Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 23:02, реферат
Европалық орта ғасыр мәдениеті шарықтауы мен құлдырауы бар он екі ғасырлық қиын жолды қамтиды. Ол - негізгі типологиялық белгілерден тұратын жалпы әлемдік мәдени процесс бөлігі. Нағыз мәдениет ретінде ол оны жасаған халықтардың көптеген жалпы және ерекше белгілерінен тұратын терең жеке бейнеге ие. Орта ғасырдың рухани мәдениеті үшін Абсолютке жетуге тырысу, универсализмге ұмтылу, символизм және аллегориялық, танымның діни құрылымын тудыру, беделге ие болуға, форма тұрақтылығына ұмтылу, индивидтің оны қоршаған әлеуметтік ортамен тұтастығы ретінде белгілер болды.
Орта ғасыр мәдениеті
Орта ғасыр мәдениеті
Европалық орта ғасыр мәдениеті шарықтауы
мен құлдырауы бар он екі ғасырлық қиын
жолды қамтиды. Ол - негізгі типологиялық
белгілерден тұратын жалпы әлемдік мәдени
процесс бөлігі. Нағыз мәдениет ретінде
ол оны жасаған халықтардың көптеген жалпы
және ерекше белгілерінен тұратын терең
жеке бейнеге ие. Орта ғасырдың рухани
мәдениеті үшін Абсолютке жетуге тырысу,
универсализмге ұмтылу, символизм және
аллегориялық, танымның діни құрылымын
тудыру, беделге ие болуға, форма тұрақтылығына
ұмтылу, индивидтің оны қоршаған әлеуметтік
ортамен тұтастығы ретінде белгілер болды.
Алайда орта ғасырлық мәдениет өзгермей
тұрып қалған мәдениет болған жоқ, ол біртіндеп
қозғалмалы сипатқа ие болды. Мәдени өмірдің
жаңа формалары, философиялық ағымдар,
көркем стильдер, әдебиет жанрлары туды.
Мәдениеттегі жаңа құбылыстар бір-бірін
байыта отырып, мәдени алуандықтың өсуіне
мүмкіндік жасай отырып, алдыңғылармен
өзара әрекет етті.
Орта ғасырлық мәдениеттің хронологиялық
шеңберлері: V ғасырдың соңы, дәлірек айтсақ,
476 жыл – Батыс Рим империясының құлаған
жылы, ол ерте феодалдық мемлекеттер орнында
пайда болды, XVII ғасырдың екінші жартысы
– Ағылшын буржуазиялық революциясының
кезеңі, бұл Европада феодализмді жойып,
капиталистік қатынастарды орнатуға негіз
болды. Осы кезеңнің барлық мәдени өмірі
көбінесе христиандықпен анықталды, бағыт-бағдардың
жаңа этикасын дайындады, дүниеге және
ондағы адамның орнына жаңа көзқарасты
қалыптастырды. Осы дәуір ойшылдарының
әсемдік туралы ілімдері барлық көрінетін
формаларды жасаушы Құдайды түсінуге
бағытталған. Тарих та құдайдың ниетін
жүзеге асыру ретінде қабылданды. Философия
– «дін іліміне қызмет көрсетуші», орта
ғасырлық философтың көзқарасы бойынша
оның мұндай функциясы оның жалғыз ақтайтын
дәлелі бола алады. Дін ілімі орта ғасырлық
адамның әлеуметтік практикасының «ең
жоғары қорытындысы». Орта ғасырда математика,
сәйкесінше математикалық символдар тілі
болған. Алайда бұл математикалық символдар
дін ілімінің символдары болған, өйткені
математика «сакральды арифметика» түрінде
болды, ол құдайшыл шындықтарды символдық
түсіндіру қажеттіліктеріне қызмет етті.
Орта ғасыр алғаш рет уақыт рухындағы
өнер арқылы кешенді беру тәсілі ретінде
көркем стиль жасайды. Роман стилі бірінші
жалпы европа стилі болып саналады, ол
VIII-XII ғ.ғ. тараған және ежелгі рим сәулет
өнерінің ерте үлгілерімен ұқсастығы
үшін европалық орта ғасырдың екі жетекші
сәулет стильдерінің бірі. Жабындыларды
көтеріп тұрған жуан қабырғалы және бойница
түріндегі терезелері бар роман стилінің
ғимараты өзінің типі бойынша бекініс
ғимараты болды. Бұл ұқсастықты дөңгелек
бақылау мұнаралары толықтырып тұрды.
Роман өнері жасаған негізгі құрылыс –
қорған-бекініс, монастырь-бекініс, қала-бекініс.
Қорған – рыцарьдың бекінісі, шіркеу –
Құдайдың бекінісі және т.б. Қорқыныш тудыратын,
бақылау мұнаралары бар тауда орналасқан
тас ғимарат роман өнеріне тән құрылыс.
Роман соборының сырты өте жарасымды.
Артық, деструктивті ештеңесі жоқ. Бірақ
храмның ішінде әдеттен тыс, толқытатын
бейнелер көп. Роман соборларының капительдерінде,
бағаналардың аяқ жағында, терезелерде,
қабырғалар мен есіктердің рельефтерінде
кентаврлар, арыстандар, жартылай кесірткелер,
жартылай құстар, әр түрлі химерлер бейнеленген.
