Маханбет Өтемісұлы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 17:41, реферат

Краткое описание

1803, Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жері. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданы} - қазақтың көрнекті ақыны, 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі. Байұлы ішіндегі жайық-Беріш. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құулмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан.

Файлы: 1 файл

Махамбет Өтемісұлы2.doc

— 309.00 Кб (Скачать)

      

        1803, Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жері. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданы} - қазақтың көрнекті ақыны, 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі. Байұлы ішіндегі жайық-Беріш. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құулмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан.

      Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жұзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады. Көтеріліс жеңіліспен аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақовтың жалдамалыларының қолынан қаза тапты.

     Махамбет - халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. "Жәңгірге", "Баймағамбет сұлтанға" деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, "Мұнар күн" өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай - ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. "Тайманның ұлы Исатай", "Исатай деген ағам бар", "Исатай сөзі", "Тарланым", т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.

     Махамбет айтулы күйші, сазгер де болған. "Өкініш", "Қайран Нарын", "Жұмыр қылыш", "Терезе", т.б. күйлері күйтабаққа жазылды. Махамбет өлеңдері 1908, 1912, 1925 ж. Қазан, Орынбор, Ташкент қалаларында жарық көрді. Шығармалары 1939-89 жылдар арасында 8 рет жеке кітап болып шықты, оқулықтар мен жинақтарға енді. Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, Х.Сүйішәлиев, С.Қирабаев, Ә.Дербісәлин, Р.Бердібаев, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов, т.б. ғалымдар мен қаламгерлер зерттеулер, мақалалар жазды, пікірлерайтты.

 

                               Махамбет Өтемісұлының өлімі 

         Осыдан    160    жыл   бұрын ,    яғни  ,    1846   жылы   20   қазанда     Ақжайық    өңірінде       қанды     оқиға    орын    алды  .    Ол   атақты    ақын    Махамбет     Өтемісұлының    жантүршігерлікпен    өлтірілуі еді.

1846    жылы     қазан     айында    Орынбор    қазақтарының     батыс бөлігінің    билеушісі   ,  сұлтан    Баймағамбет    Айшуақов  патшаға   адал қызмет     етуге    берілгендігін    дәлелдеу    үшін     Махамбетті    өлтірудің жоспарын    жасайды  .  Және   де   ақынның   өзін   тірілей   қолға  түсіріп әкелген    адамға    ескі   патша    ақшасымен   1000,  ал      басын кесіп әкелген       адамға     500    сом   төлейтінін    жария     еткен   .     Мұндай   қылмысты     жүзеге     асыратын    адамдар    да   табылады .

         Әнуар   Әлімжановтың     кітабында     Махамбеттің басын   Баймағамбет    сұлтанға    алып     барғанда     Шернияз     ақын   да   сұлтанның     жанында      отырғаны     жазылады.     Ықылас    оны    қызыл подносқа    салып   ,   бетін    мақпал     матамен    жауып    әкеледі.  Сұлтан:    “Қандай сыйлық әкелдің?”    деп  матаны   қанжардың   ұшымен ашып    қалғанда   ,    подноста    Махамбеттің  басы   жатады.  Шернияз әуелі   бұл   кім   де п    ойлады  ма, ұзақ    қарап,    ақынның   басын таныған   соң,   жағалай    отырған   адамдарды    бір    сүзіп   өтеді  де , айқайлап   далаға   шыға    жүгіреді  .

Ал     жазушы   Тәкен   Әлімқұлов   “Қараой”   әңгімесінде    ақынның   дүниеден    өтер   сәтін:    “Махамбеттің    теңдессіз   үлкен   жүрегі тынымсыз   дүрсіл    қағумен    болды.    Жаралы   арыстанның   ыңыранғанындай,   тұншыққан   домалақ     дүрсілден     Ықыластың    үрейі ұшты.   Ол    қазықтың     қасында    жатқан     тоқпақпен    Махамбеттің басына ұрды.   Махамбет     ақтық   рет:    “Әуес!”   деп,    сылқ түсіп, сұлап қалды”,   – деп   суреттейді.

         Зерттеуші-   ғалым     Исатай   Кенжәлиев   болса    “Махамбет Өтемісұлы”    кітабында    қанды    оқиғадан    кейін     жендеттер Махамбеттің     үйін    тонап    ,    інісі    Хасенді   ,   әйелін   ,   Бетімбай Шөкеұлын    Баймағамбетке   алып    барғанын      жазады.     “Бұл тұтқындалған     адамдарды    Баймағамбет     бір     айдай     ұстап,    әбден қорқытып     жауап    алады    да,   сосын   қоя   береді”,     делінген. Зерттеуші   еңбегінде      жендеттердің    ақынның    әйелін   де     өздерімен   бірге   ала    кеткені    анық    жазылған.

         1847   жылы    27   ақпанда    ақ    патшаға   адал    қызмет    еткені  үшін     сұлтан    Баймағамбет     Айшуақовқа    генерал-майор     атағы беріледі.     Сол   жылдың    30     наурызында   сұлтан      қайтыс     болған. Ел    ішінде    оның    Санкт-Петербургтен     үйіне    қайтып    келе   жатқан жолда     Елек   өзенінен    өтер   кезде    опат     болғаны    туралы   әңгіме бар.   Сұлтанды   суға     батырып    өлтірген    топтың    басында Махамбеттің    досы   Асаубай     болған    көрінеді.    Олар    осылай    ақын     үшін   кек  алған. 

Информация о работе Маханбет Өтемісұлы