Әл-Фарабидің

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 19:23, реферат

Краткое описание

Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы адамзаттың саяси ойларының дамуына үлкен әсерін тигізді. Әлемнің екінші ұстазы саналатын ғалым араб, латын, иврит және басқа да тілдерде жүзден аса еңбегі қазіргі қоғамға мұра болып қалды. Жалпы ғұламаның шығармашылығы туралы төм5ндегідей мәліметтер бар: Ибн-Надим «Әдебиеттер тізімі» кітабында Фараби еңбектерінің жетеуін көрсетсе, Саид әл-Әндалуси өзінің «Ұлыстар» еңбегіне омың төрт кітабын енгізген. Ал, әл-Қифти «Билеушілер тарихы» атты еңбегінде Фарабидің 74 шығармасын атаса, Ибн Әби Усейба 113 еңбегі бар екенін «Тәуіптер жайлы дерек көздер» атты кітабында жазады.

Файлы: 1 файл

Аль фараби.docx

— 22.32 Кб (Скачать)

Адамзат тарихындағы прогресс ғылымның дамуымен өлшенетіні белгілі. Ғылымның дамуындағы негізгі сипаттамалар мен заңдылықтар әлеуметтік-мәдени контексте қарастырылып, ғылымның мақсаты, алынған нәтижелерінің маңыздылығы  анықталады. Қоғам және оның мәдени жағдайы ғылыми-зерттеушілік процестерге  бағынышты. Дарындылар шығармашылығы әлемдік мәдениеттің дамуы, жетістіктер шыңының әрбір тарихи прогресінің өлшемі болып табылады. Осы шығармашылықта барлық құнды және маңызды, адамзаттың ғылымдағы, өнердегі, тәжірибелік қызметтегі жетістіктері көрініс табады. Олардың идеялары, өнер туындылары, азаматтардың ұмтылыстарын білу арқылы, біз олардың сол дәуірдегі дүниетанымын танимыз. Өз дәуірінің танымал тұлғалары қалыптастырған шығармашылық еңбектері өзі өмір сүрген кезеңнің бейнесін береді. Ал, ғылым - жаңа идеяларды алға жылжытушы ғалымдар қызметінің нәтижесі болып табылады. Олардың мақсаты біреу ғана, ол - ғылыми жаңалық ашу. Олар қоғамға қажетті ерекше өнім, яғни, жаңа ғылыми білімдер қалыптастырады.

Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы адамзаттың саяси ойларының дамуына үлкен әсерін тигізді. Әлемнің екінші ұстазы саналатын ғалым араб, латын, иврит және басқа да тілдерде жүзден аса еңбегі қазіргі қоғамға мұра болып қалды. Жалпы ғұламаның шығармашылығы туралы төм5ндегідей мәліметтер бар: Ибн-Надим «Әдебиеттер тізімі» кітабында Фараби еңбектерінің жетеуін көрсетсе, Саид әл-Әндалуси өзінің «Ұлыстар» еңбегіне омың төрт кітабын енгізген. Ал, әл-Қифти «Билеушілер тарихы» атты еңбегінде Фарабидің 74 шығармасын атаса, Ибн Әби Усейба 113 еңбегі бар екенін «Тәуіптер жайлы дерек көздер» атты кітабында жазады.

Ғұлама ғалым бар мүмкіншіліктерін өз зерттеулерін жаңалап отыруға арнағандықтан болар, өз кезегінде бұл ғылыми мұралар Шығыс пен Батыс ғылымы мен мәдениетінің дамуына зор ықпалын тигізді. Ибн-Баджа, Ибн-Туфайль, Ибн-Рушд, әл-Бируни, Ибн-Сина, О. Хайям, Р. Бэкон, Ф. Аквинский секілді өзге де ойшылдар өз шығармашылығында әл-Фараби еңбектеріне сүйенді.

