Қазақ поэзиясы мен музыка өнері
Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2012 в 17:12, практическая работа
Краткое описание
Махамбет Өтемісұлының поэзиясы Исатай Тайманұлы бастаған 1836-1838 жылдардағы көтеріліспен тығыз байланысты. Махамбет 1804 жылы Ішкі Ордадағы Бекетай құмында дүниеге келді. Оның асқан дарындылығына қалың жұрт бас иді. Ол от ауызды сөз шеберлігімен қатар, өзінің домбрашы-күйшілігі, батырлығы, ақындығы мен даналығы арқасында ел арасында даңққа бөленді.
Файлы: 1 файл
Қазақ Поэзиясы
мен музыка өнері
Махамбет
Өтемісұлының шығармашылығы
- Махамбет Өтемісұлының поэзиясы Исатай Тайманұлы бастаған 1836-1838 жылдардағы көтеріліспен тығыз байланысты. Махамбет 1804 жылы Ішкі Ордадағы Бекетай құмында дүниеге келді. Оның асқан дарындылығына қалың жұрт бас иді. Ол от ауызды сөз шеберлігімен қатар, өзінің домбрашы-күйшілігі, батырлығы, ақындығы мен даналығы арқасында ел арасында даңққа бөленді. Махамбет орыс, татар және араб тілдерін жақсы білді. Сондықтан да ол 1824-1829 жылдары Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайдың тәрбиешісі ретінде Орынбор қаласында тұрды. Осы жылдары орыс жазушысы, этнограф В.И. Дальмен, саяхатшы ғалым С.Г. Каралинмен жақын танысып, достасып кетті.
- 1838 жылы Исатай Тайманұлы қанды шайқас үстінде ерлікпен қаза табады. Махамбет Өтемісұлы қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы күресті одан әрі жалғастыра береді. Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай...», «Соғыс», «Алайма, сұлтан, алайма!», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны», Тарланым», «Тайманның ұлы Исатай», «Мұнар да мұнар, мұнар күн», «Қызғыш құс» және басқа өлеңдерінде көтерілісшілердің бейнесі, Исатайдың қаһармандық ерлігі шебер суреттелген. Өр рухты ақын туған халқының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресті жырға қосып өтті.
Шернияз
Жарылғасұлы
- Ақын (1817-1881) қазіргі Ақтөбе облысының аумағында дүниеге келді. Жас шағынан өлең шығара бастады. Махамбет Өтемісұлы сияқты ол да Бөкей хандығындағы шаруалар көтерілісіне белсене қатысты. Өзінің жалынды жырларында ол да халықты азаттық жолындағы күреске шақырды. Оның билеуші сұлтан Байғамбет Айшуақұлына арнаған өлеңі халық арасында кеңінен мәлім. Онда Б. Айшуақұлының халықтың мүддесіне қарсы жасап отырған озбырлығы, сұлтанның арамзалық әрекеттері аяусыз сыналады.
Сүйінбай
Аронұлы
Шөже
Қаржаубайұлы
Дулат Бабатайұлы
Шортанбай
Қанайұлы
Мұрат Мөңкеұлы
Біржан
сал Қожағұлұлы
- (1825-1887) қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының аумағында дүниеге келді. Ол халық арасында Біржан сал деген атпен белгілі болды. Жаз кезінен- ақ ән салуға, өз жанынан ән шығаруға бейім еді. Ақын, сазгер әрі әнші ретінде ел арасында кеңінен танылды. Екі сыныптық қазақ- орыс мектебінде сауат ашты, содан соң Петропавл қаласындағы медреседе оқыды. Араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы білді. Біржан сал махаббат лирикасы саласында көптеген ән шығарды. Оның музыкалық- ақындық шығармашылығының демократиялық сипаты айқын байқалады. Біржанның әндерінде байлардың, старшындар мен болыстардың озбырлығы әшкереленеді. Ақын әйелдердің теңсіздігін жою жөнінде жар салды. Біржан салдың «Айбозым», «Ақ тентек», «Біржан сал», «Ғашығым», «Айтбай», т.б. 40-қа жуық әні бар.
