Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 09:11, контрольная работа
Дедукциялық ойқорытындының көп тараған тараған айрықша формасын логиканың атасы Аристотель силлогизм (гректің syllogismos (силлогизмос) деген сөзінен шыққан термин, «жинақтау», «қорыту» дегенді білдіреді) деп атаған болатын. Бұл атау осы күнге дейін сақталып келеді.
Силлогизм дегеніміз – екі немесе оданда көп алғышарттардан қорытынды шығаратын дедукциялық ойқорытынды. Мұнда алғышарттардан ең болмағанда біреуі қажетті түрде жалпы пікір болуы міндетті. Мысалы:
19,
20, 21-суреттерде орта термин
Олай
болса, орта термин тартылмаған алғышарттардан
сенімлі қорытынды жасауға
19- сурет 20 - сурет
21 - сурет
Үшінші ереже. Қорытындыдағы(S және P) терминдердің көлемдері алғышарттарында қандай болса, мұнда да сондай көлемде болуы тиіс.
Терминдер алғышарттарда қай заттарды көрсетсе, қорытындыда да сол заттарды көрсетеді. Сондықтан қорытындыдағы терминднрдің көлемі алғышарттардағы көлемдерінен үлкен болмауы керек.
Егер алғышартта термин көлемінің жарым-жартысы алынған болса, сол жарым-жартысы туралы ғана қорытынды жасай аламыз. Мысалы:
Барлық галогендер(М) – элемент (Р)
Аргон
(S) галоген емес (М)
Егер біз бұл алғашарттардан «аргон элемент емес» деген қорытынды жасасақ, онда қате жібереміз. Оны «үлкен терминді орынсыз кеңейту» деп атайды.
Үлкен алғышарт қостаушы пікір, онда баяндауыш ретінде үлкен термин таратылмаған болады (галогендерден басқа элементтер де бар). Қорытындыда (терістеуші пікірде) ешбір негізсіз үлкен термин таратылған болып шығады, оның көлемі кеңейтіліп отыр. Біз жеткілікті негіз заңын бұза отырып, шындығында, аргон элемент бола тұрса да, аргон туралы теріс қорытынды шығарамыз.
Тағы бір мысал:
Барлық газдар (М) қыздырғанда (Р), ұлғаяды.
Кейбір
физикалық денелер (S) – газ (М).
Біздің алғышарттарымыздан «кейбір физикалық денелер қыздырғанда, ұлғаяды» деген бір ғана дұрыс қорытынды шығады. Бұл алғышарттардан барлық физикалық денелер туралы қорытынды жасау – жеткілікті негіз заңын бұзу болып табылар еді. Шынында да белгілі жағдайда жылытқан кезде, көлемін кішірейтетін су сияқты физикалық денелер де бар. Сондықтан бұл алғышарттардан «барлық физикалық денелер қыздырғанда, ұлғаяды» деген қорытынды шығарсақ, онда біз қателескен болар едік, мұны кіші терминді орынсыз кеңейту деп атайды.
Төртінші ереже. Екі терістеуші алғышарттан қорытынды шығаруға болмайды.
Бесінші ереже. Егер алғышарттың біреуі терістеуші болса, онда қорытынды да терістеуші болады.
Мысал келтірейік:
Бірде-бір электрон (М) тыныштықта тұрмайды (Р).
Протон (S) электрон емес (М)
Бұл алғышарттардан « Протон тыныштықта тұрады» деуге бола ма? Жоқ. Бұл алғышарттардан тіпті қорытынды шығаруға болмайды.
Өйткені екі алғышарт та терістеуші болса, онда бұл – орта терминнің силлогизмдегі шеткі екі терминмен ешқандай байланысы болмайды деген сөз. Ал М-ның S-пен де, Р-мен де байланысы жоқ болса, онда Р-ның S-пен қандай қатынаста екенін білуге мүмкіншілік жоқ.
22,
23, 24, 25-суреттер терминдердің
Ал егер силлогизмнің екі алғышартының біреуі терістеуші алғышарт болса, онда қорытынды шығаруға болады және ылғи да терістеуші қорытынды шығады.
22 – сурет
23 - сурет
24 - сурет
Мысал келтірейік:
Бірде-бір мемлекет (М) мәңгі (Р) өмір сүрмейді.