Егер ғалымды өткен  мен болашақты біріктіретін, материалды және рухани мәдениетті жаңғыртатын жаңа білімдердің қайнар көзін дамытушы ретінде қарастырсақ, ол дүниеден өткеннен кейінгі кезеңге баға беру арқылы оның даралығын түсіне аламыз. Біріншіден, кейінгі буын ғалымдарының еңбектеріне ықпалын айқындаймыз; екіншіден, ғалымның ғылыми еңбектері тәжірибеде қай салада қолданылатынын анықтаймыз; үшіншіден, әр кезеңдердегі оның ғылыми мұрасына қатынасын түсінеміз. Нәтижесінде оның еңбегінің болашақтағы орнының қандай екендігін бағалай аламыз. Жалпы ғылымда уақыт пен сол кезең мүшелері арасында байланыс бар. Бүгінгі күнде болашақты болжау мен жоспарлау ғылым мен техниканың дамуы мен жетістіктерімен тығыз байланысты.

Әл-Фараби «Қайырымды қала»  атты еңбегінде «адамдар шынайы бақытқа  тек қайырымды қалада ғана қолы жетеді»  деп тұжырымдай келіп, Қайырымды қаланың келбетін аша түсу мақсатында адамдар қоғамдастығы шоғырланған қалаларды классификациялап бөледі. Қайырымды қалада алдарына іс-әрекеттің өзара жәрдем көрсете білу мақсатын қойған қоғамдастығы бар қала халқы ғана бақытқа жете алады. Әл-Фараби шынайы бақыт жолында ынтымақтастық жолы ерекше дейді [1, 3 б.].

 

Қазіргі қоғамда ынтымақтастықты  қалыптастырудың негізгі факторы  ретінде саяси тұрақтылықты атай аламыз. Саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси институттардың маңызды  қызметі болып табылады. Осы мақсаттарды  орындауда билік орындары түрлі  саяси механизмдерді қолданады. Тұрақтылық түсінігін саяси жүйеде қолдану барысында ол ішкі және сыртқы өзгерістер шарттарында өз құрылымын  сақтап, тиімді қызмет пен дамуға жол  ашатын ұғымды білдіреді. Теорияға сәйкес, тұрақты саяси құрылым қоғамның көп бөлігі сол жүйені қолдауда жоғары деңгей танытумен қатар, билік пен халық арасындағы қатынастардың келісімдік түрде жүргізілуін айшықтайды.

Қоғамдық өзгерістер мен  тұрақтылықтың арақатынасы мәселесі саяси ғылымдардағы өзектілердің бірі болып саналады. Саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету реформаларды бұқараның толық қолдауы арқылы орын алады. Кез келген жүйенің абсолютті түрде тұрақтылығы ғылыми және тәжірибелік тұрғыда дәйектелмегендіктен, ол мүмкін емес. Сондықтан оны құрайтын элементтерінің толық қозғалысына кедергі келтірумен бірге, сыртқы ықпалдардан ажырайды. Дегенмен, қазіргі саяси ғылымдарда тұрақтылықтың жоғары дәрежедегі жүйелері де айқындалған.

Ғалымның «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» атты трактатында  қалаларды қалай басқару керектігі  туралы, олардың көркеюіне, ондағы тұрғындар тұрмысының жақсаруына көмектесу, оларды бақыт жолына бағыттап отыруға қатысты ерте заман ойшылдары айтқан көптеген негізгі қағидалары қамтитын нақыл сөздер берілген.

Ізгі қала бес түрлі адамдардан құралады: ең құрметті адамдардан, шешендерден, өлшеушілерден, жауынгерлерден және байлардан. Ең құрметті адамдар санатына даналар, пайымдағыш адамдар, маңызды істерде беделді болатын адамдар жатады. Олардан кейін діни қызметкерлер мен шешендер, атап айтқанда, дін уағызшылары, сөз шеберлері, ақындар, музыканттар, хатшылар және солар сияқтылар да солардың тобына жатады. (137-бет). Өлшеушілер дегеніміз - есепшілер, геометрлер, дәрігерлер, астрологтар және басқа сондайлар. Жауынгерлер дегеніміз - жасақшылар, сақшылар және соларға ұқсастар солардың тобына жатады. Байлар дегеніміз - қалада байлық табатындар: егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлер және басқа сондайлар [2, 177 б.].