Жаяу
Мұса Байжанұлы
- ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ музыкасындағы әйгілі тұлғалардың бірі аса көрнекті ақын, композитор Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929) болды. Ол Баянауыл округының Ақшоқы деген жерінде дүниеге келген. Алғашқы сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін Омбыда оқып білім алған. Ол домбыра, скрипка және гармонь тартуды жастайынан үйренді. Көрнекті орыс жазушылары мен ақындарының шығармаларымен таныс болды. Жаяу Мұса өзінің өлеңдері мен әндерінде жергілікті болыстардың зорлық- зомбылықтарын, патша үкіметінің отаршылдық саясатын батыл әшкерелелді. Оның атақты «Ақ сиса» әні әлеуметтік әділетсіздікке қарсы наразылықтан туған. Ол өзінің отаршыл үкіметіне қарсылығы үшін «қырдағы қауіпті адам» реттінде сотталып, Тобыл қаласына жер аударылады. Сонда түрмеде отырып, Батыс Сібір генерел- губернаторына хат жазып, өзін армияға жіберу жөніндегі өтінішін жолдайды. Оның бұл тілегі қабыл алынып, Тобылда, Орынборда, Қазанда, Новгородта, Мәскеуде, Владимирде және Петербургта, сондай-ақ Польша ен Литвада әскери қызметте болады. Генерал Черняевтің Оңтүстік Қазақстан аумағына жасаған әскери жорығына да қатысады. Ол «Сүйіндік» «Толғау», «Бозторғай», «Жанбота», «Ғашығым», «Хаулау» сияқты 70- тен астам ән шығарады. Әндерінің сөзін де өзі шығарады.
Ақан
сері Қорамсаұлы
- Қазақ халқының атақты ақыны, композитор-әнші қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының аумағында дүниеге келген. Сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін Қызылжар қаласындағы медреседе оқыған. Ол бала кезінен өлең шығарып, музыкамен әуестене бастайды. Қасына ерген талантты жастармен ауыл-ауылды аралап ән салып, домбыра тартады. Халық оны құрмет тұтып, «Ақан сері» атады. Ол музыкалық-поэтикалық мол мұра қалдырды. Оның бізге 40-тан астам әні жетті. Ақан серінің «Алтыбасар», «Сырымбет», «Мақпал», «Ақтоты» әндері жан тебірентерлік әсерлі, сазды келеді. Оның «Еркем», «Аужар», «Айгөлек», «Ғашық жарға» атты тамаша әндері сүйіспеншілік тақырыбына арналған. Ақан серінің шығармашылығына қатты әсер еткен жағдай сүйікті тұлпары Құлагердің қаскөй зұлымдардың қолынан өлтірілуі еді. Ақан серінің әндерінде қоғамдық өмірдің әлеуметтік мәселелері, ел билеген әкімдердің озбырлық әрекеттері шебер бейнеленеді.
Балуан
Шолақ Баймырзаұлы
- Қазіргі Ақмола облысында дүниеге келген. Халық арасында атақты сазгер, әнші, ақын әрі балуан ретінде кеңінен танылды. Бала күнінен ат құлағында ойнап, түрлі цирктік өнер көрсетуді үйренді. Оның композитор әрі әнші ретіндегі даңқын шығарған әні «Ғалия» болды. Балуан Шолақтың «Желдірме», «Қос перне», «Көкшетау» атты ғажайып әндері оптимизмге, адамға, табиғатқа деген сүйіспеншілікке толы.
