Қазақ солдаты романындағы Қайырғали бейнесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 17:09, реферат

Краткое описание

Ғабит Мүсірепов - "Қазақ солдаты"/1950/, "Оянған өлке"/1953/, "Ұлпан"/1980/, "Жатқолында"/1984/романдарын жазған жазушы. Оның қаламынан шыққан бүл дүниелер - заманның эпикалық сипатын бойына берік қонақтатқан туындылар. Миллиондардың басын жұтып, жұмыр жерді теңселтіп өткен Ұлы Отан соғысы әңгіме жанры шеберлігінен өткен, классикалық пьесалар жазып қаламгерлік өнерге ысылған Мүсіреповті бей-жай қалдырмады

Файлы: 1 файл

Қазақ солдаты романындағы Қайырғали бейнесі.doc

— 45.50 Кб (Скачать)


Қазақ солдаты романындағы Қайырғали бейнесі

Ғабит Мүсірепов - "Қазақ солдаты"/1950/, "Оянған өлке"/1953/, "Ұлпан"/1980/, "Жатқолында"/1984/романдарын жазған жазушы. Оның қаламынан шыққан бүл дүниелер - заманның эпикалық сипатын бойына берік қонақтатқан туындылар. Миллиондардың басын жұтып, жұмыр жерді теңселтіп өткен Ұлы Отан соғысы әңгіме жанры шеберлігінен өткен, классикалық пьесалар жазып қаламгерлік өнерге ысылған Мүсіреповті бей-жай қалдырмады. Ол адамзат баласының басына төнген зауалдың залалын жалпақ панорамада алып, зұлымдықтың философиясын әшкерелеп, көпке қол көтеріп, топырақ шашқанның сүйегі жинаусыз қалатынын суреттеуді мақсат етеді. Соғысты басынан өткермеген қаламгерге өзіне бейтаныс тақырыпты игеру оңайға түспеді. Соғыс шындығын ізін суытпай жазып жатқан газет-журнал материалдарын, құжаттарды көп қарастырады, кинофильмдерді зер сала көрді, майданға барған делегацияның құрамын-даболып, жауынгерлермен, әскери мамандармен сырласты. Ажал оғын сепкен сұсты құралдарды, соларды іске қосатын адамдардың жүзін барлап, ішіне үңілді.

Романның басты ке й іп к е р і — прототипі Совет Одағының Батыры

Қайырғали Смағүлов болып табылатын Қайрош Сарталиев.Үлке н прозал-

ық шығармада замандастың өмірін , соның ішінде жекеөмірін, жауынгер-дің өмірін шынайы бейнелеу, оның майдандағы ңаһармандығын, көңіл-күй

әлемі мен ішкі дүниесін көрсету — қазақ әдебиетіндегі жаңа қүбылыс. Сондыңтан сара суреткерлік шешімді табу маңызды міндет болды. Қайрош тың реалистік образын жасау жазушының ғана емес бүкіл қазақ әдебиеті-нің табысы болды. Романда басқа совет жауынгерлерінің де образдары

жасалган: әзілқой және қуаңы Самед Абдоллаев, алып тұлғасымен және батылдығымен ерекшеленетін Семен Зонин, бейбіт кезеңдегі еңбектегі кү ндерін жиі еске алуды жақсы көретін Петр Ушаков, суретші Сережа

Астахов, Русаковтың, Ревякиннің, Мирошкиннің образдары есте қалады. Олардың барлығы тайсалмастан неміс фашистеріне қарсы айқасқа шығып Отан қорғауға қатысты , м ызғымас достық олардың жеңіп шығуына жол

ашты.

Міне, Қайроштың өмірін алып қаралық. Оның балалық шағынан есейген өмірі күнделікті тұрмыстан басталады. Қайрош өмірі әлемдік әдебиет пен қазақ әдебиетінде бар жеке тұлғаның қалыптасып өсуін көрсетуге арналады. Бұл тек адамның қалыптасып есеюі ғана емес, белсенді азамат ретінде өсуі, әр кезеңде Қайроштың өсуінің өзіндік қыр-сыры, сенімділіктен өмірге аяқ басуы аса маңызды күйде суреттеледі. Қайроштың ірі адами тұлғаға айналуындағы әрбір кезең, әрбір іс-әрекет – бұл кейіпкердің өз тағдыры үшін күресі, өсіп жету жолындағы шынығуы, нағыз адам болып қалыптасудағы бітім-болмысы. Романның алғашқы бетінен-ақ батыл бала Қайрошты көреміз, қорқыныш пен абыржып сасқан ол өзі үшін күреседі, сол үшін ауылдан қалаға жаңа өмір үшін қашып келеді. Сырттай қарағанда бұзаудың жоғалуы қамауға себепкер болғанымен, негізгі себеп – Қарамұртты председатель Ащығали. Бұл туралы Қайрош былай дейді. “Мүмкін менің алдымда сағым теңізіндей құлпырып, алыстан қол бұлғап жаңа бір өмір жатқан шығар. Мүмкін, шарасы шайқалмаған ескі ауылдың ескі өміріне қанағат етпеген бала ойы осындай бір себепті бұрыннан іздеп жүрген шығар... О да мүмкін, бұл да мүмкін... Әйтеуір, қалаға қарай сызып келемін” /5, 131/.

