Салт - дәстүр
Реферат, 23 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Бұл жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп жазған болатын: «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайяылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет».
Оглавление
1) Кіріспе .Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары
2) Негізгі бөлім
А) Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы
Б) Жасы үлкендерге құрмет көрсету
В) Тамырлық әдет-ғұрпы
Г) Қоныс таңдау әдет-ғұрпы
Д) Бата беру
Е) Бала тәрбиесі
И) Отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер
3) Қорытынды .
4) Пайдаланған әдебиеттер
Файлы: 1 файл
Салт дастур.docx
— 29.42 Кб (Скачать)Ер бала 3,5 және 7 жасқа толғанда оны сүндетке отырғызу рәсімі өткізілетін. Сүндет тойына қонақтар шақырылатын, ат шаптырылып, спорт жарыстары өткізілетін.
Ата-ана өздерінің ұлын үйлендіру қамын әрқашан ойластырып жүретін. Болашақ келінді бала кезінен іздестіре бастайтын. Тіпті балалар дүниеге келмей жатып-ақ атастыру рәсімі болатын. Құдаларды өнегелі, құрметті, текті жерден іздестіретін. Құда түсудің салт-дәстүрлері бойынша арнайы рәсім өткізілетін. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынатын.
Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай болатын: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, күйеудің қалыңдыққа ұрын баруы, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі. Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-бауыр жегізетін. Бұл салт-дәстүр құдалық рәсімінің орындалғанын көрсететін. Ал құдалық екі жаққа да белгілі міндеттер жүктейтін. Құдалықтан айнуға болмайтын.
Құда түсудің ресми бөлігі аяқталғаннан
кейін жігіт жағы қыздың калыңмалын
төлейтін. Қалыңмал әдетте мал басымен
есептелетін. Оның мөлшері құда түсушілердің
қаншалықты бай, ауқатты екендіктеріне
қарай белгіленетін. Қалыңмалдың
мөлшері 5 жылқыдан 1000 жылқыға дейін
жететін. Үйлену тойы кезінде құдалар
бір-біріне кит кигізетін болған.
Ол түрлі қымбат бағалы киімдерден,
мата кездемелерден, мал басынан
тұратын. Құдалар жағы бір-бірімен
қоржын алмасып, өзара сыйлық жасасатын.
Үйлену тойының әдет-ғұрыптары неке
қию рәсіміне ұласады. Қазақтардың
дәстүрлі қоғамында қыздың жасауын
берудің де зор маңызы болды. Жасау
қыз баланың жас кезінен
Күйеуі өліп, жесір қалған жае әйелге күйеуінің жақын туыстарының біреуі әмеңгерлік жолымен үйленуге құқықты саналатын. Көшпелі қазақ халқының өмірінде мұның әлеуметтік маңызы үлкен болды. Әйел ерден кетсе де елден кетпеді. Марқұм болған адамның балалары өз руының, өз туысының қарамағы мен қамқорлығында қалды, жат жұртқа жіберілмеді. Өйткені олар өз туыстарының арасында жетімдік көрмейді, бейшаралық халге душар болмайды. Сондықтан да құдалардың арасы суыспайды. Егер біреудің отбасы перзент көрмесе немесе баласы тұрмай, шетіней берсе, ол алдын ала келісім бойынша, өз туыстарының бірінің баласын бауырына басып, асырап ала алатын.
Жеке шаңырақ көтеріп, ата-анасынан
еншісін алып шыққан жас отбасында
күнделікті тіршілігіне қажетті
нәрсенің бәрі де — отауы, төсек-орындары
мен үй ішінің жабдықтары, есік алдында
малы да болатын. Ежелден келе жатқан
әдет-ғұрып бойынша ата-
Бата беру
Қазақтарда бата беру әдет-ғұрпы кеңінен етек алды. Ол әрбір іске кірісер алдында міндетті саналатын. Бата поэтикалық тілмен жалпы жұртқа қарап тұрып беріледі. Онда бата беруші адам езгелерге ізгі жақсылық, табыс тілейді Батаны жасы үлкен адам немесе жолы үлкен қонақ беруі тиіс. Бата беруші Жаратушы Алладан бақытты өмір, материалдық байлық, әрбір істе табысты болуын тілейді. Бата екі қолды ілгері қарай жоғары созып, екі алақанды өзінің жүзіне қарата бұрып тұрып беріледі. Бата беру «әумин» деген сөзбен аяқталады.
Бата адамдарды лайықсыз, теріс
қылықтардан сақтандырады, ол жастарды,
ізгілікті әрі қайырымды
Бала тәрбиесі
Қазақтар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қазақтың дәстүрлі тәрбиелік үлгі-өнегелері ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады.
Жиналып тұрған топқа жақын келген адам оларға бірінші болып сәлем беруге міндетті. Атты адам жаяу кісіге, жасы кіші үлкендерге бірінші болып сәлем береді. Алға келген астан алдымен жасы үлкен адам дәм татады. Тамақ ішіп отырған кезде көп сөйлеуге болмайды. Балаларға жақсы тәрбие, үлгі-өнеге беруде мақал-мәтелдердің атқаратын рөлі зор. Халық даналығы балаларды еңбексүйгіштікке, алды-артын аңдап сөйлейтін сақтыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге баулиды. Мәселен, «Аққа Құдай жақ», «Батырдың күші - айласында», «Асықпаған арбамен қоян алады», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды», «Жаздың бір күні жылға азық», «Жақсыда жаттық жоқ», «Жаман үйді қонағы билейді», «Жақсы жігітке жеті өнер де аз» сияқты мақалдардың тәрбиелік маңызы зор.
Қорытынды :
Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар. Оны музыка мәдениетінен, би өнерінен, қол өнерінен, тұрмысынан байқаймыз. Ән, күйлерді тыңдай отырып, билерін, ою-өрнектерін, зергерлік әшекей заттарын көре отырып, оның қай ұлтқа тән екенін ажырата білуге болады. Осылайша қазақ ұлттын да оңай ажыратуға болады. Қазақ халқының бұрыннан пайда болған салт-дәстүрлері басқа көршілес жатқан ұлттардың салт-дәстүрлеріне ұқсас болып келеді. «Қырғыз қазақ бір туған» деген мақал қазақ халқы мен қырғыз халықтарының бір-біріне өте ұқсас екенін көрсетеді. Сонымен қатар түркі тілдес халықтар да қазақ халқымен бір қандас болып келеді.
Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері
сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін
таныта алады. Мысалы. қазақтарға тән
бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық.
Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда
да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер
әр халықта әр қырынан көрініс
береді. Сонымен ұлттардың салт-
Қазақ халқының салт – дәстүрлері
осы ұлттың мінез – құлқын, қасиеттерін
көрсетеді. Кейбір салт – дәстүрлері
мен әдет-ғұрыптары сол
Қазақ халқының салт-дәстүрлері тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарастарына байланысты ұрпақтан – ұрпаққа берілгенде ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Қазіргі уақыттың өмір ағымына байланысты кейбіреулері түрленіп қана қоймай жаңадан еніп те жатыр
Пайдаланған әдебиет :
- Қазақстан тарихы Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра, 2008
- "Қазақ Энциклопедиясы"
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: