төрт, үш, екі жұлдызды қонақ үйлердің саны өте аз. Сондықтан 3,4,5 жұлдызды қонақ үйлер құрылысын қолға алу қажет.

Шығыс Қазақстанда туристік өнімдер ұсыну қызметімен «Экосистем», «Алтайские экспедиции», «Эл-тур-Восток», «Саяхат-Восток», «Рахман қайнарлары», «Көгілдір бұғаз», «Геотур», «Алтай», «Империя туризма», «Зүбәржат Алтай», «MARKA-TUR», «ВизаИнтур», «Алтай Альпілері» ЖШС-і және т.б. туристік фирмалар айналысады.

Аталған кәсіпорындар нарықта  кең тараған, тұрақты сұранысқа  ие, қол жетерлік бағадағы турөнім  ұсынады.

«Экосистем» ЖШС-нің негізгі қызмет бағыттары: экологиялық туризм, хикаялық турларды ұйымдастыру, экологиялық қызметті насихаттау, табиғатты қорғау, ақпараттық-жарнамалық буклеттер мен Шығыс Қазақстан облысының табиғаты жайлы видеофильмдер шығару. Ол өз турларын Қазақстандағы және Еуропадағы агенттер көмегімен сатады.

«Рахман қайнарлары» 1995 жылдан бастап жұмыс істейтін жетекші туроператор  болып табылады. Биік таулы, табиғаты әсем жерде орналасқандықтан шипажайдағы  санаторлы-курорттық емдеу оның басты қызметі болып табылады. Сонымен қатар «Нұртау» тау-шаңғы  курорты қысқы демалысты, «Порт  Фортуна» қонақ үй кешенінде жағажайлық туризмді ұйымдастырумен, Қазақстандық Алтай тауларында белсенді турларды өткізумен (тау шыңына көтерілу, жаяу және атты турлар, рафтинг, авто-велотурлар, аралас маршруттар) айналысады.

Әрбір жеке кәсіпорынның туристік саясатының негізгі мақсаты нарықтық жағдайларды тиімді пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер сапасын  жоғарылату, туристік өнімді өндіру, өткізу және жылжыту үрдістеріне жаңашылдықтар  енгізу арқылы пайданы және туристік қызметтің рентабелділігін арттыру  болып табылады.

Өнімді өткізуден түскен түсім 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 21,2% төмендесе де жалпы «Рахман  қайнарлары» ЖШС-і рентабелді қызмет етеді (кесте 2).

 

Кесте 2 – «Рахман қайнарлары»  ЖШС-нің 2007-2009 ж.ж. негізгі көрсеткіштерін талдау

 

Көрсеткіштер

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2009 ж. 2008 ж. салыстырғанда, %

Өнімді өткізуден түскен түсім, мың тг.

61152

67714

54040

79,8

Өнімнің өзіндік құны, мың. тг.

47263

51636

37936

73,5

Түсімге қатысты өзіндік  құн, %

77

76

70

92,1

Өнімді өткізуден түскен пайда, мың тг.

13889

16077

16104

100,2

Түсімдегі  өткізуден  түскен пайданың үлесі, %

22,7

23,7

29,8

125,7

Рентабельділік деңгейі, %

1,29

1,31

1,42

+ 0,11

Негізгі қызметтен түскен табыс, мың тг.

2207

1381

2399

173,7

Өзге қызметтерден түскен табыс,мың тг.

1284

53

2338

  44 есе

Таза табыс (шығын) мың  тг.

1780

1275

3391

2 есе

     Ескертпе: «Рахман қайнарлары» ЖШС-нің мәліметтері негізінде жасалған


 

Кестедегі мәліметтер бойынша 2009 жылы таза табыс 2008 жылмен салыстырғанда 2116 мың теңгеге, ал 2007 жылмен салыстырғанда 1610 мың теңгеге өскен. Рентабельділік деңгейі 2009 жылы 1,42 пайызды құрады, бұл 2008 жылдың көрсеткіші бойынша 0,11 пайызға  және 2007 жылмен салыстырғанда 0,13 пайызға  жоғары.

Талдаудың мәні нақты бір  уақыттағы туристік қызмет нарығындағы  жағдайды бағалаудан тұрады. Кестеден байқағанымыздай, «Алтай экспедициялары»  ЖШС-де туристер санының үш есеге  жуық өсуі оның қызмет тиімділігіне әсер еткен жоқ. Себебі «Алтай экспедициялары»  ЖШС-де 2007-2008 жылдары шығынды болған. Фирманың шығынсыздығын талдау пайда  алу үшін қанша туристке қызмет көрсетуі керек екендігін көрсетеді. Кестеге назар аударсақ, туристік қызмет көрсетудің шекті көлемі 20528 құрау керек.

 

4 кестенің  жалғасы


Кесте 3 – 2008-2009 жылдары «Алтай экспедициялары», «Туризм империясы» ЖШС-де көрсетілген қызметтерге  салыстырмалы талдау


 

Көрсеткшітер

Жылдар

2008

2009

Туризм импе-риясы

Алтай

экспеди-циялары

Туризм импе-риясы

«Алтай экспеди-циялары»

Бір тур қызметке орташа баға, теңге

14500

32800

16200

28100

Қызмет көрсетілген туристер саны

10000

7260

21168

20354

Ауыспалы шығындар, бір  турқызметке орташа баға, теңге

10100

24300

12700

22900

Тұрақты шығындар, мың теңге

25680

63250

56400

106750

Таза пайда, мың теңге 

18320

-1530

17688

-909

Сатудың критикалық көлемі

5837

7441

16114

20528

1 турқызметтен таза табыс

1832

-210

836

-45

Турөнімнің критикалық көлемін  өндіргеннен кейінгі фирмада  қалатын пайда, мың теңге

7626

0

4194

0

Жиынтық ауыспалы шығындар, мың теңге

101000

176718

268834

466107

Жиынтық шығындар, мың теңге

126680

239968

325234

572857

Рентабельділік деңгейі, пайыз

14,5

- 0,8

5,4

-0,15

Өнімді өткізуден түсетін  пайда, мың теңге

145000

238128

345922

571947

     Ескертпе: ШҚО туристік кәсіпорындарының есептік мәліметтері негізінде автор жасаған.

Информация о работе Туризмдегі маркетинг