Қайроштың сөзінен біз өз ауылына үстемдік жүргізген Қарамұртты бейнені көреміз. Бұзауды жоғалтқан Қайрош жазадан ғана қашып келе жатқан жоқ, ол жетімдіктен, әділетсіздіктен, жетімдік өмірінен қашып келе жатыр. Бұл қашу – Қарамұрттыға көрсетілген кек. Осы көріністен-ақ ескі мен жаңа тартысы, жас пен егде айқасы, таза бала жалшының қатыгез үлкенге деген ниеті байқалады. “Қазақ солдаты” романы балалық шақтан басталған есейген жанның өмірлік жолын әңгімелейді, ол қалай отырып, өз қадірін арттырады, бұл әрине фольклорлық дәстүрге ден қою деген сөз емес. Керісінше, бұл жерде романның эпикалық табиғаты ашыла түседі. Бұл деген бір жағынан романның эпикалық мәнін бекіту, орнықтыру сияқты. Бұл үрдісті қазақ романының соның ішінде М. Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясын қоса есептегенде кездестіруге болады. Роман өзінің ерекше белгілерін жоғалтпайды, қайта ол эпикалық масштабын кеңейте түседі.  Ғ.Мүсірепов  экстремальды ситуацияларды көп қолданады.

Ғабит М үсірепов алғаш бірі болып соғыс кезіндегі халықтардың бауырластық достығын көрсете отырып совет ж ауынгерлерінің бейнесін жасады. Кеңес Одағының Батыры аға сержант Қайырғали Смағұлов басынан кешкен жайларын апталап айтқызып, бәрін қорытып санада саралап барып повесть дүниеге келді. Күллі Еуропаны, таяу ПІығысты табанынан тік тұрғызып, өртке тұншықтырған, көк темірге құрсанған жау Кеңес Одағынан мылжа-мылжасы шығып, масқара боп жеңілді? Неге зұлым жаумен шайқасып жүрген біздің әр жауынгеріміз Отан үшін қасық қаны қалғанша айңасып, жанын пида етуге бел буады? Осының бір бұлтартпас дәлелі болуы керек қой. Сондықтан жазушы бірден майдан даласындағы суретті алдыға тартуға асықпайды. Бас қаһарманы Қайрош Сарталиевтің балалың шағынан азамат болып қалыптасуына дейінгі басынан кешкен оқиғаларын байыптайды. Ұлы Қазан төңкерісі, социалистік құрылысты жүзеге асыру кезеңіндегі аумалы-төкпелі, ауыртпалығы мол шақта өскен Қайрош не көрмеді? Бұғанасы бекіп, қабырғасы қатпаған он жасар жетім бала аш-жалаңаш жүріп, нан тауып жеудің амалын түгел бастан кешті. Бір табын сиырды алдына салып беріп, бейнетке жеккені аздай, астында қара көк арғымағы, қолында ырғай сапты дырау қамшысы бар қара мұрт басқарма қырына ала бастады. Аңызағы аймалап, "шаншыла қадалған" күн астында ерні жарылып, жалаң аяғы тілім-тілім болып, шанышқы безектеткен сиырлардың соңынан жанұшыра қуған қорғансыз сәби, "бір торпақ жоғалса, он жыл сарайға қамалу" күтіп тұрған тозақтан құтылудың жолы - қалаға қашу деп түйеді. Өйткені, ағасы Айдынғали "Қайрақты" колхозы ұйымдасып жатқанда оның "қызығына" алдын-ала тойып, "аяқ еңбек іздеп" қалаға кеткені көңілінде қалып қойған. Бұл да әлінен асқан азап пен дырау қамшы уытына шыдай алмай, "бақыт сыйлар" қалаға "артына қарай-қарай зытады". Обалы не, кеңес үкіметі ауылдан қашып, қаланың көшесінде тентіреп жүрген Қайрош, Бораш, Шеген, Сергей Астахов тәрізді кезбе-жетімдерді жинап, балалар үйінде тәрбиелейді. Ақысыз-пұлсыз тамақтандырады, киіндіреді, білім береді, қулық, арамдық, пайдакүнемдік, жағымпаздық, бойкүйез, арамтамақтық, әлімжеттік, қаныпезерлік, қатыгездік тәрізді ұнамсыз қылықтардан жирендіріп, өнерлі де жайсаң,

жақсы азамат қатарына қосады. Шыңдап, шынардай сымбатты жігіт етіп өсіреді, мамандық береді, жарқын болашақтың сара жолына салады. Қатарынан қалдырмай, әкеңнен артық жақсылық, шешеңдей мейірім сыйлайды.

