Қазақ әдебиетін оқытуда оқушылардың құзыреттіліктерін арттыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 16:38, статья

Краткое описание

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген. Аталған міндетттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және оларды тиімді пайдалану, мәселелерді анықтау, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркім өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.

Файлы: 1 файл

_аза_ _дебиетін о_ытуда о_ушыларды_ __зыреттіліктерін арттыру.doc

— 18.94 Кб (Скачать)

Искужинова Айнагүл Аспергенқызы

Лисаков қаласы әкімдігі білім  бөлімінің 

«№3 орта мектебі» ММ қазақ  тілі мен әдебиеті мұғалімі

 

Қазақ әдебиетін  оқытуда  оқушылардың құзыреттіліктерін  арттыру

Қазақстан Республикасының «Білім туралы»  Заңында «Білім беру жүйесінің басты  міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,  ғылым мен практика жетістіктері  негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпік  шыңдауға бағытталған сапалы білім  үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік  негіздерін қалыптастыру, даралықты  дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген.  Аталған міндетттерді жүзеге асыру  үшін оқытудың жаңа технологияларын  енгізу және  оларды  тиімді пайдалану, мәселелерді анықтау, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде  әркім өзінің білім алуға деген  жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға  көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.

          Сапалы білім алған, танымдылығы  жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің  қайсыбір мықты тегеурініне төтеп  бере алатын оқушылар ғана  болашақтың кілтін аша алады.  Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы  білімді, жігерлі, ұлттық санасы  рухани бай жас ұрпақ  арқылы  ғана  іске асады.

Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізінде құзыретттілік  тәсілді  алу ұсынылып жүр.  Қазақстан  Республикасы 2015  жылға дейінгі  білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру  қажеттілігі  көрсетілген.

       Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік»  және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды  қамтиды.  Бірақ бұл ББД-ның  жаңаша  жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін  (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушылырдың  шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі  мен құндылық бағдарларының жүйесін  де көрсетеді.  Құзыреттілік –  бұл алынған білімдер мен біліктерді  іс-жүзінде, күнделікті өмірде  қандай да бір практикалық  және теориялық мәселелерді шешуге  қолдана алу қабілеттілігі. Ол, ең әуелі мектептегі оқыту  үрдісінде қалыптасады. Сонымен,  оқытудағы құзіреттілік тәсіл  білім беру нәтижесі ретіндегі  оқыту сапасын қамтамасыз етеді,  ал ол өз кезегінде кешенді  әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды,  мектептегі оқыту сапасын бағалаудың  біртұтас жүйесін құруды талап  етеді.

        Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға  оқушының хабардарлығын емес, нақты  құбылыстарды танып білу мен  түсіндіруде; қазіргі заманғы  техника мен технологияны игеруде;  практикалық өмірде; мамандық таңдау  кезінде өзінің кәсіби білім  алуға дайындығын бағалауда; еңбек  нарығын бағдарлау қажет болғанда; өмірден өз орнын анықтауға;  өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.

Ахмет Байтұрсынұлы: «Мұғалім әрдайым ізденісте болса  ғана шәкірт жанына нұр құя алады.»  дегендей, мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы  айтылып кеткен құзыреттілік арқылы  айқындалады. Құзыреттіліктің мазмұны  жеке кәсіптік, интегралдық сипаттама  ретінде төмендегі қызметтерді  жүзеге асырумен  анықталады.

Болжау

Ұйымдастыру

Бақылау

Реттеу

Үйлестіру

Сәйкестендіру

Белсенділігін арттыру

Зерттеу

      Оқыту үрдісінде  оқушының  өз еркімен білім алуына, материалды  ойлау қабілетіне бағыттауға, оқытуды  жаттанды түрде емес, шығармашылықпен  меңгертуге көңіл бөлу қажет.  Оқушы қиялы жүйрік, жан дүниесі  нәзік, өзін қызықтырған істе  белсенді, ақыл-қабілеті дамыған,  сондықтан шығармашылық оған  шын ләззат,  қуаныш сезімін  әкелуі тиіс. Оқушылардың шығармашылығын  дамыту жолдарын ақпараттық және  коммуникативтік құзыретіліктер  арқылы іске асыруға болады.

      Ақпараттық құзыреттілік арқылы  нақты объектілер  көмегімен қажетті  ақпаратты іздеу, талдап таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру,сақтау  және ақпаратты беру біліктері  қалыптасады. Бұл құзыреттілік  оқушының оқу пәндеріндегі және  білім аймақтарындағы, сонымен бірге  қоршаған дүниедегі ақпараттармен  жұмыс істей білу дағдыларын  қамтамасыз етеді.