Бұл жәндіктер оюлап ойып жасалып, жиектерге
отырғызылған.
Роман стилін XII-XIV ғ.ғ. тараған готика ауыстырады,
ол қалалық орта ғасыр мәдениетінің дамуымен
тығыз байланысты. Бұл аты шартты түрде:
ол Қайта Өрлеу дәуірінде пайда болған
және «готтар өнері», яғни варварлар деген
мағынаны берген. Жебе тәрізді аркалары
мен терезелері, мұнаралары, төбелері
бар готикалық ғимараттар мен ордалар
ортағасырлық лас көшелерден бөлініп
шығып, аспанға, Құдайға ұмтылады. Төбелері
биік готикалық құрылыста ауа кең болды.
Бүкіл қабырғаны алып тұрған түсті витражды
терезелерден бөлменің ішіне кемпірқосақтың
барлық түстерімен құбылып тұрған күн
сәулесі түседі. Осының бәрі орган музыкасымен
үйлесімде діндарлардың ерекше эмоционалды-шаттық
күйін тудырды: барлық линиялардың аспанға
ұмтылысын, тастың дематериализациясы
адамға жерге қатысты басқа әлемде тұрғандай
сезім тудыратындай әсер ету керек болатын.
Готикалық сәулетте бірінші рет көшеге
немесе алаңға шығатын, әшекейлеу жағынан
ғимараттың басқа бөлігінен ерекшеленетін
әшекейленген фасад қолданылды. Готикалық
собор христиан сенімінің сұлулық пен
гүлдену үлгісі ғана емес, қаланың сәттілік
символы болды. Париж Құдай Анасының соборы,
Франциядағы Рейм және Шартр соборлары,
Германиядағы Кельн соборы, Англияда Солсберри
аббаттылығы және Вестминстер аббаттылығы
готика құрылыстарының жауһары болып
саналады.
Адамзаттың рухани бірігу құралы мектеп
болды, онда әр текті халық жалпы ойлауды
және жалпы өмір сүруді үйренді. Орта ғасырлық
мектеп антика мектебінен бастау алады.
Оны ұйымдастыруға антикалық білімі бар
ерте орта ғасыр қайраткерлері үлкен роль
атқарды. VI ғ. өмір сүрген Боэций Платонның
«жеті еркін өнерін», яғни орта ғасырлық
оқу орындарында оқытылатын жеті міндетті
пәнді тұжырымдады. Өз кезегінде «жеті
еркін өнерді» екі бөлікке бөлу қабылданды:
тривиум (үш бастапқы білім – грамматика,
риторика және диалектика), және квадривиум
(төрт білім жолы: геометрия, арифметика,
астрономия және музыка).
Орта ғасырлық қалалардың гүлденуі білімді
адамдарға деген қажеттілікті тудырды,
бұл мектептердің базасында университеттердің
пайда болуына әкелді. Бірінші университеттер
Болонияда (ХІ ғ соңы), Кембриджде, Оксфордта
(ХІІІ ғ. басы) және басқа европа орталықтарында
пайда болды. Оларда жетекші факультет
дін ілімі болғанмен, басқа факультеттер
феодалдық қоғамда ақсүйектер білімінің
таралуына мүмкіндік жасады. IX-XIV ғ.ғ. билік
жүргізген философия схоластика, орта
ғасырлық діни философия деген атқа ие
болды, оның негізгі мақсаты – діни дүниетанымға
теориялық негіздеме беру, дәлелдердің
логикалық әдістерімен діни догмаларды
ұтымды дәлелдеу. Атауы «схола» деген
(мектеп) сөзден шыққан, бұл оның мектептік-дидактикалық
сипатын көрсетеді. Схоластиканың ішінде
бірнеше бағыттар дамыды. Олардың арасындағы
дау алдымен жалпы ұғымдар проблемасына
шоғырланды. Бағыттардың бірі – реализм
жалпы ұғымдар заттардан тыс өз бетімен
болады және әлем мен танымда оның алдында
болады деп тұжырымдаған. Номинализм деп
аталған басқа линия жалпы ұғымдардың
өз бетімен өмір сүруін теріске шығарды
және тек жалғыз заттарды ғана мойындады.
ХІІІ ғ. схоластиканы жүйелендіруші белгілі
философ Фома Аквинский болды.
Ақсүйектер мәдениеті де болды, онда рыцарлық
мәдениет ерекше орын алады. Рыцарлар
ортасы этикеттің ерекше шеңберлерін
жасады. Рыцарь құдайға сыйынып, күнәдан,
менмендіктен және нашар қылықтардан
бойын алыс салып, шіркеуді, жесірлер мен
жетімдерді қорғап, қол астындағыларға
қамқор жасау қажет. Ол батыр, адал болып,
оң іс үшін ғана күресу керек. Ол өзінің
ханымы үшін турнирлерде күресе білетін,
жиһанкез болу керек. Бұл рыцарьдың әсем
ханымға деген махаббатынан қатты байқалады.
