Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2012 в 20:59, реферат
Краткое описание
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммедханафия; 1835 —1865) —қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы,тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде«Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.
Файлы: 1 файл
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов.doc
— 46.00 Кб (Скачать)Шоқан Шыңғысұлы
Уәлиханов (шын есімі Мұхаммедханафия; 1835 —1
Өмірбаяны
Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай
облысыСарыкөл
ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты
аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында
дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы
сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы
Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ
орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан
кейін дуан аты Құсмұрынболып өзгертілді. Шоқанның өз атасы
Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы
Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық
шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес
ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі
хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген.
«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан
тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасын