Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 08:33, доклад
Мәдениеттің тууы бір уақытта пайда болған зат емес. Ол пайда болу мен қалыптасудың ұзақ процесінен өтті және сондықтан дәл мерзімі жоқ. Алайда осы процестің хронологиялық шеңберлерін анықтауға болады. Егер қазіргі түрдегі адам – homo sapiens шамамен 40 мың жыл бұрын пайда болса, онда мәдениеттің бірінші элементтері одан ерте 150 мың жыл бұрын пайда болды. Бұл жағынан мәдениет адамнан үлкен.
География ғылымындағы рекреациялық географияның орны
Қазіргі таңда рекреация сөзіне нақты бір атау енгізілген жоқ. Көптеген шетел және ресей ғалымдарының зертеулеріне сәйкес, көптеген ұғымдар қалыптасқан. Рекреацияны демалу, қайта қалпына келтіру, мереке, каникул, ашық ауадағы беслсенді демалыс деген көптеген түсініктер қалыптасқан. Себебі рекреациялық география саласының кең ауқымды коплексті қамтуымен тығыз байланысты. Бірақ басты ерекшелігі аранайы территориялар таңдалынып, рекреациялық инфраструктураны қалыптастыру.
Рекреациялық гегорафия
көптеген ғылымдармен байланысты, әсіресе
география ғылымымен тығыз
Мысалы физикалық географиямен байланыстыратын болсақ, демалатын рекреациялық орындардың табиғат ерекшелігі, рельефі, ландшафтары, климаты демалуға қолайлы және сай болуы керек. Рекреациялық география арнайы географиялық зоналардың таңдап алынып, соны демалуға қолайлы қылып ұйымдастыру. Ол жердің климаты тұрақты, ауасы таза, экогологиялық жағдай жақсы болуы тиіс. Сонымен қатар адам денсаулығын қалпына келтіруге арналған емдік биологиялық орталықтың, адам денсаулығына пайдалы бұлақ көздерінің болуы маңызды. Рекреациялық орындардағы табиғи компоненттерге ерекше назар аударылуы керек. Яғни рекреациялық ресурстардың жеткілікті болуы: гидрологиялық ресурстар, атмосфералық жағдайы барлығы есепке алынуы керек.
Рекреациялық географияның экономикалық географиямен байланысын атап айтсақ, рекреациялық орталықтардың ашылуы, сол аймақтың қаржылық жағдайын жоғарлатуға өз септігін тигізеді. Сонымен қатар оны халықаралық деңгейде де қарастыруға болады. Атап айтсақ шетел демалушыларның басқа елге рекреациялық мақсатта демалуы,валюта айналымының пайда болуына әсер етеді. Осылай рекреациялық орындардағы экономикалық жағдайды реттеп, дамытуға болады.
Келесі көрсеткіш ретінде, рекреациялық географияның әлеуметтік географиямен байланысы. Атап айтсақ, рекреациялық география әлеуметтің жағдайын жақсарту, демалыс уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыратын сала болып табылады. Яғни, әлеуметтің рухани және материалдық жағдайы үшін ұйымдастырылатын шаралар жиынтығы. Қоғамдағы адамдардың жұмысқа кеткен күшін қайта қалпына келтіру, денсаулықтарын жақсарту рекреациялық географияның басты міндеттерінің бірі. Осыған қоса, рекреациялық орындардың болуы, олардың жаңадан ашылуы, адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Жұмыспен қамтамасыз ету арқылы, әлеуметтік жағдайының дамуына өз көмегін тигізеді.
Әрбір саланың өзіндік ерекшелігі, белгілі бір саламен байланысы болады, бірақ рекреациялық география ерекше географиялық жағдаймен ерекшеленіп, арнайы территориялар таңдалып алынады.
Информация о работе География ғылымындағы рекреациялық географияның орны