Литургиялық драма пайда болды, ол соборда
ойналып, қызмет бөлігі болып саналды,
ол храм папертиінде болып, латын тілінде
емес, жергілікті диалектіде жүргізілді.
Кейіннен миракль (христиан сенімінің
қарапайым адамдарға, оның ішінде күнәлілерге
игілікті әсері туралы ғажайып аңыздар),
мистерия (керемет мерекелік ойындар,
олар бірнеше күнге созылады, христиандық
сюжеттерді насихаттағанмен, ақсүйектер
ұйымдастырады), моралите (христиан рақымшылдарын
мадақтайтын аллегориялық көріністер)
сияқты жанрлар қалыптасады.
Готика кезеңінің әдебиетінде ваганттар
поэзиясы ерекше орын алады, бұл поэзияны
таратушылар кезбе студенттер болды. Олардың
еркін ойлы поэзиясы орта ғасырдың аскетикалық
(тақуа) идеалдарынан алыс болды; ваганттар
таза ақсүйек әдебиетін құру жолымен жүрді.
Олар уайым-қайғысыз салтанат өмірді әндеріне
қосты: «Барлық білгірлікті, оқуды тастап,
жастық шақта рахат алу – біздің міндетіміз…».
Олардың поэзиясында сатиралық антиклерикальды
нота басым болды. Кейде ваганттардың
өлеңдерінде баспанасыз, тапшылық өмірге
деген наразылықтары да болды. «Пайдасыз
өмір, сауық-сайран үшін емес, мен оқуды
қайыршылықтан тастадым».
ХІ-ХІІ ғ.ғ. батырлар эпосы жазылды, бұл
осы уақытқа дейін ауызша дәстүрде ғана
беріліп келген. Халық ертегілерінің қаһармандары
әдетте өз елі мен халқын қорғаған жауынгерлер
болды; эпикалық аңыздарда ерлік, күш,
адалдық, қаһармандық дәріптелді. Француз
эпосының ең зор ескерткіші - «Роланда
туралы жыр», оның кейіпкері патриот Роланд
болып табылады, оның өмірлік мақсаты
император мен «сүйікті Францияға» қызмет
ету. Немістің батырлар жырының ірі ескерткіші
– «Нибелунгтар туралы жыр». Эпостың негізі
«ұлы қоныс аудару» кезіндегі ежелгі неміс
аңыздары, бірақ жырдың барлық сипаты
ХІІ ғ. феодалды рыцарьлық Германиямен
байланысты. Осы кезде «Беовульф» ағылшын
батырлар эпосы және «Үлкен Эдда» скандинавиялық
эпикалық мұрасының ескерткіші өмірге
келеді.
Шығыста, Византияда христиан шіркеуі
күшті империялық билікке тәуелді болды.
Византия императорлары V ғ. бастап шіркеу
өмірінде маңызды роль атқарды; тіпті
шіркеу соборларын шақыру құқығын да император
шешті, ол қатысушылар құрамын анықтап,
олардың қаулыларын бекітті. Батыста шіркеу
мемлекетке бағынбағандығымен қатар ерекше
орынға да ие болды. Рим папасы маңызды
саяси фигура да болды. Батыс пен Шығыс
шіркеулерінің арасында қарама-қайшылықтар
пайда болып, уақыт өте келе принциптік
сипатқа ие болып, тереңдей берді. ІХ ғ.
ортасында филиоква (филоква) – католик
шіркеуінің Қасиетті Рухтың Құдай-әкеден
ғана емес (Шығыс шіркеудің позициясы),
Құдай-ұлдан (Батыс шіркеудің позициясы)
шығуы туралы дауы болды. 1054 ж. шіркеулер
бір-бірінен толық тәуелсіздігін жариялаған
кезде біржолата бір-бірінен қол үзді.
Ерте ортағасырлық кезеңге ересейлердің
– христиан шіркеуінің негізгі постулаттарына
қайшы келетін ерекше ілімдердің пайда
болуы жатады. Олардың әр түрлі идеялары
болды. Олармен күрес жолының бірі инквизиция
– католик шіркеуі құрған сот-полицей
мекемесі болды, ол ХІІІ ғ. үнемі шіркеуі
соты ретінде жұмыс жасады. Инквизицияның
ресми құрылған жылы және бірінші инквизициялық
процесс жылы 1229 жыл саналады.