Саяси жүйенің дамуына  көптеген факторлар ықпал ететіні  белгілі. Олардың арасында жеткілікті түрде интеграция мен тұрақтылықтың  жоғарғы деңгейіне жеткізетін, қоғамда  қалыптасқан жалпы саяси білім  мен құндылықтарды реттейтін  индивидтерді әлеуметтендірудің орны ерекше. Саяси ғылымдарда әлеуметтендіру түсінігі көп жағдайда екі аспектте зерттеледі. Біріншіден, саяси әлеуметтендіру теориясы саяси ортадағы индивидтерді әлеуметтендіруді суреттейді және түсінігін береді. Екіншіден, саяси теорияда саяси әлеуметтендіру ғылыми негізде толық қалыптасқан ұғым. Көптеген саясаттанушылар бірінші түсінікті қолдай келе, саяси әлеуметтендіру терминін саяси көзқарастар, идеялар мен нормалар процесі ұрпақтан ұрпаққа жалғасады деп түсіндіреді.

Ізгі полития дегеніміз - әкім қайырымдылыққа жеткенде басқаша жолмен емес, дәл сол политияның көмегімен жетеді; бұл адамзаттың қолы жететін ізгіліктердің ең ұлысы. Басқарылатындар арқылы ғана жетуге болатын ізгіліктерге бұл дүние мен о дүниелік өмірде жетеді. Бұл дүниелік өмірде олардың денені әрқайсысының жаратылысына сәйкес мүмкін болған дәрежеде тамаша сындарлы келеді, ал олардың жаны сол жандардың әрқайсысының жаратылысына және олардың ол дүниедегі рақат өмірінің себебі болатын қайырымдылыққа жету қабілетіне қарай мүмкін болған дәрежеде тамаша, жақсы қалпында болады. Олардың өмірі - қандай да болсын басқа өмірден, басқа адамдардың өмірінен әлдеқайда жақсы өмір [2, 196 б.].

«Қайырымды қаланың тұрғындарының  көзқарастар жайындағы» трактатында  әл-Фараби Бірінші Тұлғаға төмендегідей сипаттама береді:          «... барлық жеке біткеннің өмір сүруінің бастапқы себебі. [Жалғыз] сол ғана кемшіліктен ада: басқа жан біткеннің бәрінде - Одан басқасында - ең болмағанда бір кемшілік немесе бірнеше [кемшілік] бар. Ал Біріншіні алатын болсақ, ол мұндай кемшіліктің бәрінен ада, өйткені оның тіршілігі кәміл және болмысында басқасының бәрінен озық...»  [3, 220 б.].

Осыдан лидерлік феноменіне қызығушылық туындайды. Әлеуметтік процестегі басшы, лидердің орны мен  рөлі, тарихтағы объективті және субъективті факторлар диалектикасы мен қоғамдық өмір диалектикасын айқындау әл-Фарабидің зерттеу еңбектерін оқығаннан кейін орын алады. Қазіргі әлемдегі қоғамдық дамудың маңызды мәселесі ретінде саяси лидерлікті түсіну болып табылады. Саясат өзіндік қажеттіліктері мен мүдделері, идеалдары, білімдері, тәжірибесі, құндылықтары, эмоциялары мен мәдениеті бар субъектілер мен объектілерден құралады. Саяси лидерліктің мәселесі нақты саяси шарттар мен бостандықтар қалыптасқанда ғана туындайды. Оның ажырамас негізгі алғышарттары ретінде қазіргі қоғам саяси плюрализм, көппартиялық, партия ішілік және партияның сыртқы қызметін таниды.

