Аймауытов Жүсіпбек

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 15:36, реферат

Краткое описание

Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919). Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).

Файлы: 1 файл

Аймауытов Жүсіпбек.docx

— 49.07 Кб (Скачать)

“Боранды болжағьпп әулие" әңгімесінде қазақ ауылының қыстың бір боранды күніндегі өмірі суреттеледі.

... Сақылдаған сары аяз. Қарадан қарап тұрып бірдеме шарт ете түседі. Не терезенің шынысы шатынайды, не жер, не мұз қақ айырылып, ырсиып қалады. Жермен бірге мұздақ қар да жарылып кетеді. Ақырында сары аяз мұрныңды қариды. Жеңіңнен шығарсаң, қолың илікпей, тас боп қалады. Түнде пешке қойып кептіріп алған етік, биенің бір сауымында ағаштай қақиып, таяқпен қақсаң сақ-сұқ етеді. Осындай күндерде біз мал жаямыз.

Қыстың аязды күнін жазушы осылайша дәл әрі көркем тілмен суреттейді. Бұдан әрі ұйтқып соққан боран, ыққан мал, адасқан малшылар жайында баяндайды. Сол боранда бірқатар мал қырылады. Әңгіме кейіпкері: "Шіркін, бұлай боларын алдын ала болжап білсем-ау", — деп армандайды. Кейін қалаға барып барометр туралы естиді. Соған қолым жетсе деген арманға беріледі.

Шағын ғана әңгімеде автордың өмір көріністерін суреттеудегі тамаша шеберлігі байқалады. Жазушы ұсынып отырған суреттер тура өмірдегідей қарапайым әрі түсінікті. Шын таланттың қаламынан туғаны байқалады.

Жазушының "Әнші" әңгімесі де дәл осындай нақты оқиғаға, өмірде болған тарихи адамның төңірегінде құрылған.

...Жетішатыр — жақсы қала. Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы—қымыз, ойын-сауық— "кататься". Айт, той, құдалық, ат жарыс, күрес. Маскүнем. Төбелес. Үй қыдырған көлең-көлең ақ жаулық... Жаз шықса— пароход, паром, желқайық, жасыл арал, қалың орман... Көкке шыққан, гуләйт соққан, масайраған шат көңіл... Сырнай-керней... Қызық думан... Қайткенмен сергек қала.

Әңгіме Ертістің жағасындағы Жетішатыр қаласының өмірінен алынған осы суреттермен басталады. Қала тұрғындарының күнделікті тіршілігі осындай қысқа-қысқа образды ұғымдармен берілген. Адам туралы бір ауыз сөз болмаса да, қала адамының жай-күйін әбден жеткізіп тұр.

Одан әрі қымыз дастарқаны. Қымыз құюшы қыз Шекет, қымызға құмартқан қалалықтар. Осындай бір сәтте дастарқанға әңгіменің бас кейіпкері әнші жігіт Әмірқан келеді. Ән салады. Кейін Әмірқан қала жастары дайындаған спектакль-концертке қатысып, көпшіліктің қошеметіне бөленеді.

Оқиға желісі әңгімені баяндаушы мен Әмірқанның арасындағы достыққа ойысады. Екеуінің сырласуы, Әмірқан мен сұлу қыз Ақтамақтың арасындағы ғашықтық хикаясы,  жігіттің қызды алып қашуы, орта жолда қолға түсіп, сүйгенінен көз жазып қалуы, әншінің көз жасы, жабырқаған сәті баяндалады.

Әңгіме оқиғасы  өтетін Жетішатыр қаласы — Семей, ал әнші Әмірқан — қазақтың жезтаңдай әншісі, әйгілі Әміре Қашаубаев еді. Жазушынын көркем бейнелеу шеберлігі Әмірқан — Әміренің әншілік кұдіретін, ән айтқан кездегі сипатын суреттеуге келгенде аса ғажайыптанып көрінеді. ...Ұшатын құстай қымтанып, қомданып алды, Отырғандар аузын ашып аңырды. Әнші жіберді. Бір бірауыздан ән салды, Азда болса бірегей болды.