Орта ғасырдың соңғы ақыны мен жаңа кезеңнің
алғашқы ақыны Данте Алигьеридің поэтикалық
жаңашылдығы дүниеге және поэзияға ортағасырлық
көзқараспен қатар болды. Оның поэзиясына
тән белгілер аллегория мен символика
болды. Алайда Дантенің кейіпкерлері өзінің
өміршеңдігімен жаңа дүниетанымға, әлем
мен адамға деген жаңа қатынасымен жол
ашты. Кескіндемедегі түпкі ренессанс
белгілерін Джотто жұмыстарынан көруге
болады, бұл композицияның алуандығы мен
өміршеңдігі, тұрмыстағы нақты заттарды,
жағдайды, костюмдерді, перспективалар
мен анатомияны ескере отырып, нақты кеңістікте
кейіпкерлердің табиғи орналасуын көрсетуге
тырысуы. Шығыс Орта ғасыры мен Қайта Өрлеу
мәдениеті. Орта ғасырлық араб мәдениеті
арабтандыруға ұшыраған, исламды қабылдап,
классикалық араб тілі көп уақыт әдебиет
пен дін тілі ретінде билік құрған елдерде
өркендеді. Барлық орта ғасырлық араб
мәдениеті, адамдардың күнделікті тұрмысы
мен өмір салты, қоғамдағы мораль нормалары
VII ғ. Араб түбегіндегі тайпаларда пайда
болған ислам дінінің әсерінен дамыды.
Араб философиясының пайда болуы каламарационалды
діни ғылымның алғашқы өкілдері – мутазилиттердің
(«жекеленгендер») қызметімен байланысты.
ІХ ғ. арабтар антиканың ғылыми-жаратылыстану
немесе философиялық мұрасымен кең танысады.
Аристотель философиясы басты назарда
болады. «Неоплатондалған» аристотелизм
орта ғасырлық араб философиясы – «шығыс
перипатетизмінің» басты бағыты ілімінің
негізі болды. Осы бағыттың негізін қалаушы
араб философы, астрологы, математик және
дәрігер әл-Кинди болды. Шығыс перипатетизмнің
әрі қарай дамуы әл-Фараби және Ибн Сина
есімдерімен байланысты.
Әл Фараби (870, Фараб – 950, Дамаск) - Шығыс
философы, ғалым-энциклопедисті, шығыс
аристотелизмінің ірі өкілі. Халеб пен
Бағдат қалаларында философиялық және
ғылыми білім алған. Фараби философиясының
негізі – Біртұтастан жеке заттардың
шығуы, эманация туралы неоплатондық іліммен
аристотелизмнің үйлесімі. Әлеуметтік-этикалық
трактаттарында Фараби діни қауым көшбасшысы,
билеуші-философ басқаратын «рақымшыл
қала» туралы ілімді дамытты. Фараби идеалды
құрылысқа теріс адамгершілік қасиеттерді
көрсететін «мәдениетсіз қаланы» қарсы
қояды.
Фараби Аристотель (осыдан оның «Екінші
ұстаз» атты құрметті атауы шыққан) мен
Платон шығармаларына берілген комментарийлердің
авторы. Фарабидің «Музыка туралы үлкен
трактаты» - Шығыс музыкасы мен ежелгі
грек музыка жүйесі туралы деректердің
маңызды көзі. Фараби Ибн Синға, Ибн Баджуға,
Ибн Туфаилға, Ибн Рушдаға, және де ортағасырлық
Батыс Европаның философиясы мен ғылымына
әсер етті.
Орта ғасырдағы атақты ғалым тәжік философы,
дәрігер, жаратылыс тану ғылымдарын жетік
меңгерген, ақын және белгілі музыка танушы
– Абу Әли Ибн Сина (Батыс Европада Авиценна
деп атаған, 900-1037 ж.ж.). Ибн Сина әлемдік
мәдениет тарихында белгілі орын алады.
Философиялық шығармаларының ішінде ең
белгілісі - "Китаб-аш-шифа" («Сауығу
кітабы»). Ибн Сина философ-рационолист
болған. Ол тәжірибеге, шындықты фактілермен,
практикамен сынап тексеруге үлкен мән
берді. Ол антика философтарының көзқарастарын
дамытты, оның прогрессивті көзқарастары
ислам қағидаларына қайшы келді және мұсылман
дінбасыларының орынсыз шабуылдарын тудырды.
Араб философиясының әрі қарай дамуы Ибн
Баджу, Ибн Туфаиль және Ибн Рушд есімдерімен
байланысты, олардың шығармашылығы араб
философиясының шыңы болды. Ибн Рушд аристотельдік
ілімді кейінгі неоплатондық өзгешіліктен
тазартып қана қойған, натуралдық пантеизмге
бейімделген дербес жүйені құрды. Ибн
Рушд сенімнен ақыл-парасаттың басымдылығын
дәлелдеді және діндарлардың философиялық
проблемалармен айналысуының заңсыз екендігін
дәлелдеді. Орта ғасырлық араб ғылымының
орталықтары Бағдат, Куфа, Басра, Харон
қалалары болды. Әсіресе Бағдатта өмір
қызу қайнап жатты, онда «Ғылым үйі» - академиялардың,
обсерваториялардың, кітапхана мен аудармашылар
алқасының өзіндік бірлестігі құрылды.
Шығыс ислам әлемінің көркем мәдениеті
айрықша. Онда кескіндеме жоқ, өйткені
Алла мен құдайға қатыстының барлығын
бейнелеуге рұқсат етілмеді. Нәтижесінде
бейнелеу өнері кілем тоқуда жақсы дамыды,
оған тән белгілер түрлі-түстілігі мен
өрнектілігі болды. Араб сәулет өнері
ерекше дамиды, ол арабтардың ең алдымен
барлық грек, рим, иран көркем дәстүрлерін
қайта өңдеу негізінде дамыды. Сол кезеңнің
ең белгілі сәулет ескерткіштері Фустаттағы
Амра мешіті мен VII-VIII ғ.ғ. салынған, Куфадағы
собор мешіті. Осы кезеңде мозайкамен
және әр түрлі мәрмәр таспен өңделген
Дамаскідегі «Құз күмбезі» храмы салынды.