Монархия (S) – мемлекеттің бір түрі (М).
24 - сурет
26-
сурет
Р
27
- сурет
Бұл алғышарттардан заңды түрде жалғыз-ақ ақиқат қорытынды шығады:
монархия (S) мәңгі өмір (Р) сүрмейді.
Егер алғышарттардың біреуі терістеуші болса, не себепті әр уақыт қорытынды терістеуші болады? Біздің келтірген мысалымыз үлкен алғышарт
М мен Р терминдерінің арасында байланыс жоқтығын көрсетеді. Бірақ S термині М-ның құрамына кіреді, олай болса, силлогизымнің аксиомасы бойынша, S пен Р-ның арасындағы байланыс та терістеледі.
Егер үлкен алғышарт емес, кіші алғышарт терістеуші болған болса, онда S пен М-ның арасындағы, демек, S пен Р-ның арасындағы байланыс терістелген болар еді.
Сөйтіп, алғышарттардың біреуі терістеуші болса, онда қорытынды да терістеуші болады. Сондай-ақ керісінше айтқанда, терістеуші қорытынды алғышарттардың біреуі терістеуші болған жағдайда ғана шығады. Қостаушы алғышарттардың терістеуші қорытындының шығуы мүмкін емес.
Алтыншы ереже. Екі ішінара алғышарттан қорытынды шығаруға болмайды.
Жетінші ереже. Егер алғышарттардың біреуі ішінара болса, онда қорытындысы да ішінара болып шығады.
Бұл ереже предикаты таратылмаған ішінара алғышарттарға қолданылады.
Мысал келтіріп көрейік:
Кейбір студенттер (М) – шахматшы (Р).
Біздің
зауыттың кейбір жұмысшылары (S) – студент
(М).
Бұл алғышарттардан «біздің зауыттын кейбір жұмысшылары – шахматшы» деуге бола ма? 26 және 27-суреттер мұндай қорытындының міндеті емес екенін көрсетеді. Екі алғышартта да орта термин таратылмағандықтан, бұл алғышарттардан бірден-бір мүмкін қорытынды шығаруға болмайды (екінші ережені қара).
Егер алғышарттардың бірі ішінара пікір болса, онда қорытндыды жалпы пікір шығаруға болмайды. Оны төмендегі мысалдан көреміз:
Кейбір саңырауқұлақтар (М) жеуге келеді (Р).
Барлық
саңырауқұлақтар (М) – өсімдік (S).
Кіші термин алғышартта тартылмағандықтан, қорытындыда да тартылмауға тиіс (3-ережені қараңыз). Олай болса, қорытынды тек біреу болуға тиіс: «Кейбір өсімдіктер жеуге келеді».
Үлкен алғышарт емес, кіші алғышарт ішінара пікір болатын жағдайда да үшінші ережеге сәйкес, ішінара қорытынды шығарады. Мысалы:
Таулы жердегі өзендердің барлығы (М) қатты ағады (Р).
Біздің республиканың кейбір өзендері (S) – таулы жерде (М).
Олай
болса, біздің республиканың кейбір
өзендері (S) қатты ағады (Р).
Сөйтіп, алғышарттардың бірі ішінара пікір болса, қорытынды да ішінара болады. Алайда, кейде екі алғышарт жалпы болса да, ішінара қорытынды шығуға мүмкін. Мысалы:
Вольфрамның (М) балқу температурасы жоғары болады (Р).
Вольфрам (М) – металл (S). ____________________________
Олай
болса, кейбір металдың (S) балқу температурасы
жоғары боады (Р).
Бұл алғышарттардан жалпы қорытынды шығаруға болмайды.
Өйткені
ол жеткілікті негіз заңын көрсететін
үшінші ережені бұзғандық («кіші
терминді орынсыз кеңейту») болар
еді.
Пайдаланылған
әдебиеттер.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақстандық
Қазіргі Заман «Болашақ»
Р Е Ф Е Р А Т
Пәні: Қисын
Тақырыбы: Силлогизм.
Орындаған: П-11 с/б тобының 1 курс
студенті Доғдырбаева Г.
Тексерген:
Төлеуғалиева Б.
2011 ж.