Сүмірейте, қылмита  соқты; желдете құтырта соқты. Лебізі құлаққа жағып кетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді; бойды шымырлатты.

Бұл — ән айтып отырған әншінің бейнесі. Жазушы қаз-қалпындағы әсем сурет жасайды. Әншіні асыра мақтамайды, дәл бағасын береді. Ж. Аймауытовтың суреттеуіндегі Әмірқан елден оқшау тұрған ерекше адам емес. Көппен бірге тыныстап, айналасына өнерін сыйлап, ойын-сауық құрып жүрген қарапайым жандардың бірі. Оның қуанышы да елмен ортақ, өзгенікі секілді өзіне жетерлік арман-мұңы да бар.

Тұтастай алғанда, Жүсіпбек Аймауытовтың көркем әңгіме жанрындағы еңбегі қазақ әдебиетінін көркемдік-эстетикалық көкжиегін кеңейте түскен құбылыс болды.

Драмашы ретінде Жүсіпбек Аймауытов ерте танылды. Семейде оқып жүргенде жастардың ойын-сауық кештеріне қатысып, өнер көрсеткен, басты рөлдерде ойнаған. 1917 жылдың аяғында оның "Ескі тәртіппен бала оқыту", "Рәбиға" атты тұңғыш пьесалары жазылып, сахнада қойылды. Кейінірек 1925 жылы "Ел қорғаны", "Мансапқорлар", 1926 жылы "Қанапия мен Шәрбану", "Шернияз" атты драмалық шығармалар жазады. Жүсіпбектін драмалық шығармаларына қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар негіз етіп алынады. Олардың негізгі тақырыбы — азаттық, бостандық идеясы. Халықты оқу-өнерге шақырады. Ел азаматтарын белсенді қимылға үндейді. Әйелдердің теңдігін қорғайды.

Жүсіпбек Аймауытов — өз дәуірінің келелі мәселелерін көтерген көптеген мәнді мақалалардың авторы. Кезінде "Абай" журналында, басқа да басылымдарда жарияланған мақалаларында ол аласапыран өзгерістер заманының шындығын насихаттауға ұмтылды. Сонымен бірге, әдебиет мәселелері төңірегіндегі мәселелерді қозғап, бірқатар әдеби-сын мақалалар жазды. 1918 жылы М. Әуезовпен бірігіп жазған "Абайдан соңғы ақындар", 1923 жылы жазған "Мағжанның ақындығы туралы", 1925 жылы жазылған "Сұңқар жыры", "Аударма туралы" атты мақалалары арқылы ол әдебиет сыншысы ретінде танылды. Оларда Жүсіпбектің әдеби шығарманы жазушы өмір сүрген дәуірмен, тарихи кезең ерекшеліктерімен байланыстыра отырып талдау шеберлігі айқын байқалады.

Жүсіпбек Аймауытов оқу-ағарту мәселелеріне қатысты бірқатар ғылыми еңбектер де жазды. Оның халыққа білім беру орындарында ұстаздық, жетекшілік қызмет атқара жүріп жазған жас ұрпақты жаңаша тәрбиелеу, жаңаша білім беру мақсатын көздеген "Тәрбиеге жетекші" (1924), "Психология" (1926), "Жан жүйесі және өнер таңдау" (1926) атты елеулі кітаптары мен оқу құралдары кезінде халық тағдыры үшін ерекше рөл атқарған еңбектер болды.

Жүсіпбек Аймауытов кезінде аудармашы ретінде де танылды. Ол аударған А.С. Пушкиннің, Н.В. Гогольдің, А. Дюманың, Дж.Лондонның, Г. Мопассанның, В. Шекспирдің, К. Берковичтің, С. Чуйковтың шығармалары жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ аударма өнерінің өрісін қаншалықты кеңейтсе, жазушының әлем әдебиетінің көрнекті туындыларын қазақ тіліне аударудағы тамаша аудармашылық талантын да соншалықты айқын танытты. 


Информация о работе Аймауытов Жүсіпбек