Кейіннен мешіттерді әсем өсімдік және
геометриялық өрнектермен безендіре бастады,
оған стильденген жазу- араб вязі қосылды.
Мұндай өрнекті европалықтар арабеска
деп атаған, ол өрнектің шексіз дамуы мен
ырғақты қайталануы принципі бойынша
құрылды.
Орта ғасырлық араб мәдениетінде поэзия
мен проза тығыз байланысты болды: өлеңдер
табиғи түрде махаббат жырларында да,
медициналық трактаттар мен батырлар
жырларында да кездеседі. Халифтар, сұлтандар,
шахтар өзіне сарай ақындарын алу үшін
қаражаттарын аямады. Поэзияны олар өзін-өзі
таныту, мадақтау құралы ретінде қарады.
Бұл жағынан ұлы парсы ақыны, «Шах-намэ»
(«Патшалар кітабы») өшпес эпопеясын жазған
Фирдоуси (993-1030 ж.ж.) шығармашылығы белгілі.
Мұнда ол иранның мифтік және тарихи патшаларын
жырға қосқан. Ең басты кейіпкер - өз халқының
ұлы, эпикалық қаһарман Рустам. Поэма әділдік
пен ізгілік идеяларына толы.
X-XV ғ.ғ. әлемге танымал араб халық ертегісі
«Мың бір түн» жазылды. Оның негізін парсы,
үнді, грек ертегілерінің қайта өңделген
сюжеттері құрады.
Парсы ақыны, математик, философ Омар Хайямның
(1040-1123 ж.ж.) шығармашылығы көпшілікке белгілі.
Философиялық төрт жол өлең – рубаилар
оны танымал етті, оның әрқайсысы тұлға
еркіндігіне, антиклерикальды еркін ойға,
гедондық мотивтерге толы кішкене поэма.
Поэзияның әрі қарай дамуы парсы-тәжік
ақыны Низами, Джами (1414-1492 ж.ж.) және өзбек
әдебиетінің негізін қалаушы Әлішер Навои
(1441-1501 ж.ж.) есімдерімен байланысты.
Жаңа заман мәдениет. Итальян қайта өрлеуі.
«Жаңа заман мәдениеті» ұғымы XIV ғасырдан
қазіргі уақытқа дейінгі тарихи кезеңді
қамтиды.
«Қайта өрлеу» (Ренессанс) термині XVI ғ.
бейнелеу өнеріне қатысты қолданыла бастады.
Ренессанс антика ғылымдары мен өнерлерінің
қайта өрлеуі ретінде сипатталады. Бұл
жалпы дұрыс. Алайда Ренессансты тек бір
антикаға ғана жатқызуға болмайды, бұл
Ренессанста бастыны байқамау болып саналады.
Кейіннен «Қайта өрлеу» ұғымы кең мағынаға
ие болады. Ренессанс мәдениетіндегі ең
бастысы – адамзат тұлғасын дәріптеу
теориясы мен практикасы.
Итальян Қайта Өрлеуі іштей кезең-кезеңге
бөлінеді: түпкі ренессанс (XIII-VIV ғ.ғ.), ерте
Қайта Өрлеу (XV ғ.), кемелденген немесе
жоғары (1550-1530 ж.ж.), кейінгі (XVI ғ. ортасы).
Түпкі ренессанстың жалпы сипаттамасы.
Түпкі ренессанстың өтпелі кезеңін түсіну
үшін ең тамаша материал – Данте Алигьери
(1265-1321 ж.ж.) шығармашылығы. Оны Орта ғасырдың
соңғы ақыны және жаңа дәуірдің алғашқы
ақыны деп атайды. Данте 1300 жылды адамзат
тарихының ортасы деп санаған және сондықтан
әлемнің жалпы және қорытынды сипатын
беруге тырысты. Мұны ол «Ғажайып комедияда»
(1307-1321 ж.ж.) тамаша бейнелеген. Поэманың
антикамен байланысы «Комедиядағы» негізгі
кейіпкерлердің бірі – рим ақыны Вергилий
екендігінен көруге болады. Ол - жер бетіндегі
даналықтың, ағартушылықтың, өнегеліктік
символы. Антика әлемінің атақты адамдары
– пұтқа табынушылар Гомер, Сократ, Платон,
Гераклит, Гораций, Овидий, Гектор, Энейді
ақын тозақтың алғашқы тоғыз шеңберлерінің
біріне орналастырған.
Франческо Петрарканы (1304-1374 ж.ж.) Европадағы
бірінші гуманист және әдебиетші деп санайды.
Петраркидің барлық өмірі - өз мүддесі
мен өзін-өзі ғана ойлайтын жеке адамның
өмірі. Бұл жағынан ол әдебиеттегі бірінші
индивидуалист. Петрарка өзінің сүйіктісі
Лаураға арналған сонеталарымен белгілі.
Осы кезеңде лирикалық поэзия гүлденеді.
Джованни Бокаччо (1313-1375 ж.ж.) бұл жағынан
ерекше орын алады. Ол өз шығармашылығында
жаңа адамгершілік принциптерін айқындайды.
Әдебиет ісімен айналыспас бұрын ол алты
жыл құқықты зерттеген, бірақ ол негізінен
классикалық мифологиямен шұғылданды.
Бокаччоның көркем шығармасы «Декамеронда»
(1350-1353 ж.ж.) өзінің биік шыңына жетті. Адамзат
табиғатының барлық байлығы антикадан
кейін алғашқы рет ақсүйектік және тұрмыстық
жағынан көрінеді. «Декамерон» махаббат
оқиғаларының көптігімен таң қалдырады.
Енді әйелжандылық кінәланбайды, ғашықтардың
тапқырлығы дәріптеледі.
Бокаччо ғашықтық ісінде сословиелік
шектеулерге қарсы болған: дворяндар қызметшілерімен,
ақсүйектер атшыларымен құмарлық жолындағы
бөгеттерді табысты жеңе біледі.
Орта ғасыр кезінде флорентиялық Джотто
ди Бонде, қысқаша Джотто өнері белгілі
болды. Джоттоның әлем өнерінің алдындағы
басты еңбегі ол өзінің шығармашылығында
орта ғасырлық тұрақтылықтан ауытқып,
эллинистік әлемді кеңістіктік қабылдауды
жаңғыртты. Джотто өнерінің жаңа реалистік
тұжырымдамасы екі басты көркем принципке
негізделеді: үш өлшемді кеңістікті перспективті
беру принципіне және жарық көлеңкесінің
көмегімен пластикалық фигураны көлемді
түсіндіру принципіне.
Ерте Қайта Өрлеудің жалпы сипаттамасы.
Италиядағы Ерте Қайта Өрлеудің сипаттамасына
көше отырып, келесіні атап көрсету қажет.
XV ғ. басында Италияда жас буржуазиялық
тап өзінің басты белгілеріне ие болды.
Ол дәуірдің басты әрекет етуші тобы болды.
Ол өмірде өзінің нақты орнын алып, нық
тұрды, өзіне сенді, байып, дүниеге басқа
көзқараспен қарады. Италия қалалары кішкентай
болды, ал қоғамдық өмір қызуы, саяси әуестік
иірімі күшті болды. Осы отта инициативті,
энергиясы мол адамдар шынықты.
Адам санасындағы бұл жылжуды Қайта Өрлеудің
маңызды қайраткерлерінің бірі, Мирандола
республикасының билеушісі, тарихта Пико
делла Мирандола есімімен белгілі болған
Пико (1462-1494 ж.ж.) байқады. Ол «Адамның қасиеті
туралы» трактатын жазды, онда адамның
белсенділігі, адамның өзін-өзі жаратуы
туралы ілім баяндалады. Өзін-өзі жасайтын
универсальды адамның – іс пен ой титанының
бейнесі идеалды болып саналады. Ренессанс
эстетикасында бұл құбылыс титанизм деген
атауға ие болған. Қайта Өрлеу адамы өзіне
бірінші кезекте абсолютті тұлға түріндегі
жасаушы және суретші ретінде қарады.
Европа мәдениетінің тарихы Ерте Қайта
Өрлеуге ізгіліктің пайда болуымен міндетті.
Ол қайта өрлеу мәдениетінің философиялық-практикалық
типі ретінде болады. «Гуманизм» (ізгілік)
терминін (оның латын формасы – studia humanitatis)
Ерте Қайта Өрлеудің «жаңа адамдары» антика
философы мен шешені Цицеронды өздерінше
түсініп, енгізген. Термин адамның алуан
табиғатының толықтығы мен бөлінбейтіндігін
білдірді. Ерекше мәдени орта –гуманистер
тобы тез қалыптасты. Олардың құрамы бастапқы
кезде өте алуан болды: шенеуніктер мен
тақсырлар, профессор мен көшірмешілер,
дипломаттар мен дін басылары. Бұл европаның
зиялы қауымының дүниеге келуі болды.
Гуманистердің оқу сабақтарының ең салмақты
нәтижелері адамзат даралығын теориялық
дәлелдеу, адамның ішкі әлемін ашу және
айрықша концепцияны жасау болды.
Неоплатонизм Қайта Өрлеу философиясы
болды. Онда идеялар әлемі адамзаттың
барлық тұлғасын анықтап, ұғындырады және
ұйымдастырады деген ой басты орын алды.
Қайта Өрлеу дәуірінде идеялар әлемі туралы
ілім Әлемдік Ақыл мен Әлемдік Жан туралы
ілімдер формасында болады.