Домақ шешен
Мәди
Бапиұлы
Құдайберген
Әлсейітов
Сара
Тастанбекқызы
Әсет
Найманбайұлы
Иманжүсіп
Құтпанұлы
Базар жырау
Оңдасынұлы
Майлықожа
Сұлтанқожаұлы
Кемпірбай
Бөгембайұлы
Дәулескер
Күйшілер
Құрманғазы
Сағырбайұлы
- Қазақтың аса ұлы күйшісі, күй атасы Құрманғазы Бөкей ордасының Жиделі деген жерінде дүниеге келген. Бала кезінен-ақ музыкалық дарыны бар екенін танытты, өз бетінше алуан түрлі күйлерді тартып үйренді. Болашақ дәулескер күйшінің жастық шағы жоқшылықтың зардабын тартып, ел аралаумен өтті. Сондықтан да ол өзінің күйлерінде қарапайым адамдардың өмірін, тұрмыс-тіршілігін суреттеді, қайырымсыз байлардың қылығын әшкереледі. Құрманғазы қазақ күйлерін шебер орындаумен қатар домбырада орыстың «Коробейники» («Қыдырма саудагерлер»), «Светит месяц» («Айдың сүттей жарығы») деген әндерін де құйқылжыта орындады. Біздің заманымызға дейін оның сазгерлік туындылары – 60-қа жуық ғажайып, көркем де асқақ сезімге толы күйлері жетті. Оның «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа», «Ақсақ киік», «Түрмеден қашқан», «Ертең кетем», «Кісен ашқан», «Қайран шешем» сияқты басқа да күйлері – халық сүйіп тыңдайтын тамаша туындылар. «Кішкентай» атты күйі Бөкей хандығы қазақтарының халық-азаттық көтерілісінің басшысы Исатай Тайманұлына арналған. Құрманғазының күйлері халқымыздың мәдени дамуына қомақты үлес болып қосылды.
Дәулеткерей
Шығайұлы
- Талантты және халық арасында кеңінен белгілі, аса көрнекті композиторлардың бірі – Дәулеткерей Шығайұлы. Ол Бөкей хандығының аумағындағы Қарамола деген жерде Кіші жүздің ханы Шығайдың отбасында дүниеге келіп, ер жетті. Ол өз заманының білімді азаматтарының бірі болды. Билеуші-сұлтан деген лауазымды сазгерлік шығармашылықпен айналасуына кедергі бола алған жоқ. Дәулеткерей төрелік биліктен гөрі өз ортасында күйшілік өнердің алтын діңгені болған. Халық арасында оның «Жігер», «Бұлбұл», «Қоңыр», «Тартыс», «Желдірме» сияқты күйлері кеңінен тараған. Күйші-сазгердің біздің заманымызға дейін 40-қа жуық күйі жетті.
Тәттімбет
Қазанғапұлы
- Қазақтың ХІХ ғасырдағы аспаптық музыкасына қомақты үлес қосқан сазгер-күйші Қарқаралы өлкесінде дүниеге келген. Қарқаралы сыртқы округы Нұрбике-Шаншар болысында болыстық қызмет та атқарды. Ресей императоры ІІАлександрды ұлықтау рәсіміне қатысқан. Тәттімбет Қазақстанды зерттеуші ғалымдар Ш. Уәлиханов, Г.Потанин, А. Янушкевичтермен таныс болған. Ол халық арасына кеңінен тараған «Саржайлау», «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Сарыөзен», «Бес төре», «Қосбасар» сияқты әсерлі көркем лирикалық күйлер шығарды. Талантты сазгер өз туындыларында қазақ жерінің, оның өзендері мен көлдерінің, таулары мен даласының сұлу табиғатын, көркем көрінісін жүрек қылын шерте отырып, нәзік сезіммен бейнелді. Тәттімбет күйлері қазақ халқының музыкалық өнерін барынша байыта түсті.
Ықылас
Дүкенұлы
- Қазақтың күй өнерін қобызда құйқылжыта шебер орындайтын дәулескер күйші Қарағанды облысының аумағында қарапайым қазақтың отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Дүкен қобыз тартқан, ал ата-бабаларында да жыршы, бақсылық өнер дарыған. Ықылас патша шенеуніктері мен байларды әжуалаған «Жарыс патша», «Бес төре» күйлерін шығарды. Оның «Жезкиік», «Кертолғау», «Аққу», «Жалғыз аяқ», «Қорқыт сарыны», «Ерден», «Қазан», тағы басқа да ғажайып күйлері бар.
Қазанғап
Тілепбергенұлы
Информация о работе Қазақ поэзиясы мен музыка өнері