Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2012 в 21:30, реферат
Көне дәуірден бастап XX ғасырдың басына дейінгі «мәдениет» ұғымының тарихи қалыптасуы. «Мәдениет дегеніміз не?» — деген сұраққа жауап беру үшін, бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығуына тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» — қала, қалалық деген сөзінен енген.
XIX ғасырда мәдениет
мәселелерімен тығыз
Егер Кантта, мәдениеттің
мағынасы - адам бойындағы хайуандық сезімдік
бастауды ақыл-ойдың немесе адамгершіліктің
(моральдың) көмегімен жеңуге әкеліп тіресе,
ұлы ойшылдардың бірі Фридрих Вильгельм
Шеллинг (1775-1854) мәдениетті эстетикалық
тұрғыдан ұғынып-меңгеруді басты орынға
қойып, мәдениеттің басты мазмұны — адамдардың
көркемдік қызметі деп жариялады. Шеллингтің
эстетикалық көзқарастары оның «Өнердің
философиясы» (1802-1803) атты еңбегінде толық
баяндалған. Автор бұл кітабында адамның
шығармашылық қызметінің басқа да түрлерінен
көркемдік шығармашылықтың артықшылығын,
тіпті өнердің ғылымнан да, адамгершіліктен
де жоғары тұратындығын дәлелдеуге тырысқан.
Көне заманнан бастап XIX ғасырдың аяғына
дейінгі мәдениеттанымдық ойдың дамуын
ғылыми тұрғыдан қарастыра отырып, мынадай
қысқаша қорытындылар жасауға болады.
Еуропада кеңінен тараған мәдениет жөніндегі
ұғым діни сипатта болды және ол мынадай
қағидаларға келіп тірелді:
а) мәдениетті – ақыл-ойдың не табиғи сезімнің көмегі арқылы түсіну (энциклопедистер);
ә) мәдениетті - ішкі адамгершілік заңдарының көмегімен тану (Кант);
б)
мәдениетті эстетикалық,
в)
ең соңында мәдениеттің
г)
адамзат мәдениеті үздіксіз дамып - өркендей
отырып эволюция мен прогрестің жалпы
заңдарына сөзсіз бағынады.
Бірақ біз қарастырған
кезеңде мәдениеттің материалдық негізіне
мән берілмей (әңгіме Л.Г. Морган мен Э.Б.
Тайлордан басқа Маркске дейінгі мәдениет
жайындағы концепциялар туралы болып
отыр), мәдениетті тек құдайдың шапағатымен
ғана байланыстырып, бұл ұғымға мәдениеттің
— ғылым, адамгершілік, философия, құқық
және т.б. сияқты салаларын ғана енгізген.
Қолданылған әдебиеттер:
Мәдениеттану негіздері: Оқулық. - Алматы: Дәнекер, 2000.