Бүгінгі күнде лидерлік мәселесі барлық ғылымдарда толыққанды зерттелуде. Мәселен, психология лидердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтану лидерлікті әлеуметтік жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік психология лидерлікті әлеуметтік және психологиялық факторлардың өзара қызметтік процесі ретінде зерттейді.

Ал саясаттану саяси лидерлікті билік феномені ретінде қарастыра  келе, оның табиғатын, қызмет ету механизмдерін, қоғамға ықпалын зерттейді. Сонымен бірге, тиімді басқарудың әдістері мен тәжірибелік ұсыныстары айқындала түседі.

Ғалымның пікірінше, өз бойында туа біткен қасиеттерді ұштастыратын адам ғана қайырымды халықтың басшысы бола алады: «бұл адамның мүшелері мүлдем мінсіз болуы тиіс, бұл мүшелердің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушісіне ойындағысын және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; өзі түсінген, көрген, есіткен және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұларды ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; әйтеуір, бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып үйренуден шаршап шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек; тағамның, ішімдік ішуге, сұқ-сұбқат құруға келгенде қанағатшыл болу керек, жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын ләззатқа жирене қарауы шарт; шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік-жалған мен суайттарды жек көру керек; жанын асқақ және ар-намысын ардақтайтын болуы шарт; оның жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары болып, жаратылысынан игі істерге ынтызар болуға тиіс; дирхам, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да атрибуттарына жирене қарау керек; жаратылысынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлық және осылардың иелерін жек көру керек; жақындарына да жат адамдарға да әділ болып, жұртты әділеттілікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне өз білігінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыруы қажет; әділ болу керек, бірақ қыңыр болмау керек, әділеттілік алдында нойыс мінез көрсетіп қасарыспау керек, бірақ әділетсіздік пен пасықтық атаулыға мүлдем рақымсыз болу шарт; өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болу керек» [3, 335-337 бб.].

Жалпы лидерлік саяси салада саяси басқару негізінде түсініледі. Қайырымды халықтың басшысы болу үшін тек лидерлік қасиет қана емес, мемлекет те көшбасшылық қасиет танытуы  тиіс. Мемлекет, ұлттың лидерлігі қазіргі теорияда жеке қарастыратын нысан болып табылмайды. Осы түсінікке сипаттама беруде лидерлікті ұстап қалу және иеленудегі заңдылықтарды айқындаймыз. Ал жалпы мемлекет лидерлігін зерттеуде әлемдік ұйымдастырушылық-қызмет құрылымын, оның тенденцияларын, әлемдік қауымдастықтың тұрақты дамуына қатер туғызатын жағдайларын қарастырамыз.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген өзгерістер жоғарыдан  жүргізіліп, саясат пен адамгершілік құндылықтарының өзара байланысын талап етеді. Фараби саясат пен мораль мәселесіне ерекше назар аударып, «Қайырымды қаланың» «Бірінші Тұлғасына» көптеген әлеуметтік-саяси, этикалық талаптар қойғандығын түсінеміз. Қорыта келе, қазіргі саяси ғылымдарды жаңа идеялармен толықтыруда екінші ұстаз еңбектерін кең дәрежеде пайдалана аламыз және оның орны ерекше.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер:

1. Мекежанов Б.У. Әл-Фарабидің  адамдар қоғамдастығы жайындағы  классификациясы // «Әл-Фарабидің  шығыс халықтарының мәдениеті  мен ғылыми тарихындағы орны»  атты халықаралық ғылыми-теориялық  конференцияның материалдары. - Алматы, 1994. - 3 б.

2. Әлемдік философиялық  мұра. Жиырма томдық. 4 - том. Әл-Фараби  мен Ибн-Сина философиясы. - Алматы: Жазушы, 2005. - 177 б.

3. Әл-Фараби. Философиялық  трактаттар. - Алматы: Ғылым, 1973. - 220 б.


Информация о работе Әл-Фарабидің