1470-1480 ж.ж. Лоренцо Медичидің бастауымен
Платондық академия деген атпен де белгілі
Флорентиялық академия гүлденеді. Ол клуб,
ғылыми семинар мен діни секта арасындағы
орын болды. Академия мүшелері ғылыми
диспуттармен, басқа сабақтармен, серуендеуде,
жиындарда, антика авторларын зерттеумен
және аударумен уақыт өткізді. Академия
қабырғасында өмірге, табиғатқа, өнерге,
дінге деген емін-еркін қатынас дамыды.
Ренессанстың даралығы гуманизмнің әсерінен
секулярланған – шіркеу ықпалынан босатылған
болды. Алайда қайта өрлеушілерді атеисттер
деп айта алмаймыз. Атеизм қайта өрлеу
идеясы болған жоқ, бірақ шіркеуге қарсылық
нағыз қайта өрлеу идеясы болды. Қайта
өрлеу дәуірінің адамы рухани болып қалғысы
келді.
Бейнелеу өнерінде Ерте Қайта Өрлеу бастаушылары
суретші Мазаччо (1401-1428 ж.ж.), мүсінші Донателло
(1386-1466 ж.ж.) және сәулетші Брунелески болып
саналады. Олардың бәрі Флоренцияда өмір
сүрді.
Мазаччо Джоттоның ұмытылып бара жатқан
дәстүрін қолдап, кескіндемемен үш өлшемді
кеңістікті бейнелеу ісін соңына жеткізді.
Өнер танушылар Мазаччоның үш өлшемділік
негізінде қадірлі және өзіне сенімді
адамды, немесе лирикалық, ал кейде назды
адамды бейнелеуін бірінші орынға қояды.
Осыдан оның кескіндемесі скульптуралық
әсер тудырады. Осы көлемділік үшін антика
бейнелері қажет.
Өнерде европа пластикасының көптеген
проблемалары – дөңгелек мүсінді, монументті,
ат монументін жүз жыл алға шешіп тастаған
мүсінші Донато ди Никколо ди Бетто Барди
болды, ол тарихта Донателло деген есіммен
белгілі (1386-1466 ж.ж.). Шебердің көптеген
жұмыстарының ішінен оның қола Давидін
атап көрсеткен жөн.
Брунелескидің Флорентия республикасы
соборының үстіндегі алып сегіз қырлы
күмбезімен атағы шықты (1420-1436 ж.ж.). Ол
адамдардың бірігу символы ретінде қабылданды,
өйткені онда «барлық тоскан халқы жинала
алатындай» салынды.
Ерте Қайта Өрлеу – эксперимент жүргізуші
кескіндеме уақыты. Дүниені жаңаша сезіну
– оны жаңаша көру дегенді білдірді. Шындықты
қабылдау тәжірибемен тексеріліп, ақылмен
бақыланады. Осы кезең суретшілерінің
бастапқы мақсаты – қалай көреміз солай
бейнелеу. Осы уақыт үшін бұл революциялық
төңкеріс болды.
Ерте Қайта Өрлеу кескіндемесі сол кезеңдегі
итальяндық нәзік сезімді, сезімді әсемдік
пен грацияны бейнеледі. Осы құбылысты
көркем ұғынудың керемет үлгілерін Сандро
Ботичелли (1444-1510 ж.ж.) берді. Оның шығармашылығында
гуманистердің жан мен дененің теңесуі
туралы түсініктері жүзеге асырылды.
Жоғары Қайта Өрлеудің жалпы сипаттамасы.
Түпкі ренессанс Италияда 150 жылға, Ерте
Қайта Өрлеу 100 жылға, Жоғары 30 жылға созылды.
Итальян Қайта Өрлеуінің алтын ғасыры,
итальян өнерінің ең жоғары кезеңі Италиядағы
қиын кезеңмен, итальян қалаларының тәуелсіздік
үшін күресі кезеңімен сәйкес келеді.
Коперниктің, Галилейдің, Кеплердің ұлы
жаңалықтары адамның құдіреті туралы
армандардың күл-талқанын шығарды. Коперник
пен Бруно жерді адамның көзінің алдында
мәнсіз дүниеге айналдырды. Ренессанс
мәдениетінің дағдарысы саясат сферасында
да айқын байқалды. Ренессанстың саяси
өмірі қарқындылығымен және көп жоспарлығымен
ерекшеленді. XV ғасырдағы-XVI ғасырдың басындағы
итальян режимдерінің бірде-бірі тұрақтылығымен
ерекшеленбеді және билік тирандардың
қолына көшіп отырды. Даралықтың қоғамдық
идеологияда билік құруы саяси практикаға
да әсер етті. Бұл Николо Макиавеллидің
(1469-1527 ж.ж.) шығармашылығы мен қызметінде
айқын көрінеді. “Князь” (немесе “Монарх”,
“Государь”) трактатымен атағы шыққан
Макиавелли орташа демократиялық және
республикалық құрылысты қолдады, бірақ
өзінің демократиялық және республикалық
көзқарастарын болашақ заман үшін ғана
насихаттады.
