Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 12:30, реферат
Елбасының 2009 жылғы 24-ші тамызындағы №858 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықты саясат тұжырымдамасы бекітілді.
Көрсетілген тұжырымдамада ұлттық құқықты дамытудың негізгі бағыттары айқындалды, қылмыстық құқықты одан әрі дамыту, бұрынғыдай қылмыстық саясаттың қос векторлығын ескере отырып жүргізілуге тиіс екені айтылды. Қылмыстық құқықты дамытудың маңызды бағыты, ең алдымен аса қоғамдық қауып тудырмайтын адамдарға ( абайсызда қылмыс жасаған, кәмелеттік жасқа толмаған адамдар, өзге де адамдарға-жазаны жеңілдететін мән-жайлар бар болғанда) қатысты қылмыстық жазалаудан босатудың шарттарын кеңейту арқылы қылмыстық қуғын-сүргінді қолдану аясын кезең-кезеңмен қысқарту мүмкіндігін айқындау болып табылады делінген.
Елбасының 2009 жылғы 24-ші тамызындағы №858 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықты саясат тұжырымдамасы бекітілді.
Көрсетілген тұжырымдамада ұлттық құқықты дамытудың негізгі бағыттары айқындалды, қылмыстық құқықты одан әрі дамыту, бұрынғыдай қылмыстық саясаттың қос векторлығын ескере отырып жүргізілуге тиіс екені айтылды. Қылмыстық құқықты дамытудың маңызды бағыты, ең алдымен аса қоғамдық қауып тудырмайтын адамдарға ( абайсызда қылмыс жасаған, кәмелеттік жасқа толмаған адамдар, өзге де адамдарға-жазаны жеңілдететін мән-жайлар бар болғанда) қатысты қылмыстық жазалаудан босатудың шарттарын кеңейту арқылы қылмыстық қуғын-сүргінді қолдану аясын кезең-кезеңмен қысқарту мүмкіндігін айқындау болып табылады делінген.
Тұжырымдамада көрсетілген бағыттарды орындау барысында 2010 жылдың 23-ші қарашасында «Балалар құқығын қорғауды қамтамасыз ету сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу»туралы заң қабылданды. Көрсетілген заңмен өлімге душар етуге немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге байланысты
емес бірінші рет ауыр қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босатуға байланысты, тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы жөнінде, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау үшін оларға қарсы қылмыс жасағандардың жауапкершілігін арттырып, бірнеше
заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
2011 жылдың 18-ші қаңтарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»заң қабылданды.
Көрсетілген заңға Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің бірқатар баптарына қылмыстық заңнаманы ары қарай ізгілендіру жолына байланысты, қылмыстық қуғын-сүргінді қолдану саясаты біртіндеп қысқартылуға байланысты өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Заңмен бас бостандықтан айыру жазаларының жоғарғы және төменгі мерзімдері азайтылды, кейбір
ауыр емес қылмыс жасағандарға бас бостандығынан айыру жөніндегі жазалар алынды, қолдану үшін бас бостандықтан айырмайтын ( альтернативтік)
жаза түрлері енгізілді.
Құқыққа қарсы әрекет жасаған жасөспірім Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді. Заң талаптарына сәйкес «кәмелетке толмағандар» деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегіз жасқа толмаған балалар танылады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінде кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығына жеке тарау арналған, оларға жаза тағайындаудың ерекшеліктері бар, кәмелетке толмағандарға жаза тағайындауда заң талаптарын қатаң сақтап, олардың құқықтарының өрескел бұзылмауын қамтамасыз ету керек.
Осыған орай, кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, кәмелетке толмаған айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуіне және өмірі мен тәрбиесінің жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерешеліктері, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалы ескерілуі керек.
Кәмелетке толмағандарға Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 79-шы бабында көрсетілген жаза түрлері ғана тағайындалады, сонымен қатар жазаның мерзімі мен мөлшері заңда көрсетілгеннен артық болмауы керек.
Жоғарыда көрсетілген заң талаптарына сәйкес, кәмелетке толмағандарға келесі жаза түрлері тағайындалады; айыппұл, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру.
Кәмелетке толмағандарға тағайындайтын жаза кәмелет жасқа толған жеке адамға тағайындалатын жазадан мерзімімен
айырмашылығы бар.
Мысалы: айыппұл кәмелетке толмай сотталғанның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда, 500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе кәмелетке толмағанның жалақысының немесе өзге табысының 2 аптадан 6 айға дейінгі мөлшерінде ғана тағайындалады. Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жаза түрі 1 жылдан 2 жылға дейінгі мерзімде тағайындалады. Кәмелетке толмаған сотталушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту 40 сағаттан 160 сағатқа дейінгі мерзімге ғана тағайындалуы тиіс. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған бала тек қолынан келетін жұмыс қана орындауы керек. Жұмыстың ұзақтығы 16 жасқа толмаған балаға күніне 2 сағаттан, ал, 16 жастан 18 жасқа дейінгі бала үшін жұмыстың ұзақтығы 3 сағаттан аспауы керек. Түзеу жұмыстары 16 жасқа жеткен кәмелетке толмаған адамдарға 1 жыл мерзімге дейін тағайындалады. Бас бостандығын шектеу 1 жылдан 2 жылға дейін тағайындалады. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру он жылдан аспайтын, ал
ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін немесе қылмыстардың жиынтығы бойынша қылмыстардың біреуі ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін, он екі жылдан аспайтын мерзімге
тағайындалуы мүмкін.
Ауыр емес немесе бірінші рет орташа ауыр қылмыс жасағандарға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды.
Кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған немесе бірінші рет орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ түзетуге болады деп белгіленсе, сот
оны қылмыстық жауаптылықтан босатып, тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолдануы мүмкін.
Өлімге душар етуге немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге байланысты
емес бірінші рет ауыр қылмыс жасаған кәмелетке толмаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылып, оған тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Кәмелетке толмағандар жауапкершіліктен қылмысты алғаш рет жасаса, жәбірленушімен татуласса, жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырса ғана босатыла алатынын ескерген
жөн.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 82 бабына сәйкес, сот кәмелетке толмаған адамға келесі тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкін; ескерту, ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың, не мамандырылған мемлекеттік органның қадағалуына беру, келтірілген зиянды қалпына келтіру міндетін жүктеу, бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу,
кәмелетке толмағандарды аса қатал режимдегі оқу мекемесіне орналастыру, жәбірленушіден кешірім сұрау міндетін жүктеу. Кәмелетке толмаған адамға бір мезгілде тәрбиелік әсері бар бірнеше тәрбиелеу шаралары тағайындалуы мүмкін.
Практиканы алатын болсақ, соттар, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер қарау барысында жоғарыда көрсетілген заң талаптарын ескеріп, оларды қолданып, олардың құқықтарының өрескел бұзылмауын толық қамтамасыз етіп отыр деп айта аламын.
Жазаны орындаушы орган да кәмелетке толмай сотталған адамның барлық ерекшеліктерін ескеруі керек.