     Коммуникативтік құзыреттілік –   қажетті  тілдерді, қоршаған адамдармен  және оқиғалармен әрекеттестікте  болу тәсілдерін білуді, топта  жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы  әр түрлі әлеуметтік рөлдерді  меңгеруді қамтиды. Оқушы хат  жаза, сауалнама  толтыра, арыз  жаза, сұрақ қоя, пікір таластыра  т.б. білуі тиіс. Бұл құзыреттілікті  оқу үрдісінде игеру үшін коммуникациялардың  нақты нысаналарының қажетті  және жеткілікті саны және  олармен жұмыс тәсілі белгіленуі  тиіс.

      Қазіргі кезеңдегі әдебиет пәнінің  мұғалімінің міндеті – жас  буынды сөз өнеріне баули отыра  оқытудың шығармашылық сипатын  күшейте отырып, баланың  жеке қабілеті мен  әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашатын шығармашыл тұлға қалыптастыру. Қазақ әдебиетін оқытуда нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру – негізгі міндет. Құзырлылық – оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі.

      Оқушыларды шығармашылыққа бағыттау  мынадай мәселелерді қарастыруы  тиіс:

  • бағдарламалық-мотивациялық;
  • ізденушілік-зерттеушілік;
  • тәжірибелік;
  • рефлексиялық- бағалаушылық;

       Бүгінгі таңда біздің  алдымызда  дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық  бағытта жұмыс істейтін, тың   жаңалықтар ашатын, біртума ойлау  қабілетімен ерекшеленетін жеке  тұлға қалыптастыру міндеті тұр.  Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық  әрекетін дамытуда маңызды мәселе  болып саналады.

      Оқушы шығармашылығын дамытуда  «шығармашылық тапсырмалар» атауы  педагогикада белгілі екі құрамдас  бөліктен тұрады.

- біріншіден, оқушылар дербес, өз бетімен ойдан  жаңаны құрастырады,

- екіншіден, жағдай тудырушы материалдар даярлап алып, содан соң  шығармашылыққа икемдейтін үлкен  адамның қатысуы арқылы қарастырылады.

     Әрине, әдебиет пәні мұғаліміне   тың жауапкершілік жүктеледі,  жұмыс нәтижесі оның іскерлігіне   байланысты болады.

       Мұғалім оқушыны шығармашылыққа  баулу арқылы шәкірт бойындағы  талант көзін ашып, тілін байытып,  қиялын ұштау мен өз бетінше  ізденуге зор әсерін тигізеді.

Мұғалім  оқушыларды  келесі жұмыстар арқылы шығармашылыққа баулиды:

  • сюжетті сурет бойынша шағын  әңгіме, ойтолғау  жазу;
  • берілген суреттерді   көркем тілмен суреттеу;
  • шешендік, нақыл сөздердің мәнін ашу;
  • мақал-мәтелдер, әңгімелер  негізінде әңгіме жазу;
  • жұмбақ, жаңылтпаш,  бейнесөз құрастыру;
  • өз сыныптастарының,  достарыңның  портретін суреттеу, мінездеме беру;
  • автордың  ойын  өз идеясымен өрбітіп жазу;
  • бес жолды өлең құрастыру;
  • жансыз нәрселерді жандандырып әңгіме, ертегі жазу;
  • еркін тақырыптарға шығарма, ойтолғау, эссе жазу;
  • топпен  ертегі құрастыру;
  • ұлы адамдар өміріне байланысты сұрақтар  қою, пікір айту;
  • ақын-жазушылар шығармалары бойынша пікір алмасу;
  • оқыған кітаптары бойынша ойтолғау, эссе  жазу;
  • қоғамдағы болып жатқан  әр түрлі өзгерістерге байланысты пікір айту;
  • баспасөз материалдары бойынша пікір айту;
  • өлеңді қара сөзге айналдырып мәтін құрау;
  • ақпарат құралдарын пайдалана отырып, реферат, баяндама жазу;
  • іс қағаздары үлгілерін жаздыру;
  • тақырыпқа сай диалог, монолог жаздыру;
  • оқиғаға қатысты өз ойларын айту;
  • автордың көзқарасы туралы айта білу;
  • көркем туындыны талдау, салыстыру, қорыту, шешім көрсету т.б.

Құзыретті оқушы тұлғасы  – өз ана тілін, мемлекеттік тілді, шет тілін, ақпараттық технология тілдерін жетік меңгерген тұлға, үйреніп жүрген қазақ тілін қарым-қатынаста қолдану құзыреттілігіне ие, ол арқылы мәдениеттанымдык, рухани, шығырмашылык қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, саналы, белсенді, өзін-өзі дамытушы таным субъектісі.

Әр күні өзгеріске толы бүгінгі  жауапты кезеңде замана көшінен  қалып қоймай уақыт талабына сай  ертеңгі болашақ жас ұрпақты  білімді етіп тәрбиелеу  ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді.  Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді,  өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.  Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек.  Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.


Информация о работе Қазақ әдебиетін оқытуда оқушылардың құзыреттіліктерін арттыру