Ренессанс құндылықтарының дағдарысы
байқалуының қызықты формасы утопизм
болды. Идеалды қоғамды құру алыс және
белгісіз уақытқа жазылған, бұл авторлардың
идеалды адамды шұғыл жасау мүмкіндігі
утопиясына сенбеуін растайды. Томмазо
Кампанеллланың Күн идеалды Мемлекетінде
(1568-1639 ж.ж.) автордың Қайта Өрлеудің гуманистік
құрылысынан бас тарта отырып, адамдардың
барлық өмірін қатаң белгілеудің ұсақ
бөлшектеріне дейін таң қалдырады.
Жоғары Қайта Өрлеу өнері өмірдің тамаша
жақтарының гармониялық синтезіне ұмтылу,
жалпы бейне үшін жекеліктен, шамалы нақтылықтардан
бас тартады. Бұл - Жоғары Қайта Өрлеудің
Ертеден басты айырмашылықтарының бірі.
Осы кезеңнің европа мәдениеті үшін мәнін
түсіну үшін үш есімді атау жеткілікті:
Леонардо да Винчи, Рафаэль, Микельанджело,
олардың шығармашылығы итальян қайта
өрлеуінің басты құндылықтары – зерде,
үйлесім, қуатты бейнелейді.
Леонардо да Винчи “Үңгірдегі Мадонна”
картинасында толысқан шебер ретінде
көрінеді. “Кеш құпиясы” оның шығармашылығының
шыңы болып саналады. Леонардоның қылқаламынан
шыққан Мона Лиза портретінде классикалық,
яғни қайта өрлеу белгілері – кескін айқындылығы,
сызықтардың көзге көрінетін иілімділігі,
физиономия тұрғысынан көңіл-күйдің мүсіндік
құлпыруы және жартылай қиял түріндегі
пейзажы бар қарама-қайшы және белгісіз
болашаққа шақыратын портреттің үйлесімі
айқын көрінеді.
Рафаэль сұлулық табиғаттың тазарған
және жетілген формасы түрінде болады
деп сенген. Ол адам көзіне көрінеді, суретшінің
міндеті оны көрсете білу болып табылады.
Рафаэльдің “Сикстин мадоннасы” өзіне
тарту қасиетінің тереңдігімен ерекшеленеді.
“Афина мектебінде” гуманист, антика
мәдениетін тамаша білгір ретінде көрінеді.
Микельанджелоның батырлық титанизмінің
жалғыз фигурасы – бұл Давид (1501-1504 ж.ж.).
Оның атақты “Қорқынышты сот” фрескесінде
Микельанджело жердегі барлық пайдасыз
істерді, тәннің бұзылуын, адамның тағдыр
алындағы шарасыздығын көрсетеді.
Жоғары Ренессанс суретшілерінде адамзат
тұлғасы барлығынан биік қойылған. Бұл
практиканы венециандықтар ғана бұза
бастады, оның ішінде алдымен Джорджоне,
оның пейзажы адамзат фигуралары бейнеленген
терең гармониялық үйлесімде болады (“Ұйқыдағы
Венера”).
Тициан сюжеттің эмоционалдық мазмұнына
көңіл аударумен ерекшеленеді. Бұл “Кесарь
динарийі” атты атақты картинасында жақсы
көрінеді.
Айтылғандардан қорытынды шығара отырып,
Қайта Өрлеу жаңа европалық мәдениетті
қалыптастырудың ұзақ, күрделі және қарама-қайшы
процесі ретінде көрсетіледі. Оның кейінгі
орта ғасырдың әлеуметтік және рухани
өмірінің терең алғышарттары болды, ол
өз кезеңінің көптеген нақты экономикалық,
саяси, идеологиялық факторларымен негізделеді.
Бұл процесс ескі орта ғасырлық әлеммен
күресте және ымыраға келуде болды. Соңында
оның дамуы “шіркеудің рухани диктатурасын”
бұзып, гуманистік дүниетанымды бекітті,
идеология мен мәдениеттің барлық облыстарының
революциялық өзгеруіне әкелді.
Итальян Ренессансының өз бастауы, өз
жетілуі, өз соңы бар. Ренессанс дағдарысы
оның идеялық бағдарламасының, оның рухани
идеалдарының әлеуметтік шындықпен қақтығысуынан
туған. Барлық Ренессанс жаңа заманның
адамзат тұлғасының индивидуализмінің
бірінші формасының жеткіліксіздігін
және аяқталмауын ұғынудан туады. Екі
стихия Ренессанстың рухани өмірін және
өнерін көрсетеді. Бір жағынан, Қайта Өрлеу
ойшылдары мен суретшілері адамзат қайғысын
түсінуде және көркем бейнені терең ұғынуда
шексіз күш пен мүмкіндікті сезеді. Екінші
жағынан, олар адамзаттың шектелуін, табиғат
өзгерістеріндегі, көркем шығармашылықтағы
оның шарасыздығын әрқашан сезініп отырды.
Сондықтан Ренессанс адамның антропоцентризмінің
қуатты негіздемесін тұрақты іздестіру
ретінде көрінеді.
Дерекөзі: Аманжолова М.К., Беркінбекова
А.М., Әбілқасов Ғ.М. Мәдениеттану (барлық
мамандықтардың студенттеріне арналған).
Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2004. 117 б