Сөйткен туған жерге, сүйікті Отанға фашистер оқ атып, "кеңірдегіне" пышағын тақады. Анасына қауіп төнгенде ақ сүтін емген перзенті неден тартынбақ, сескенбек? Романның жартысынан көбінде Қайроштың балалық шағын, өсу, ержету кезеңін баяндау арқылы автор Қайроштарды ерлікке жетелеген қуатты көздерді ашып көрсетуге күш салған. Ғабит Мүсірепов халқының басынан кешкен оқиғаларын суреттей отырып, жалпы жауынгерлерге ортақ жайдың өрісіне бастайды. Қазақ Қайрош, Шеген, украин Мирошник, өзбек Самед, орыс Володя Толстов, Петр Ушаков, Вася Гришиндер - туған жерін шексіз сүйетін, бір сүйемін жауға бергенше, жанын беруге әзір нағыз патриоттар. Демек, олар- Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Невский, Суворов ерлігінің сырын көкірегіне түйіп өскендер. Қырық рудан құралған діні, тілі бөлек жауынгерлердің басын қосып, дұшпанға "бомба болып жарылуға" бастаған құдірет - осы уақытқа дейін жалаулатып келген социалистік интернационализм ұраны емес, әркімнің туған жері, Отаны, отбасының жеккөрінішті дұшпаннан қасірет шекпеуі, қанға батпауы, болашағы қырқылмауы.

Қазақ-қырғызға, өзбек, украин, орыс, армян, грузинге, т.б. жау ортақ, Қайроштың Ростов, Кавказ, Новороссийск, Керчь, Қырым үшін болған қанды шайқастарда ғажайып ерлік көрсетіп, Кеңес Одағының Батыры атағын алуы заңды құбылыс. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жан берісе соғыспаса, алда-жалда, бұл жерлерде айдыны асқан жаудың танкісі, бомба артып құзғын қарғадай аспанды бүркеген самолеттері одан әрі қазақ сахарасын жүндей түтпесіне кім кепілдік береді? Осындай патриоттық сезім - өзбек жігіті Самедтің және т.б. қыршынынан қиылуына себепкер. Отаншылдық ұлы сезім, зұлым жаудан туған жерді шапшаңырақ тазартып бейбіт аспан астында басыңа қонған бақытты аялау арманы әскери госпиталь дәрігері Гуля, Қайроштың сүйген қызы, санитар Ақботаны да қан майданға еріксіз тартып, ерлер басына түскен ауыртпалықты бірге көтерткізеді.

Соғыста жауынгерлердің жанқиярлық ерлігі шешуші рөл атқарады. Ал соғыс стратегиясы мен тактикасын жете зерттемеу адамды қырып, орны толмас өкінішке соқтырары сөзсіз. Жазушы "Қазаң солдатында" болат төзімді, жаны сергек, досқа адал, дұшпанға ажал солдаттарды тәрбиелеуде еңбегі өлшеусіз, ақылды, білімді саяси жетекші политрук Ревякиннің тартымды образын жасаған. Ол өте қарапайым, әділ, шовинизм кеселі бойына жұқпаған, кіммен де, қай ұлттың адамы, қандай тәрбиенің ықпалында жүргеннің де жанына жол тауып, ортақ іске жұмылдыруға қажыры жететін нағыз ержүрек, жомарт мінезді командир. Ал майор Русаков - соғыс ісін, техника тілін, шабуыл тактикасын, қарсы күштің қуат-күшін, мүмкіндігін бағалап, қиын-қыстау, тығырықтан шығар жолды тауып, асықпай, байыппен қимылдайтын алды кең, тәжірибеге бай, көреген әскери басшы. Ол ұйымдастырған шабуыл аз шығынмен, үлкен табыспен жеңіске жетеді. Өйткені ерлікке өзі бастап, жауынгерлеріне қуат беріп, жеке басының өнегесімен тәрбиелейді, темірдей тәртіпті сүйеді.

Жауды жеңгендер тұрмыс ауыртпалығын көріп, еңбек дәмін тартып, қиындықты қайыспай көтеруге шыңдалған жандар. Мәселен, Қайрош қаршадайынан мал бағады, балалар үйінде, көптің ішінде тәрбиеленеді, шаштараз боп еңбек етеді, шекара күзетеді қиыншылықтарға мұқалмайды, жасымайды, өмірі-ғұмыры әлі алда. Оларға ізденімпаздық, жаңашылдық тән, ерлікке құштар, моральдық бейнесі асқақ, жандары сұлу.

1945 жылы повесть боп жарық көрген "Қазақ батыры" өңделіп, толыңтырылып 1950 жылы "Қазақ солдаты" романына айналды. Ол кезде Кеңес әдебиетінде "тартыссыздық /"бесконфликтность"'/, "жылтырата көрсету" /"теория лакировки"/ теориялары шындықтың бетіне перде тұтып, дәуірлеп түрған шағы еді. "Қазақ солдаты" романында да сол "дерттің" ізі айқын. Жау жағы кілең қара бояуға малынған: жауыз, қарақшы, қорқақ, сатқын, қашқын, есер, қатігез, зорлықшыл, ал кеңес жауынгерлеріне тек жарқын бояу тән: батыл, күшті, мейірімді, батыр, табанды, сенімді, ақылды, айлалы, қайсар, табанды, жеңімпаз, бауырмал.



Информация о работе Қазақ солдаты романындағы Қайырғали бейнесі